Литосфераның ластануы және оны қорғау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Литосфераның ластануы және оны қорғау
1. Топырақтың маңызы мен қасиеттері.
2. Топырақ құнарлығы және топырақ эрозиясы.
3. Минералдық тыңайтқыштардың қолданудың экологиялық мәселелері.
Топырақтың табиғи ландшафтар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақ -зат айналымының маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады. Топырақтың санитарлық кедергi ретiндегi маңызы өте зор. Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және химиялық қасиеттрiне байланысты. Ол су мен сулы ерiтiндiлердi тазартуда куштi сүзгi болып табылады жэне химиялық элементгер мен қосылстарды байланыистыруға қабiлетті. Топырақтың буферлiк қасиеттерi де жогары.
Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабiлетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тiркеледi. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады. Мысалы, қазiргi тундралардан қазба түрiнде дала және субтроптиктік тузiлу типі бар топырақтар табылған Құрғақ далаларда күлгін топырақ түзiлу типіне тән құмды топырақтар кездеседі. Бұл олардың қалыптасуы ылғалды климат жағдайында, қылқанжапырақты ормандар аясында пайда болғанын көрсетеді.
Топырақтану ғылымының негiзін салушылардың бiрi В. В. Докучаев топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен өсімдiктерімен, рельефiмен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Адамның топыраққа әсерi табиғи ландшафардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуiмен, экожүйелердің тұрақтылығының төмендеуiмен, өнiмдiлiгi мен биомассасының кемуiмен сипатталады.
Жер ресурстарына эәер ету - құрлықтағы және құрлық пен мухит арасындағы зат алмасудың радиациялық және су балансының өзгеруi, олай болса климаттық параметрлердің де өзгеруiнің негiзгi себебi болып табылады. Табиғи экожүйелердің жойылуының нәтижесi - қатты және химиялық ағыстардың артуы.
Адамның топыраққа тигiзетiн кез келген әсерi оның энергетикалық параметрлерiнiң өзгеруiмен сипатталады. Ал бұл параметрлер топырақтың өзін-өзi реттеушi жүйе ретiнде тiршiлiк етуiнiң бiрден-бiр шарты болып табылады.
Топырақтағы энергияның жиналу және сақталу факторы ретiнде ең алдымен ерекше органикалыц зат - гумус пен тiрi ағзаларды атауға болады. Аталған заттардың топырақтағы мөлшерiнің кемуi құнарлылықпен қатар, оның озін-өзi реттеуi мен тұрақтылығын да төмендетедi.
Топырақ құнарлығы және топырақ эрозиясы.
Топырак эрозиясы дегенiмiз, оның су немесе жердiң әсерiнен бұзылуы.
Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөлiп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретiнде бiрiншiсiнде - ағатын су, ал екiншiсiнде ауаның қозғалысы болып табылады.
Эрозия ауаның интенсивтi қызметiне дейiн де болған. Қатты заттардың беттiк сулармен мұхитқа шайылып келуi, ауада үнемi топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың болуын делелдейдi. Белгiлi мәлiметтер бойынша сары топырақ пен шабындық саздақ топырақтар - жел эрозиясының өнiмдерiнiң ауадан тұнуының нәтижесiнде түзiлген.
Адамның қызметi нәтижеснде эрозиялық процестердiң жылдамдығы бiрнеше рет артып кеткен. Мысалы, соңгы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнiмдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлiгi бұзылады. Бұл кезде топырақпен бiрге енгiзiлетiн тыңайтқыштардан 1, 5-2 есе артық өсiмдiктерге қажеттi заттар табиғи өсiмдiктер жабыны бұзылғанда орын алады. Бiрiншiден, өсiмдiктер топырақты тамырларымен бекiтiп тұрады. Екiншiден, өсiмдiктердiң жер бетiндегi бөлiктерi су және әсiресе, ауа ағыстарының күшiн арттырады. Өсiмдiк жабыны одан бiршама ара қашықтықтағы топырақты да қорғайды. Олардың шекаралас кеңiстiкке әсерi айтарлықтай болады. Топырақ қорғайтын және егiстiк қорғайтын орман өсiру осыған негiзделген.
Жел эрозиясының интенсивтiлігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына, кеңiстiктің ашықтығына жене топырақтың жағдайына тікелей тәуелдi. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңiл топырақтар көп ұшырайды.
Аталган факторлар далаларда, шөлейттер мен шөлдерде болады. Бұрынғы ССРО территориясында жел эрозиясы (шаңды дауыл) 60-70 жылдарда кеңiнен таралған едi. Әсiресе, тың жерлердi игеру кезеңiнде жыртылған жеңiл топырақтар зақымданған. Олар iс жүзiнде шамамен б-7 млн, га жерде жойылған.
Жел эрозиясының ерекше түрi құрғатылған жерлерге, әсiресе шымтезектi жерлерге тән. Бұл топырақтар материалдық байланысының төмен болуымен сипатталады. Мұндай эрозия процестер (қара дауылдар) Украина мен Белоруссия территориясында байқалған.
Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады.
Су эрозиясы орманды дала зонасында басым. Сонымен қатар, дала және орманды зоналарда да кеңiнек таралған.
Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық процестердiң болуына әсiресе таулы ауданарда үлкен территорияда орманды кесу, өсiмдiк жабынын жою, мал жаю, туризм және т. б әсер етеді.
Антропогендi эрозияның ерекше түрiне ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшрде су массасының берiлуiне байланысты эрозия жатады. Бұл су сiңiп үлгермейдi де, топырақ бетiмен ағады. Ирригациялық эрозия кезiнде бiр уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүредi.
Сонымен қатар, тамшылы эрозия да болады. Ол топырақтың структурасының су тамшыларының әсерiнен тығызданып, су өткiзгiштiгiнiң төмендеуiнен болады. Нәтижеде ол эрозияның басқа түрлерiнің жылдам жүруiне жағдай жасайды.
Минералдық тыңайтқыштардың қолданудың экологиялық мәселелері.
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану интенсивтi егіншілііктің бөлiнбес құрамды бөлiгi.
Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелерi мына көзқарастар тұрғысынан қарастырылуы қажет:
1) тыңайтқыштар енгiзiлетiн жерлердегi тыңайтқыштардың жергiлктi экожүйелер мен
топыраққа әсерi:
2) пайдалану шекарасынан тыс жатқан экожуйлер мен оның звеноларына әсерi, ең алдымен су
ортасы және атмосфераға;
3) тыңайтыланғ топiырақтан алынған өнiмнiң сапасы және оның адам денсаулығына әсерi:
Экожүйеде тыңайтыштарды енгiзуден iс жүзiнде өнiмнiң артуы болмайтын, ал тыңайтқыштар мөлшерiнiц одан әрi артуы өнiмiң төмендеуiне әкелетiн жағдай қалптасуы мүмкiн.
Топырақ жүйесiнде оның құнарлылығының төмендеуiне әкелетiн өзгерiстер жүредi: қышқылдлығы артады, топырақ ағзаларының түрлiк құрамы артады, заттардың зат алмасуы, құрылым бұзылады және басқа да қасиеттерi нашарлайды.
Тыңайтқыштардың, соның iшiнде қышқыл азот тыңайтқыштары әсерiнен топырақтың қышқылдығының артуы одан кальций мен магнийдің шайылыпI кетуiне әкеледi.
Фосфорлық тыңайтқыштардың азоттық тыңайтқыштар тәрiздi анық қышқылдандырушы эффектiсi болмайды. Олар өсiмдiктерде цинктiң жетiспеуіне және алығын өнiмде стронцийдiң жиналуына әсер етедi.
Көптеген тыңайтқышарда қоспа заттар болады. Олар радиоактивтi фонның, ауыр металдардың мөлшерiнiң артуына әкелуi мүмкiн.
Аталган терiс құбылыстарды болдырмау жолы - тыңайтқыштардың ғылыми негiзделген мөлшерiн қолдану (опнтималды дозасы, зиянды қоспналардың минималды мөлшерi, органикалық тыңайтқыштармен кезектестiрiп отыру және т. б. ) .
Тыңайтқыштардың атмосфералық ауаға, суға әсерi ең алдымен азоттық тыңайтқыштармен байланысты. Азоттық минералды тыңайтқыштар ауаға бос күйінде немесе ұшқыш қосылыстар түрiнде түседi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz