Ойыншыларды алаңға орналастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1 Волейболдың шығу 8
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
1.1 Волейбол туралы жалпы 8
ұғым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Волейбол ойынының 11
ережелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .
1.3 Волейболшылардың дене-қуаты қасиетін арттыру 15
әдістері ... ... ... ... .
2.Ойын техникасы 19
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...
2.1Допты ойынға қосу 19
техникасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
2.2Доп беру 19
техникасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2.3Допты жоғарлатып беру техникасы 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.4 Техникалық шеберлікке 20
жаттығу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3 Волейбол ойынының техникалық тәсілдерді үйрету және оны дамыту 23
3.1 Волейболшының дене қуаты қасиетін 23
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Қорғаушының техникалық дайындығын 26
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ...
3.3 Қорғаныс тәсілілдерін меңгерту 27
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4Шабуыл жүйесінің тәсілідерін 30
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН 34
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі тандағы қоғам өмірінің
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен,
сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін
оқу орындарында дене шынықтыру мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты
оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға
аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да
аландаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың
дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше
шаралар қолданылып, заңдар қабылдануда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан
Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" туралы Жарлығына қол қойса (1996ж.),
1997 жылы "Қазақстан-2030" бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы "Қазақстан
Рсспубликасының дене мәдениеті жоне спорт туралы" заңы қабылданса,
2001жылы "Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы
дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы"
жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен зандардың ең өзекті негізгі мақсаты
дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны
дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс
деңгейіндс білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті
қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат
құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы
қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті
азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі
әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет.
Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын
ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған.
Сондай-ақ, 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер
онан ары нақтылана түсті. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар
спортпен жүйелі түрде айналысып, жоғары жетістіктерге жетіп, отанының
абыройын одан ары жоғарылатса, ұлтымыздың мерейі одан ары үстем бола түсер
еді. Міне осындай жастар жағынан кең қолдауға ие спорт түрінің бірі
волейбол ойыны.
Спорттық ойындардың ішінде волейбол ойынының ролі өте зор. Волейбол
қимылы адам денесін жетілдіреді, волейбол қимылдарына үнемі қатысу,
жылдамдық, күш-қуат, төзімділік, сәйкестілік және иілгіштік сияқты дене
сапасын жетілдіріп, дене қабілетін жоғарлатады, денсаулықты жақсартып
дененің қалыпты өсіп-жетілуін ілгерілетіп, денені бір келкі жетілдіреді,
сондай-ақ ұстамдылық, байсалдылық, ақылдылық және батыл болу сынды
қасиеттерді баулиды. Ол әсіресе жас өспірімдердің дамуы мен жан-жақты
жетілуінде маңызды рол ойнайды. Сондықтан жастар арасында волейбол спортын
насихаттау мен жүргізі бүгінгі күннің басты талабы. Курстық жұмыстың
мақсаты- жас волейболшылар арасында волейбол ойынының техникасы мен
тактикасын үйрету.
Зерттеудің мақсаты: Волейбол ойыншысының техникалық-тактикалық
дайындықтарын жетілдірудің тиімді жолдары көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Теориялық ақпарат көздерін оқу, талдау, зерттеу арқылы волейбол
спортының техникалық дайындығын зерттеу, жүргізілген жұмыстармен
танысу, анықтау;
2. Волейбол ойынның дұрыс техникаларын зерттеп, жас волейболшылардың
техникалық дайындығын жоғарылатудың тиімді жолдары мен әдістемелерін
анықтау;
3. Техникалық дайындығын жетілдіру жолдары мен әдістерін эксперименталдық
зерттеп, дәлелдеу;
4. Еліміздегі аталмыш спорт түрін жастар мен жасөспірімдер арасында
кеңінен насихаттау
Зерттеу объектісі: жас волейболшыларды жаттықтыру дайындау үрдісі.
Зерттеу пәні: волейболмен айналысатын оқушылар мен студенттер.
Зерттеудің заң-құқықтық негіздері. Зерттеудің негізгі дерек көздері
ресми жалпы мемлекеттік құжаттар болып табылады: Президенттің 2030 – даму
бағдарламасы, Дене мәдениеті және спорт заңы, 1996-2000, 2001-2005,
2007-2011 Қазақстан Республикасында дене мәдениеті және спортты дамыту
туралы мемлекеттік бағдарламалары, Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11
сыныптарға арналған дене тәрбиесі бағдарламалары, Дене тәрбиесінің
стандарты. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Президенттің халыққа Жолдауы
(2007), Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (2007), Қазақстан
Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы (2000), 050108
Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша Мемлекеттік білім стандарты
(2007).
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Дене мәдениеті және спорттың
теориясы мен әдістемесі, педагогика, психология, медицина, физиология
саласындағы жетекші мамандардың ғылыми жұмыстары болып табылады.
Волейбол ойыны жайында көптеген ізденістер жасаған Н.
М.Рагозин., Л. П.Матвеев., О.Спасский., Ю. Д. Железняк, Ю. Н. Клещев., О.
С. Чехов., Л.Барбара., Виера Бонни Джилл Фергюсон., Т.Ботағариев қатарлы
маман ғалымдардың еңбектері талданды, көз қарастары ескерілді.
Ал, жалпы спорттық жаттықтыру үрдісінідегі спорттың теориясы мен
әдістемесін зертегенде Е.Қ. Уанбаев., Ф.Ж.Уанбаевалардың Дене мәдениетінің
ілімі мен әдістемесі еңбектері негізге алынды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми жұмысты орындау кезінде негізгі міндеттер
мынандай ғылыми-зерттеу жұмыстары көмегімен іске асырылды: ретроспективті
ақпарат алу әдістері: әдебиеттерді оқу, талдау, құжаттарды оқу, талдау,
сұрақ, әңгіме-интервью алу; ағымдық құжаттарды талдау әдістері.
Зерттеу көздері: Шығыс Қазақстан облыстық, Өскемен қалалық, Қазақстан-
Американдық еркін университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев
атындағы ШҚМТУ кітапханаларындағы әдебиеттер, ғылыми еңбектер, кандидаттық
диссертациялар, авторефераттар. Республикалық, облыстық газет-журналдардағы
мақалалар, интернеттегі ақпараттар. Дене мәдениеті және спорт, валеология,
спорттық жаттықтыру, спорттық ойындар туралы жазылған әдебиеттер, ғылыми
еңбектер, мақалалар.
Зерттеу кезеңдері.
1 -кезең – дайындық кезеңі. Тақырыпты анықтау, мақсаты мен болжамы,
зерттеу әдістерімен танысу.
2-кезең – теориялық кезең. Зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі
әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау.
3-кезең – қорытындылау. Жиналған деректерді пайдаланып, қорытынды
жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, авторлардың еңбектері пайдаланылған 35 әдебиеттер тізімінен
тұрады

1. Волейболдың шығу тарихы
1.1 Волейбол туралы жалпы ұғым

Әр өнердің дүниеге келу тарихы бар. 1895 жылы америкадағы колледждің
мұғалімі вильям морган волейбол ойынын ойлап тапты. Талапты оқытушы оны
үлкен творчестволық ізденістің перзенті ретінде спорт сүйгіш қауымға
сыйлаған еді. Алғашқы кезде бұл ойын қарапайым ережелермен ғана шектелді.
Осыдан болса керек, оның даму, өркендеу жолы тым саябыр басталды.
Волейбол өнері біздің елімізге октябрь революциясының жеңісінен кейін
келді. Қазір волейбол өнері мыңдаған, миллиондаған адамдардың сүйікті ісіне
айналды. Волейболы әлемде алдыңғы қатарға шықты.
СССР құрама командасы әлемнің үш дүркін чемпионы тұғырына көтерілді.
Екі рет олимпиадалық ойындарда алтын медальды жеңіп алды. Бүл, сөз жоқ,
волейболшыларының тамаша да татымды жеңісі. Ал елімізде қаншама шеберлер
командалары бар десеңізші? Осы командаларда не бір талапты спортшылар
қанаттанып келеді.
Республикада волейболшылар қозғалысы отызыншы жылдардың басында
басталды. Сонан Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін бірден кең өріс алып
кетті. Бұл ойынның жалпы халықтық сипат алуы оның коллективтік өнер
екендігінде. Мұнда команда бір адамның мүддесіндей мақсатқа ойын жүйесін
тұжырымдағанда ғана жеңіске жете алады. Сондықтан да ол ұжымдық ойын,
коллективтік жеңіс болып аяқталады. Мұның қуаттылығы мен тартымдылығы
осында жатса керек. Ауыл-селолардағы физкультура ұжымдарында волейболшылар
үйірмесін ұйымдастырудың еш қиындығы жоқ. Мұның үш түрлі себебі бар:
біріншіден - волейбол алаңын жасап алу қиын жұмыс емес. Екіншіден -
волейбол добы мен торы ауылдық жерлерге алдымен жететін спорт құралдарының
бірінен саналады. Үшіншіден - үйірмеге екінің бірі мүше болуға әзір тұрады
десек артық айтқандық болмайды.
Ендігі мәселе - үйірме құрамын дұрыс іріктеу. Осы арада волейбол
ойнауға бейімі бар, оған жан-тәнімен ден қоятындарды аңғара білу керек. Бұл
үшін әр түрлі орталарда жарыстар өткізілуге тиіс. Біріншіліктерді өткізу
дәстүрге айналып келеді. Мұның өзі халықтың дұрыс демалуына, дене тәрбиесін
денсаулықтың қайнар бұлағына айналдыруыңа ықпал етеді.
Спорт жарыстарын өткізу жүйесінің тұрақты кестесін жасап, оны
ұйымшылдықпен белгіленген уақытта еткізіп тұрудың мәні зор. Бұл спорт
өнеріне хадықтың дұрыс ден қоюына, үйірме жұмысының сәтті қадамына себін
тигізетін жәй болып табылады.
Үйірме жұмысын жастар тілегіне сай біркелкі жүргізіп отыру үшін
үйірме кеңесін кұрған жөн. Бұл орта үйірме жұмысының жоспарлы түрде нақты
іс төңірегінде реттелуін қамтамасыз етеді. Әрбір ауылда, елді мекенде,
волейболшы жастардың өкілі болғаны дұрыс.
Жарыс өтер кезде әдіскер-нұсқаушы төрешілер мен волейбол үйірмесі
мүшелеріне жарысқа қатысушылардың тізімін алуды тапсыруы керек. Ойыншының
туған жылын, мамандығын, қай кезден ойнай бастағанын қысқаша жазып алған
жөн. Оның үйірме жұмысына тұрақты түрде қатысып тұруын да әңгіме еткен
дұрыс.
Осындай алдын ала жүргізілетін іс үйірме жұмысының белгілі бір жүйеде
қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Үйірменің жұмыс жоспарын нақты әрі өміршең етіп құра білу керек.
Дене тәрбиесімен тұрақты түрде шұғылданған ортада еңбек өнімділігі
жоғары болып, адамдардың өз ісіне деген жауапкершілігі артады. Ұжымдық
еңбек жемісті болады.
Төменгі коллективтегі әдіскер-нұсқаушы үйірме кеңесімен тығыз
байланыста болуы шарт. Үйірме кеңесіне жетекшілік жасап, оларды спорттық
құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыруға тиіс. Сонда ғана жұмыс
жанданады, көп қолдауын табады.
Әдіскер-нұсқаушы жастардың денсаулығы мықты, рухани байлығы мол болуы
үшін оларға жан-жақты тәрбие беру мәселесіне зор көңіл бөлуі керек.
Айталық, еліміздін, тандаулы волейболшы жігіттері мен қыздарының
шеберлікті қалай игергені жайында, халықаралық жарыстарда еліміздің намысын
қалай қорғағандығы жөнінде қысқаша әңгімелеп беруге болады. Мұның өзі
жастардын спортқа ынта-ықыласын арттырады. Бір үлгілі ұйымшыл ұжымның
өмірінен мысал келтіре кеткен дүрыс.
Тәрбие мәселесіндегі ең басты мәселе- үйірме жетекшісінің педагогке
тән принципшілдігі мен оқу-жаттығу жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра білуі
болып табылады.
Үйірме жүмысы жемісті болуы үшін оқу-жаттығу ісін дұрыс жолға қоя
білу кереқ. Кейбір үйірме жетекшілері, мұғалімдер волейболды үйретуді
екіжақты ойын тәсілімен бастайды. Олар бұл арқылы тактикалық және
техникалық білім беру жүйесін тым ауырлатып алады. Осыдан барады да
шеберлік шыңдау, әрбір әдіс-айланың жеке детальдарын терең игеру сияқты
тәрбиелік мәні бар талап-тілектер жеңілдеп кетеді. Демек әр ойыншының
жауапкерлігі азаяды. Міне, сондықтан үйірме ұйымдасқан күннің алғашқы
сәтінен бастап, мұндай дәстүрлерден іргені аулақ салған жөн.
Нұсқаушы оқу-жаттығу жүйесінің жоспарын жасағанда әрбір сабақ сайын
спортшының алдына жаңа міндеттер қойып отыру жағын ескертуі керек. Сонда
ғана үйірме мүшелері оқу-жаттығу ісіне творчестволықпен қарайтын
болады.
Ең бір мықтап ескеретін жай- спортшының ынталылығы. Ынталылық дегенде
алға қойған міндетті игеруге барлық салатын табандылықты айтамыз.
Жасыратыны жоқ кейде ең шебер деген команданың өзі әлсіз деген әріптесінен
жеңіліп қалады.
Демек, бұл команда мүшелері ең қиын-қыстау сәтте бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығарып бір кісідей қимыл жасай алмады деген сөз. Міне,
ынталылық пен қажырлылықтың ауадай қажет жері осы. Волейболшының төзімді
және табанды болуы - ең бір керек қасиет. Әр ойыншыны жарыстың өне бойына
біркелкі қимылдайтындай етіп жаттықтыру керек. Сонда жаттықтырушының теккен
тері далаға кетпейтін болады.
Волейболшы әрбір тактикалық және техникалық әдіс-айланы салмақты,
сабырлы түрде ақылмен жасауы шарт. Мысалы, жаттығу кезінде допты ойынға
қосу, беру, қабылдау және т. Б. Сол сияқты тосқауылға соқтырмай допты
қиғаштай, құлдилата ұру немесе алаңның ашық қалған жеріне тастау әдістері
ойыншыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан оқу жаттығу жүйесін
жарыстың басынан аяғына дейін төтеп бере алатындай деңгейге құрған көп
пайдалы.
Теориялық сабақ үстінде жас волейболшылар ең қарапайым әдіс-айланы,
комбинацияны үйренеді және кейбір командалардың ойынын талдайды. Осыны іс
жүзінде байқап көру үшін үйірме жарысын, мектеп оқушылары арасында
мектепішілік, аудандық біріншілігін өткізу керек. Тіпті көрші ауылдың
жасөспірімдерімен жолдастык, кездесу өткізуге де болады. Бір ескеретін жай
- мұндай жарыстарды оқу-жаттығу жүйесінің жарты жылдық программасын
өткеннен кейін ұйымдастырған дұрыс. Өйткені бұл кезде әр ойыншы жекелеген
әдіс-айланы, допты қабылдау, беру, құлдилата ұру, сол сияқты тосқауыл қоюды
біршама жақсы меңгереді. Сөйтіп, жаттықтырушы әр спортшының жарты жылда
жеткен жетістігін өз көзімен көруге мүмкіндік алады.

1.2 Волейбол ойының ережелері

Жарысқа ерлер және әйелдер командалары қатысады. (Сан жағынан шек
қойылмайды). Балалар мен жас өспірімдер командалары мынадай топтарға
бөлінеді: 13-14, 15-16 және 17-18 жастағылар.
Дәрігердің қорытындысы (тұжырымы) бойынша әрбір топтағы командаға
ересек топтағылардан 1-2 ойыншы қосылады. Ересек жас өспірімдер
тобындағылар дәрігердің рұқсатымен ересектер командасында ойнай алады.
1. Ойыншылардың міндеті мен құқықтары
1) Ойыншы ойын тәртібін жақсы білуге тиіс.
2) Ойын кезінде ол төрешімен өз командасының қапитаны арқылы сөйлесе
алады.
3) Ойынға қатысатын ойыншыда дәрігер берген рұқсат қағазы болуы керек.
2. Ойыншылардың киімі
Ойыншылардың спорттық формасы – майка, труси және тапочкадан тұрады.
Оларға жаттығу костюмдерімен ойнауға рұқсат беріледі.
3. Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
1) Алаңға екі команда шығуға тиіс. Әр командада 6 адамнан болады.
Ойын үстінде команданың кез келген ойыншысын запастағылармен айырбастауға
болады. Әр командада негізгі құрамға жататын 5-6 ойыншының болуы заңды. Ал,
командада запастағы мен негізгі кұрамдағыларды қосқанда ойыншының саны 12-
ден аспауы керек.
2) Ойын басталардан бұрын жарыс протоколына команданың барлық
мүшелерінің фамилиясы жазылуы керек.
Егер запастағы ойыншылардың бірі жаңағы тізімге ойын басталар алдында
ілікпей қалса, оны келесі партияның ойыны басталғанша жазып қоюға
жаттықтырушының еркі бар.
3) Ойыншыларды алмастыру немесе бір минуттік үзіліс алу тек доп
ойыннан шығып кеткенде команданың капитаны не жаттықтырушының талабы
бойынша ғана жасалады. Бұған төрешінің рұқсаты керек.
4) Ойыншыны алмастыру төрешінің рұқсатымен ғана жасалады.
5) Алаңнан төрешінің талабы бойынша қуылған ойыншының қайтып ойынға
кіруіне, оны екінші бір ойыншымен алмастыруға рұқсат етілмейді.
6) Егер екі команданың бірінде 5-ақ ойыншы қалып, запастағы
ойыншылармен толықтыратын мүмкіндігі болмаса, ойын тоқтатылады да,
командаға бұл партияда жеңіліс жазылады.
7) Егер бір команданың ойыншысы қатты жарақаттанып қалса, оның орнын
басатын қосалқы ойыншы болмаса, онда команда капитанының өтініші бойынша
жарыс төрешісі ойынды 3 минутқа тоқтатады. Осы уақыт өткеннен кейін
команданың құрамы толықпаса, ойын онан әрі жалғастырылмайды, командаға
жеңіліс жазылады.
4. Ойыншыларды алаңға орналастыру
1) Әр кез допты ойынға қосар алдыыда оны қабылдайтын жақтың ойыншылары
алаңға үш-үштен екі қатар түзейді. Егер командада бес-ақ адам қалса,
жаңағы екі қатардың соққысында екі ойыншы тұруға тиіс. Торға таяу
тұрғандарды алаңның алғы сызығының, ал қалғандарын алаңның артқы
сызығының ойыншылары деп атайды.
Доп ойынға қосылар алдында алаңның артқы сызығы ойыншыларының,
алдыңғы сызықтың ойыншыларынан оза тұруына болмайды. Өйткені ойынға
қосылатын доп көбіне алаңның артқы сызығының аймағына түседі.
2) Ойыншылардың аландағы орналасу жүйесін ойын өтіп жатқан кезде
өзгертуге болмайды. Егер жаттықтырушы қажет деп тапса, жаңа партия
басталар алдында алаңдағы ойыншылардың орналасу жүйесін өзгертуіне
болады.
5. Жаттықтырушы, өкіл және команда капитаны
1) Жарысқа катысушы әрбір ұйымның команданы басқаратын жаттықтырушысы не
өкілі болуға тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, онда жаттықтырушы мен
өкілдің міндетін команда капитаны атқаруға тиіс.
2) Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны ойыншылардың тәртібі мен
жарысқа дер кезінде қатысып отыруына жауап беретін болады.
3) Жаттықтырушы, өкіл немесе команда капитаны жарыстың өту барысы мен
командалардың кездесу жүйесін анықтайтын жеребеге қатысады.
Егер жарыс төрешілерінің кеңесі өтетін болып, оған команда
басшыларының қатысуы қажет болса, бұл талаптан да команда жетекшісінің бас
тартуына қақысы жоқ.
Жаттықтырушының немесе команда өкілінің төрешілер мен жарысты
өткізушілер алқасының шешіміне қарсылық жасауға қақысы жоқ.
Әрбір қарсы пікірді жарыс аяқталғаннан кейін жарыс төрешілерінің
коллегиясына жазба түрде тапсыруға болады.
5. Команда капитаны ойын алаңындағы бірден-бір жетекші ретінде
саналады. Сондықтан да ойын жүйесінің барысы жайлы төрешіге капитан ғана
арыз ете алады.
6. Төреші және оның міндеті
1) Әр кездесуге төрешіні жарысты өткізіп отырған ұйым тағайындайды.
2) Ойын үстінде кеткен қателікке қолданылған шараға ойыншылар мен
көрермендер дау айтатын болса, қателіктің қалай кеткендігін төреші
түсіндіріп беруге тиіс.
7. Ойын ережесі
Алаң таңдау және ойынның созылу уақыты
Екі команданың жеңімпазды аныктау ойыны үш партиядан тұрады. Екі партияда
ұтқан команда жеңімпаз атанады.
Кездесу басталар алдында алаң таңдау мен ойынды қай команданың
бастайтындығы жайлы төреші жеребе тастайды. Жеребені тапқан команда ойынды
бастайды да екінші команда алаң таңдайды.
Бірінші партия аяқталысымен екі команда алаңды айырбастайды. Бұл жолы
ойынды алғашқы партияда алаң таңдаған команда бастайтын болады.
Жарыс басталар алдында тізімге іліккен 12 ойыншының кез келгенін ойын
үстінде алмастыруға болады.
8. Ойынның басталуы және допты ойынға қосу
Төреші ойын есебін хабарлағаннан кейін допты ойынға қосуға болады.
Егер төреші ойын есебін хабарлағанда допты ойынға қосып қойса, бұл тәсілді
қайыра қайталайды. Демек, жаңағы спортшы допты қайтадан ойынға қосады.
Егер допты ойынға қосу кезінде ойыншы допты ұра алмай қалса, ол допты
ойынға қосу тәсілін қайыра қайталайды.

1.3 Дене тәрбиесі сабағындағы жас волейболшылардың күш-қуатын арттыруда
волейболдың рөлі

Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың
морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жасөспірімдердің
дамулары үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине, мектеп оқушыларының
өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді.
Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
I. Төменгі мектеп жасында 6-10 жас
II. Орта мектеп жасында 11 -14 жас
III. Үлкен мектеп жасы 15-17 жас
1. Бұл кезеңде балалардың өсуі интенсивті бір қалыпты
болады. Бұл кезде сонымен қатар өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы- 1
см, салмағы 1-3 кг өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсулері бірдей
болады және қанқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін
көрсетеді. Мысалы, 7-8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұл кезде
жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене
бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.
2. Орта мектеп жасы кезеңінде жасөспірімдер де морфо-функционалдық,
жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай бойдың,
салмақтың тез өсуі байқалады. Ұлдарға қарағанда қыздардың жыныстық өзгеруі
және бойларының өсуі тез болады. Осы кезеңде қыз балаларда секіру, асылу
жаттығуларын орындағанда көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұл кезеңде бір
бағыттағы дене жаттығуларын істету, дене қасиеттерінің бір бағытта дамуына
және омыртқа жотасының дұрыс қалыптаспауына келіп соқтыруы мүмкін.
Оқушылардың өз денелерін дұрыс күтуге, яғни жаттығу кезінде денелерін
дұрыс игере білуге үйрету керек. Орта мектеп жасында өне бойы бірқалыптан
тез жалығады, сондықтан жаттығулардың көп түрлілігіне көңіл бөлу қажет және
жасөспірімдердің тағы бір ерекшелігі бұлар түрлі дене жүктемелерінен кейін
тез қалыпқа келеді.
3. Үлкен мектеп жасы кезеңі бірдей дамуы кезеңі болып табылады.
Бірақ, қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады. Осы кезеңде
жыныстық жағынан толықтай жетіледі. 17-18 жастағы ұлдарда бұлшық ет ағзаның
45 пайызын құрайды, бұл ұлдардың жетілгендігін байқатады. Ал қыздарда бұл
кезеңде жамбас, бөксе бұлшық еттері сомданып кейбір жаттығуларды жасағанда
қиыншылықтар туғызады. Бұл жаста қыздардың жаттығу жасаудан қашқатайтыны
байқалады. Жоғары мектеп жасында өмірді тану, өмірдегі қатынастарды сезінуі
спортпен шұғылданғанда да айқын байқалып тұрады.
Мектеп оқушыларына волейболдың әсері. Оқушылардың дене қасиеттерінің
үйлесімді, жан-жақты дамуына волейболдың әсері мол. Жүгіру, секіру,
лақтыру, жүру әрбір сабақтың қатардағы жаттығуы болып есептеледі. Сыныптан
тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарында көп қолданылатын
спорттың түрі волейбол болып саналады. Волейбол негізгі қозғалыс
қасиеттерін тәрбиелейді және дененің функционалдық қасиеттерін дамытады.
Сонымен қатар моральдық ерік-жігерге, қиындықтыжеңуге ұйымшылдыққа
тәрбиелейді. Волейболмен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу
пайда болады.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы
мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі қажет.
Осыдан кейін мұғалім ойын техникасының берілген бөліктерінің дұрыс
құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара
саналы түрде қайталауды ұсынады. Және де дұрыс жасалмаған қимылдың
тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл жасауға қол жеткізу керек.
Қандай да болмасын ойын техникасын үйрену үшін біріншіден, алдын ала
жаттығуларын жасап алу керек. Волейболды ойнау кезінде кезінде сыртқы
қозғалыс пен ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықтан
волейбол ойындары оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады.
Мектептің спорт залы, спорт алаңы волейбол талаптарына сай
жабдықталған болуы керек. Спорт ғимараттарын салу кезінде осындай жайттарды
естен шығармаған жөн. Ауылдық жерлерде көбіне осы тиістілік орындалмай
салынған ғимараттарда балалардың айналысу деңгейі төмен болады. Спорт
ғимараттарының кеңдігі оқушылардың қатар тұрып бірге жаттығу жасауы, бұл
сабақ тығыздығын арттырады. Дене тәрбиесі сабағындағы жаттығулардың денеге
әсерлі болуы үшін, басқада оқу процестеріндегідей жоспарлы болуы қажет.
Өткізілетін жер біріншіден, тегіс, таза болу керек, екіншіден, алаңда
бөгде, артық заттар болмауы керек. Волейбол негізінен таза ауада, теректі
жерлердің алаңқайларындағы алаңдарда өткізілсе өте жақсы болады.
Қаңдай жағдайда болмасын жаттығу орындағанда қауіпсіздік ережесін
және сақтандыру техникасын қатаң сақтаған жөн. Келеңсіз жағдайлар болмау
үшін жылдың немесе тоқсан басында мұғалім оқушыларды қауіпсіздік ережесімен
толық таныстырады.
Волейболдан мектептегі сыныптан тыс жұмыстар: Волейболдан жақсы
жетістіктерге жету үшін дене тәрбиесі мен сыныптан тыс жұмыстарды ұштастыра
білу қажет. Жасөспірімдердегі жақсы дағдылар мен іскерліктерді үйренуге
үйірмелердің тигізетін әсері мол.
Волейболдан үйірме ашу үшін, ең алдымен, мұғалім оқушылардың
қызығушылығын ояту керек. Бұл үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Жыл
басында мектепте волейболдан жарыс өткізіп, оған атақты спортшыларды шақыру
қызықтырудың басты амалы болып саналады.
Мұғалім спортқа деген болашақтың күңделікті дене тәрбиесі сабағынан,
үйірмелерден басталатына оқушылардың көз жеткізу керек. Үйірме жұмысы 2-3
сағат болуы тиіс. Жаттығу кезінде оқушылар жасына, жынысына, спорттық
әзірлігіне байланысты 3 топқа бөлінеді.
Дайындық тобы - 10-11 жас.
Бастапқы топ - 12-15 жас
Оқу-жаттығу тобы 16-17 жас.
Бірінші топ жұмасына үш рет, екінші, үшінші топтар жұмасына төрт рет
жаттығу өткізуге болады. Сыныптан тыс үйірме өткізгенде мұғалім практикалық
материалдарды және жаңа жаттығуларды үйрету керек. Өз еркімен жаттығу
жасатқанда, үйге тапсырмалар бергенде оқушылардың жасына, жынысына, дене
дайыңдық мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Спортшылардың жетілуі жарыс
кезінде байқалады. Сондықтан, да әр сынып мектеп аралық 2-3 жарысқа қатысуы
тиіс.

2 Волейбол ойынының техникасы
2.1 Допты ойынға қосу техникасы

Волейбол ойынын төрт техникалық тәсілге бөлуге болады:
Допты ойынға қосу;
Доп беру;
Шабуыл соққысы;
Тосқауыл.
Бүгінгі волейболда допты ойынға қосу шабуыл техникасының бір саласы
болып саналады. Міне, сондықтан да допты ойынға дәл, мүмкіндігінше
қатты соққымен қоса білу керек.
Енді допты ойынға қосу тәртібіне келейік. Ойынның бұл тәсілін
орындаушы спортшы бекітілген ереже бойынша алаңның сыртқы сызығының оң жақ
бұрышынан допты бір қолымен көтере тастайды да екінші қолының алақанымен
қарсыластар алаңына бағыттап ұрады. Әдетте допты тік тұрып немесе
бір қырындап тұрып ойынға қосады. Ұрған кезде саусақтар біріктіріліп,
ішке қарай бүгілуі керек. Сонан соң бір ескеретін жай, қүлаш неғүрлым кең
сермелсе, доптың екпіні де солғұрлым қатты болады. Допты қарсы жақтың
алаңына дәл әрі қатты соққымен ұрып түсіру үшін, әрине, көп машықтану
керек.

2.2 Доп беру техникасы

Доп беру - волейбол ойынының ең негізгі тәсілі. Допты жерге түсірмеу
үшін ойыншының жасайтын қаракеті - доп қабылдау тәсілі оны басқа ойыншыға
жеткізумен ұштасады да доп беру деп аталады.
Допты қабылдаған ойыншы оны өз әріптесіне беру үшін қарсы алаңдағы
ойыншылардың тактикалық орналасу жүйесін толық көріп, соған орай өз
әріптесінін, тиімді орналасуын білуі керек.
Доп ойынға қосылысымен оның алаңның қай нүктесіне қарай келе
жатқанына байланысты сол шептің ойыншысы қабылдайды да шабуыл шебіндегі
ойыншыларға дәлдеп беруге тырысады.
Допты қабылдап, оны өз әріптесіне берудің ең негізгі тәсілі - екі
қолымен жоғарылатып жалғастыру болып табылады.
Үйірмеде жаттығудың алғашқы жылында осы тәсілді егжей-тегжейлі үйрету
керек.

2.3 Допты жоғарылатып беру техникасы

Доп өзіне тақалған кезде ойыншы қарсы қимыл жасау қаракетіне көшеді.
Ол бойын сәл жазады. Шынтағын иық деңгейіне дейін көтереді. Кеудесі сәл
ғана шалқаяды. Бұл қимылдар қолы допқа тигенше жасалады. Допқа қолы тиген
кезде кеуде мен шынтақ және саусақтың қимылы бір сәтке бірлескен қалыпта
қозғалуы керек.
Доп келіп тиісімен тік қалыпқа келіп шеңбер жасайды. Осыдан келіп
кеуде мен шынтақ бір қалыпта серіппелі қимылдайды.
Допты алақанға тигізбей саусақтардың ұшымен қабылдаған жөн. Осы
арқылы ойыншы доптың бағытын өзгертіп, өз әріптесіне бағыттайды.
Ал, кейде бір қолмен доп алатын кез болады. Бұл көбіне қарсы жақтың
шабуылынан кейін болатын жай.

4. Техникалық шеберлікке жаттығу

Егер ойыншы допты ойынға дұрыстап қоса алмаса, оның өз әріптесіне дәл
бағыттай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Команда құрамы және ойыншыны айырбастау
Баскетбол ойыны дамуының қысқаша тарихы
Дене жаттығулары кезінде спиндер
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
Бүгілген қолмен қырынан лақтыру
Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру
«Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі» атты әдістемелік нұсқау
Оқушылармен дене шынықтырулық және сауықтандырулық шараларын өткізу әдістемесі әдістемелік нұсқаулық
Баскетбол шеңбері қалқанға бекітілген арқанды торы бар темір шеңбер
Футбол ойының техникасы мен тактикасы
Пәндер