Атом ядросының құрамы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Атом құрылысы
Орындаған: Шадияр Арайлым
1 курс студентті
Тобы:1507-31
Қабылдаған: доцент-Керімбаева К.З
Кез келген күрделі заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі - оның молекуласы болса, осы молекуланың өзі атомдардың байланысуынан түзіледі. Атом грек тілінде бөлінбейтін деген мағынаны білдіреді. Былайша айтқанда, атом - заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. Жасанды атомдарды есептемегенде, бүгінгі күні табиғатта әр түрлі 92 атом кездеседі. Бір қызығы, әлемдегі түрлі денелер мен заттардың кез-келгені осы 92 химиялық элементтің атомдарынан тұрады. Ертедегі грек ғалымдарының бірі Демокрит кезкелген зат бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектерден тұратынын жорамалдап, ондай бөлшектерді атомдар деп атаған. Тіпті олар үнемі қозғалыста болады деп есептеді. Атомдардың бір-бірімен өздігінен әрекеттесу қабілеті туралы ойды Эпикур да айтты. Дегенмен бұл ойшылдардың айтқаны ғылыми тәжірибеге сүйенбегендіктен, көп ғасыр бұл мәселе жабық қалып, тиісінше зерттелмеді.
Соңғы ғасырларда ғана физика, химия ғылымдарының дамуымен заттың құрамына қатысты түрлі тәжірибелік зерттеулер қолға алынды. Атап айтқанда, ХIХ ғасырдың басында (1803 ж.) Джон Дальтон атомистикалық теорияны жандандырып, белгілі химиялық элементтің атомдары бірдей
Қасиет көрсететінін, ал әртүрлі элементтерге әртүрлі атомдар сәйкес келетінін дәлелдеді. Ол қатты заттар мен сұйықтықтар тәрізді газдардың да ұсақ бөлшектерден тұратынын анықтады. Атомның маңызды сипаттамасы ретінде атомдық масса ұғымы қабылданды. Алайда атом әлі де бөлінбейтін бөлшек деп есептелді. 1897 жылы ағылшын ғалымы Дж. Томсон жүргізген тәжірибесі бірқатар электр құбылыстарын түсiндiруге мүмкiндiк берді. Атом құрылысын күрделі деп қабылдаған Дж. Томсонның бейнелеп түсіндіруінше, атом радиусы шамамен 10 м болатын шар тәрізді. Бұл шардың бүкiл көлемi оң зарядталған,ал терiс зарядталған электрондар оның iшiнде су тамшысының iшiндегі түйiршiктер іспетті қозғалып жүредi. Ол атомнан зарядталған бөлшектер шығатынын, яғни атомның алғашқы элементар бөлшегі, электрондарды дәлелдеді. Атомның құпиясына одан да тереңiрек ашқан ғалым ағылшын оқымыстысы Эрнест Резерфорд болды. Резерфордтың тәжірибесінше (1911 ж.) Атомдағы оң зарядтар оның орталығына барып жиналады. Атом ядросы деген осы. Резерфордтың түсіндіруінше, атомының құрылысы Күн жүйесiне ұқсайды. Күн жүйесiнде планеталардың оған тартылып айналғаны сияқты, электрондар да ядроға тартылып оны айнала қозғалуда. Осы себепті Резерфорд ұсынған үлгі планетарлық үлгі деп аталып кетті.Осындай ғылыми тәжірибелер нәтижесінде заттың ең ұсақ бөлшегі атом болса, атомның да электрон, протон және нейтрон деп аталатын түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұратыны анықталды. Протондар мен нейтрондар атомның ішкі ядросында орналасқан, ал электрондар ядроны айнала қозғалуда. Атомның электрондық қабатшалары түзілуде.
Атом бүтіндей алғанда зарядсыз, бейтарап бөлшек. Ол ортасында өзінен радиусы 104 -105 есе кіші көлемді алып жатқан оң зарядты ядродан және оны айнала қозғалып жүрген теріс зарядты электрондардан тұрады. Атом өзінің сыртқы бір немесе бірнеше электрондарын жоғалтқанда оң, ал сырттан электрон қосып алғанда теріс ионға айналады. Атомның сызықтық өлшемдері ~ 10-8 см, көлденең қимасының ауданы ~10-16 см2, көлемі ~10-24 см3. Барлық атом теориясында ең қарапайым атом - сутегі атомы. Оның радиусының дәл белгілі бір мәні бар және ол мүмкін болатын ең кіші айналу орбитасының радиусы шамасына тең: a=0.53 * 10−8 см (дәлірек, 0.52917*10-8 см). Атомның массасы, негізінен оның ядросының массасына тең және ол массалық санға (А), яғни протондар мен нейтрондардың жалпы санына (нуклондардың жалпы санына) пропорционал болып ұлғаяды.
Атом ядродан және осы ядроны айналып тұратын электрондардан құралған. Атом құрылысы
Ядро протондар мен нейтрондардан құралған. Протон оң заряды бар бөлшек, ал нейтронның заряды жоқ бөлшек. Осы екі бөлшектің массалары шамалас, ал электрон болса нейтроннан 1838 есе жеңіл. Электронның заряды теріс. Электронның заряды табиғатта бар электр зарядтардың ең кішісі, протонның заряды электрондікіне тең, тек таңбасы оң.
Атомның құрамында неше электрон бар болса, сонша протон бар болады. Мысалы сутегінің атомында бір электрон және бір протон бар. Сутегі атомының қорытқы заряды +1 - 1 = 0. Яғни осы атом бейтарап болады. Бұл қағида барлық атомдарға орынды.
Атом ядросының құрамы
Жоғарыда атомның ішінде электрондар, протондар және электрондар бар дедік. Протонды p, нейтронлы n ал электрондарды деп белгілейді.
Протондар мен нейтрондар электронмен салыстырғанда өте ауыр болғандықтан, атом массасының 99,95% атом ядросында шоғырланған. Атом ядросының құрамы осындай!
Химиялық элементтің Ar салыстырмалы атомдық массасы оның Z - атомдық нөміріне және N - нейтрондар санының қосындысына тең:
Ar = Z + N
Мысалы оттегінің протондар, электрондар және нейтрондар саның аңықтайық. Оттегінің атомдық нөмірі Z = 8 ал салыстырмалы атомдық массасы Ar = 16, жоғарыдағы формуланы пайдаланып нейтрондар саның аңықтайық:
16 = 8 + N
N = 16 - 8
N = 8.
Сөйтіп оттегінің нейтрондар саны 8 тең, ал осы атомның қысқа түрдегі құрылысы былай жазылады:
Атомның элементар бөлшектері:
1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.
2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең.
А = Z + N; A - атомдық масса; Z - протон; N - нейтрон;
Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор элементінің массасы 35 және 37 болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі. Олар изо- топтар. Изотоптар - ядро зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп - бірдей орында деген мағнаны білдіреді.
Изотоптарда протон мен электрон саны бірдей, нейтрон сандары әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі шамамен өлшенеді: массасы және элементтің рет нөмірі. Мысалы:
1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей - оттегі изотоптары.
2. - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .
Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5. Бұл ұғымдардың айырмашылығын түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан хлор элементінің орташа с.а.массасы шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5
Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа массалық саны. Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын беру қажет. Химиялық элемент дегеніміз - ядро заряды бірдей атомдар түрі.
Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заңды түсіндіру
Периодтық жүйе периодтық заңның құрылымдық кескіні. Ол 7 периодтан 8 топтан тұратын кесте. Периодтар үлкен және кіші болып бөлінеді. Алғашқы үш период кіші периодтар, олар бір қатардан ғана тұрады, ал үлкен периодтар екі қатардан тұрады. Бір периодта орналасқан элементтердің энергетикалық деңгейлерінің саны бірдей болғанымен, олардың ядро
зарядтарының артуына байланысты ядроның электронды тарту күші артады, сондықтан атом радиустары солдан оңға карай кемиді. Периодтарда солдан оңға қарай сыртқы қабаттағы электрондар саны біртіндеп артады, бұл металдық қасиеттің біртіндеп әлсіреп, бейметалдық қасиеттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz