Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қ. Жұбанов атындаы Ақтөбе өңірлік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

ОСӨЖ/СӨЖ

5-апта

Тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Орындаған: Саламат Жеткізгенұлы Р., ҚтӘ-302

Тексерген: Садирова К. К.

Ақтөбе 2021

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр-түс, сын-сапа жағынан толықтырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып тұрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге бағынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толықтауыш пен пысықтауыш үнемі баяндауышқа тәуелді болса, ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Жалпы тюркологиялық және қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.

Отызыншы жылдары С. Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы” деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жағына ғана емес, олардың қалыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш деп атайды. Бір ғана анықтауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толықтауыштың да, пысықтауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысықтауыш деген терминдерді қолданбайды. Кейіннен 1939 жылғы және одан кейінгі шыққан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынған мүшелермен жалғастырғандығын көруге болады ( 14, 80) .

Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне қатысты С. Жиенбаев, Х. Басымов, Ә. Ермеков, Ш. Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерімен қатар, әдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш. Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарық көрген “пысықтауыш пен пысықтауыш мәселесіне” деген мақаласында: “Біздің кейбір грамматикалық терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толықтауыш болып жүрген және талассыз пысықтауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толықтауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрған септік жалғауларының атымен барыстық мүше, шығыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”, - дейді. Ш. Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде бірқатар ғалымдар қарсы шыққан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері қолайсыз әрі шұбалаңқы және мағынаны нақ, дәл бере алмайды.

М. Балақаев “Қазіргі қазақ тілінің” синтаксистік оқулығында : “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы болады да, бастауыштық-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) қатынаста жұмсалады”, - деп нақты көрсетеді (, 7) .

Сондай-ақ тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М. Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды ( 62, 95) . Алайда олар өте ықшам, қысқа берілген.

Р. Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп саралап, әрқайсысының сұрауларын, ережелерін, мағыналық жән0е құрамдық түрлерін береді (10, 36) . Сөз етіп отырған тақырыпта М. Серғалиев Ш. Бектұровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз қозғаса, О. Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бұл мәселе М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында да (1991) сөз болды.

Тұрлаусыз мүшелер, олардың теориялық мәселелері бойынша Т. Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор “Есім пысықтауыш”, “Сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелері” бағдарламасында, Р. Өмірбековамен бірігіп жазған “Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары” деген зерттеулерінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топқа бөліп көрсетеді

( 49, 7) .

Әр тұрлаусыз мүшені, оның түрлерін жеке өз алдына дербес қарау енді қолға алына бастады. Оған З . Күзекованың “Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш”. Г. Есжанованың “Қазіргі қазақ тіліндегі тура толықтауыш”, Г. Жылқыбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі етістік пысықтауыш”, Ж. Көпбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш” т. б. диссертациялық жұмыстарды атауға болады.

Анықтауыш. Анықтауыш деп зат есімнен не болмаса заттық мағынада қолданылған мүшені анықтайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Ол Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Құрамына қарай дара және күрделі болады.

Дара анықтауыш. Демежанға үлкен, сұлу көздерімен жылы қарап, аса биязы алғыс айтты (Қ. Жұмаділов) .

Күрделі анықтауыш. Дайыров - іскер жігіт әрі іске бүтіндей беріліп, өте терең бойлайды (С. Шаймерденов) .

Мағынасына қарай сапалық және меншікті болып жіктеледі.

Сапалық анықтауыш деп заттың сапасын, сынын, түр-түсін, тағы басқа белгілерін нақты көрсетіп, анықтайтын сөзімен іргелесе, қабыса байланысатын түрін айтады. Шет елдерде қолдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады (Жас Алаш) .

Меншікті анықтауыштар өзі қатысты сөздермен алшақ та, іргелес тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тән мағынаны береді. Кейде ілік жалғаулы сөз сөйлемнің соңында келіп те өзі қатысты сөздермен байланысы нақтылы білініп тұрады. Кішкене түйме көздерін нағашымның қызара бөрткен ұлан-байтақ жүзіне әлденеше мәрте көз жүгіртіп, әлденеше мәрте аударып әкетті (Ә. Кекілбаев) .

Осыған орай анықтаушы сөз бен анықталушы сөздер өзара қабыса әрі матаса байланысады.

Қабыса байланысқан анықтауыштар. Қотан боларлық қой қадау-қадау ұшырайды (Ж. Аймауытов) .

Матаса байланысқан анықтауыштар. Қапан сол кездесудің жылуын көкірегінде бірнеше күн сақтап жүретін (Т. Ахтанов) .

Толықтауыш. Ол сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі бола отырып, тұлғалық жағынан атау мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде келеді және сол сөздің мағынасы обьектілік мәнде болады.

Сондай-ақ олар атау мен ілік септіктен басқа септіктің сұрақтарына жауап береді, сонымен қоса атау тұлғалы сөз туралы, жөнінде, жайында септеуліктерімен тіркесіп келіп те толықтауыш бола алады.

Толықтауыштар тура және жанама болап екіге бөлінеді.

Тура толықтауыш деп табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні көрсететін мүшені айтады. Құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті, құлан мен маралды мая-мая етіп тастапты (Ертегілер) .

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде келіп, іс-әрекеттің жанама көрінісін береді. Өз үйіне келсе, әкесіне жинап беріп кеткен таудай отыннан бір жағым, үйдей еттен бір асым, жеңді білектей судан қанжығадай қалған екен (Ертегілер) .

Пысықтауыш. Пысықтауыш сөйлемдегі қимыл-әрекеттің жүзеге асуының мезгілін, орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері
Күрделі пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Пысықтауыш сөйлем мүшесінің ғылыми зерттелуі
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
Анықтауыш оның жасалу жолдары
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелерін оқыту
Сөйлем мүшелері
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz