Присяжныйлар қазақтан алыну


1 . XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
XX ғасырдың басында-ақ Қазақстан көп ұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі территориясы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент
қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала
генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының территориясы Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды. Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж. ) Қазақстан халқының саны 4147, 7 мың адамнан 5045, 2 мың адамға, яғни 25, 7% көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрлардыаңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтыңтабиғи өсімі 11, 3%, ал 1907-1916 жылдарда -15, 3%; Ақмола облысыбойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылғы 33, 0% 1917 жылғы 55, 7% дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде
халықтың табиғи өсімі 38, 9% болған. Ал, қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төменболғандығы көрінеді: Жетісуда - 25, 7%, Сырдарияда - 25, 6%, Оралда - 20%, Семейде - 15, 6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының
үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкіаймақтарынан жаппай қоныс аударуының аңғаруға болады. XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни таукен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің таукен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран Қарағанды тас көмір кенін және рудниктерін түгелдей сатып алып, пайдаланды. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен және су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондайақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізіліп отырды. Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару өнеркәсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел капиталистерінің билігінде қала берді. Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бұл кезеңде жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.
Сонымен қатар Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12сағатқа дейін, алтын өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат, тұз өндірілетін кәсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін созылды. Міне, осындай әлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген және кәсіп иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын
басынан өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды.
Осының бәрі күрделеніп келіп, қазақ жұмысшыларын
өздерінің және қоғамдық-саяси жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі.
2 . XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорына» қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. «Қоныс аудару қоры» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион 11000
мың адамға жетті және олар 15, 6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П. Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Столыпин реформасы бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-жылдары қазақ өлкесінің даалық облыстарына 294296 адам қоныстанса 1906-1910 жылдары олар саны 770 мың адамға жетт. 1897жылы дала өлкесінде орыстардың үлесі 20 пайыз болса 1917 жылы 42 пайызға жетті. ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесінде тау кен өнеркәсібі дамыды, 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
3 . XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы.
Қазақ ұлттық интелегенциясының қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде болды. Қазақстандағы ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы әртүрлі жағдайда жүрді, оның әлеуметтік құрамы мен саяси көзқарастары біркелкі болмады.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлттық интеллигенциясы біртекті болмады, ол өзінің саяси бағыттары мен әлеуметтік негіздері бойынша үш топқа бөлінді: 1-іншісі демократиялық - Алаш қозғалысының белгілі зерттеушісі - профессор Аманжолов бұл топты либералдық-демократиялық деп есептеді. оның өкілдері Санкт-Петербург, Мәскеу және Ресейдің басқа да орталықтарында жоғары білім алған, көпшілігінде отаршылық әкімшілікте қызмет еткен және дәрігер, мұғалім, адвокат және т. б. ретінде жұмыс істеген, сұлтан, би, бай және ауқатты қазақ шаруалары отбасыларынан шыққандар болды. Ресей демократиялық идеалдары және Батыс еуропалық прогрессивті ойларының ықпалымен тәрбиеленген, басқа топтарға қарағанда, саны жағынан көп және жақсы ұйымдасқан бұл топ «Алаш» партиясының негізін құрады. Бұл топты Әлихан . Бөкейхан «Батысшылдар» деп атайды Бұлардың қатарында Байтұрсынов, . Тынышпаев, Шоқай, Ақпаев, Дулатов, тұрды.
Ұлттық интеллигенцияның екінші тобы Түркияны бағыт еткен мұсылмандық қозғалыс өкілдерінен тұрды, осы үшін оларды Бөкейханов түркіфилдер деп атады . Бұл топқа тек молдалар, имам, қожалар ғана емес, демократиялық бостандық үшін, бірінші кезекте ар бостандығы және патшалық Ресейдің отарлық езгісіне, оның қазақтарды орыстандыру мен күштеп шоқындыру саясатына қарсы күрескен ұлттық интеллигенция өкілдері де кірді.
Орыс зиялы қауымымен салыстыра отырып, Бөкейханов бірінші бағытты «Батыстықтар» деп, екіншісін «Түркіфилдер мен панисламизмді жақтаушылар» деп атады.
Бұл екі топ 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң ерекше белсенділік танытты.
3) Ұлттық зиялылар тобынының шағын бөлігін қазақ кедей шаруаларынан шыққандар құрады және олар социалистік бағыттағы көзқараста болды. Бұл топтың өкілдеріне: Әліби Жангелдин, Тұрар Рысқұлов, Көлбай Төгісов, Сәкен Сейфуллин және тағы басқалар жатты, 1917 ж. ақпаннан кейін өздерінің ұйымдарын, баспа органдарын құра бастады. Бұл топ 1917 ж. Қазаннан кейін Орталықтан, Кеңес үкіметінің, оның әскерлерінің қолдауымен «Алаш» қозғалысына қарсы күресті күшейтті.
Жалпы қазақ зиялылары ұлттық идея: əділеттік, бірлік, ұлттық тілді-мəдениетті дамыту, оқу, білім алу, басқа елдер мен терезесі тең болу деген мəселелерге көңіл аударыды. ХХ ғасырдың басында Қазақстанның ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары - Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Шоқай, Нұрмақов, Сəдуақасов, Ақбаев тағы басқа қазақ зиялылары есіміндерін ерекше айтамыз.
4 . Қазақтардың Ресейдің І - ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
1905 жылғы қанды жексенбіден кейін Бүкіл империяны қамтыған наразылықтардың күшеюіне байланысты патша үкіметі халыққа бірқатар жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. 1905 жылы 17 қазанда II Николай патша азаматтық бостандықтардың мызғымас негіздерін енгізу манифесі мен Мемлекеттік думаға сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.
Бөкейханов бастамасымен патша манифессінің мәтіні қазақ тіліне аударылып он мың данамен қазақ ауылдарына таратылды. Жер жерлерде қазақтар жиналып манифесті оқып болашақтағы мемлекеттік дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. 1905 жылы 17 қазан манифесі бойынша мемлекеттік дума шақырылатын болды.
I Дума 1906 жылдын 27 сәуірі мен 8 шілдесі аралығында болып бар болғаны 73 күн жұмыс жасады. Қазақ өлкесінен мемлекеттік думаға 4 миллион халыктан 9 депутат сайланды . 4уі қазақ, 5 уі орыс халқының атынан сайланды. Олар Орал облысынан Алпысбай Қалменов Торғай облысынан Ахмет Бірімжанов Семей облысынан Әлихан Бөкейханов Астрахань губерниясынан Бақтыгерей Құлманов. Бұлардың барлығы жоғарғы білімді мамандар еді. Думада аграрлық мәселе талас тудырды. Думаның жұмысында аграрлық мәселе бойынша Қалменов пен Бірімжанов белсенділік танытты. Заңгер ретінде Ахмет Бірімжанов бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар айтты.
Ахмет Бірімжанов аграрлық міселе бойынша құрылған комиисияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізуді ұсынды. Қазақ депутаттары сондайақ мұсылмандар фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатысты.
Әлихан Бөкейханов думаға сайланғанымен дума жұмысына қатыса алмады себебі себепсіз тұтқындалып Павлодар түрмесінде үш ай қамуда болды. Ол түрмеден шығып барам дегенше Дума депутаттары жеке меншік жерлерді күшпен алып оны жері аз шаруаларға беру туралы шешім қабылдаса бұл шешіммен үкімет келіспей нәтижесінде 1906 жылы 9 шілдеде II Николай I Думаны тарату туралы жарлыққа қол қойған болатын сондықтан Әлихан Бөкейханов I Думаның заңсыз таратылғанына наразылық білдірген Выборг үндеуіне қол қояды. I Мемлекеттік Дума құрамы жағынан кадеттік либералдық болды. 1906 жылдын желтоқсанының соңында ІІ Мемлекеттік Думаға сайлау басталды.
ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жылы 20 ақпан да өз жұмысын бастады . Дума 103 күн жұмыс істеді. ІІ Мемлекеттік Думаға 14 депутат сайланса оның ішінде 6 уы қазақ халқының өкілдері болды. Олар Ақмола облысынан молда Шәймерден Қосшығұлов, Семейден би Темірғали Нұрекенов, Оралдан Бақытжан Қаратаев, Торғайдан Бірімжанов, Жетісудан инженер Тынышбаев, Сырдариядан Аллабергенов сайланды. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған аграрлық мәселе және қоныс аудару мәселесі болды . ІІ Мемлекеттік Дума 1907 жылы 16 мамырдағы отырысында заңгер Бақытжан Қаратаев Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалық болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Бірінші орыс революцияы қатаңдықпен басылып тасталғаннан кейін 1907 жылы 3 маусымда реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар соның ішінде қазақтар сайлау құқығынан айырылды. 1907-1917 жылдар аралығында өткен III-IV Мемлекеттік думаларға қазақ қоғамынан депутаттар сайланбады. Қазақ зияларының орыс парламентіне артқан үміттері ақталмады. Ұлт зиялылары Дума жұмысына тікелей және мұсылман фракциясы арқылы қатыса жүріп саяси тәжірибе жинады және көздеген мұратқа жету үшін ауыр ұзақ жолдан өту қажеттілігін түсінді.
- Қазақ баспасөзінің қалыптасуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы) .
Ұлттық зиялы қауымның түрлі идеялық-саяси ағымдарының пікірін толық бейнелейтін «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті болды.
1911 - 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы (баспагері мен редакторы - Мұхамеджан Сералин . Қазақстандағы идеялық-саяси ойдың аграрлық-демократиялық бағыттарын көрсетті. Бұл журналда Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Торайғыров, С. Сейфуллин, Б. Майлин және басқада қызметтестер болды. Журнал беттерінде қазақ ауылындағы аграрлық қатынастар, ағарту және білім беру, ақша-тауарлық қатынастарының даму мәселелері ашылып, патша үкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді. «Айқап» журналындағы басты мәселе аграрлық мәселе болды. «Айқап» беттерінде ақша-тауарлық қатынастардың даму мәселелеріне, мал шаруашылығының қарқындылық мәселелеріне, қазақ шаруашылығының нарықпен тығыз байланыстар орнатуына, кооперациялар ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше орын бөлінген. 1913 - 1918 жылдар аралығында жарық көрген «Қазақ» газеті либерал - демократиялық бағыттағы идеяларды бейнеледі. Газет редакторы Ахмет Байтұрсынов болды. Бұл газетте Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов қызметтес болған. Басты аграрлық мәселені шешу, жерді қазақтар меншігіне беру, жерді сатуға тыйым салу талаптарын қойды. «Қазақ» газетінде экономикалық кеңістікте мал шаруашылығының рөлі туралы, мал шаруашылығын қарқындату туралы, кооперативтік қозғалыс туралы мақалалар жазылды. Жалпы, өлкенің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің дамуы туралы көзқарастарының әр түрлімгіне қарамастан, «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде қазақ халқының жалпы ұлттық идеялары мен мүдделерін көрсете білді.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы «Айқап» журналы
1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық ж урналыны ң бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған Мұхамеджан Сералин болды. Мұхамеджан Сералин “Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. Сералинмен қатар, Қаратаев, Сейдалин, Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. “Айқап” журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. Айқап” та жарияланған “Бізге не істеу керек?” деп аталған мақалада “Айқап” журналының бағдарламасы толық айқындалып жазылды яғни :
“ Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау. және тағы басқа
Мұхамеджан Сералиннің:
«Журналға «Айқап» деп есім бердік. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», - деді. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналда Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Бейімбет Майлин, Спандияр Көбеев, Назира Құлжанова т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ыбырай Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
Бейімбет Майлиннің сөзімен айтар болсақ, халық үшін «Қазақ» газеті көздің қарасындай, ал Айқап журналы көздің ағындай еді.
Қазақ газетінің № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында шықты. Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, және «Алаш» партиясының баспа органы болды.
1915 жылға дейін аптасына бір рет , одан кейін екі рет шыққан. Жалпы газеттің 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне « Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін қазақ деп қойдық деді Ахмет Байтұрсынов . Газетте Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ» газетінің шығуына байланысты жазылған «Қазақ құтты болсын!» деген өлеңі басылды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы Ахмет Байтұрсынов оның өкілетті өкілі Міржақып Дулатов болды. Газетте Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов; Мағжан Жұмабаев, Жақып Ақбаев; Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқалардың мақалалары жарияланып тұрды. «Қазақ» газеті арқылы Алаш зиялылары аумалы-төкпелі заманда қазаққа пайдалы ақыл-кеңес айтып, қоғамды дұрыс жолға бағыттауға тырысты. Мәселен, 1915 жылғы газеттің алғашқы санындағы мақалада қазақ жастарының солдатқа баруы маңызды екендігі туралы жазылған еді. Ресейдегі саяси күштердің қақтығысы салдарынан 1918 жылдың қаңтар айының 17-нен бастап «Қазақ» газеті алты ай мерзімге шығарылмай қалды. Ақыры, қайта басылып тарала бастағанымен, басылым ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. 1918 жылдың 16 қыркүйегінде «Қазақ» газетінің ең соңғы саны шықты. Жалпы
1913-1918 жылдары «Қазақ» газеті 26 рет жабылды, ал газет редакторы болған Ахмет Байтұрсынұлының өзі бірнеше рет тұтқындалған. 1918 жылдың қыркүйегінде большевиктер қазақ газетінің ұстанған бағыты большевиктердің идеяларына сәйкес келмеуіне байланысты газетті жауып тастады.
6 . 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері және барысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz