Абай қара сөздерінің негізгі мәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың Қара сөздері.
СӨЖ

Орындаған: Токтагулова А.М.
Қабылдаған: Токтагулова Г.Б

Алматы 2020

Абай Құнанбайұлы
1. Абай шығармаларындағы тылсым дүниенің мәңгілік идеясы.
2. Абай "қара сөздерінің" негізгі мәні
1) Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Абай халықтың ағарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.
Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай отандық мәдениетіміз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады.
Көпшілік оқырман қауымын ұлы ақынның мол творчестволық мұраларымен таныстыруға бағытталған көрсеткішке Абайдың әл-Фараби кітапханасының қорында сақталып келе жатқан шығармалары мен ол туралы жазылған кітаптар берілген.
Көрсеткішке Абайдың 1939-1940 жылдар аралығында латын графикасымен шыққан еңбектері еңгізілді.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жоғары бағасын алуда. Библиографияға біздің қорымыздағы ақынның қара сөздерінің орыс, ағылшын, тәжік, қытай, неміс тілдеріндегі аудармалары және де түрік тіліндегі таңдамалы шығармалары, араб тіліндегі өлеңдері берілген.
Еңбектер хронологиялық тәртіп бойынша, әр жылдың ішінде алфавитпен орналасқан. Әдебиеттер алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және шет тілдерінде орналасқан.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді.
Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаевтың ақындығы түпсіз терең мұхитпен тең десек,қателеспеген болар едік.Ғажайып суреткер,нәзік лирик,көркемсөз шебері,ең алдымен-ойшыл ақын.Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына және оның қара сөдеріне,әсіресе дінге, Алланың болмысы,имандылық туралы толғаныстарына қатысты.Ақын шығармашылығында өзі өмір сүрген тарихи дәуірдің тұтас бейнесі көрініс тапты. Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып,қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес,өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді,-деген академик З.Ахметовтың пікірі Абай поэзиясына берілген әділ баға.Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Абайдың қара сөздерінің құндылығы
Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
Абай қара сөздері
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Абай публицистикасындағы философиялық сарындар
Абайдың қара сөздері: сипаты мен мазмұндық тереңдігі
Пәндер