Топырақтың ылғал қоры


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Агробиология кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Топырақтағы ылғал түрлері, өсімдікке сіңімділігі »
Орындаған: Бердикул Жібек. ПВ-309қ.
Тексерген: аға оқытушы Барлыкова Н.
Алматы 2021 жыл
ЖОСПАР:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. Топырақ ылғалы.
2. 2. Топырақтың ылғал қоры.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Топырақтың құрамында әрқашан да белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфера ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі- жауын-шашын. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық құбылыстардың белсенділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физика-механикалық қасиеттеріне үлкен ықпалын тигізеді. Сөйтіп топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Топырақтағы ылғал-өсімдіктердің, оның микроағзалары мен фаунасының тіршілігінің негізі. Өсімдіктер өніп даму кезінде мол ылғал жұмсайды. Бір грамм құрғақ зат құрауы үшін олар 200-ден 1000 грамға дейін су жұмсайды. Сумен бірге өсімдіктер топырақтан қоректік заттарды да сіңіреді. Топырақ құрамындағы ылғалдың қолайлы мөлшері болғанда өсімдіктер жоғары өнім береді. Ылғалдың мөлшері тапшы немесе артық болғанда өсімдіктердің және басқа топырақ ағзаларының дамуы тежеледі. Өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі топыраққа түсетін ылғалдың ғана мөлшерімен емес, сонымен бірге топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне, яғни оның ылғалды өткізуіне, ылғал тұтқыштығына, өсімдіктерге тежемей беріп тұру қасиеттеріне байланысты. Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар А. А. Измаильский (18511914), Г. Н. Высоцкий (18651940), А. А. Роден (18971979) . Топырақтың қатты бөлігімен байланысына және жылжымалығына қарай топырақтағы ылғал категорияларға, түрлерге жіктелді.
А. А. Роденнің классификациясына сәйкес топырақтағы ылғал бес категорияға бөлінеді. Олар:қатқан су, химиялық байланысқан ылғал, су буы, физикалық байланысқан ылғал және еркін су.
Қатқан ылғал-мұз. Ол жыл мезгіліне байланысты суық мезгілде пайда болып, жылы мезгілде еріп, топырақтағы ылғал қорын толықтырады. Ал мәңгі мұзды аймақта қысы-жазы ерімей, топырақ бойында болады.
Химиялық байланысқан су-топырақтағы минералдар, органикалық және органикалық-минералды қосылыстар құрамына кірген жеке физикалық дене құрамайтын, ғаныштың (CaSO 4 ∙2H 2 O), мира билиттің (Na 2 SO 4 ∙10H 2 O) және темірдің, алюминийдің гидро тотықтарының құрамындағы ылғал.
Топырақтағы су буы оның қуыстарындағы ауа құрамында болады. Көптеген жағдайда топырақтың ауасы су буына қанығуға жақын. Сондықтан топырақ сәл салқындаса, осы су буы конденсацияланып, сұйық ылғалға айналады. Ал керісінше, температура жоғарыласа, топырақтағы сұйық ылғал буға айнала бастайды. Топырақтағы қысымы жоғары су буы бар қуыстардан ол оның шамалы қысымы бар қуыстарына жылжиды және ол ауа ағымымен қозғалысқа түседі.
Физикалық байланысқан су топырақтарының қатты бөлігінің сыртында бар молекулалық күш арқылы тартылып ұсталынады. Топырақ су буын да, сұйық суды да тартып ұстайды. Су молекулаларының оң және теріс заряды бар болып келеді. Сондықтан ол молекулалар бір-бірімен қарсы зарядтары арқылы тартылынып, қатпарлар түзіп орналасады. Ылғалдың топырақ түйіршігімен тартылу күші оған жақын орналасқан қатпарларда үлкен, ал одан алыс орналасқан қатпарларда әлсіз. Осыған орай физикалық байланысқан ылғал-тығыз және әлсіз байланысқан ылғалға бөледі. Тығыз байланысқан ылғал-топырақтың түйіршіктернің су буынан сіңірген бөлігі. Топырақтың су буын сіңіруі оның гигроскопиялық қасиеті, ал осылай тартылып ұсталынатын гигроскопиялық ылғал болып есептелінеді. Яғни, тығыз байланысқан ылғал-гигроскопиялық ылғал. Оның мөлшері топырақпен жанасқан ауаның ылғалдылығына байланысты. Ал ауа ылғалдылығы өскен сайын, топырақтағы гигроскопиялық ылғал мөлшері де молаяды. Ауа ылғалдылығы 100%-ға жақындағанда топырақтың одан сіңіріп алатын ылғал көрсеткішін максималды гигроскопиялық ылғал деп атайды.
Топырақтың қатты бөлігінің молекулалық күштерінің әсері тимейтін топырақтағы су еркін ылғал болып саналады. Еркін ылғалды қылтүтікті және гравитациялы ылғал ретінде екі топқа бөледі. Қылтүтіктегі ылғал топырақтың нәзік түтікті кеуектерінде (қуыстарында) қылтүтік күші әсері арқылы сақталады. Топырақтағы кеуектердің диаметрі 0, 8 ммден кіші болғанда болғанда қылтүтік күштерінің әсері байқала бастайды. Топырақтың ылғалмен қамтамасыз етілуін жақсарту үшін осы қылтүтіктегі ылғал қорын толықтырып отыру қажет. Гравитациялық ылғал топырақтағы ірі, қылтүтік емес кеуектерде орналасып, жердің тарту күші арқылы топырақтың тік кескіні бойынша төмен қарай қозғалады. Гравитациялық ылғал өте мол жауын-шашын түскен соң, жоғары мөлшерде жерді суарудан кейін және ойпат батпақты жердің топырағында байқалуы мүмкін. Гравитациялық ылғалдың топырақта болуы қолайсыз. Ол уақытша немесе бірыңғай топырақтың сумен артық қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Топырақ құрамындағы ауаның мөлшері күрт кеміп, анаэробты процестердің жүруіне ықпалын тигізеді. Топырақ құрамындағы ылғалдың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер оның ылғалдылық қасиеттері болып есептелінеді.
2. 1. Топырақ ылғалы . Топырақ қопсытылған су сыйымдылығы бар дене болғандықтан, оның құрамында әр уақытта азды-көпті ылғал болады . . . ылғал топыраққа ауадан түскен жауын- шашын мен жер бетіндегі судан және жер астының ыза суынан келеді. Топырақ ылғалының мөлшері әр әрқилы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерлерде аз. Топырақта кездесетін ылғалдың түрлері де өсімдіктерге сіңімділігі де әр түрлі болып келеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңюбейді. Жалпы топырақтағы ылғалды төмендегідей бірнеше түрге бөледі.
Химиялық байланысқан су . Бұл топырақ минералдарының құрамына енген, өте тығыз байланысқан су. Т сондықтан топырақтағы биологиялық процестерге қатыспайды.
Бу күйіндегі су - топырақ кеуектерінде кезхдесетін, судың жоғары температурада булануынан пайда болады. Бу күйіндегі ол өсімдіктерге сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана оны өсімдіктер сіңбейді, тек тамшыға айналғанда ғана и оны өсімдіктер жақсы сіңіре алады.
Гигроскопиялық су - топырақтың беткі қабаты арқылы сіңірілген молекула күйінде болады. Ол өсімдіктер пайдасыз. Топырақпен тығыз байланысқан, сондықтан бұл суды тек т100 0 айналдыруға болады.
Қылтүтік суы топырақ қылтүтіктеріндегі су, ол жоғары-төмен жылжи отырып өсімдіктер бойына оңай сіңеді.
Гравитациялық су өз салмағыментопырақтың жоғары бетінен төменгі қабаттарына жылжиды. Өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, ол су топырақ астындағы жер асты ыза суының қорына қосылып кетеді.
Қатты күйіндегі судың қатарына мұз, қар жатады. Қатты күйінде өсімдіктерге сіңімсіз, ал еріген кезде топыраққа сіңеді, өсімдіктер ол күійінде пайдалана алады. Табиғатта олардың көлемі негізінен суық аймақтарда, Антарктидада түгелдей, терістік мәңгі тоң тараған алқаптарда жыл бойы кездеседі, кейбір аймақтарда тек жылдың қыс айларында ғана болады, ал кейбір аймақтарда тіпті жылдың қыс айларында да болмауы мүмкін. Себебі, әлемде қыс болмайтын жерлер де кездеседі.
Жер асты ыза суы топырақтың, ал көбіне топырақ түзуші тау жыныстарының әр түрлі тереңдіктерінде әдетте, су өткізбейтін қабат үстіне жиналады. Жер асты ыза суы көбіне топырақ қабатынан көп тереңдікте жытытындықтан топыраққа және өсетін өсімдіктерге еш әсері тимейді. Ал керісінше, кей жағдайларда, әдетте, ТМД елдерінің батыс және теріскейде жатқан ылғал мол түсетін аудандарында, өзен бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ асытндағы ыза сулар жер бетіне жақын жатып топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне өте үлкен әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда көбінесе шалғынды топырақтар түзіледі.
Топырақ суын абсолюттік таза су деп түсінбеуіміз керек. Оның құрамында суға еріген әр түрлі заттары бар топырақ ерітінділері . өсімдіктер барлық қоректік заттарды тек осы ерітінділерді бойына сіңіру арқылы алады. Сондықтан да топырақ суы - оның құндылығының негізгі шарттарының бірі. Академик Г. Н. Высоцкий топырақ суының өсімдіктер маңызын айта келіп, оны адамдардың тамырларындағы қанымен салыстырған (Высоцкий г. Н., 1962)
2. 2. Топырақтың ылғал қоры - қарастырылған уақыттағы белгілі бір топырақ қабатындағы ылғалдың абсолют мөлшері; топырақтың су теңдестігінің құрамдас бөлігі. Миллиметр су қабатымен немесе гектарына текшеметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын және грунт суларының (жер бетіне жақын орналасқан жағдайда) есебінен қалыптасады. Көктемде, қар еріген кезде, ылғал қоры ең жоғары деңгейде болады да, булану мен транспирация артқан сайын төмендей береді. Автоморфты топырақтарда топырақ тығыздығы өскен сайын ылғал қоры мен ондағы органикалық заттар мөлшері арта түседі; жартылай гидроморфты топырақтарда - ылғалдану дәрежесінің өсуіне қарай. Ылғал қорын қар тоқтату, еріген қар суын бөгеу, топырақ асты ылғалдандыру, жаңбырлату, грунт суларының деңгейін реттеу жолдарымен және басқа да мелиорациялық әдіс-тәсілдермен көбейтуге болады.
Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады:қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршақ тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь) . Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады. Қазақстанда А. ж. -ш-ның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
Грунт сулары (нем. grund - негіз, табан) - жер бетіне таяу жатқан тұрақты сулы қабаттардағы гравитациялық сулар. Олар көбінесе атмосфералық жауын-шашынның, өзен, көл, бөген, суару каналдары мен шахта суларының жерге сіңуінен пайда болады.
Грунт суларының арын күші жоқ немесе өте әлсіз, ал су деңгейі жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Мұндай суларды ұңғыма немесе құдық арқылы ашқанда, олардың деңгейі қай терендікте ұшырасса, сол тереңдікте тұрақталады. Грунт суларының таралу және қоректену аймақтары, әдетте, бір-біріне сәйкес келеді. Сапасы жақсы грунт сулары кішігірім елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Орналасқан ауданының геологиялық құрылысына, геоморфол. жағдайына және жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай грунт суы өзен аңғарлары мен көл ойыстарында, құм төбелер, жазық далаларда, өзенаралық жазықтарда, таулы өңірлерде, тау беткейлерінде кездеседі. Грунт суы кездесетін жерлерде грунт тасқыны не грунт алабы болады, кейде екеуі де болуы мүмкін. Грунт тасқынында су біршама көтеріңкі тұстан төменірек жатқан жаққа ағады. Мұның өзі жер бедерінің ерекшеліктеріне (өзен аңғарының еңістігі, грунт тасқынын кесіп өтетін сайлар, жыралар, көл ойысы, өзен арнасы, т. б. ) байланысты. Грунт алаптары жер бетіне таяу жатқан ылғал өткізбейтін қабаттың үстіндегі құм қабаттарында болады. Қазақстанда грунт алаптары көне кристалл жыныстар кең тараған Сарыарқада және құмды өңірлерде кездеседі. Грунт суы жер бетіндегі қар, жаңбыр суымен, кейде конденсациялық сулармен толығады. Климаты әр түрлі аудандарда Грунт суының толығуы да түрліше. Табиғатта Грунт суының таралуына климат, жер бедері, топырақ, өсімдік түрлерінің таралуы да әсер етеді, Грунт суы көптеген қалалар мен елді мекендерді, өнеркәсіп орталықтары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Грунт суларының ағыны - жер асты суларының гидравликалық еңістің әсерімен қоректену аймағынан, еркін су алмасу белдемінің арылу аймағына қарай бағытталған ағыны. Грунт суларының беті - грунт суларының еркін, бос беті.
Грунт суы - жер бетіне жақын жатқан бірінші арынды су қабатының үстіңгі жағында орналасқан арынсыз немесе жергілікті ғана арыны бар жер асты сулары. Грунт суының жату тереңдігі, химиялық кұрамы, режімі климаттың, топырақтың және өсімдік жамылғысының озгеруін көрсетеді. Орманды, орманды-далалы және далалы аудандарда грунт суы түщы немесе сол ғана минералданған, құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді жерлерде тұзды Грунт суы басым болады.
Транспирация (транс . . . және лат. spіro - дем аламын, дем шығарамын) - өсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz