Физикалық жылу реттелу патологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ШЖҚ Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова Ақтөбе Жоғары медициналық колледжіМКК

М Ә Н Ж А З Б А
Тақырыбы:Жылу реттелуі,физикалық және химиялық .Жылу реттелу патологиясы.Қызба
Орындаған:Ақылбекова Назира Әбдібайқызы
Тексерген:Бекниязова Гүлсім Жетесовна

Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім:
Жылу реттелу туралы түсінік
Ағзадағы жылу реттелу
Физикалық жылу реттелу патологиясы
Химиялық жылу реттелу патологиясы
Терморегуляция дегеніміз ..
Қызба және оның сатылары
3.Қорытынды және нәтижелер
4.Қолданылған әдебиеттер
Жылу реттелу - дене мен ағзаның ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы. Ол гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады
Ағзадағы жылу реттелу - белгілі бір аралықта температураны (36,1...37,2)°С ұстап тұруға негізделген физиологиялық және химиялық үдерістердің жиынтығы. Адам ағзасындағы жылу реттелудің әсер ету ерекшеліктері мен қоршаған ортаға тәуелділігін қарастыру жұмыстың мақсаты болып табылады. Адам денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне тәуелсіз болып қалады. Осындай гомеотермия ағзаның ішіндегі тек температураға байланысты (370С). Аяқ - қол мен тері (сыртқы қабат) пойкилотермияға, яғни олардың температурасы қандай да бір дәрежеде қоршаған ортаның температурасына тәуелді. Тұрақты температураны ұстап тұру үшін ағза жылу мөлшерін сондай өндіріп және жұтуы қажет, бұл үдеріс терморегуляция деп аталады.
Сонымен қатар терморегуляция (жылу реттеу)деп қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан тірі ағзалардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті. Дене температурасының тұрақтылығын бірқатар жылу түзуші, жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функционалдық жүйелер, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етеді. Жылу реттеу орталығы - гипоталамус. Қоршаған ортаның ауа температурасына қарай физикалық және химиялық реттелуі өзгеріп отырады. Бұл арқылы тұрақты температура қалыптасады. Материалдар мен әдістер: Жылықанды жануарлар қоршаған орта температурасы өзгерген кезде дене температурасын біршама тұрақты сақтайды (құстар мен сүтқоректілер). Ең жоғарғы сатыда, әрине адам ағзасы тұрады. Салқынқанды жануарлар дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар (балықтар, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар) болып табылады. Дене бөліктерінің температураcының бөлінуі: қолтық - (36-37) оC; ауыз қуысы - (37,2-37,5) оC; тік ішек - (37,5- 37,9) оС; ішкі ағзалар - (37,8-38) оС; бауыр - (38,5-39,5) оС; кеуде - (30-34) оС; қол - (29,5-33) оС; аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22оС. Температураның төмендеуіне қарай жылудың түзілуі де артады, ал оның 250С-тан 35°С-қа дейін көтерілуі сондай шамаға төмендейді. Температурасы 40°С-тан асқанда жылу өндірілуі арта бастайды. Терморегуляцияның арқасында ағзаның ішіндегі температура жұтылу, жылудың өндірілуі мен жоғалтуына қарамай әрқашан тұрақты сақталады. Негізінде тәулік ішінде адам денесінің температурасы (0,5-0,9) оС аралығында ауытқып отырады. Кешкі 16-18 сағатта ең жоғары мәнге, ал таңғы 3-4 сағатта ең төменгі мәнге ие болады (түнде температура төмендейді, күндіз - артады)

Дененің температурасының өзгерісі ішкі биологиялық сағаттармен бақыланады. Жылу реттелуінің механизмі химиялық (жылудың түзілуі) және физикалық (жылудың шығарылуы) болып екіге бөлінеді. Жылу түзілуінің, яғни ағзадағы химиялық үдерістердің шамасын басқаруды химиялық жылу реттелуі болады; Жылудың сыртқа берілуін басқаруды физикалық жылу реттелуі деп атайды. Осы механизмдерге байланысты қалыпты жағдайда денеде түзілген жылу шығын болған жылудың орнын толтырып отырады. Сондықтан температураның тұрақтылығы сақталады. Яғни: дене температурасының тұрақтылығы жылу түзілуі мен шығарылу үдерістерінің динамикалық тепе-теңдігі жағдайында сақталады.
1. Химиялық жылу реттелуінде жылу органикалық заттар тоттыққан кезде пайда болады. Мысалы, 1г ақуыз, не көмірсу тотықса 4,1 ккал; ал 1г май тотықса 9,3 ккал жылу пайда болады. Бұл экзотермиялық реакция. Жылу ағзаның қызметі мен негізгі зат алмасуында үлкен рөл атқарады. Онда механикалық, химиялық, осмостық және электрлік жұмыстар жасалады. Жылу ағзаның өне бойында, әсіресе көлденең - жолақты бұлшықет пен бауырда өндіріледі. Түрлі ағзалардағы жылудың үлесі: бұлшық етте - 60%; ішек-қарын мен бауырда - 30-20%; бүйрек пен басқа да ағзаларда - 10-20% құрайды.
2.Физикалық жылу реттелуі жылуды шығару жолдарына байланысты:
1. Кондукция - жоғары қызған дененің айтарлықтай қызбаған денеге тікелей жанасқан кезде жылудың берілуі. Мысалы: дененің сумен, ауамен жанасуы;
2. Конвекция - жылудың сыртқы ортаға берілуі. Сонымен қатар, егер тері бетінің немесе киім қабаттарының температурасы ауаның температурасынан көп болса да конвекция құбылысы жүріп отырады. Киімсіз адамның тері бетінде жақын аралықта жел болмаса, қалыңдығы (4 - 8) мм болатын ауа қабаты оның жылу өткізгіштігі есебінен қызады. Алыс жатқан қабаттар ауаның табиғи қозғалысы немесе қозғаушы сыртқы күштің әсерінен жылынады. Ауаның қозғалыс жылдамдығының артуымен адамды қоршаған шекаралас қабаттың қалыңдығы 1 мм-ге дейін кемиді. Тыныс алу жолдарының конвекция арқылы жылудың жұтылуы, дем алатын ауаның температурасы дене температурасынан төмен болған жағдайда тері қабатына қарағанда аз болады.
4. Булану (кілегей қабаттардан, өкпе арқылы тер шығару; ылғалдың тері бетінен, тыныс алу жолдары мен өкпенің сілекейлі қабықшаларынан булануы). Булану - ауаның температурасы жоғары мәнге ие болғандағы жылу берілуі. Кәдімгі жағдайда адам денесінің көп бөлігіннен сезілмейтін (көрінбейтін) тер бөлінеді, ол тер бездерінің белсенді емес қатысуынсыз - ақ су диффузиясының нәтижесінде пайда болады. Мұнда алақаннан, табаннан және қолтықтан (дене бетінің жуықтап алғанда 10%-н құрайды) үздіксіз тер шығатындықтан, бұл жағдай ескерілмейді. Нәтижесінде тәулігіне ағза буланудан орташа есеппен 0,6 литр су жоғалтады. Себебі 1г су буланғанда жуықтап алғанда 2,5 кДж жылу жоғалтады, ал тәулігіне жылудың шамасы шамамен 1500 кДж құрайды. Ауаның температурасының жоғарлауына және жұмыс ауырлығы дәрежесіне қарай артериялық қантамырларының және нерв жүйесі реттелуінің тер бездері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша патологиясы
Жылу соққысы - жедел экзогендік гипертермия
Жасушалар мен тіндердің патологиясы Несеп жолындағы тас ауруының себебі, потогенезі
Жасқа байланысты терінің ерекшеліктері
Жасушалар және тіндердің патологиясы
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Гипоталамус - гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі туралы ақпарат
Жасушадағы сыртқы ортаның әсері
Ас қорыту жүйесінің патологиясы
Тұқым қуалаушылық факторы
Пәндер