Орман ресурстарын пайдалану мәселелері


Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

1. Ормандардың өзіне тән ерекшеліктері

2. Планетаның орман қоры. Орманды пайдалану критерийлері.

3. Ормандардың экологиялық маңызы

Ормандардың экологиялық жүйе ретiндегi өзiне тән ерекшелiктерi бар.

  1. адамның әсерiнен көп өзгерiске ұшырамаған, табиғи күйде сақталған экожүйелердің бірі; 2.
  2. бұл жоғары өнiмдiлiк пен сипатталатын ағаш, гумус түрiнде органикалық зат шоғырланған ең қуатты жүйе;
  3. ормандар тірi затқа тән функцияларды ашық көрсететiн күшті орта түзушi және ортаны тұрақтандырушы фактор;
  4. көптеген жануарлардың мекен ету ортасы;
  5. орман - шаруашылытың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнiм мен шикiзат көзi болып табылады.

Сонымен қатар, орманның тынығу, стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегi маңызы зор.

1992 жылы Рио-де-Жанейрағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормндарға қатысты мәлiмдеме принциптерінде» былай делінген «Ормандар атмосфераға түсiп, парниктiк зффектке әкелетiн көмiртегi мен сутегiн сiңiретiн қойма болып табылады». Дүниежүлiк форумда мұндай құжаттың қабылдануы галамдық, экологиялық, экономикалық және әлеуметгiк мәселелердi шешудегi ормандардың маңыздылығын көрсетедi.

Планетаның орман қоры. Орманды пайдалану критерийлері.

Дүние жүзiндегi ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га-дан астам. . Жалпы ормандардың iшiнен таза ормандарды жеке бөледi. Оған орманды алаңқайлар, жолдар, шалғындықтар кiрмейдi. Таза ормандар шамамен З млрд/га-ды алып жатыр. Бiр адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0, 8 га- дан келедi.

Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетiлген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жузi бойынша бұл көрсеткiш 32, 2%-ға тең.

Өзiнiң тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесiнде ормандылық бастапқы 75%-дан қазiр 25-30%-ға дейiн кемiген. Ормандарды аудандарының кему процесi қазiр де жалғасуда. . Бұл процесс тропиктiк ормандар үшін өте қауiптi болып отыр.

Соңғы кезде, әсiресе, шаруашылық қызметiнің әсерi тимеген немесе әлсiз болган ормандарды есепке алу мен корғауға көп көңiл бөлiнуде.

Аталған территориялардың дүниежүзiлiк шамасы 20%. Кейбiр елдерде бұл шама жоққа дерлiк болса, Еуропа ушін жалпы ауданы бар болғаны 4%.

Дүние жүзiнiң ормандарында өсiмдiк массасының (биомасса) 1, 65-1, 96 триллион м3 (құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үстi (бұталар, дiңдер, жапырақтар) және жер асты (тамыр) массасы кiредi.

Ағаш дiңiнiң ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткiш

ағаштың жылдық өсімі болып табылады.

Ормандардың экологиялық маңызы

Омандардың экологиялық қызметiн бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерiнiң екi түрiн атап көрсетуге болады: 6иогехимимялық және механикалық немесе физикалық.

Биогехимимялық қызмет әр түрлi физиологиялық процестердiң (фотосинтез, минералдық қоректену, қоршаған ортага әр түрлi ұшқыш заттарды бөлiп шығару т. б. ) жүзеге асуы арқылы көрiнедi. Механикалық қызметi биомасса, оның көлемi арқылы, сонымен қатар алынып жатқан ауданы және негiзiнен бiрлестiктiң iшi мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды тұндыру қызметi арқылы көрiнедi.

Ормандардың көмiртегiне катысты кызметi. Атмосферадағы көмiртегiнiң артық мөлшерiн шығару арқылы парниктiк эффект мәселесiн шешуде адамдар орман экожүйелерiнен уміттенедi. 1 т өсiмдiк өнiмi түзiлуi үшiн 1, 5-1, 8 т көмiрқышқыл газы сiңiрiліп, 1, 1-1, 3 т оттегiнiң бөлiнiп шығатыны белгiлi. Өнiмдiлiгi орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмiрқышқыл газын сiңiредi, 5-6 т оттегiн бөлiп шығарады.

Ормандардағы көмiрқышқыл газының орасан көп мөлшерiнiң концентрациясы ағаштардың биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсiмдiктерiнде жиналған көмiртегiнiң бүкiл массасының 92% орман экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа жүйелерiнде көміртегiнiң тек шамамен 7%, ал мұхиттың өсiмдiк ағзаларында - 1%-дан кемi шоғырланған. Көмiртегiнiң көп мөлшерi ормандардың өлi органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған.

Ормандардың ауа тазартуда қызметі. Атмосферадағы көміртегi балансына әсер ету мен қатар, ормандар аудағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабiлеттi. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сiңiру арқылы да (бірінші ретті), физикалық тұндыру арқылы да (екінші ретті) жүзге асырылады

Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның iшінде улы заттарды (күкiртті ангидрид SО 2 ) денесiнде жинауы арқылы көрiнедi. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе баска жолмен ағзадан шығарылады. 1 кг жапырақ маусымда 50-70 г. күкіртті газ, 40-50 г хлор және 15-20 мг қорғасынды сiңiре алады.

Екiншi реттi қызметімен негiзiнен ауадағы бөлшектердi тұндыруға байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де, ылғалды атмосфералық жауын-шашында немесе су буында ерiген күйде де жүруi мүмкiн. Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтiлiгi 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т шаңды сiңiрiп, тұнбаға түсiре алады.

Орман шуды кемiтедi, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетедi. Өсiмдiктердiң ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсiмдiктердiң тiршiiлiк қызметiне зиянды әсер етуi қатар жүредi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Орман қорын құқықтық қорғау
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Орман қорын қорғау, кешенді пайдалану мәселелер
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Орман шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz