Баскетбол ойынының ережелері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Астана медициналық университеті КеАҚ

Реабилитология және спорттық медицина кафедрасы кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Баскетбол ойынының ережелері. Баскетбол нормативтеріне дайындық: доппен біраз уақытқа қозғалу, баскетбол қоржынына еркін лақтыру.

Орындады :Елмуратова Балнур
Факультет:Жалпы медицина
Топ:210
Қабылданды : Анастасия Андреевна
Күні:07.10.2021

НҰР-СҰЛТАН 2021 жыл
МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2.ОЙЫН БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
III. Қорытынды
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
4.Пайдалынған ӘдебиетТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

I.КірІспе
Баскетбол- ептілікті қажет ететін қызу тартысты спорт ойын. Оған бес ойыншыдан тұратын екі команда қатысады. Баскетбол алаңының қарама-қарсы екі шетіне орнатылатын қалқаны бар тағандарға сақина бекітіледі. Ойынның мақсаты- допты қарсыласының сақинасына түсіріп, ұпай жинау. Ойыншылар допты лақтыруға, пас жасауға, домалатуға немесе жерге жиі-жиі ұрып дриблингпен алып жүруіне болады. Доп өзіне тигеннен кейін ойыншы онымен тек екі адым ғана аттай алады. Баскетболды таза 20 минуттан екі тайм ойнайды. Таймдардың арасындағы үзіліс 10 минуттан тұрады. Ойынның басталуында төреші алаңның қақ ортасында командалардың екі ойыншысының арасында тұрып допты тіке лақтырады. Олар секіріп, допты командасындағы әріптестеріне тартып әперуге тырысады.Бұл ойын АҚШ-та бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке кәрзеңкеге лақтырып түсірген.осыдан барып ойынның аты шыққан екен "баскет"- ағылшын тілінен аударғанда "себет" "кәрзеңке", "бол"-"доп".
Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетболмен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.
Ойынның негізгі ережелері. Баскетболды және кіші баскетболды әрқайсысында 5 ойыншысы бар екі команда ойнайды.бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады,ал екіншісі өз кезегінде бұған кедергі келтіреді.
Допқа ие болған команда-шабуылдаушы, оның барлық 5 ойыншысы-шабуылдаушылар болады.добы жоқ команда-қорғаушы,оның барлық 5 ойыншысы осы кезде қорғаушылар деп аталады.
Ойын алаңында допты баскетболшы 6метр жерден себетке дәл түсірсе- 2 ұпай, 6 метрден қашық жерден түсірсе- 3 ұпай, айып алаңы сызығынан дәл түсірсе, команда есебіне 1 ұпай қосады.Көп ұпай жинаған команда жеңіскке жетеді.
Баскетбол алаңының ұзындығы-26 м, ені-14 м. Себет 260 см биіктікте болуы тиіс.ойынның ұзақтығы-20 м 2 тайм, ойыншылар допты еденмен домалата алады, бере алады, бір қолмен алып жүріп, торға лақтыра алады. Доп себетке жоғарыдан салынса, түсті деп есептелінеді. Доп себетке түскеннен кейін, қарсы команданың ойыншысы допты 5 секунд ішінде ойынға қосуы тиіс.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған. Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.
Сонымен қатар 1603 ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818 жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891 ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Баскетболшы тәсілі үлкен екі бөлімнен тұрады, шабуыл және қорғаныс тәсілі. Тәсілдің қолданыстары қорғаныс және шабуыл әрекеттерін міндетті түрдегі бірлігі негізінде ғана үйретілуі және жетілдіру керек. Ал бұл бірлікке қол жеткізу үшін қолданыстардың кең қорына ие болуы және оларды ойында қолдана білуі керек, ұтымды тәсілдіңболуы баскетболшыныңдене қабілеттерін барынша толық және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Баскетболшылардың тәсілдік дайындығынсатыға бөлуге болды және оған сәйкес міндеттер шешіледі. Бірінші сатыда негізгі қолданыстармен оларды орындау, негізгі амалдары сонымен қатар бұл қозғалыстардың негізгі бірліктері қоданылады. Қолданыстардың қозғалыста жасалуына және оларды бағытты өзгерте отырып орындауға оң жаққа, сол жаққа, оң сол қолмен жасауға баса назар аударған жөн.
Екінші сатыда, бұрын үйретілген қолданыстардың басқаша жаңа амалдар мен біріктіре отырып қолдану тәсілдері жетілдіріледі.
Үшінші сатыда бұрын үйретілген қолданыстар кешені жетілдіріледі, кеңейтілдіреді және қайталанады, сонымен бірге әр ойыншы мен жеке-жеке дайындық жүргізіледі. Тәсілдік қолданыстардың әртүрлі бірлігін үйретуде оларды орындаудағы реттіліктік болуын қадағалаған жөн, бұл үшін әдетте негізгі тәсілдің қолданыстары бірлігі жататын кешенді жатығулар қолданылады.
Допты қағып алу -- доппен ойнауда ең көп тараған қолданыс түрі. Допты екі қолдап қағып алу үшін бір орында тұрып допқа қарай қолды түзү еркін созу керек. Мұнда бес бармақтар бірбіріне бағытталып үш бес сантиметрге дейін жақындатылады. Доп саусақтарға тиген кезде қолды сәл бүгіп допты кеудеге қарай жақындатады. Әперу және басқа қолданыстармен бірлікте ғанақағып алуды жетілдіруге болады. Жүгіру кезінде допты қағып алу үшін қолдыдопқа қарай алға созған сәтте, жүгіруде кезекті қадамды жасаушы аяқпен барынша кең-кең қадам жасалады. Допты қағып алып денеге қарай тартадыда келесі қадамды жасап сүйеусіз жағдайда екінші қадамды жасап үшіншісін жасамас бұрын доп жіберіледі. Қозғалыста қағып алуда қате жібермес үшін аяқпен қол жұмысында дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетболдың дене тәрбиесі жүйесіндегі, суықтыру шараларындағы және спорттағы алатын орны
Баскетбол ойынының ережесі
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Баскетбол тарихы
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Волейбол ойын ережесі
Баскетбол ойынының тарихы
Баскетбол ойынының негізгі элементтері
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол ойынының техникасы
Пәндер