Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу



МАХАББАТ ДЕП ТҮСІНДІ МЫНА ӘЛЕМДІ...
Талантты лирик.ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу

Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші көктемің болар еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ екен.
Сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде аялы құшағына алып, бауырына басқан ару қала . Алматыға, білім ордасы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен сәті де күні кеше ғана сияқты еді. Сенің сұңғақ бойың мен мейірімді жүзің, елжіреген жүрегің, толқынды қою бұйра шашың әлі күнге көз алдымда. Жібектей есілген биязы мінезің қандай еді шіркін. Иә, ол күндер ешқашан да ұмы¬тылмас!

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Махаббат деп түсінді мына әлемді...
Талантты лирик-ақын Жүсіп ҚЫДЫРОВ рухымен сырласу

Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы
да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші көктемің
болар еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ екен.
Сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде аялы құшағына
алып, бауырына басқан ару қала – Алматыға, білім ордасы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен
сәті де күні кеше ғана сияқты еді. Сенің сұңғақ бойың мен мейірімді жүзің,
елжіреген жүрегің, толқынды қою бұйра шашың әлі күнге көз алдымда. Жібектей
есілген биязы мінезің қандай еді шіркін. Иә, ол күндер ешқашан да
ұмытылмас!
Сен университет қабырғасына сүмбіле жырлардың сүлейлері туған Сыр
елінен келдің. Киелі ақындықты жас шағыңнан мұрат еткен екенсің. Мектеп
қабырғасында жүріп жазған жырларыңды университет қабырғасында
жалғастырғаныңның куәгері болдық. Сол балаң жырларды оқып беретін де әдетің
болатын. Ол жырларыңның әдемілік пен сұлулықтың шолпысындай сыңғырлаған
әуезге толы екенін айтқанымда көңілің өсіп, көлдей тасыған шақтарың да
есімде. Түн баласына көз ілмей, бізді ұйықтатып тастап, Шығыс әдебиетінің
інжу-маржандарын, әсіресе “Мың бір түн” хикаяларын бас алмай оқитының ше?
Содан әсерленіп жазған мына бір жолдарың көкейімде қалыпты.

Толды әлем күлкісінің сыңғырына,
Толды әлем әуезінің сылдырына...
Сұлулар, бар екенсің шын іздесе,
Сендім мен “Мың бір түннің” шындығына!

Ұлы Абайдың “Көзімнің қарасын”, “Татьянаның қырдағы әнін” жаныңдай
жақсы көруші едің.
Университеттің соңғы курсында заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы
Мұхаңның – Мұхтар Әуезовтің Абайтану курсынан дәріс оқуы бәріміздің, ең
алдымен сенің әдебиеттегі жолыңды ашты. Біз Мұхаңның Абай өмірі мен ақындық
жолы туралы әңгімесін, Шығыс пен Батыстың өткен ғасырлардағы ғаламат ақын-
шайырлары, философтары туралы уәзипалы ойларын ұйып тыңдайтынбыз. Сол
заманда тілге тиек бола бермейтін Мағжан лирикалары туралы айтып, мөлдір де
мөлтек жырларын төгілте оқығанда кейіннен, бұл жырлардың сенің бойыңа
ұрығын сепкенін де білемін. Иә, ақындық жолыңда Мағжан лирикалары мен Омар
Хайямның төрттағандарына, Афанасий Феттің махаббат өлеңдеріне ғашық болдың.
“Фет өмірбойы махаббат жырын жырлап өткен екен. Оның жетпістегі өлеңдерін
қарап отырсаңыз, мөлдіреп тұрған махаббат. Егер тірі болсам, мен де
жетпісімде сондай өлеңдер жазған болар едім деп ойлаймын” (“Қазақ елі”
газеті, барыс жылы, 10-16 сәуір) дегеніңді де оқығанмын.
Сол А.А.Феттің мынадай өлеңі бар:

Сад весь в цвету,
Вечер в огне,
Так освежительно – радостно мне!
Вот я стою,
Вот я иду,
Словно таинственной речи я жду...

Ақын әсте де қарттықтың қауқарсыздығын емес, лириканың мәңгілік
жастығын айтып отыр. Сен де алдағы өміріңнен үміт үзбей, сұлулықтың
мәңгілік отын алаулаттың емес пе? Тіпті қатерлі сырқаттың қамытын амалсыз
киіп, көңіліңе кірбің кіргенде де былай деп жазғансың:

Тіл сараң,
Дәл айта алмас өнер сараң,
Әлі де сан арнармын өлең саған...
Жүзге келіп, мұңайып отырармын
Сезімді жеткізе алмай сені аңсаған.

Иә, сен Құдай пешенеңе жазған 46 жас ғұмырыңда ғашықтық ғазалдарыңның
жалтылдаған жалынымен, өшпес өлеңдеріңмен елге, жерге деген махаббатыңды
өрнектеп кеттің. Осы уақыт ішінде жарық көрген оннан астам кітаптарыңдағы
балдай тәтті, бұлбұлдай әуезді жырларың мен дастандарың, балладаларың оған
куә. Солардың ішінде өміріңнің соңғы сәтінде жазған, осыдан он жыл бұрын
талантты журналист інің, бауырың Бақтыбай Айнабеков өзге де өлеңдеріңмен
толықтырып қайта шығарған “Мың бір күннің” рухы күшті. Бұл жинаққа қазақ
поэзиясының Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлық та берілді.
Әрине, оны өзің көре алмадың.
Ол жинақта оқырман сезімін оятатын ойнақы жолдар, толымды ойлар
ойқастап алдыңнан шығады. Бәрінен де ләззат, жыр кәусарынан тоят аласың.
Сондықтан да кітап эпиграфында:

“Мың бір күн” – дидарласу нұр, гүлменен,
“Мың бір күн” – сұқбаттасу бұлбұлменен.
“Мың бір күн” – бал махаббат хикасы,
Жастық шақ, іңкәр көңіл, мың бір өлең”,

деуің тегін емес. Сенің өлеңдеріндегі ғашық – ғұмыр, айналып келгенде,
бейнелі теңеулерімен, көркемдікпен астасып жатады. Мына суретті аңдайықшы:

Шашың қандай, жаным-ау, шашың қандай,
Қара раушан үлбіреп ашылғандай.
Төмен қарай төбеңнен құйылғанда,
Екеумізді қою түн жасырғандай...

– деп басталатын жыр жолдарында ғашықтық, ғарыштық ой тұспалдары
тұстасып жатыр.
Мен сенің шығармашылығыңды талдайын деп отырғаным жоқ. Десе де,
осындай көркемдікпен көмкерілген лирикаларыңның қуатын тағы бір айтпасқа
болмады.
Сен поэзияда ғана емес, есейе келе әдебиеттің басқа да жанрларына
қалам тартып, қаламыңның қарымын таныта білдің. Оған республикалық
“Лениншіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдігі
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
60-70-жылдары әдебиетіміздің туын ұстаған ақсақалдар
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Пәндер