Қазақстанда ауланатын балықтар


Реферат
Тақырыбы «Қазақстанның флорасы мен фаунасы»
Орындаған:
Курс:
Топ:
Тексерген:
«Қазақстанда ауланатын балықтар»
Жоспары
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1. Қазақстанда ауланатын балықтар
1. 2. Балықтардың кәсіптік маңызы
1. 3. Балықтар экологиясы
2. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Балықтар (лат. Pisces) - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен - көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалықсияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.
Карась балығы.
Балықтар - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар -2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1, 5 граммнан 12 - 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т. б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты) .
Атлантик-Ляхс балығы.
Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 - 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері - біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ - тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т. б. ) . Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т. б. ) . Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар - адам үшін қажетті белокқабай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т. б. ) . Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумдаөсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.
Қазақстанда ауланатын балықтар
Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті -шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4, 5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре, шоқыр - Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре - Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.
Шортан- Солтүстік жарты шарларда кең таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан- жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1, 5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шора\тандар ағыны жай өзендер мен су маңы өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі. Тек Балқаш- Алакөл ойпаты мен Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде таяз суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады. Жарып шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы қоректік заттарды пайдалынады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткенен кейін, олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды.
Сазан ( қалантыр ) - тұқы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі . Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр кейде сары түсті, ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған . Тез өседі, екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см, салмағ, ы 0, 5-0, 6 кг -ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп, салмағы 20 кг ) өседі 30 жылға дейін өседі . Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді . Қорек талғамайтын балық . Кәсіптік түр болдып табылады., оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшыларда аулайды. Адам әуелден қалантырды «үй балығына » айналдырды. . Басқа балықтармен салыфстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді, оның уақытша төмендеуіне шыдай береді., тоғандағы жағдайға тез үйренеді . Көп ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған, солардың ішінде көпке белгілі -жалтырауық тұқы, Айна сияқты екі бүйірін жауып тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталады.
Құбылмалы форель немесе бахтах - бұл балықтың Отаны - Солтүстік пен Орталық Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған болық шаруашылығының нысаны болады, дүние жүзінде көпеген елдерде жерсендіріледі. Ол Қазақстанда Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл орташа пішінді (ұзындығы 0, 5 метрдей, салмағы 6 кг ), арқасы сұр түсті, бүйірінде жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір жолақтары бар балық. Өзінің “құбылмалы” деген атын кей түрлерінің ашық бояоғандығын алған. Қоректенуі алуан түрлі- бентос, ұсақ балықтар, жәндіктер және т. б. Форельге жақын балық - албырт. Қазақстанда 2 түрше - Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Қара балық немесе шармай -Қазақстанда мекендейтін екі шармайдың бірі Шармай тау өзендері мен Азия көлдеріне бейімделген тұщы су балығы, Қазақстанда Сырдария, Талас су қоймалары мен Қаратау өзендерін мекендейді . Денесі ұсақ қабыршақтармен қапталған, бояуы құбылмалы. Сондықтан қоңыр бояуына түскен ақ дағы бар бұл балықты тау өзендерінен байқау қиын. Талғаусыз қоректі, 0, 5 метрге дейін өседі, салмағы 1, 5 кг . Шармай тау аңғары мен таулы аймақтардағы әуесқойлық жолмен ауланатын шалғыз түрі, дегенмен оның уылдырығы мен құрсағында төселген қара жұқа қабығы улы екенін есте сақтау керек Қазақстанда бұдан басқа Балқаш шармайы тіршілік етеді.
Жайын-Қазақстандағы жацйын тәрізділер отрядының жалғыз өкілі, көпке танымал балықтың түрі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай шамалы жалпайған, арқасы қара, құрсағы ақшыл түсті, екі бүйірінде дақтары бар . Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады. Бұл қорек талғамайтын балық . Қорегінің көп бөлігін балықөтар . бақалар құрайды. Жайын ыстық күндері терең шұқыр немесе судағы табиғи ағаш түбінде жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында уылдырығын салады. Алғашқы кезде, дернәсіл шыққанға дейін, ұяны аталығы қорғайды . Жайын тез өседі. 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Ұзындығы 5 метрге, салмағы 300 килограмға дейін жетеді.
Балықтардың кәсіптік маңызы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz