Қозаның негізгі аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қозаның зиянкес жәндіктері

2. 2. Қозаның негізгі аурулары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қозаның зиянкес жәндіктері

Мақта өсімдігін әр түрлі әрі көптеген организмдер, шыбын-шіркейлер, кене, т. б. омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганизмдер - уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді. Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация, мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т. б. түрлері болып табылады. әр жылдары бұлардың әр түрі көбейіп қаулап кетеді. Мысалы, 1998 жылы мақта көбелегінің күрт көбеюі өнімге зор нұқсан келтірді.

Қоза көктеп шыққаннан толық пісіп жетілгенге дейін бүкіл өсімдік дамуы кезеңі бойында әртүрлі зиянкестерден зақым көре береді. Өсімдік дамуының алғашқы кезеңінде-ақ яғни өне бастаған тұқымы мен бүр жарған өскінін күздік көбелек зақымдап үлгереді. Зиянкестер ауыз аппаратының құрылымына қарай өсімдіктің сөлін сору арқылы немесе жапырағын, бұтақшаларын, көсек салушы органдарын кеміріп қоректенеді.

Өрмекші кене - бунақ аяқты уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы 0, 3-0, 6 мм, еркегінің ұзындығы 0, 2-0, 3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш жасыл, күзде салым-қызғылт сары қызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, личинкасының 3 жұп аяғы болады. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Кене мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға тамызда жақындаса 5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұтталар мүлде өнім береді.

Өрмекші кене өте тез өніп өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде жағдай қолайлы болса, 100-140 күнде жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді. Екі-үш күннен кейін жұмыртқадан 6 аяқты қуырщақ кене шығады. Ұзындығы 0, 1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін-ақ жетіліп қалады. осыдан соң қуатына еніп ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенеге айналады, ал ұрғашылары жұмартқа салады. Өрмекші кененің бір ұрпағының жазда өсіп жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күн, ал көктем мен күзде 15-20 күн. Бір маусымда кене оңтүстік аймақ облыстарында 18-20 мәрте, ал солтүстік аймағында 12-15 ұрпақ өрбітеді.

Ұрықтанған ересек ұрғашы кенелер күзде өздері өсіп өнген алқапта топырақтың үстіңгі қабатында, көсек, өсімдік қалыптары, тұт ағаштарының қуыстары мен жарықтарында, жапырақ шөгінділерінің астында қыстап шығады. Оларға аязға өте төзімді келеді. Ылғалды жерлерде 25 0 суықтың өзінде ұрғашы кенелердің жартысына дейін аман қалады. Олар аяз температурасы 29-30 0 -қа жеткенде қырылып қалады. Ерте көктемде күн 5-10 0 жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып төңірегіндегі арам шөптерге ауысады да үйір-үйір болып ауысады. Кене ауа ағыстарымен, желмен, сумен таралады. Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер құрт-құмырсқалар қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс және жарқырауық зерқоңыз. Мысалы, кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп таусытады. Өрмекші кенеге қарсы тиімді күресудің жолы оларды қыстаған жерін жою болып табылады. Бұл үшін жатқан жерлерді жыртады, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін ендіреді.

Мақта көбелегі (көсек құрт) - алдыңғы қанаттарында дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары түсті көбелек; ақшыл-сары түсті артқы қанаттарынын орта түсында қара қоңыр жолы және аяққы шегінде қарақоңыр жолағы болады. Тұрқының ұзындыгы 12-18 миллиметр. Қоңыр көбелек 14-27 күн тіршілік етеді, осы мерзімнің орта тұсында күніне 25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің барысында ұрғашысы нашар жетілген жылдарында 300-400, ал, жаппай көбейген жылдарында 1000 және одан да астам жұмыртқа салады. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде, диаметрі 0, 5 миллиметр болып келеді. Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке шашылып жатады.

5-7 күннен кейін жұмыртқадан түсі сұп-сұр, арқасының бойында қара қоңыр жолағы бар жұлдыз құрт шығады. Бұның өсіп-жетілуі 25-30 күнге созылады. Осы уақытта 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 миллиметрге жетеді.

Жұмыртқадан шыққан алғашқы күндерінде жұлдыз құрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп қоректенеді, дөңгелекгеп қуыс жасап алады. Өзінің дамьп-жетілу кезеңінде әрбір жұлдыз құрт 6-дан 20-ға деін жемістік органды зақымдайды.

Мақта көбелегінің қуыршағы - қуыршақ кезінде, соңғы таралымның жұлдыз құрттары қоректенген алқапта қыстайды. Көктемде көбелектердің ұшып шығуы ұзаққа созылады, дегенмен, көпшілігі 10-15 күн аралығында пырдай болып көтеріледі (бірінші ұрпақ) . Бұл қозаның алғашқы түйін салуы кезіне тура келеді. Көбелектер мақтаның, қызанақтың (помидор), тағы басқа өсімдіктердің гүлінің шырынымен қоректенеді. Үшқаннан соң 1-2 күннен кейін олар жұмыртқа сала бастайды. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы әдетте шілденің екінші жартысына тұстас келеді. Бұл жолы олар алдыңғыға қарағанда шамамен он есе көп жұмыртқалайды. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыздың аяғында басталады.

Карадрина - ұзындығы 11-13 миллиметр келетін кішкене көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт-қоңыр түсті, дөңгелек қызылкүрең таңбасы және ашық қоңыр түспен жиектелген бүйрек тәрізді таңбасы бар. Артқы қанаттары ақ түсті, сыртқы жиегіңце қарақоңыр жолағы бар. Жұмыртқаларын топ-тобымен, бірнеше данадан 250 және одан да көп етіп салады да, тұтасқан жұқа ақ жабынмен жауып қояды. 3-5 күннен кейін жұмырткадан ашық жасыл, басы қара жұлдыз құрт шығады оның арқасын бойлай жатқан екі қатар жіңішке қарақоңыржолағы болады, бұл жолақты да жиегінен ашьгқ түсті жалпақ жолақтар жанап өтеді.

2. 2. Қозаның негізгі аурулары

Қозаның аурулары - мақта шаруашылығында неғұрлым кең тараған әрі қауіпті аурулары - солма, гоммоз және тамырдың шіруі болып табылады. Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар туғызады. Гоммозды бактериялар туғызады. Солманың қоздырушысы топырақта тіршілік ететін вертициллиум далиэ саңырауқұлағы.

Тамыр шіруі - бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тінде ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да құрғап қалады. тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруіде мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қозада әлжуаз болып саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе өніп шығу қасиеті аз, сапасыз шиттің өскіндері, тамыр шіруі ауруларына тез ұшырайды. ауруға қарсы күресу шаралары - егістік жерді тегістеу, тамыр шіруі су жайылатын тұстарда көбірек белең алады, минералдық тыңайтқыштармен ерте қоректендіру.

Гоммоз - бұл мақтаның кең тараған ауруы. Ол қозаны өсіп жетілу кезеңін зақымдай береді. Гоммоздың белең алуына әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, мезгілсіз жаздағы жаңбырлар. Гоммоз шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерді зақымдайды. Шит жарғақтарында әр түрлі көлемдегі жарық дақтар пайда болады. Жапырақтарына талшық жіптері арқылы сабақтарына таралып, сопақтау келген майлы дақтар пайда болады. Гоммоз бактериялары топырақтың өзінде 12-30 сағаттың ішінде қырылып қалады. Бактериялары мақтаның ірі, шірімеген қалдықтарында - сабақтарында, көсектерінің жармаларында т. б. жерлерінде қыстап шыға алады. Бактериялар мақта шитінде (тұқымында) жылдан-жылға сақталып қала береді.

Солма - бұл өте қауіпті ауру қатты белең алса, өнімнің 50 пайызын жойып жібереді. Солма шит жарғағы ашылуынан бастап өсіп жетілуі кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді, әсіресе ересек өсімдіктердің түйнектеу кезінде содан соң жапырақтарда ашық-жасыл біраздан кейін сары дақтар байқалады. Солманың белгісі - ауруға шалдыққан мақтаның тіні қарайып кетеді, бұл оны үзынынан және көлденеңінен кесіп көргенде байқалады.

Өсімдік бұл ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Бүған тамырдың кез-келген жерінің зақымдануы себеп болады. Өсімдіктің бойына еніп алған саңырауқүлақ немесе вирус сабақтардың, бұтақтардың, сабақшалардың, жапырақтардың су жүретін жолдары арқылы тарайды. Алқаптағы немесе топырақтағы өсімдік қалдықтарында сақталып қалған ауру қоздырушы саңырауқүлақ пен вирус ауру таратудың түрақты көзі болып табылады. Мақтаны бірнеше жыл бойы бір алқапқа еге беру аурудың ошағын тез, әрі кең ауқымда ұлғайтып жібереді.

Дақтар дөңгелдек немесе бұрыштылау болады. Солма ауруы тамыз-қыркүйек айында белең алады. Бұнымен ауырған өсімдіктер 2-3 күнде солып қалады, жапырағы сарғайып, салбырап қурап қалады. Ауруға қарсы күресу: мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру, өсімдік қалдықтарын қозапаяны жойып отыру, шитті себер алдында химикаттармен дәрілеу.

К альций цианамиді - бұл қарасұр ұнтақ. Оның құрамында 50-55 пайыз таза кальций цианамиді, 17-19 пайыз азот, 1, 5 пайыз минералды май, 0, 2 пайыз кальций карбиді бар. Ұзақ уақыт сақталған және ауа еркін келіп тұрған жағдайда кальций цианамиді ыдырайды да жапырақтарды қуратып түсіреді. Егер жауын-шашын тисе жарамсыз болып қалады.

Магний хлораты - кристалды, түйіршікті сары түсті ұнтақ. Оның құрамында 58-66 пайыз магний хлораты, 30 пайыз натрий хлораты, хлорлы калий, магний сульфаты мен кальций қоспасы бар. Магний хлораты суда жақсы ериді. Ауа еркін келіп тұрса, өзіне ылғал тарта береді. Сондықтан құрғақ қоймаларда ауа өткізбейтін ыдыста сақтау керек.

Кальций хлорат-хлориді - тұздарының ақ сары түсті сулы ерітіндісі, құрамында 32 пайыз хлорлы кальциймен 28-29 пайыз кальций хлориді бар. Кәдімгі жағдайда судан 1, 5 есе ауыр. Жақсы ериді, ылғал тартқыш.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика» факультеті

«Жаратылыстану» кафедрасы

Пәні: Қолданбалы биология

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянкестердің экологиясы
Мақта шикізаттарының ауылшаруашылқ негіздері
Мақта дақылының аурулары
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығының дамуын талдау
Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану ерекшелігі
Сарыағаш ауданында мақтаны суару мерзімі мен мөлшері
Ауыспалы егіс
«Қазақстан биоресурстары» курсы бойынша Оқу - әдістемелік кешен
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егілуінің, оны жетілдірудің қысқаша тарихы және мақта кластерінің болашағы
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында ауыспалы егісте шитті – мақта өндіру технологиясын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz