Экскурсант пен экскурсоводтың белсенділігі


Ж. Т. Айменов, А. Е. Есенова, Г. М. Арапова
Экскурсиялық қызмет
Шымкент, 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ж. Т. Айменов, А. Е. Есенова, Г. М. Арапова
Экскурсиялық қызмет
Оқу құралы
Шымкент, 2016
ББК 75781 z7
F 31
ӘӨЖ 796 (075. 8)
Ж. Т. Айменов, Есенова А. Е., Арапова Г. М. Экскурсиялық қызмет. Оқу құралы. - Шымкент: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2016. -192 б.
ISBN 978-9965-876-37-0
«Экскурсиялық қызмет» пәнінен студенттерге арналған оқу құралы студенттердің экскурсиялық қызмет көрсетуде білікті мамандарға қойылатын талаптардың бірі экскурсияның технологиялық картасын жасай білу; Экскурсиялардағы логикалық әдістермен өткізу ерекшеліктерін ұғыну, білу, әңгімелеу және көрсету әдістерін меңгеру. Өнертану экскурсияларын өткізу техникасын зерттеу; тақырып бойынша жаңа экскурсияны жасай алу біліктілігі; қызметтің кең ассортиментін ұсына алу біліктілігі; қызметті орындауда жоғары сапалықты қамтамасыз ету дағдысы; Экскурсияның дайындығы және оның өткізу деңгейін білу біліктігі; турфирмалардың жұмыс режимін оңтайландыру жолдары қарастырылған.
Оқу құралын дайындау кезінде отандық және шет елдік мамандардың және авторлардың өзіндік зерттеулерінің нәтижесі пайдаланылды.
Оқу құралы оқу жоспары және типтік бағдарламаға сәйкес жасалынған. Оқу құралы «Туризм» және «ӘМС» мамандығы студенттеріне, магистранттарға және туризм салалары қызметкерлері мен менеджерлеріне арналған.
ISBN 978-9965-876-37-0
Пікірді жазғандар:
ОҚМУ т. ғ. д. профессор Бейсенова М. У.
А. Х. Марғұлан атындағы Археология
институтының бас директоры
т. ғ. д., ҚР БҒМ мүшесі Байтанаев Б. А.
Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу
және жоғары оқу орнына дейінгі
дайындық факультетінің деканы
т. ғ. д., профессор Алибек С. Н
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу-әдістемелік Кеңесімен басылымға ұсынылды (№ 2 «13» 01. 2016 ж. ), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесімен басылымға ұсынылды (№ 1 «05» 02. 2016 ж. )
© М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2016ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазақстанда туризмді дамытудың басты мақсаты - қазіргі заманға лайық өте тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру болып табылады. Қазақ даласында сырттан келгендер таңдай қағып, бас шайқайтындай сұлулыққа тұнып тұрған мекендер көптеп саналады. Тарихи-танымдық сипаты мол аймақтарымыз қаншама. Біздің жеріміз эқологиялық, іскерлік, сауықтыру, аңшылық, мәдени-танымдық және басқа туризм түрлері үшін ете қолайлы. Осыған байланысты Үкімет бірқатар шешімдер қабылдауда. Заңдық және нормативтік-құқықтық негіздердің жасалынуы халықаралық және ішкі туризмнің алға басуына оң серпін береді.
Қазіргі уақытта сервис саласындағы кәсіпорындардың мақсаты бәсекелік күресте, нақты бір қызмет нарығындағы үлесі үшін және өндіріс шығындарына бақылау жүргізе отырып, пайдалылық пен бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату болып табылады. Сонымен бірге, сервистік саладағы кәсіпорынның тұтынушыларға қызметтер ұсыну және тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру сияқты негізгі міндеттері бар. Нарықтық экономикадағы, интенсивті бәсеке жағдайында сервистік кәсіпорынның басты міндеттері, жоғары сапалы қызмет көрсету деңгейлеріне жету және тұтынушыларға экскурсиялық қызметтер көрсету жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Тұтынушыларға экскурсиялық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда, экскурсиялық қызмет көрсету деңгейі және тұтынушыларға экскурсиялық қызметтер ұсынудың сапасын сәйкестендіруде қызмет көрсету деңгейі, қызметтердің құрылымы мен көлемімен анықталады (сандық көрсеткіштер) және туристерге осы қызметтерді ұсынудың сапасына (сапалық көрсеткіштер) байланысты болады.
Туристерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, төмендегідей ұйымдастырушылық міндеттердің негізінде қалыптасады:
1. туристерге қызмет көрсетуде жоғары мәдениеттілікке жету;
2. тапсырыстарды орындаудың жылдамдығы;
3. қызмет көрсету мен өндірісте прогрессивті формаларды пайдалану;
4. қызметтің кең ассортиментін ұсыну;
5. қызметті орындауда жоғары сапалықты қамтамасыз ету;
6. экскурсиялық қызмет көрсететін фирмаларды тиімді орналастыру;
7. турфирмалардың жұмыс режимін оңтайландыру.
Осы жағдайлар мен олардың жиынтығы сервис саласындағы кәсіпорынның тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ұйымдастыру міндеттерінің орындалуы экскурсиялық қызметтер өндірудегі негізгі факторларды пайдаланудың оның ішінде экскурсоводтардың жұмыс күшін сапалы қолданудың жағдайларымен тығыз байланысты.
«Экскурсиятану» оқу құралы студенттердің экскурсияны ұйымдастырудағы, туристерге немесе жергілікті халыққа қызмет көрсетудің мазмұнын, экскурсияның ерекшелігі және келбетін, педагогикалық танымдық тәрбиелік үрдістерін білу және оқу мәселелері жұмыстарына бағытталған. Бұл пән Қазақстандағы экскурсияның пайда болуы мен тарихын зерттеумен қатар студенттерге, экскурсияның атқаратын қызметі мен белгілерін әңгімелеу мен көрсетудің біртұтас байланысын таныстырады.
1 ЭКСКУРСИЯТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Экскурсиятану» пәнінің мақсаты мен міндеттері
Тікелей аударма бойынша «теория» сөзі (грек) зерттеу, қарастыру дегенді білдіреді. Теория - өзара байланысты бекітулер мен дәлелдемелер жүйесін көрсететін және аталмыш пән бөлігінің түсіндірме және болжамдау әдістерінен тұратын объектілердің қандай-да бір жиынтығы туралы анықталған ғылыми білімнің формасы. Туристтік-экскурсиялық саласындағы мамандар үшін теория - экскурсиялық әрекеттің негізі болып табылатын және оның даму мен жетілдіру жолдарын анықтайтын ережелердің жалпы сомасы. Экскурсиялық теория экскурсиялық әрекетті ұйымдастыруды негізге алатын көзқарастардың, пікірлердің, ұсыныстардың кешенінен тұрады. Экскурсиялық теория толығымен және нақты экскурсиятану деп аталатын оқу пәнінде ашылған.
Туризм мен спорт Ресей академиясының жетекші мамандары И. В. Зорин және В. А. Квартальновтың пікірінше, «Экскурсиятану - идеалды экскурсияны кескіндеу мәселелерін, экскурсоводтың туристтердің ойына әсер етуін, экскурсияларды дайындаудың тәжірибелік әдістерін, экскурсоводтарды дайындау мен жүргізу техникасын зерттейтін теориялық білімдер саласы».
Қазіргі кезде экскурсиялық теория біздің алдымызға келесі сұрақтардың жиынтығы ретінде көрінеді: экскурсиялық әрекеттің ғылыми негіздері, экскурсиялық үрдістің өзі; экскурсиялардың жіктелуі; экскурсиялардың функциялары, оның белгілері мен аспектілері; көрсету мен айтудың ерекшеліктері; экскурсиялық әдістемені; экскурсиялық қызмет көрсетуге деген дифференциациаланған ықпалы; экскурсоводтың кәсіби шеберлігінің негіздері .
Экскурсиялар тану формаларының бірі болып табылады, оқытатын экскурсовод жетекшілігінде өтетін топты оқытудан тұрады. Сондықтан, білімдерді беру үрдісінің жоғары сапасына жету үшін келесі ғылымдарға жетуді қолданады;
- Философия, жалпы әдіснама ретінде;
- Логика, ойланудың заңдары мен формалары туралы ғылым ретінде;
- Педагогика, оқыту мен тәрбие беру әдістемесі ретінде;
- Психология, адам әрекеті үрдісіндегі нақтылықтың психикалық көрінісін зерттейтін ғылым ретінде.
Тақырыптың жоғары сапалы мазмұнын толығымен игеруге жету үшін қатысты әдістер мен құралдарды табу қажет. Әдіс грек тілінен аударғанда «зерттеу жолы, теория, оқу, қандай-да бір мақсатқа жету әдісі, нақты мәселенің шешілуі». Әдістер жиынтығы әдістеме ретінде анықталады . Бізді экскурсиялық әдістеме қызықтырады, ол жалпы және жеке әдістемелерден тұрады. Жалпы әдістеме барлық тақырыптар бойынша бірдей сұрақтарды қарастырады және жоғарыда көрсетілген ғылымдардың негізгі принциптері мен заңдарын көрсетеді.
Экскурсовод қызметіне жоғары немесе орташа арнайы мамандандығы бар тұлғалар қабылданады. Педагогикалық білімі бар тұлғаларға, шығармашылық қызметкерлерге, өндірісті ұйымдастырушыларға көбірек назар аудару керек. Бұндай адамдар педагогикалық ғылым мен психологиямен жете таныс болады. Сондықтан, негізгі назар бұл ғылымдарды ашуға емес, жаңа экскурсияларды жасауға, оны жүргізудің жалпы әдістеріне және жүктелуіне байланысты әртүрлі экскурсияларды жүргізудің жеке ерекшеліктеріне аударылады.
Экскурсиялық үрдіс
Сурет 1. Экскурсиялық үрдіс механизмі
Кез-келген тақырыпқа байланысты экскурсияны ұйымдастырған кезде әрбір жеке педагогикалық әрекеттің (әдіс, құрал) нақты мақсаты болатынын ескеру керек. Бұл мақсатқа жету экскурсияда экскурсоводтпен нақты білімдерді беру, оларды жинақтау және экскурсанттармен игеру арқылы іске асырылады. Қабылданған және игерілген ақпарат тыңдаушының игілігіне, оның рухани келбетінің құраушы элементіне айналады. Экскурсоводтпен жеткен бұл тиімділігі экскурсиялық үрдістің қорытынды нәтижесін көрсетеді. Қарастырылып отырған үрдістің әрбір элементін нақтылай отырып, педагогикалық үрдістің жеке жағдайы ретінде экскурсияда «Экскурсровод туралы ережеде» оның басты мақсаттары анықталады: Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттаушы болу және экскурсанттарға тәрбие-берудің белсенді қатысушысы болу (Б. Е. Райков экскурсиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі ретінде экскурсияның тәрбиелік жағына көп көңіл бөлген, зерттелетін материалға ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастырудағы экскурсанттардың тәртібін анықтайтын ұйымдастырушылық дағдылар мен әлеуметтік эмоциялардың құрылуын байқаған) . Көрсетілген мақсаттар адамдардың дүниетанымын қалыптастырудан тұратын экскурсияның басты жалпы мақсатынан шығады. Бұл экскурсоводтың тыңдаушыға әсер етуінің әр-бір жеке актісіндегі жалпы мақсаты осы экскурсияның нақты мақсатына (педагогикалық) айналу керек, ол өз кезегінде экскурсияның мақсаттарын жан-жақты ашу мен дәлелдеуге жеткілікті материалды таңдау кезіндегі нақты талаптарды қояды. Б. В. Емельяновтың пікірінше «Мақсат - бұл экскурсоводтың экскурсияны жүргізу кезіндегі талпынысы, оның ағартушылық әрекетінің қорытынды ойды, идеалды мадақтауы. Мақсат экскурсиялық объектілердің, экскурсия бағыттарының, әдеби көздерді таңдауының, цитата мәтіндерінің таңдауын анықтайды. Нақты қалыптасқан мақсат экскурсияның барлық мазмұнына нақты әсер етеді». Тыңдаушыларға нақты мақсатқа сәйкес таңдалған ақпаратты бере отырып, экскурсовод қорытынды нәтижеге жетеді - экскурсанттарға дүниетанымды қалыптастырады. Экскурсияның нақты және жалпы мақсатын біле отырып, экскурсовод оның мәтінін осы экскурсияда қарастырылатын заңдарды, заңдылықтарды, түсініктерді ашуға максималды ықпал ететіндей етіп, оны игеріп, игергеннен кейін тыңдаушылардың дүниетанымын құрайтындай етіп жасау керек.
Кесте 1 - Эскурсияны ұйымдастыру мақсаттары
Көру
Есту
Экскурсанттарға Сезу
Ұғу қабілеті
Нақты жағдайлардың материалдары (оқиғалар, фактілер, сандар, құбылыстарды суреттеу) немесе түсіндірмелері негізгі заңдылықтарды игеруге бағынышты, олардың аргументі, дәлелі болу керек. Сондықтан сандар, фактілер, хронология маңызды орында тұра алмайды. Экскурсовод ақпараттың әртүрлі көздеріне (оқу құралы, ғылыми жұмыс, мақала) шығармашылық тұрғыдан қарау керек, осы ақапаратты шығарудың кезектілігін ашуы тиіс. Сонымен қатар, жұмыс жасайтын аудиторияның білім деңгейіне де, мамандандырылуына да, жасына да назар аудару керек. Экскурсовод осы экскурсия қандай болатынына да ерекше назар аударады: эпизодтық па, немесе басқа да оқыту мен тәрбие берудің басқада формаларына қатысы бар басқа экскурсиялармен байланысты ма. Осы жағдайлардан шыға отырып, нақты және жалпы мақсатты және дәлелдемелер логикасын өзгеріссіз қалдыра отырып, бірақ, өзінің әңгімесінің «иллюстрациялық» бөлігін кеңейтіп (немесе қысқартып), тақырыптың мазмұнын ашуға байланысты бірнеше нұсқаулар дайындау керек. Қажетті материалды таңдап алған соң, экскурсовод дәлелдемелі қорытындыларға алып келетіндей етіп логикалық бірізділікпен «құрастырады». Бұл қорытындылар білімнің, көзқарастардың, сенімдердің дүниетанымдық элементтерін құрайды. Кез-келген экскурсия - қоршаған ортаны қабылдаудың мақсатқа бағытталған, алдын-ала бағдарланған үрдісі. Экскурсоводтар экскурсияға қатысушы тақырыпты қандай түрде көру, есту және сезу керектігі, жүргізілетін іс-шара нәтижесінде қандай қорытындыға келу керектігі, оның экскурсиядан кейін қандай тәжірибелік дағдыларды игеретіні туралы нақты білу керек. Көрнекілік пен ықыластылық принциптерінде құрылған экскурсия экскурсанттарда білімге деген қызығушылықтарын тудырады, олардың көзқарасын кеңейтеді, қоршаған ортаның фактілері мен құбылыстарын өзара байланыс пен өзара әрекеттестіре қарастыруға, оларды өзара салыстыруға, дәлелдемелер мен қорытындылар жасауға, «нақты» шындықты білуге үйретеді. Экскурсиялық үрдіс кезінде экскурсовод бірқатар мақсаттарды шешеді де экскурсанттарға көмектеседі: тақырыптың ашылған объектілерін көруге (бірінші мақсаты) ; осы объектілер туралы қажетті ақпарат алуға (екінші мақсаты) ; тарихи құбылыстың мәнін ашуға, оның қатысушысы болуға (үшінші мақсаты) ; экскурсиялық объектілерді өз бетінше бақылаудың тәжірибелік дағдыларын игеруге (төртінші мақсаты) . Осылайша, экскурсия кезінде оның материалы, оны ұсынудың өзі адамға дұрыс ойлануға және қажетті қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Экскурсиялық үрдісте маңызды орынды топты көлік құралына отырғызғаннан бастап барлық бағыт бойында жүргізілетін экскурсоводтың ұйымдастырушылық жұмысы алады. Экскурсоводтың сөйлеу кезіндегі алғашқы минуттарынан бастап, тыңдаушыларда экскурсия тақырыбын тыңдаудағы нақты психологиялық қойылымы қалыптасады, және бұл экскурсоводпен берілетін білімдердің қабылдауына, игеруіне және бағалауына шешуші болып әсер етеді. Тәжірибеде көрсеткендей, тақырыпқа қызықты түрде ену міндетті түрде оңтайлы әлеуметтік-психологиялық құбылысты тудырады - экскурсанттардың тілектес және іскер қатынасы. Экскурсоводтың бастапқы сөзі аудиторияны экскурсиялық материалға деген назарын бағыттайды, экскурсанттарға экскурсия туралы көрініс береді, онда бірте-бірте - буын-буынымен экскурсияның негізгі бөлігін құрайтын нақты тақырып ашылады. Көбінесе экскурсияның сапасына оның бағыты қалай және немен аяқталатыны да байланысты. Б. В. Емельяновтың пікірінше «Қорытынды нүкте экскурсиялық бағытты шиеленістіру керек, және бұл кезде экскурсияның ары қарай дамуындағы экскурсиялық сюжет толығымен бірте-бірте жалғасып, ашылады; экскурсияның қорытынды нүктесі былайша жоспарланады, онда барлық бағыттағы экскурсиялық материал біріктіріледі де қорытындыланады, және барлық экскурсияға жиынтық қорытынды жасалады». Экскурсияның эмоционалды жағында ескере отырып, оның экскурсанттардың көңіл-күйін көтеретін мерекелік сияқты ерекшелігін көрсету керек. Ғалымның пікірінше «Кез-келген экскурсия - экскурсанттардың әдеттегі өмірден ажырататын қандай-да бір құбылыс. Қалыпты өмір сүруден алшақтау, одан күтпеген жағдайда босау - осы, алдымен, кез-келген экскурсияның өзіне назар аударатын жағы». Экскусрсия кезінде оның аяқталуына дейін қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйін сақтайтындай етіп, тақырыпты жақсы қабылдауға ықпал ететін микроортаны ашатындай етіп жүргізу керек.
Экскурсия материалын игеруді бақылау - экскурсовод үшін өз жұмысының қорытынды нәтижесі ретіндегі көз қараста болсын, моралды қанағаттандыру көзқарасында болсын, ең қиын кезеңі. Экскурсия нәтижелері туралы пікір айтуға болатын белгілерге: экскурсоводтқа немесе экскурсанттардың өзара әңгімелерінде айтылатын пікірлері, экскурсанттардың экскурсия барысында ескерген проблемалар туралы, оларға деген қызығушылық дәрежесі туралы (әлеуметтік, тарихи, адамгершілік) пікірлері; экскурсанттардың әңгіме тақырыбына айналған құбылыстарға, оқиғаларға, фактілерге баға беруі жатқызылады. Көбінесе материалды игерудің көрсеткіші ретінде қойылған сұрақтардың саны мен сапасын айтуға болады. Сұрақтың сапасы, құбылыстың мәніне ену тереңдігі экскурсанттармен қоғамдық дамудың заңдары мен заңдылықтарын түсіну дәрежесін айқындайды.
Экскурсиялық үрдістің қажетті бөлігі экскурсоводтың экскурсиядан тыс жұмысы болып табылады. Экскурсияны жүргізудің соңғы сатысын экскурсанттардың алынған білімдерін тереңдету бойынша өз бетінше жұмысқа айналдыруға болады. Экскурсияның басты функцияларының бірі - адамның қызығушылықтарын қалыптастыру функциялары. Осыдан экскурсияның мақсаты туындайды - аудиторияның білімдерін толтырып қана қоймай, сонымен қатар, білімнің нақты саласына деген қызығушылығын тудыру. Экскурсовод әрекетіндегі экскурсиялық үрдістің жеке элементтерінің арасындағы байланыс пен қатынас 2 суретте көрсетілген.
Тақырыпқа байланысты қайталанатын сұрақтар :
- Мән ұғымын түсіндіріңіз?
- Экскурсия ұғымын түсіндіріңіз?
- Экскурсия ұғымы неден құралады?
- Экскурсиялық үрдісс қандай мақсатттары қандай?
- Қандай ұғым экскурсияны түсіндіре алуы мүмкін?
- Экскурсиялық қызмет қандай аспектілері болады?
- Қазақстан республикасының Туристік қызмет туралы заңында экскурсияға қатысты қандай анықтамалар келтірілген?
- Экскурсияның функцияларын атап түсіндіріңіз?
Коммуникативтіге дейінгі фаза Коммуникативті фаза
Сурет 2 - Экскурсиялық үрдістің мазмұны
2 Экскурсияның құрылымы мен классификациясы
2. 1 Экскурсияның функциялары мен белгілері
«Экскурсия» сөзінің өзі де латын «excursion” сөзінен аударылған. Орыс тіліне ол ХІХ ғасырда енген, және бастапқыда «жүгіру, әскери шапқыншылық» дегенді, осыдан кейін - «жортуыл, бару» дегенді білдіретін. Кейінірек, осы сөздің мағынасы «ия» атты сөз типіне ауыстырылды (экскурсия) . «Экскурсия» терминін талқылау әртүрлі сөздіктерде және энциклопедияларда келтірілген.
В. Дальдың еңбектерінде «Экскурсия - өту, серуендеу, бір нәрсені іздеуге шығу, шөптерді жинау және т. б. » жазылғанын көреміз.
Үлкен кеңес энциклопедиясында: «Экскурсия - көруге тұратын объектілерге бару (мәдениет ескерткіштері, мұражайлар, кәсіпорындар және т. б. ) білімдерді алудың формасы мен әдістері деп анықтама берілген. Әдетте ұжыммен, экскурсовод-мамандардың жетекшілігімен жүргізіледі».
Д. Н. Ушаковтың орыс тілінің талқылама сөздігінде «экскурсия» «ғылыми білім беру немесе көңіл көтеру мақсатында ұжымдық сапар немесе қыдыру» ретінде қарастырылады.
Кеңес одағының энциклопедиялық сөздігі мынадай нұсқаны ұсынады: «Экскурсия - оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсатта көрнекі орындарға, мұражайларға және басқа да көрнекіліктерге ұжымдық бару; жиірек туризммен үйлеседі. Туристтік терминологиялық сөздіктің авторлары «Экскурсияны - оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсаттарда көрнекі орындарға, мұражайларға және т. б. жерлерге экскурсоводтардың жетекшілігімен ұжымдық немесе жеке түрде бару» деп есептейді.
«Үлкен ресейлік энциклопедия» келесі анықтаманы береді: «Экскурсия (Excursion латын сөзінен аударғанда - бір жерге бару) - экскурсоводтың жетекшелігі арқылы білім алу және мәдени-ағартушылық мақсаттармен көрнекі орындарға, мұражайларға және т. б. жерлерге ұжымдық немесе жеке бару.
«Экскурсия - білім беру немесе танысу мақсатында нақты жоспар бойынша ұйымдастырылған, түсіндірмемен алып жүретін белгілі бір затты (өнер туындылары, тарихи ескерткіштер, қандай-да бір құрылғылар, механизмдер және т. б. ) көрсету.
«Шетел тілдерінің қысқаша сөздігін» жасаушылар басқа пікірді ұстанады, олардың айтуы бойынша: «Экскурсия - мұражайларға, көрмелерге, көрнекі орындарға және т. б. ұжымдық бару; білім алу, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауық мақсатпен жол жүру, қыдыру; осындай сапарды іске асыратын тұлғалар тобы (экскурсанттар) .
Жоғарыда келтірілген анықтамалар экскурсиялық теориямен жете таныс адамдармен келтірілгені ықтимал. Біздің пікірімізше, студенттерді экскурсовод мамандығына дидактикалық оқытудың анықтамасы үшін, жете «экскурсия» және «экскурсиялық теория» терминдерінің астында нені түсіну керек екенін нақтылау қажет. Түсініктеме мақсатында нақты экскурсиялардың бірнеше қатары бар. Оларда қарама-қайшы түсіндірмелер жоқ, алайда, бірнеше айырмашылықтар байқалады, себебі, әрбір түсіндірме экскурсияларға қатысты, оларда мынадай айырмашылықтар бар:
- мақсаттары (оқыту, жалпы білім беру, ой-өрісін кеңейту және т. б. ) ;
- топтастырылған формалар (мазмұны, өткізу орыны, қатысушылар құрамы және т. б. бойынша) ;
Сондықтан біздің экскурсия семантикасына деген қызығушылығымыздың көз қарасымыз бойынша мамандардың пікіріне жүгінейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz