Ресурстардың жіктелуі. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Табиат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес. Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және ресурс болып табылады.
Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайларын да қарастырамыз. Олардың табиғат ресурстарынан ерекшелігі -- олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді, бірақ берілген кезеңде материалдың өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстарын қазір қолға алған жөн.
Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардың құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.
Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануы күшейіп отыр.

1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ қазба байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты (23-сурет).
- Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі
Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы -- ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетің ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит, құрлық, атмосферз) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі Жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.
Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып (отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді бірақ, оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды аайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенек, жанғыш отьшдарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30 -- 40 жылға, газ -- 40-50 жылға, көмір -- 70 -- 80 жылға жетеді.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид кен көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат -- бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте көп мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.
2. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
:: шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді);
:: пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
э) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсін орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
:: әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
:: қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
:: әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
:: әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.);
:: әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші. ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты -- жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты -- 5 -- 25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалуға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы: көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлемше және үш сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2 -- 3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б.). .
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.
Жер бетіндегі адам мекендейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 -- 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төндіріп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулың балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 -- 30%-га те" жейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 -- 30С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне соқтыруы мүмкін.
3. Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдың ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден -- үшінші, мыс -- төртінші, уран -- бесінші, алтын -- алтыншы, темір кені -- жетінші, қалайы мен никель -- сегізінші, көмір мен табиғи газ -- тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресурстардың жіктелуі
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Табиғи ресурстар және олардың сарқылуы
Ластану проблемасы
Пәндер