Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ойлаудың философиялық түрі - сын және күмәндау ретінде

Орындаған: Қасвмжанова Аяжан
Тобы: ВТиПО 20-11
Тексерген: Бижанова Меруерт

Алматы 2020

Жоспар:
Философия - ақыл-ой мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Сыни ойлау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Сыни көзқарас психологиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлері ... ... ... ... ... ... 8
Р. Декарттың "күмәндану" принципiнiң маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ..9
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Философия - ақыл-ой мәдениеті

Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады... және сенің өзіңде өмір сүреді деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері - туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі - зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл - сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар - бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады.Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын деген сөзі өзекті болып табылады.
Сыни ойлау
Қоғам дамуының әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны - заңды құбылыс. Қоғамдық қарым - қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Дәстүрлі біліміміз оқушылардың дамуына көп мүмкіндік бермейді. Сондықтан білім беруде жаңашылдық қажет. Осы жаңашылдықты енгізу үшін мұғалім кәсіби білікті маман болу керек. Оқытудағы Кембридж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан - жақты қарастыратын маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.
Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:
- Сыни тұрғыдан ойлау бұл - өзіндік, жеке ойлау;
- Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
- Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
- Сыни тұрғыдан ойлау - әлеуметтік ойлау.
Онда маңызды сұрақ туады: осы жоғарыда көрсетілген теориялық көрсеткіштерді күнделікті өмірде қалай пайдалануға болады? Жауап жобаның философиясында жатыр деп ойлаймын. Ал мәселені шешу жолдары мен құралдары сыни тұрғыдан ойлау әдістерінде.
Қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселе: оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз. Ол үшін еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастыру керекпіз. Ал оқушылар үшін басты мәселе - сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту - күрделі міндет, көбінесе дамыту мұғалімнің қойған сұрақтарына да байланысты болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушылардың жауап беретін сұрақтары бір немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төмен дәрежелі сұрақтар болып табылады. Төмен дәрежелі сұрақтарды жабық, жай, деп те атайды. Мысалы, Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясында бұндай сұрақтар жіңішке деп беріледі. Жай сұрақтар нақты ақпараттарды қажет ететін сұрақтар болып табылады, көбінесе жаттап еске сақтауды талап етеді. Төмен дәрежелі сұрақтар ешқандай ойды топтастыра алмайды, толғаныс тудыра алмайды. Ондай сұрақтарға жауап беру үшін тақырыпты түсіну жеткілікті. Оқушылар жай сұрақтарға жауап бергенде нақты ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты негізгі идеяның, сол фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және түсінбеуі де мүмкін. Себебі берілген фактілерді жаттап алып-ақ, жауап бере алады. Оқушылардың ойлауын шектеп, жатқа айтуға бағытталған сұрақтар оқушылардың ойлауын дамытпайды. Сонымен қатар, жай сұрақтар оқушылардың әңгімелесуіне, яғни диалог құруына мүмкіндік бермейді, мәнерлі сөйлеуін шектейді, қысқа ғана жауап беруге баулиды, сол себептен шығармашылығы да дамымайды. Біздер, мұғалімдер, қашан да жай сұрақтарды қоюға әуесқоймыз. Ойыма менің мына оқығаным түсіп отыр. Джон Дьюи сыныпқа - Жерде шұңқыр қазсаңыз не табасыз? деген сұрақ қойғанда, сыныптағы бірде-бір оқушы жауап бере алмады. Сұрақты қанша рет қойса да, бұл сұраққа жауап ала алмады. Сонда сол сыныпқа сабақ беретін мұғалім: Сіз сұрақты дұрыс қойған жоқсыз, деп Дж. Дьюге реңіш білдірді. Сыныпқа қарап мұғалім: Жердің кіндігі (ортаңғы нүктесі) қандай формада қалыпта? деген сауал қойғанда, сынып жаппай Біртекті құрылым (сплав), деп жауап берді. Көп жағдайда қазіргі таңда осындай мысалдар біздің мектептерде жиі көрініс алады.

Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі
Қазіргі заманғы әлем -- әр тұлға үшін белгілі бір орынды алатын динамикалық дамып келе жатқан жүйе екенін ғылымдарда, ғалымдарда растайды. Жеке тұлға ретінде өмірде кәсіби және жеке, шығармашыл және барлық бағытта табысты болу үшін үнемі дамып, жетілуіміз керек.Сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерінсіз, бұл мүмкін емес. Ойлау қабілеті жақсы дамыған адам күрделі мәселелер мен проблемаларды тудырады, оларды анық және айқын тұжырымдайды; ақпаратты тиімді жинау үшін дерексіз идеяларды қолданады; ақылға қонымды қорытындылар мен шешімдерге, оларды критерийлер мен стандарттарға сәйкес тексеруге; альтернативті ойлау жүйелері шегінде ашық ойлана отырып, олардың жорамалдарын, қатысуын және практикалық сәйкестігін мойындайды, шешімдер қабылдағанда басқалармен тиімді қарым-қатынас жасайды. Сын тұрғысынан ойлау адамның даму кезеңдерінде әрқашан сабақтасып дамып отырады, бірақ оның дұрыс қалыптасуы үшін адамның жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінде уақыт бөлген маңызды пайымдаулар бар. Cын тұрғысынан ойлау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру қазіргі қоғамда жиі кездеседі, алайда бұл адам жеке тұлға болу кезеңінде, өмірлік позицияны қалыптастырып, білім алуда ерекше рөл атқарады. Д.Халперндың айтуынша, болашаққа арналған білім екі абайсыз қағидаттарға негізделуі керек: ақпараттың қарқынды дамып келе жатқандығын тез тауып, ақиқатты тауып, оны түсіну және қолдану қабілеті Студенттер дамудың жаңа сатысына көшкен кезде, университеттік білім беру сатысында, сыни ойлау қабілеті белсенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімі
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН АРТТЫРУЫНЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУІ
Сыни ойлау мен сыни жазылым
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Математиканы оқыту әдістемесі
Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге берері
Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер