Жаңғыртылатын энергия көздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Электроэнергетика және электротехника институты
Электрмен жабдықтау және жаңғыртылатын энергия көздері кафедрасы

№1 студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Энергия. Жаңғыртылатын энергия көздері. Энергияны аккумуляциялау. Энергияны аккумуляциялау және берудің мәні. Аккумуляциялайтын жүйелер және олардың сипаттамалары. Отындық элементтер
Пән: Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану
Мамандығы: 5В071800 - Электроэнергетика
Орындаған: студент Маратов Ә.Н
Тобы: Ээк-20-11
Тексерген: доктор Phd Расмухаметова А.
____________ __________ ______ _________ 2021 ж.
(бағасы) (қолы)

АЛМАТЫ 2021

Мазмұны
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Жаңартылған энергия көздерін қолданудың негізгі ерекшелігі - олардың энергетикалық потенциалының ұдайы өндірісі жылдам және энергия шығыны аздау болып келеді. Жаңартылған энергия көздерінде қолданылатын құрылғылар қоршаған ортаға әдеттегі дәстүрлі энергия тасқындарына қарағанда әлдеқайда аз кері әсер етеді.
Жаңартылған энергия көздері халықты жылу және электр жүйесімен қамтамасыз етудегі шығындарды азайтып қана қоймай, сонымен бірге, энергияны үнемдеуді ішкі магистралдар мен жүйелердің байланысынсыз-ақ автоматты түрде реттеп отыруға жол ашады. Бұл мемлекетіміздегі электр желісін орнату қиынға түсетін, тіптен, мүмкін болмайтын елді-мекендер үшін өте маңызды мүмкіндік.
Бұдан басқа, жаңартылған энергия көздері экологиялық аспектіге де пайдасын тигізеді: қоршаған ортадағы көмірқышқыл газының үлесінің төмендеуі, зиянды қалдықтардың азаюы, өзен-көл суларының ластануының бір қалыпқа келуі мен жер қыртысының құнарлануы және т.б. тікелей осы энергия көздерінің көмегімен бастапқы қалпына келіп жатыр.
Қазіргі таңда жаңартылған энергияның салмағының өсуі әлемдегі барлық мемлекеттер үшін мынадай маңызды мәселердің шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Негізгі бөлім
Энергия (гр. energeіa - әсер, әрекет) - материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай "энергия" ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. " Энергия" ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әртүрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен "энергия ағыны" туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.
Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергиясы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергиясына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (m) арасындағы байланыстың (Е=mс2, мұндағы с - вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебап қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші mс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.
Энергия екіге бөлінеді: потенциалдық және кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия денелердің немесе дене бөліктерінің өзара алмасуынан пайда болады. Кинетикалық энергия дене қозғалысқа түскенде пайда болады.
Дененің қозғалысымен байланысты энергия кинетикалық энергия деп аталады. Денені үдету үшін орындалатын жұмыс оның кинетикалық энергиясын арттырады, ал үдетілген денемен орындалатын жұмыс оның кинетикалық энергиясының төмендеуіне әкеледі. Дененің кинетикалық энергиясы дененің жылдамдығының квадратына тура пропорционал. Кинетикалық энергия бір денеден екінші денеге беріледі, сонымен қатар ол өзінің формасын өзгертеді. Бір қалыпты қозғалатын дененің кинетикалық энергиясын динамика мен кинематика теңдеулерін қолданып, денені үдету үшін жасалынатын жұмыс ретінде анықтауға болады.
Дененің потенциалдық энергиясы гравитациялық өрісте дене салмағы мен оның орналасқан биіктігінің көбейтіндісіне тең. Потенциалдық энергия белгілі бір деңгейге байланысты беріледі. Дененің энергиясының артуы мөлшері біз көтеретін биіктікпен салыстырғанда үлкен болып келетін, биіктігін анықтай алмайтын денелердің биіктігін ауырлық центрі арқылы анықтаймыз.
Жаңартылатын энергия көздері: күн жарығы, жел, су, су толқыны, геотермиялық жылу секілді сарқылмас, қайта қалпына келетін табиғи ресурстардан түзілетін энергия. Жел энергиясы атмосферадағы ауа массаларының кинетикалық энергиясын электр энергиясы, жылу немесе басқа да энергия түрлеріне айналдыру үшін қолданылады. Энергияның бір түрден екінші түрге өзгеруі жел генераторлары (электр тоғын алу үшін), жел диірмендері (механикалық энергия үшін) және басқа да агрегаттар көмегімен жүзеге асады. Жел генераторларының қуаттылығы генератор қалақтарының ауданына тәуелді. Мысалы, даниялық компания Vestas шығарған қуаттылығы 3 МВт (V90) турбинаның жалпы биіктігі 115 метр болса, мұнара биіктігі 70 метр және қалақ диаметрі 90 метрді құрайды. Жел энергиясын өндірудің ең тиімді жерлері ретінде жағалау аймақтары және биік тау шыңдары қарастырылады. Теңізде, жағадан 10-12 км қашықтықта офшорлық жел электр фермалары салынады. Жел генераторларының мұнаралары тереңдігі 30 метрге дейін қағылған қадалы іргетастартарға қондырады. Жел генераторлары іс жүзінде қазбалы жанар-жағар май қолданбайды. Қуаттылығы 1 МВт жел генераторы 20 жыл бойғы қолданысымен 29 мың тонна көмір, 92 баррель мұнай үнемдеуге мүмкіндік береді. Су электр станциялары (СЭС) су ағымының әлеуетті энергиясын элекр энергиясына айналдыруға қолданылады. Су электр станциялары көбінесе өзен бойында тоған және су қоймаларын құра отырып салынады. Сондай-ақ, су ағымының кинетикалық энергиясын еркін ағымдық СЭС-терде қолдануға болады. Ерекшеліктері: СЭС электр энергиясының өзіндік құны басқа электр станция түрлеріне қарағанда әлдеқайда төмен. СЭС генераторларын қажеттілікке сай жылдам өшіріп-қосуға болады. Жаңартылатын энергия көзі болып табылады Қоршаған ауаға әсері басқа электр станцияларға қарағанда анағұрлым азырақ СЭС құрылысы капиталды көбірек қажетсінеді Тиімді СЭС-тер тұтынушылардан жиі алыс орналасады Су қоймалары едәуір аумақтарды алып жатады 2010 жылы су энергетикасы әлемдік электр энергиясының 16% пайыз, ал жаңартылатын энергияның 76 %-ын қамтамасыз еткен. Тіркелген энегетикалық қуаттылығы 1015 ГВт құраған. Адам санына шаққанда су энергиясын өндіруде Норвегия, Исландия мен Канада елдері көшбасшылар қатарында. Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр.helios -- күн, және энергетика) -- күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электр энергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Биомасса (гр.bios - өмір және масса) -- бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік, микроорганизм және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы; аудан немесе көлем (гм2 немесе гм3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.

Геотермалды энергетика табиғи және жасанды болып бөлінеді. Алғашқысы табиғи жылы көздерден алынса, екіншісі жер қабатына суды және басқа сұйықсұйықтарды және газ тәрізді заттарды айдап сіңіруден алынады. Геотермалды энергетика тұрмыстық қажетте жөне жылыту қондырғыларында кең қолданьшады. Кемістігі -- жылы сулардың жоғарғы улылығы және сұйықтар мен газдардың химиялық зиянды реакциялары. Жаңартылған энергия көздерін қолданудың негізгі ерекшелігі - олардың энергетикалық потенциалының ұдайы өндірісі жылдам және энергия шығыны аздау болып келеді. Жаңартылған энергия көздерінде қолданылатын құрылғылар қоршаған ортаға әдеттегі дәстүрлі энергия тасқындарына қарағанда әлдеқайда аз кері әсер етеді. Жаңартылған энергия көздері халықты жылу және электр жүйесімен қамтамасыз етудегі шығындарды азайтып қана қоймай, сонымен бірге, энергияны үнемдеуді ішкі магистралдар мен жүйелердің байланысынсыз-ақ автоматты түрде реттеп отыруға жол ашады. Бұл мемлекетіміздегі электр желісін орнату қиынға түсетін, тіптен, мүмкін болмайтын елді-мекендер үшін өте маңызды мүмкіндік. Бұдан басқа, жаңартылған энергия көздері экологиялық аспектіге де пайдасын тигізеді: қоршаған ортадағы көмірқышқыл газының үлесінің төмендеуі, зиянды қалдықтардың азаюы, өзен-көл суларының ластануының бір қалыпқа келуі мен жер қыртысының құнарлануы және т.б. тікелей осы энергия көздерінің көмегімен бастапқы қалпына келіп жатыр. Қазіргі таңда жаңартылған энергияның салмағының өсуі әлемдегі барлық мемлекеттер үшін мынадай маңызды мәселердің шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр:
:: Органикалық отындарды экономдау мен энергияны үнемдеуге деген сенімділіктің күшеюі;
:: Жергілікті энергияны үнемдеу мәселесінің оңтайлы шешімін табуы;
:: Тұрғылықты халықтың кәсіптері мен өмір сүру дәрежесін арттыру;
:: Алыс аймақта орналасқан елді-мекендерді тұрақты электр желісімен толық қамтамасыз ету;
:: Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық келісіміне сәйкес атқарылатын міндеттерін жүзеге асыру.
Жаңартылған энергетикалық ресурстардың құрамына мыналар кіреді: өзен, көл, теңіз, мұхит суларынан алынатын энергиялар мен өнеркәсіптік су қоймалары және жел мен күн, биомассалар, ағынды сулар, тұрмыстық және өндірістік қатты қалдықтар. Көптеген дамушы елдер жаңартылған энергетиканы мемлекеттік саяси дәрежеде энергиясы қолдануды мейлінше жоғары сатыға көтеруде және осы бағытта әр түрлі мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Жаңартылған энергия көздерінің жалпы энергияға деген сұраныстағы үлесі шамамен 13%-ды құрайды. Стандарттау - бұл үкімет басындағылардың бәсекеге қабілеттілікке, инновацияға, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, екі жаққа да тиімді сауданың қалыптасуына, тұтынушылардың қызығушылығын сақтап қалуға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты саясатын жүзеге асырудың негізгі кілті болып табылатын фактор. Стандарттаудың маңызы - ол бүкіл әлемдік сауда нарығы мен технологиялардың өзара сіңісуі бойынша атқарылатын іс-шаралардың күшеюін өсіреді. Барлық салаға байланысты өзінің артықшылығына қарамастан, стандарттау әлі күнге дейін үкіметтің барлық салаға қатысты өткізілетін ісәрекеттерінде тиісінше қолданылмай келеді, соның салдарынан стандарттаудың инфрақұрылымы оңтайлы нәтиже бермей отыр. Алайда, нақ осы стандарттау ғана мемлекеттік басқару процесінің тиімдірек болуына шынайы көмек көрсете алады.
Энергияның балама көздері жарқын болашақ кепілі Жаңартылатын энергия көздері - табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңартылған энергия көздері - қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті бүгін болсын, болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір артады. ХХІ ғасырда күн энергетикасының өсу жылдамдығы тіпті қарқынды даму үстіндегі компьютерлік технологиялар тәрізді салалардан да әлдеқайда жоғары болады. Дастүрлі отын көздерінің шектен тыс пайдаланылуы мен оларды жаққан кездегі қоршаған ортаға тигізер зияны ескерсек дәстүрлі емес қалпына келетін жылу көздері мен екінші реттегі энерия көздеріне қызығушылықтын артқаны байқалады.Жапонияда "70 000 фотоэлектрлік шатырлар" үкіметтік бағдарламасы үйлердің шатырларында орнатылатын күн батареяларын өндірушілерге салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар ұсынады. 1997 жылы осындай 9400 жүйе орнатылыпты, ал 2000 жылы олардың саны 70 мыңнан асып түскен. Жапонияда шатыры күн батареясымен жабдықталған үй құнының 20 пайызына дейін мемлекеттен өтелетін ережелер қолданысқа енген. Германияда бастапқысында - 1000, ал екінші кезеңде 2250 үйдің шатырларын фотоэлектрлік қондырғылармен жабдықтау жөніндегі жобалар бірте-бірте іске асырылды. 2000 жылдан бастап Германияда құнын 2 млрд. АҚШ долларына бағалауға болатын жаңа "100 мың шатырдағы фотовольтаика" бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Қазақстан күн энергиясы деңгейі бойынша әлем елдерінде ең аз "қамтамасыз" етілген елдердің бірі болып табылады. Бізде жел энергиясын пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері бар. Біздің шағын өзендерге гидроэлектр стансасы құрылысын салуға да болады. Сондықтан Үкімет шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, баламалы энергия көздерін дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Елбасы сондай-ақ Үкіметке халықаралық тәжірибелерді есепке алу арқылы Қазақстанда экологиялық салық енгізу жөнінде ұсыныс дайындау қажеттігін ескертті. Осыған байланысты Шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелерінен тиісті заң жобаларын дайындауға қатысуды өтінді. Фраунхофер күн энергиясы институты индустриалды және дамушы елдерде тиімді энергия үнемдеуге қажетті технологияларды зерттеумен айналысады Күн машинасы: күн машинасы Тойота Приус, Solar Toyota Prius. Күн батареясымен жұмыс жасайтын көлік қуты 250 Ватт, машнаның жоғарғы бөлігінде орналасқан жүз километрге 2-3 литр бензин пайдаланады жай көлікке қарағанда 3,5-4,5 литр "обычного Приуса". Қазіргі таңда, біз оңтүстік-шығыс Еуропа сияқты елдердің жаңа нарығына кіру және платформаларды кеңейту арқылы өзіміздің негізгі электр энергиясын өндіру бизнесін әрі қарай дамытумен қатар, жел энергиясы, климаттың өзгеруі және баламалық энергияның басқа да салалары сияқты бизнестің жаңа бағыттарын іске қосуды қолға алған. Жел энергетикасы саласындағы көшбасшылар - Германия, Испания, АҚШ, Дания, Голландия және Индия елдері болып есептеледі. Жел энергетикасы әлемнің 80-нен астам елінде энергетикалық кешеннің едәуір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, шағын су энергетикасында Қытай көшбасшы болып табылады, мұнда жұмыс істеп тұрған 90 мың. Қазақстандағы шағын өзендер энергия алған жердегі желдің жылдық орташа жылдамдығы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін интерактивті карта. Соның арқасында электр қуатын алу үшін елдің түрлі өңірлерінде желдің қуатын пайдалану мүмкіндігін анықтауға болады". Жел атласына сәйкес, Қазақстан аумағының 50 мың шаршы метрден астам аумағында айтарлықтай жел әлеуеті бар, оны теориялық тұрғыда жылына 900 мың Гега Ватт - сағат электр қуатын алу үшін пайдалануға болады. Қазіргі уақытта жел энергетикасын пайдалануды Қазақстан аумағында жүзеге асыру жобалары қарастырылуда. Қазақстандағы шағын өзендер энергия ресурстарының үлкен қорына ие. Тек Алматы облысы бойынша ол 2 млрд. кВт. сағ. астамды құрайды. Желге байланысты көрсеткіштері де өзгертуге жатпайды. Біз осы арада тағы бір қуат көзі туралыайтып кетуге болады. Ол - құбыр энергетикасы. Бұл енді еш жерде жоқ. Құбыр энергетикасы бойынша ауаның қысымы жоғары аймақтарды ауаның қысымы төмен аймақтармен құбыр арқылы жалғасақ, құбырда өте қуатты, бір бағытта ағатын жасанды жел өзені пайда болады. Жаңағы құбырдың өн бойына әр қашықтықта генераторлар орналастырсақ, өте арзан, өте көп қуат алар едік. Мәселен, қазір Алматыдағы электр қуатының бір киловаты 8 теңгеден асса, құбырдан алынатын қуаттың бір киловаты 5-ақ тиын болар еді. Сонда 8 теңге мен 5 тиынның арасы 160 есе. Қазақстанда осындай жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Өйткені жер жағдайы жақсы. Жаңа энергия көздерін дамыту үшін елімізде заңдық негіз жасалды. Стратегиялық бағдарлама бойынша күтілетін нәтижелерге көз салсақ, Қазақстанда балама энергия көздерін пайдалану үлесін 2012 жылға қарай 0,05 пайызға, 2018 жылға қарай 1 пайызға, 2024 жылға қарай 5 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үлесін (ірі су электр стансаларын есепке алмастан) 2024 жылға қарай жылына қуаты 3000 МВт және 10 млрд. кВт. сағатқа дейін арттыру жоспарланған.Сондай-ақ 2024 жылға қарай барынша тиімді аграрлық технологияларды елдің ауылдық аумақтарының кемінде 35 пайызына тарату мәселесі де қарастырылған.Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік реттеу экономиканың энергия сыйымдылығын және электр энергиясын өндіру секторының қоршаған ортаға әсерін төмендету, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын өндірудегі үлесін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Жаңартылатын энергия көздері - табиғат үрдістерінің есебінен тұрақты жаңаратын энергия көздері. Күн, су, өзендер, жел, топырақ жылуының, топырақтық және геотермалды сулардың, сондай-ақ биологиялық отынның энергиясы белсенді пайдаланылады. Жаңартылған энергия көздері - қазіргі заманғы технологиялардың тез таралуының арқасында мүлдем таусылмайды және қолжетімді болады. Жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті қазір болсын, болашақта болсын жердің барлық халқының энергия тұтыну көлемінен едәуір артады. Электр энергиясын пайдаланбай қазіргі өмірді көз алдымызға елестету мүмкін емес, техниканың тез дамуы жағдайларында оған деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Сонымен бipre, техникалық, прогрестің қоршаған ортаның ластануымен қоса жүретінін ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты, экологиялық, таза энергия көздері туралы мәселе аса маңызды бола түсуде. Энергетиканы дамытудьң жаңа жолдары осындай көздерді іздестіруге және дамытуға бағытталған. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының энергетикалық, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, энергетиканың болашағы үшін отынды үнемдеуге, халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған. Жасырын емес, қазір әлемде қуат тапшылығы сезіле бастады. Ал енді Қазақстандағы мұнай мен газдың қоры 15-20 жылдан аспайды. Қалған газ бен мұнайды өндіру экономикалық жағынан тиімсіз болмақ. Біріншіден, біздің мұнай аса тереңдікте жатыр, екіншіден, сапасы төмен. Оны өндіруге жұмсалған шығын болады.
Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған: күн сәулесі энергиясы, тәуліктік қуатты 174000 ТВт; жер астынан үстіне қарай бағытталған жылу энергиясы, тәуліктік қуатты 32 Вт; теңіз тасқыны энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт. Күн сәулесі энергиясының 30 % - і Жердің жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал оның 70 % - і жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші - бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді. Ғылыми-техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 - 18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теория таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл - ғылымитехникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д'Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа өндіріс қызметшілері деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, ғылымның жемісі саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғылыми зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелікконструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.
Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры - тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады. Өндіргіш күштердің тарихи өркендеуінің нәтижесі қазіргі ғылыми техникалық прогресс. Сондықтан, қазіргі заман ғылыми-техникалық немесе технологиялық революция заманы. Осы құбылыстың басты көріністері және мәні: -ғылыми- техникалық прогресс кең ауқымды, әмбебап сипатқа ие болды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды, тұрмыс жағдайына да, ұдайы өндіріс фазаларына да ықпал етті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру және басқару жүйесін мүлдем өзгертті; -ғылым мен өндірістің интергациялық қатынасы жоғары дәрежеге жетті. Экономикалық өсу-өрлеудің факторлары мен қайнар көздерін, шаруашылық құрылымын және т. б. жағдайлардыкүрт өзгертті; -жаңа принципті техника мен технология жасалып өндіріске енгізілуде. Сапалық жаңа өндіріс аппараты қалыптасып келеді. Бірлескен жұмыс күші даму үстінде; -қазіргі ғылыми -техникалық прогрестің ерекшеліктерінің бірімикроэлектрониканың жедел қарқынмен дамуы және пайдаланылуы. Микроэкономикалық техниканың негізінде электрондық ақпарат, жасанды интеллектуалды элементтерді бойына дарытқан электронды есептеу машиналары, икемді автоматтандырылған өндіріс пайда болды. Бұл қазірдің өзінде, әсіресе келешекте қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз қалдықты аз қалдыратын немесе тіпті қалдықсыз технология өмірге келді. Мұның экономикалық және экологиялық маңызы өз алдына ерекше, -ғылыми - техникалық прогрестің қарқынды дамуы қоғамдық өндірісті алға бастыруда ғылымның рөлінің өскендігінің айқын көрінісі. Ғылым мен өндіріс қосылып біртұтас процеске айналды. Демек, ғылым өндіргіш күштердің тікелей элементіне айналғандығы жөнінде айтқымыз келеді. Осының негізінде: өндіріске озық технологияны пайдалну қазіргі ғылыми- техникалық революцияның негізгі көріністерінің бірі, машина компонентіне және элементтеріне жаңа сапалық өзгерістер енді. Бұл жағдай адамның өндірістегі орны мен рөлін мүлдем өзгертті, жұмысты күрделендірді, жаңа биік талаптар қойылды, қазіргі ғылыми - техникалық революция әлемдік сипатқа ие болды, бүкіл дүниежүзілік құбылысқа айналды, биотехника кең өріс алды. Қазіргі ғылыми- техникалық прогресс өте тапшы шикізаттарды жасанды жолмен алған заттармен алмастырудың негізгі бағыттарының біріне айналдырып отыр. Бұл материалдарды өңдеудің жаңа әдістерін одан сайн жетілдіріп және іс жүзінде пайдалануды тездетеді. Ғылыми техникалық революция жұмыс күшінің сапасын жақсартуға жол ашады. Демек, бұл білімберу жүйесінде де революциялық өзгерістер енгізеді. Осы бағытта капитализм едәуір икемділік көрсетті, білім мен ғылымнң мәнмағынасын дұрыс түсінді, оларға жағдай жасап, жан-жақты дамуына жол ашты. Тәуелсіздікке қолы жеткен жас мемлекет Қазақстан үшін мұның маңызы зор. Білім беру жүйесін уақыт, өмір талабына сай қайта құру сөзсіз ізгі ниеттен туған, ұлы мақсатты көздейтін прцесс екендігін естен шығармаған абзал. Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар.
Ғылыми - техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми - техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми - технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман - ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді. Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылымитехникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл - ноосфера дәуірінің басталуы. Ғылым мен практикада дәлелдегеніндей, интенсивтендіру қоршаған ортаны, табиғатты оның сол қалпында сақталып, жетіліп отыруына, табиғи қалпында қоры таусылмай ұдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емес энергия көздері
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Дәстүрлі емес жаңғыртылатын энергия көздерінің экологияға келтіретін зардаптары
Геотермалды энергия көздері
Электр энергиясын өндіру технологиясы
Шаруа қожалығыбойынша жаңғыртылатын энергияның көзі көмегімен жабдықталуы
Баламалы энергия көздері - мемлекет байлығы
Биомасса - жаңғыртылатын энергия көзі
Жаңғыртылатын энергияның көзі көмегімен жабдықтау
Тұрғын-үй бөлмелерін жарықпен және де жылумен қамтамасыз етудегі жинақталған жүйенің автоматты басқаруының сымсыз жүйелерін зерттеу
Пәндер