Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
I. Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1. Валюта, валюталық нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Валюталық бағамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
II Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы тиімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.1. Еркін валюта айналымы және оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.2. Тұрақты және құбылмалы валютаның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
III. Қазақстан Республикасындағы теңгенің тұрақтандыру мәселесі ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

Кіріспе
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы.
Валюта (баға, құн) – мемлекеттік ақша бірлігі. Әр елдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валютасы болады.
Валюта – 1) елдің ақша единицасы; 2) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сондай-ақ шетелдік ақша единицаларымен білдіріп, халықаралық есеп айырысулар кезінде қолданылатын несиелік төлем құжаттары (шетелдік валюта).
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық болып табылады.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік, психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге қаблеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.
Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
2.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже.
3.«ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03. 1995.
4.«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.30.03. 1995.
5.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған лруденциялық нормативтер туралы» ереже.
6.Банки и банковские операции в России / Под ред. Лапидуса М.Х. - М., 1996.
7.Банки и банковские операции / Под ред. Жукова Е.Ф. — М.,1999
8.Банковское дело / Под ред. Лаврушина О.И. — М., 1992
9.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995.
10.Банковское дело: стратегическое руководство /Под ред. Платонова В., Хиггниса М. — М.: Консалтбанкир, 1998.
Мерзімді басылымдар тізімі
11.Екінші деңгейдегі банктердің несиелік саясаты.-Аль-Пари,2004,N6
12.Қазақстандағы депозиттер нарығы –Қаржы-Қаражат,2001,N
13.Коммерциялық банк құрылымы.- "АльПари" 2002ж, 6.
14."Коммерциялық банктер операциялары", Мақыш С.Б., Алматы-2004ж.
15."Банки Казахстана", 2005-ж., N6.
16."Ұлттық банктің статистикалық бюллетені"-1999-2004жж-Ақиқат,1999,N5.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
I. Валюта, валюталық қатынастардың теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . .8
1.1. Валюта, валюталық
нарықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 8
1.2. Валюталық
бағамдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
II Валютаның еркін айналымдағы бағам режімдеріндегі салыстырмалы
тиімділік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.1. Еркін валюта айналымы және оның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...29
2.2. Тұрақты және құбылмалы валютаның
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..33
III. Қазақстан Республикасындағы теңгенің тұрақтандыру мәселесі ... ... 34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...44
Кіріспе
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы.
Валюта (баға, құн) – мемлекеттік ақша бірлігі. Әр елдің өзінің
халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан
ұлттық валютасы болады.
Валюта – 1) елдің ақша единицасы; 2) шет мемлекеттердің ақша белгісі,
сондай-ақ шетелдік ақша единицаларымен білдіріп, халықаралық есеп
айырысулар кезінде қолданылатын несиелік төлем құжаттары (шетелдік валюта).
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы
орталық болып табылады.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің
ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын
салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті
құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен
ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді:
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға
болады:
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т.б. экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын
экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы
және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ке дейін), жұмыссыздықтың
төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік,
психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және
қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау
шығындарымен анықталды.
Қазақстанның валюталық саясаты мемлекеттің және тұтастай алғанда
экономиканың ақша жүйесін теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуының теріс
салдарынан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық валютаның объективті
белгіленген айырбас бағамы мемлекеттің макроэкономикалық тұрақтылығын
қамтамасыз ететін іргелі негіз болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттің валюталық реттеу саласындағы негізгі
басымдығы ұлттық валютаның бағамын қайта бағалауға жол бермейтін және үнемі
өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің бәсекеге
қаблеттілігіне теріс әсер етпейтін бағам саясатын таңдау болуға тиіс.
Шикізатқа әлемдік бағаның көтерілуі және 1999 жылы сәуірде жүргізілген
теңгені құнсыздандыру өндіруші және кейбір импорт алмастырушы салалардың
өсуіне және мемлекет экономикасының жандануына ықпал етті. Айырбас бағамы
саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда талабына дұрыс икемделе
отырып, ішкі экономика дамуының іргетасы болуға тиіс. Осы саясатты жаңа
технологияларды, жабдықтарды пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты
факторлармен үйлестіре отырып, қатаң ұстану арқылы мемлекет жедел даму
траекториясына шыға алады.
Мұнан кейінгі бес жыл ішінде теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын
сақтау көзделеді, ол құнсызданудың ел ішіндегі және шетелдегі инфляция
деңгейінің өзгеруіне барабар болуын көздейді, мұның өзі Қазақстан
тауарларының сыртқы нарықтағы баға бәсекесіне қабілеттілігінің сақталуына
және сол арқылы қалыптасып келе жатқан қолайлы экономикалық позицияның
нығаюына және Қазақстанның болашақта табысты дамуы үшін алғышарттар жасауға
ықпал етеді.
Осы валюталық режимді сақтау өндірістің және әлбетте экспорттың
шикізаттық бағытының жойылмауынан туындап отыр, яғни шикізатқа әлемдік
бағаның өзгеруіне қарай ел экономикасының жоғары осалдығы сақталады. Бұған
қоса, елдің сыртқы сауда айналымында Ресейдің үлесі жоғары, сондықтан
экономиканың дамуы Ресейдегі ахуалға тәуелді болады.
Егер экономиканың осы тәуелділігі еңсерілсе, онда, әрине, ұлттық
валютаның айырбас бағамын басқарудың валюталық режимін өзгерту қажеттігі
туындайды. Бұл арада жаңа валюталық режимнің мынадай бірнеше нұсқасы болуы
мүмкін:
Сонымен бірге, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағам
саясатының есебінен ғана шешіле қоймайды. Бұл арада еңбек өнімділігін, өнім
сапасын арттыру, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту бағытында
экономиканы құрылымдық қайта құру, сондай-ақ экспортты әртараптандыру
жөніндегі шаралар негізгі рөл атқаруға тиіс.
I. Валюта, валюталық қатынастардың теориялық негізі.
1.1. Валюта, валюталық нарықтар.
Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері – вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
вексель жәрменкелері мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен. Сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны
ерекшелігін көрсетеді.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық
қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

орталық.
Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар.
Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада
тұрақты валютаға сатуға тырысады.
Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда
пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60-70% операцияларын АҚШ ($)
долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.
• Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар
бағамына әсер етеді.
• Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.
• Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы
оның динамикасына әсер етеді.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын санына
қарай валюталық нарықтар үшке бөлінеді: халықаралық, аумақтық және ұлттық
(жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
орналасқан. Оның ішінде, Хондайдағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на- Майнедегі,
Париждегі, Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонкконгтағы ірі валюталық
нарықтарда халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланатын валюталар
ұлттық валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы:
Сингапур – доллары, Сауд – риалы, Кувейт – динары т.б. орналасқан банктер
өз клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктік функциональдық көзқараспен
қарасақ, валюталық нарық – халықаралық есеп айырысу, валюталық
интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың
жиынтығы.
Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық – Үкіметтің,
банктердің, инвестициялық компаниялардың, биржалардың, брокерлік
конторлардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктерді
халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру
барысында өзара байланыстыратын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын
білдіреді.
Валюталық нарық белгілеріне қарай мынадай түрде жіктеледі:
1. Орналасу аумағына қарай:
• халықаралық;
• ішкі;
• аумақтық;
2. Валюталық шектеуге қатысты:
• еркін нарық;
• еркін емес;
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркін емес нарық деп, ал
валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп
атауға болады.
3. Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
• бір ғана режимді;
• қос режимді;
Бір ғана режимді валюталық нарық – бұл еркін валюталық бағамға
негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада
белгіленеді.
Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы 1999 жылы 5
сәуірден бастап, өзгермелі бағам режиміне өтті. Ал оған тіркемелі бағам
қолданылып келді.
Тіркемелі бағам – Ұлттық банктің ұлттық валютаның шетел валютасына
қатысты айырбас бағамын анықтауда валюталық нарықтвғы сұраныс пен ұсынысқа
араласуы нәтижесігде анықталатын бағам.
Еркін өзгермелі бағам – бұл валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныс
негізінде белгіленетін нарықтық бағамды білдіреді.
Еркін өзгермелі бағам арқылы Қазақстанның қор биржасында АҚШ долларының
теңгеге қатысты бағамы анықталады. Осы биржада Рейтер агенттігінің кросс-
бағамдары туралы теңгенің басқа валюталарға қатысты бағамы анықтайды.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға
қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық
тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық
саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем
айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер
бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу- сату формасында бір
валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең
алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім
алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме
компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден;
сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік
және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдарымен
банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды
және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және
халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі
валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
❖ шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
❖ байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
❖ әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды
жасау;
❖ банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын
біртұтастандыру;
❖ коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық
және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар
тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық
болып бөлінеді.

шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық
операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында
компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет
көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын
операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы
операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке
тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін
операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж.
операциялар көлемі USD – 1124735 МЫҢ, DEM – 11165 мыңды құрайды.
Валютаның курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының ара
қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел
валютасының бағасы.
Диаграмма 1.
Валюталық операциялар айналымы
(күніне US $ млрд.)
Күніне барлығы 1000 млрд. US $.
Диаграмма 2.
19.6. Қазақстан Республикасындағы теңгенің АҚШ долларына бағамы.
Диаграмма 3.
Диаграмма 4.

Диаграмма 5.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық қара нарықпен толықтырылуы мүмкін. Қара
нарықтың болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайтып отырып,
көше нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде қара
нарықтың әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қараған валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі
коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың
қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмлелердің
95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай
сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік
береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халақаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін
валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасында да
әрекететеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына
1. рет валютамен сауда жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ
долларындағы (мәміленің стандартты сомасы – 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға
мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және
валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің
тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары
есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын
банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді
жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар
банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелер мен
кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт-на –Майнеде,
Дюсельдорфта және Гамбургте) Халықаралық банкаралықвалюталық нарықта
операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі
коммерциялық банкі –Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық
операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің
бірінің Сименс каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізіп алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланаған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталарымен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің
арасында – валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік
комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей
сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай
сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк
–клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай
артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер
белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы
құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы
іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда
ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де,
сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер
түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында-
шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта
түрінде болады.
Аударым – бұл басқа елдегі банк –корреспондентіне өзінің клиентінің
өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым
(бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға)
төлеу туралы банктік бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір
уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады
және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау
барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға
кепіл береді.
Банктік чек – шетелдік банк –корреспондентке чекті ұстаушының ағымдық
шотына белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктік жазбаша бұйрығы.
Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк –корреспондентке
берген траттасы (аудармалы векселі). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл
вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне)
жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің
банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің
корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ
сауда және өнеркәсіптік фирмалардың жеке тұлғалардың бере алатынын да есте
сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен
шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында
корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы
корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал
етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп
айырысуларды жеделдетуге және айналым шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизімін былай беруге
болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін
импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да
төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып оның орнына
экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк
өзінің шетелдегі банк корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де
төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық
құжаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел
банкі экспортер банкінің корреспондентік шотына түсіреді. Халықаралық есеп
айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы
талаптарды өзара есепке алу жолымен банк –корреспонденттер арқылы сыртқы
экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
1.2. Валюталық бағамдар.
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнелейтін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің
құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3) Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз
қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің
валютасының төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел
валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын
төмендетеді.
Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы акивті
болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп,
ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса,
борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел
валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.
Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық
бағамға әсері екі жағдаймен болады: а) Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі
өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді
қозғалысына әсер етеді. Шын мәнінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел
капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың
шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы
операцияларға және ссудының капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден
арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.
Мемлекеттің әлемдік нарықтагы жетістіктері мен "жалпы әрекеттерінің
айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем
балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы,
яғни сандық мәні енеді. Ал валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына
— операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады.Елдің барлық
іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің
импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған
жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа
қажет валютасымен қамтамасыз етіледі.,
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы,аударымдар (мемлекеттік және
жеке тұлғалардың);
капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар — тікелей және
қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозгалысы;
тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, валютасының, несиелердің өзгерісі.
Төменде берілген негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қарайық. Бұл
кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасының сальдосы 1998 ж.
теріс болды, ған жылдары оң сальдо байқалады. 1998 ж. елдің экспорт
операциялары импортқа қарағанда аз болып, валютаның тапшылығы пайда болды.
Бір-ақ елдің теріс салъдосының нәтижесі экономикаға қатты әсер еткен жоқ,
себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы
қайталанған жоқ. Төлем балансының экономикаға әсері валюта айналымдарға
әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты
және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал
валюта айналымы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5
функңиясын (қызметін) орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі
заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі
алғышарттарының бірі. Сондықтан да валюта айналымын толығырақ қарастырайық.
Егерде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде,
мысалы Ресейде сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде
мемлекет белгілеген өзіндік валюта бар. Ал егерде Ресей азаматтары ҚР
аумағында сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде
'*теңге" валютасын қолдануы керек. Мысалы, қазақстандық бір компания
Ресейдің бір резидентіне қант сатты дейік. Ресейдегі сатып алушы
қазақстандық жабдықтаушыға қанттың құнын теңгемен төлеуі қажет, себебі
қазақстандық жабдықтаушы өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б.
төлемдер төлеуі қажет. Ал сатып алушының қолында өзінің ұлттық валютасы
ғана бар. Осыңдай себептерден валюталарды айырбастау қажеттілігі туындайды.
Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты
алғышарты "екі әр түрлі ұлттың валюталарды қолдану мәселесі" болып
табылады. Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында адам демалуға, жұмыс
бабымен, оқуға бара жатқан кез келген елдің валютасына теңгені айырбастай
алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндік
бар. Ал айырбастағанда валюта белгілі бір қатынаспен, бағаммен
айырбасталады. Валюта еркін айналым деп бір елдің валютасын екінші елдің
валютасына айырбастагандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг
= 1$, 70 тг = DМ, 4 тг = RR.
Қазіргі заманда валюта еркін айналым белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы
екі әдіс бар:
валютаның еркін айналымдағы бағамы;
тағайындалатын валюта айналым әдісі.Валютаның еркін айналымдағы
бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.
Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында
қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарлары да
арзандайды. Сондықтан қазақстандықтар Ресей тауарларына деген сұранысты
өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген
сұранысты өсіреді.
Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып,
оған деген сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.
Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады
және 1-ші кесте бойынша бір теңге бес рубльге тең болады.
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді.
Олар:
Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушының
талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық
машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға
қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп
келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық
табысына қарағанда есімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің
валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты
болады.
Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде
қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан
тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал
ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып,
рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелвріиің өзгеруі. Мынандай жағдайды
ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында Қымбат ақша саясаты
жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық
мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында
Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды
(елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға иермелейді.
Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда
жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда
инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық
мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені
басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты
жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.
Ал бұл әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың
айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның
арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс
пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (1-сурет).
Тепе-теңдік валюта бағамы 1 гг = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де
теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет
ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп
санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге
деген сұранысы D-дан D-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар
елге аА көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар аС көлемді
қажет етеді. Сонда алғашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС
қисығына тең болады. Бағам нарық зандарымен қалыптасатындықтан ол Ігг = ах
Ітг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойынша ресейліктерге қазақстандық
тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның
экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс артады, ал Қазақстандағы
рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде
түзетіледі.
Еркін айналым кемшілікгері:
• Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда
жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90
мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79
теңгемен санады, ал елдегі жағдайга байланысты төлем уақыты келген кезде
доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.
• Сауда жағдапы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының еркін
айналымы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
• Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге
қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валютаның
еркін айналуын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады.
Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-су-рет) валюта жетіспеушілігі автоматты
түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек.
Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі.
Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық
елдерде қолданыла алады:
• Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір
жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету
механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз
алдыңғы жылы оң салъдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор
мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған
кезде алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.
Сурет – 1.
Е
Қисаю бұрышы =V(I) P*Q
М
М
Тағайындалатын және еркін айналымдағы бағам кезіндегі ақша саясаты
Әр сл валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын
салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Мысалы, АҚШ-тың доллары =
25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.
Бұл жерде алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын,
тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл
шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цент деп
есептейік. Бұндай жағдайда америкалықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді.
Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл
нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.
Алтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл
бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағылады. Ал бұл
нүкте алтынның импорттық нүктесі деп аталады.
Бұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен
доллардың тепе-тендік жағдайы 1-суреттегі сұраныс пен ұсыныс жағдайындай
болсын. Белгілі бір себептердің әсерінен британдық фунтқа сұ-раныс артсын
(ІУ қисығына дейін). Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның
экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын
стандартының алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең
болып, Америкада ақша келемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше
үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның
нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің
төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық
мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс
деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмыс істеушілер санының, баға
деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі
керісінше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп,
керісіншіе долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар
британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар
қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың
қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан
(D) нүктесіне түседі. Бұл жүйенің нашар жағы: жұмыссыздық деңгейінің өсуі,
жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем баланысы
жағымсыз болған жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын
жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі
бар. Бретгон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хэмпшир штатының
Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда (саммитте) әсер
етілетін байланған валюталық бағам жүйесі туралы келісімге қол қойылды.
Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келеңсіз әсерін жоятын
жүйе болуы керек. Ол конференцияда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.
Ол бүл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін
жүргізіп келді.
Бұл жүйенің пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік
мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның құнсыздануына)
ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда
тауарлары да арзан болады. Мысалы, а және б елдері бар және а елі өз
валютасының құнын б елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің
тауарларына сұранысты үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып,
елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде а және
б елдері жалгыз емес және олардың көбі өзін а елінің жағдайына
жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты ~ дүние жүзіндегі
валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын
алтынмен немесе доллармен бағалап, оның тұрақтылығын сақтауға міндетті
болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз (10%-ға ғана) өзгертуге мүмкіндік
берілда. Валюта бағамын өзгертпей ұстауға алтынның немесе басқа да қордың
болуы қажет. Себебі теріс баланс кезінде елдең шетел валютасына қажеттілігі
1-суреттен көріп отырғанымыздай АВ кесіңдісін құрайды. Сол кесіндіні
толтыру, яғни валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:
1) Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының
көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;
2) Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің
валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;
3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел
өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем
жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне
қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар.
Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс
қалыптастырады.
Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің салъдосы оң, теріс болып
өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды
жабады. Ал теріс салъдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің
қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.
Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары
тән. Ол тұрақты валюта бағамын Қамтамасыз етіп әлемдік сауданы
ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда
қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.
Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта
ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану
көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік
валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
Алтынның үлкен қорын құрап алды.
Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша
рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты
бағаммен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің
ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол
Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын
таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл
бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.
3.Бұл жүйені реттеулі ауытқулы валютаның еркін айналымы деп атаған
дұрыс болады. Қалыпты валюта еркін айналуы кейбір кезде Орталық банк
интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел
экономикасының өзгеруі еркін айналуды реттеуді қажет етеді. Ал тапшылық
немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс
арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде
жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда
бағам ауытқулары айқын көрінеді (2-сурет). Бірақ азын-аулақ болып тұратын
ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық
банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі
мысал келтірейік:
1.1987 жылғы Үлкен жетілік интервенциясы (бас-ныншылығы). 1987 ж.
АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада елдері
долларды тұрақтандыруға келісім жасасады. Америкада байқалған көпжылдық
теріс сальдоның салдарынан доллардың құны төмендеп, дамыған елдердің
экономикасына кері әсер етеді деп танылып, дамыған елдер оны сатып алуға
яғни қосымша сұраныс тудыруға келісті.
1994 жылғы интервенция. 1994 жылы доллардың құны көп жылғы теріс сальдо
әсерінен төмендеді. Бағалы қағаздарды инвестициялауға басқа елдердегі
доллардың сатылуы да әсер етті. Оны шешу үшін АҚШ-тың Қарамағындағы 16
Орталық банктердің долларды сатып алуы көзделіп, іске асырылды. Бұндай
әрекеттің нәтижесінде доллардың арзандау қарқыны төмендеді.
Шындытында бұл жүйе жоғарыдағы мысалдардан да күрделі әдістермен
жүргізіледі. Оның жақтаушылары да, қарсыластары да бар.
Жақтаушыларының келтіретін дәлелі:
сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезінде сауда нақты көлемінің өсуі байқалды;
келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды өткізу
жеңілденді.
Қарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерің айтуда:
ауыспалылықпен бейімделу. Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер
бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырды;
жүйелі еместігі.Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел бағамды өзгерту
туралы шешім қабылдайды.
Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден-бір
жүйе.
Жоғарыда айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің
саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады. Төмендегідей негізгі
түсініктерді білу қажет.
Экономикадагы бұл түсініктердің қолданылуын қарастырайық.
1. Ақша мен валюта бағамының тепе-тендік формуласы. Ол үшін келесі
формулалар мен түсініктерді анықтайық.
Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:
: і(і*) - елдегі (шетелдегі) пайыздық мөлшерлеме;
Е+і — келесі кезеңдегі бағам. Мына формуланы табамыз:
МV(і)=ЕР*О
Бұл формуланың графигі 1-суретте берілген. Көріп отырғанымыздай Е-нің
өсуі М-нің өсуіне әкеледі, ал керісінше төмендеуі М-нің де төмендеуіне
соқтырады. Бұл формуланы валюта бағам жүйесіне байланысты түрлендіруге
болады. Мысалы, тағайындалатын валютаның еркін айналым жүйесінде бізге Е-ге
байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:
М=((ЕР*Q) (Vі))
Ал бағам еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің мәнін
табу керек. Яғни:
Е=((МV(і))(Р*Q))
Басқаша айтқанда, бағамды Орталық банк белгілеген жағдайда Е экзогенді
айнымалы шама болып Орталық банктің тағайындауымен анықталады, ал М болса
экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін
тағайындалатын жагдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.
а) Тағайындалатын бағам кезінде Е-ні Орталық банк тағайындап, оның
арзандауына кедергі жасауға тырысады. Сол мақсатта ол өзінің валюта қорын
сата бастайды. Ол бұл әрекетті М-нің бастапқы қалпына келгенге дейін жасауы
керек. Ең соңында Орталық банк алғашқы М-нан ауытқу көлеміне тең мөлшерде
валюта сатуға мәжбүр болады.
Мұнда: В* — валюта қорының мөлшері;
D — Орталық банктегі мемлекеттік облигациялар мөлшері.
ә) Уақыт өткеннен соң Орталық банк өзінің валюта қорының азайғандығын,
ал ішкі облигациялардың керісінше көбейгендігін байқайды.
Сонымен жоғарыдағыдан анықтағанымыз Орталық баж ақша мөлшеріне әсер ете
алмайды, яғни М эндогенді.
Бұл жерде алмастыру коэффициенті (ОС) түсінігін аша кету керек. Ол
Орталық банктің облигациялар мөлшеріне кетірген валюта мөлшерінің қатынасын
анықтайды.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша
бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру
олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық
қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа
ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

Саяси - саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,
валюталық саясат және т. б.
Экономикалық, халықаралық тәжірибеде анықталатын экономикалық
тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және
инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі
деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік;
Психолгиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға
ұмтылыс және т. б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік
шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.
Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валюталық бағамның
базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі
елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық құрамына байланысты
арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келеді. Алтын
монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенді
(валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты)
және стихиялы түрде алтын нүтелерінің шегінде оның айналасында ауытқып
отырды. Алтын нүтелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге
асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық
бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада
ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен анықталды.
1930 – 1933 ж ж. фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал
АҚШ долларыныкі – 15 г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай
анықталады: 1ф.ст.= 7,320001,50416=4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең
төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында)
монеталық паритеттен оның аударым құны – 0,05 долл. шегергендегі сомаға
теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф. ст.=4,86+0,5=4,81
(долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ-қа алтынның
кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст. =4,86 долл.
+0,5 долл.=4,91 долл.) АҚШ-тан алтынның келуі байқалды.
Валюталық бағам алтын нүктелерінің шегінен шығып кете алмады, себебі
осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып
алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып
тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істеп шықты.
1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыруды
тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері
сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты.
Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту
Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.
Бұл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада:
валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында
стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы
құны арқылы болуында.
Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу
қабілеттеріне, инфиляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем
балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық
нарық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz