РЕФЕРАТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАСЫ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАСЫ

Орындаған: Ембердина Ақерке

Тексерген: Ляпбаева Нұргүл Ибрагимовна

Жастардың әлеуметтік проблемалары - бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік - демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.

Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.

Келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн төмендегідей бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек. Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылған. Әдебиетімізде жастар көп жылдар бойы жеке әлеуметтік-демографиялық топ болып қарастырылған жоқ. Тек 1960 жылдардан бастап «Жастар» түсінігіне анықтама беріле бастады, «Жастар» -жас айырмашылығы, әлеуметтік жағдайы және әлеуметтік-психологиялық ерекшелігіне тән әлеуметтік-демографиялық топ. Ал нақты жастар субмәдениетін қарастыру елімізде Кеңес одағы ыдырағаннан кейін жүзеге аса бастады, ескі жүйе құлдырап, жаңа постиндустриалды қоғамға қадам басу, яғни қалыптасқан құндылықтар мен ережелер өзгеріп, жаңа әлеуметтік қоғамға тікелей әсер еткен реформалардың қабылдануы барлық әлеуметтік топтарға, әсіресе жастар қауымына ықпалын тигізбей қоймады.

Жастар саны, әлеуметтік жағдайына байланысты статистикалық мәліметтерге сүйене айтуға болады. Жастардың жағдайы туралы 2005 жылғы бүкіләлемдік баяндамада келтірілген мәліметтер бойынша, 1995 жылға қарағанда 2005 жылы жас адамдар (15 пен 24 жас арасы) саны 1, 02 миллиардтан 1, 15 миллиард адамға дейін өскен. Қазіргі кезде жастар дүние жүзі халқының 18 пайызын құрайды екен.

Жастарға қатысты мәселелерді зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне сүйенер болсақ, олардың алдында шешуді қажет ететін көптеген проблемалар бар. Осылардың ішінен бесеуі ерекше бөліп аталған. Сөз ретінде Қазақстанда жастар проблемасына арналған зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты көп жағдайда ресейлік мамандардың мәліметтеріне сүйенуге тура келетінін ескерте кетпекпіз.

Олардың біріншісі “Қайда тұрамын?” деген проблема. Мұның, яғни пәтер мәселесінің бірнеше қырлары бар. Біріншіден, жастар барлық уақытта және барлық жерде бірдей қоғамның қамтамасыз етілген бөлігі бола бермейді. Өйткені, олар өмір сүруді енді ғана бастаған, негізінен ата-аналарының табыстары есебінен күн көріп жүрген қоғамдағы жеке тап болып табылады. Ал ата-ана өмірге деген көзқарастарына немесе материалдық жағдайларына байланысты балаға, үйленгеннен кейін жас отбасына жеке пәтер керек пе деген мәселені үнемі оңтайлы шешіп беріп отыра алмайды. Көптеген жағдайда ата-ананың өз балаларының талаптарын қанағаттандыруға қауқарлары да жетпей жатады. Жастардың өзінде боса-болмаса ақша жоқ. Ал несие алайын десе, бір жағынан тұрақты жұмысы, қомақты табысы болмағандықтан оларға банктер несие бере қоймайды, екінші жағынан, амалын тауып несие алған күннің өзінде жастардың аса жоғары ставкамен берілетін кредиттерді төлеуді қалталары көтермейді.

Екінші проблема “Қайда және қалай оқимын?” деген сауалға келіп тіреледі. Жоғары білімсіз, кәсіби даярлықсыз табысы жақсы жұмыс табу мүмкін емес. Сондықтан жастардың дені, дәлірек айтқанда, өз ертеңі туралы ойланғандары білім алуды мектептен кейін де жалғастыруға тырысады. Бірақ бұл ретте де ақша мәселесі алдан шығады. Өйткені, жоғары оқу орнына тегін түсу үшін тума талант болу керек. Ал ондай ерекшелік екінің бірінің маңдайына жазыла бермеген. Жұрттың бәрі дарынды болып кеткен жағдайдың өзінде гранттардың шектеулілігіне байланысты олардың белгілі бір бөлігіне ақылы түрде оқуға тура келер еді. Өмір жолын енді ғана бастағалы отырған жас ондай қаржыны қайдан табады? Осы орайда емтиханнан немесе тестілеуден сүрінбей өткендер ғана оқуды одан әрі жалғастыруға лайық деген пікірдің де сыңаржақ көзқарас екенін мойындау қажет. Болашақта жақсы маман, іскер ұйымдастырушы болып шығу үшін сынақтарды 4 пен 5-ке тапсырып көзге түсу тіптен де міндетті емес. Өйткені, қандай да болмасын тест сұрақтарының адамның бойындағы бүкіл қабілет-мүмкіндіктерін ашып бере алмайтыны екінің біріне белгілі жәйт. Керек десеңіз, сынақтардан сүрінбей өтіп, оқуды ойдағыдай аяқтап шыққан кейбіреулердің кейін практикалық жұмысқа келгенде мүлде қабілетсіз болып шығып жатуы да әбден мүмкін. Бұл жерде біз емтихан, тест сияқты сынақтардан өте алмаудың салдарынан жоғары білімге, дәлірек айтқанда, дипломға қолдары жетпей қалған жастардың арасында талай-талай іскерлер мен дарындардың болуы мүмкін-ау дегенді айтпақпыз.

Үшінші проблема “Қайда демаламын?” деген мәселе төңірегінде қылаң береді. Жастардың көңіл көтеретін, уақыт өткізетін орындар іздеуі табиғи жәйт. Бұл қай дәуірде де өскелең ұрпақ үшін өте маңызды мәселе болып саналған. Себебі, бос уақыттарын пайдалы өткізудің амалын таба алмай зеріккен жастардың теріс жолға түсіп кетуі оп-оңай. Нашақорлық, маскүнемдік, ұрлық, төбелес сияқты қылмыстар да дәл осындай себептерден, әсершіл, қызба мінез жастардың “екі қолдарын алдарына сыйғыза алмауларынан” туындап жатады.

Төртінші проблема “Қалай өмір сүремін?” деп аталады. Бұл жерде әңгіме табыс туралы болып отыр. Тіпті дипломы болғанның өзінде еңбек стажы жоқ жас маманның жоғары жалақы алатын жұмысқа орналаса қоюы екіталай. Мысалы, жақсы жұмысқа шақырғандар кемінде 5 жыл еңбек стажының болғанын талап етеді. Ал жастардың өмірдің барлық қызықтарын көре жүріп емін-еркін өмір сүргілері келетіндігі аян. Оның сыртында қызмет бабында жоғарылау жағын да ойлауы керек. Ал оның бәрі оңайлықпен іске аса қоятын шаруалар емес. Әсіресе, әркім өз күнін өзі көруі тиіс деген қағида белең алып тұрған нарық заманында бұл проблемалардың шешуі мейлінше қиын түйіндерге айналып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Экологиялық апат
Балқаш проблемасы
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨМІРДІҢ МӘНІ
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау біліктілігін қалыптастыру
Жас стратификациясы
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Өсімдік экологиясы өңдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz