Демография және экологиялық мәселелер


Демография және экологиялық мәселелер

1. Адамзаттың сандық сипаттамалары.

2. Дүние жүзінің кейбір елдерінің халық санының жағдайы мен

өсуінің болжамы.

3. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның

жағдайы

Демография -халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюiн қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтiн ғылым.

Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары - экологиялық демография қалыптасып келедi.

Қазiргi адамзаттың саны б млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерiнiң саны ортаның сыйымдылығымен шектеледi. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерiнiң саны iрi жануарлармен салыстырғанда көп болады.

Эксперттердiң болжамдары бойьшша Жерде 1 млн. жыл бурын өмiр сүрген адам популяцияларының жаллы саны 100 мың болған, 30 мың жыл бұрын 5 млн. болған.

Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзiнiң халқы өте баяу өсiп отырды. Б. э. д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б. э. д. 1000 жылы 300 млн. -ға жақындаған, 1500 жылға қарай 425 млн. -ға дейiн өстi. Мұндай қарқынмен өсу жылдық максималды өсiмi 0, 7% сәйкес келедi, яғни жылына 10 000-ға шаққанда жетi адам.

1600 жылдан 1990 жылга дейiн Жердегi халық санының өсуi гиперболалық сипатқа ие болды. Соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсiм артпай отыр.

БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерiнiң болжамдары бойынша (1995 ж. ) бұл қарқын 2015 жылға дейiн сақталады да, адам саны 7, 5 млрд. қа жетедi.

ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсiмге Жердегi қазiр өмiр сүретiн адамдардың 3/4-i сәйкес келедi. Ғасырдың екiншi жартысында әр он жыл сайын жылдық өсiм шамамен 10 млн-ға артып отырды. 50-жылдары 53, 3 млн. болса, 60-жыларда - 66, 7 млн, 70-жылдарда - 70, 3 млн. 80-жылдарда 86, 4 млн. адам болды.

Адам санының 1 млрд. -тан - 2 млрд. -қа өсуi үшiн 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд. -қа дейiн - 32 жыл (1959 ж) . 4 млрд. -қа - 15 жыл (1974), 5 млрд. -қа - 13 жыл (1987), 6 млрд. -қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екi еселенуiне небәрi 38 жыл қажет болды.

Дүние жүзінің кейбір елдерінің халық санының жағдайы мен

өсуінің болжамы.

1990-1995 жылдары дүние жүзiндегi жалпы туу коэффициентi 24, 6% дейiн кемiдi, жалпы өлiм коэффициентi 9, 8% болса, табиғи өсiм коффициентi - 14, 8% құрады. Қазiр көбеюдiң шамамен осындай көрсеткiштерi сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмiрге келсе, әр жастагы 110 адам өледi де дуние жузi халқы 160 адамға өсiп отырады.

Әр түрлi елдер мен континенттердiң халық санының өсуiне қосқан үлесi әр түрлi. Абсолюттiк саны бойынша ең үлкен өсiмдi iрi азиялық елдер - Қытай, Үндiстан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған.

Дүние жүзінің кейбір елдерінің халық санының жағдайы мен

өсуінің болжамы.

Елдер
1993
2025
Елдер:

Қытай

Үндістан

Индонезия

Бразилия

Нигерия

1993:

1200

900

190

150

120

2025:

1500

1400

280

220

290

Кейбiр Африка мемлекеттерiнде салыстырмалы өсiм жылына 4%-ға дейiн жетiп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстiк Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазiр халық санының тұрақтануына әкелетiн демографиялық өтпелi даму кезеңi тән.

Өтпелi кезеңдегi халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөлiп көрсетуге болады.

Бiрiнші сатысы кезiнде өлiм мен туылу күрт төмендейдi бiрақ өлiм коэффициентiнің төмендеуi туу коэффициентiнiң төмендеуiнен алда болады. Сондықтан, халықтың өсiмi артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалытасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен ХХ ғасырдың ортасында өтiп кетгi.

Екiнші сатысында өлім минимумға жетедi де, одан төмендемейдi, бiрақ туылу төмендей бередi. Сондықтан, халық өсімі баяулайды.

Үшіншi сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициентi артады, сонымен қатар туылудың төмендеуi баяулайды. Үшiнші сатының соңына қарай туу коэффициентi халықтың жай көбеюiнiң деңгейiне жақындайды, ал өлiм коэффициентi бұл деңгейден төмен болып қалады, себебi халықтың жастық құрамы әлi де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелi кезеңнiң осы сатысына жақын.

Төртiншi сатысында өлiм коэффициентi арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның

жағдайы

Қазiргi кездегi демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсiбi дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлы) елдер де терiс әсер етедi.

Өнеркәсiбi жоғары дамыған, бай елдердiң қоршаған ортаға әсерi олардың табиғатты тiкелей бұзуымен емес, техногенді ластауға байланысты. Дүние жүзiнiң халқының 20-25%-ын құрайтын бұл елдердiң халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндiрiс пен онымен бiрге жүретiн байлық болып табылады.

Қазiргi кезде жердегi халықтың өмiр сүру жағдайының деңгейi бiрдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. -ы өте мұқтаждық жағдайында өмiр сүредi. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзiнде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер бар.

Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлiк - экологиялық, әлеуметтiк меселелердi шешуге мүмкiндiк бермейдi.

Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесiнде табиғатты тiкелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердiң бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т. б. арқылы көрiнедi.

Мұндай жолмен табигаттың бұзылуының негiзгi себебi кедейлiк болып табылады. Себебi, күнделiктi бiр күнiн қалай өткiзудi ойлауға ғана мәжбүр адам өзiн қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабiлетсiз.

Қоршаған ортаның бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бiрақ, жердiң табиғат ресурстарына келтiретiн зиянкестiгi үшiн жауапкершiлiктiң басым бөлiгi 1 млрд. бай адамдардың үлесiне тиедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және экологиялық мәселелер. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығы
Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер
Демография ғылымы туралы түсінік
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік проблемаларды реттеудегі мемлекет функциясының басты бағыттары
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Демографиялық күрт өсу
Халықты санау әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz