Қазақмыс компаниясы



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Министерство образования и науки республики казахстан

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И.
Сатпаева

Институт ИГиНД

Кафедра ГСПиРМПИ

ОТЧЕТ ПО ПРАКТИКЕ

ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП

Білім алушы

Обучающегося Есімсейтова Диана Нағашыбайқызы

( аты-жөні Ф.И.О.

Мамандығы 6В07202
Специальность

Курс 2

Практика түрі Өндірістік практика
Вид практики

Кәсіпорын атынан практиканың бағасы (%)

Оценка за практику от компании (%) 100%

Кәсіпорын жетекшісі

Руководитель практики _______________________________

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Іс тәжірибие өту туралы мәлімет.

Қазақмыс компаниясы.

Негізгі бөлім

1 Ақтоғай кен орнының орналасқан орны туралы мәлімет.

2. Кен орнының геологиялық құрылысы

3. Ақтоғай кен орнын игерудегі тау-кен жұмыстары

Қорытынды

Келешектегі іс тәжірибиеге ұсыныс және пікір.

Кіріспе

Мен Есімсейтова Диана Нағашыбайқызы өндірістік тәжірбиемді Нұрсұлтан
қаласындағы Қазақмыс компаниясынан өттім. Өту мерзімі жеті күнді құрайды
себебі, еліміздегі ковид індетіне байланысты. Менің жинаған тәжірибием
мамандығымның қиын да қызықты мамандық екенін түсіндім.Ал алған білімім
проект жасап үйрендім. Проекте қаралатын мәселелердің барлығымен жеке жеке
таныстым. Практиканың пайдасы өте зор болды.Өнеркәсіптегі геолог
ағайларымнан көп тәжірибие жинақтадым. Өндірістік іс тәжірбие бойынша
есепті жазу барысында мекемеде маған берілген уақытты ұтымды пайдалана
отырып атқарған жұмыстар тізімін қамтып,мамандардың әрқайсысымен кеңесіп
алған білімімді қамтып жаздым.Енді компания туралы қысқаша айтып кетсем.
Қазақмыс –  Қазақстандағы ең алып мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру
және өңдеу бойынша  жетекші халықаралық компания. Мыс  өндірісі  кенді 
өндіруден  бастап, соңғы  өнім — катодты  мыс  пен мыс  сымдарды
шығарғанға  дейін  толығымен  біріктірілген.Корпорацияның тарихы 1913
жылдан бастау алады. Осы Жезқазған кенішінде ең алғашқы ауқымды тау-кен
жұмыстары басталды. Мыс рудасы ағылшын азаматы Лесли Уркарт басшылық еткен
Спасск акционерлік қоғамының Сарысу кен байыту фабрикасында өңделіп,
дайын өнімге айналдырылды. Кәсіпорын 1920-шы жылдары Қазан төңкерісінен
кейін мемлекет меншігіне өтті.1928 жылы — академик Михаил Петрович Русаков
Қоңырат мыс кенішін ашты. Кейін ол Балқаш кешенінің негізгі құрамдас
бөлігіне айналды. Қарсақпай мыс балқыту зауыты іске қосылды.1938-1958
жылдары — Балқаш мыс балқыту зауыты ашылды.1971 жылы — Жезқазған мыс
балқыту зауыты — Жезказганцветмет ӨБ іске қосылды. 1992 жылы — Қазақстан
үкіметі Жезқазғанцветмет АҚ деген атаумен компания құрды. Кейін
қуаттылықты қалпына келтіру, рентабельділігін арттыру және инвесторлар
тарту мақсатында жеке меншікке берілді.1995 жылы — Компанияны Корейдің
Самсунг корпорациясы басқаруға кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы
Қазақмыс компаниясы акциясының 40 пайызын сатып алды. Кейін оны сатып
жіберді.1997 жылы — Компанияға жаңа атау берілді — Қазақмыс,
корпорациясының қалыптасу кезеңі жүрді. 2005 жылға дейін компания даму
кезеңін бастан кешті, кеніштер мен кәсіпорындарды игерді, интеграцияланған
өндіріс орнын құру үшін активтерін шоғырландырумен айналысты. Қазақмыс
әлемдегі мыс өндіретін ірі интеграциялық компанияға айналды. 2005 жылдың
қазаны — Қазақмыс өз акциясын Лондон қор биржасына орналастырған
Қазақстандағы тұңғыш компания атанды. Сол жылдың желтоқсан айында
корпорация Ұлыбританияның ірі листингтік компаниялар тізіміне (FTSE 100)
енгізілді. 2006 жылы — Қазақмыс Қазақстан экономикасының дамуына ықпал
еткісі келетінін көрсету мақсатында өз акцияларын Қазақстан қор биржасына
шығара бастады. 2008 жылы — Қазақмыс Қазақстандағы көмірмен жұмыс істейтін
Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясын сатып алды.  2011 жылы Қазақмыс 
табиғи  пайдалы  қазбаларды  іздеу,  барлау,  өндіру,  байыту, өңдеу
жұмыстарын жүргізеді және мыс пен басқа да пайдалы қазбаларды
 экспорттайды. Компания  катодты  мыс  өндіруден  бөлек, алтын және күміс
құймаларын, күкірт қышқылын, мыстың теллурит  және  селен  түрлерін,
қорғасын  тозаңын шығарады.Қазақмыс  корпорациясы жоғары өндірістік және
ғылыми-техникалық әлеуеті,  қажетті  энергетикалық және  жылыту 
ресурстары, заманауи  технологиялық және  телекоммуникациялық  жүйесі,
біліктілігі жоғары  мамандары бар,  бір сөзбен айтқанда  өндірістің көлемін
  арттырып, одан әрі дамуға  мүмкіншілігі  мол   кәсіпорын.

Негізгі бөлім
Ақтоғай кен орнының орналасқан орны туралы мәлімет
Кен орнының географиялық-экономикалық жағдайлары
Ақтоғай мыс кен орны әкімшілік бөліну бойынша Қазақстан
Республикасының Аягөз ауданында орналасқан. Географиялық және
экономикалық жағдайлар тұрғысынан қарағанда кен орны орналасқан аймақ
қолайлы. Кен орны көлік және энергетика коммуникацияларына жақын. Ақтоғай
кен орны мен Ақтоғай теміржол станциясының арақашықтығы 25 км, бұл аралық
автокөлік жолымен байланысқан. Ақтоғай станциясы ІІ класқа жататын
асфальтталған жолмен Алматы-Өскемен автожолына шығуға (86 км) мүмкіндігі
бар. Ақтоғай-Саяқ теміржолы және автожолы Балқаш тау-кен
металлургия кешенімен тікелей байланысты қамтамасыз етеді, бұл жол бойынша
Балқаш қаласына дейінгі қашықтық 420 км құрайды. Ақтоғай станциясы Қытаймен
шекарадағы Достық станциясымен теміржол тармағымен байланысқан. Ақтоғай
жергілікті жақсы дамыған көліктік инфрақұрылымға ие. Ақтоғай учаскесі
Қазақмыс компаниясымен салынған теміржол тармағы арқылы Ақтоғай кентінің
теміржол торабымен жалғасқан. Тұрмыстық және ауыз сумен қамту үшін Ақтоғай
кен орнының батысында 30 км жерде Жүзағаш жер асты су кен орны барланған
және ашылған.
Техникалық мақсаттар үшін Жүзағаш кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 15 км
жерде Жанар аз минералданған сулар кен орны барланған. Аягөз-Ақтоғай электр
желісі 110кВ электр желісінің техникалық шарттары бойынша салынған. Ақтоғай
станциясынан кен орнына дейін 10 кВ-тық электр желісі салынған. Кен орнынан
батысқақарай 6 км жерде шақпатас карьері және Каменный шойтас карьері
жұмыс істеп тұр. Климаты. Шығыс Қазақстанның климаты қатты желді,
салыстырмалы аз жауын-шашын және қарқынды булану тән құрғақ континенталды
климат. Жаз кезінде ауа температурасына Орта Азия шөлдерінен соғатын құрғақ
ыстық желдер, ал қыста Солтүстік Мұзды мұхиттан келетін суық ағындар әсер
етеді. Қаңтар – ең суық ай, ауа температурасы -8°С-тан -20°С арасында.
Жердің қату тереңдігі 150-170 см-ге дейін барады. Шілде – ең ыстық ай,
орташа ауа температурасы 15°С пен 30°С аралығында. Ауа температурасының аз
өзгеруі ауа райының ашық, бұлтсыз болуына әсер етеді. Орташа жылдық жауын-
шашын мөлшері 227 мм. Жауын-шашын жаз және күз мезгілдерінде ең көп (айына
80 мм-ден көп). Қардың көп мөлшері күздің аяғынан және көктемнің басына
дейін (қазан – наурыз) күтіледі. Қардың ең көп орташа айлық мөлшері 18 мм,
ол қар жабынының 72 мм-не сәйкес келеді. Аймақта желді ауа райы басым. Ең
қатты желдер көктем айларына (наурыз-мамыр), ең тыныш ауа райы қыс айларына
(желтоқсан-ақпан) сәйкес келеді. Қатты желдер қыста боранға, ал
жылы жыл мезгілінде шаңды дауылдарға әкеліп соғады. Жыл бойындағы желдің
бағыты солтүстік және солтүстік-шығыстен, ал жаз айларында оңтүстік және
оңтүстік-батыстан. Желдердің орташа жылдамдығы 3-5 мс. Жылдамдығы 20 мс
болатын қатты желдер кез-келген маусымда болуы мүмкін. Гидрография. Ақтоғай
кен орны орналасқан аймақтың гидрографиялық жүйесіне Аягөз, Қарасу, Таңсық
өзендері және Қалдар, Қошқар, Ешігекөлдері кіреді. Жер асты сулары жер
бетіне жақын (2-6 м) орналасқан, аз тұзды, бетонға агрессивті. Бұл
аудандағы өзендердің көктем кезіндегі ең сулы уақытындағы ені 10-40 м,
тереңдігі 0,5-2,0 м, ағыс жылдамдығы 0,1-0,7 мс. Аягөз өзенінің ұзындығы
10 км жететін жер асты ағыс учаскелері бар. Қалдар және Ешіге көлдері кен
орнынан 8 және 4 км қашықтықта солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Бұл
көлдер терең емес, тұзды. Қошқар көлі кен орнының батысында 10 км жерде
орналасқан. Қошқар көлі де терең емес және тұзды. Ақтоғай кентінің оңтүстік-
батыс жағында, шамамен 40 км қашықтықта Балқаш көлі орналасқан, ең үлкен
тереңдігі 8 м. Көлдің шығыс бөлігі тұзды. Өсімдік жабындысы. Жартылай шөлді
және шөлді. Өсімдік қабаты шөлге төзімді көп жылдық бойы аласа бұталардан
(жусан, түйе тоғайы, сортаңдардың әр түрлері) және бұталар (қараған, шағыл,
сексеуіл) биіктігі 1-2 м. Жер бедері мен топырақ. Аягөз ауданының рельефі
жартылай таулы (Ақшатау, Тарбағатай таулары), ал оңтүстік және батыс
жақтары төбелі-жазықты. Ең биік нүктесі Тарбағатай жотасында орналасқан
(3608 м). Өндіріс алаңына жақын ауданның жер бедері ұсақ шоқылы (Қалдар
таулары). Шоқылардың көлбеуліктері 10-15°, жер бедерінің биіктік белгілері
360-470 м аралығында. Биіктіктердің салыстырмалы айырмашылығы 30-50 м.
Өндіріс алаңында гранит, базальт, порфирит, конгломерат және басқа түрлерде
кездесетін түбірлік интрузиялық және вулканогенді жыныстар таралған.
Сейсмологиялық жағдайы. Ақтоғай кен орны жанында жер сілкіністері болған
сейсмикалық аймақта орналасқан. Қарастырылып отырған аудан сейсмикалық
тұрғыдан белсенді емес, 6 балдық жер сілкіністері болуы мүмкін.
Кен орнының геологиялық құрылысы
Геологиялық және геофизикалық деректер Қолдар интрузивті массиві
диорит пен гранодиориттен тұратын лакколит екенін көрсетеді. Бұл
интрузияның ашық бөлігі батыстан шығысқа қарай шамамен 17 км созылып, 75
км2 аумақты алып жатыр. Ақтоғай кен орнының екі жағынан сол массивтің
ішінде екі ілеспе мыс-порфир кен орындары бар: Айдарлы және Қызылқия.
Ақтоғай кен орнының геологиялық құрылысына ортаңғы-жоғарғы карбонның
Керегетас свитасының вулканогенді түзілімдері және Қолдар массивінің
интрузивті түзілімдері қатысады. Ақтоғай кен орны үшін кеннің дәстүрлі тік
минералогиялық аймақтылығының сызбасы тән: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ
Кен-металлургия жүйесі
Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Компания жарғысы
Өндірістік кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Қазақстан түсті металлургия өнеркәсібінің басты саласы - мыс өнеркәсібі
Қазақстан Республикасында түсті металдардың маңызды түрлерін өндіретін аудандар
Пәндер