Қазақ тіл білімінің зерттелуі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақ тіл білімінің зерттелуі
Тексерген: Мұхамбетов Ж.
Орындаған: Филология 101\1
студенті Мыңбай Л.Е.
2021-2022 оқу жылы
Қазақ тіл білімінің зерттелу мақсаты
Қазақ тіл білімін зерттеудегі алғашқы грамматикалық 6 еңбек талданады. Олар: Н.И.Ильминскиийдің Материалы к изучению киргизского наречия (1861), М.А. Терентьевтің Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская (Книга І, СПб, 1875) еңбегі, П.М. Мелиоранскийдің Краткая грамматика казак-киргизского языка (Спб., 1894, ч.1) деген еңбегі, В.В. Катаринскийдің Грамматика киргизского языка (Орынбор, 1897) атты еңбегі, Н. Созонтовтың Записки по грамматике киргизского языка (1912 жылы Ташкент) деп аталатын еңбегі, Г.В. Архангельскийдің құрастыруымен жарық көрген "Грамматика казахского языка" (1927) атты еңбегі. Қазақ тілінің қайнар көздері болған еңбектер, олардың қазақ тіл білімінің салаларына қатысты маңызы сөз етіледі. Қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысқан орыс, қазақ ғалымдарының еңбектері бүгінгі күн тұрғысынан сараланады. Сол кезеңдегі қазақ тілін зерттеу туралы мәселенің саяси астары ашылады, мақсаты айқындалады. ХІХ ғасырдың екінші жартысы түркі тілін зерттеудің алтын ғасыры деген атауға ие болып тарихта қалды. Орыс және Батыс Еуропа ғалымдары түркі тілдерін тарихи, ғылыми тұрғыдан зерттеуді осы кезеңде нақты қолға алды. Патшалық Ресей қоластындағы шығыс халықтарын орыстандыру арқылы өз үстемдігін жүргізбекші болып, оларды ортақ бір тілде сөйлету жолында миссионерлік саясатты жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып бақты. Осы әрекет орыс түркітанушылары арқылы жүзеге асырылды. Оларға үлкен міндеттер жүктелді, өз еңбектерінде түрік грамматикасын үндіеуропа, оның ішінде орыс грамматикасымен байланыстыра зерттеу басты нысанға алынды. Ал түркі тілдері тобының бір тармағына жататын қазақ тілі де бұдан тысқары қала алмады. Қазақ тілінің қайнар көздерін зерттеуді алғашқы баспалдақ аталатын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау - тарих беттеріндегі қазақ тілі грамматикасының негізі қаланған кезеңге қазіргі күн тұрғысынан баға беру, өткен олқылықтарды түзетуге қадам жасау болып табылады.
Қазақ тілі туралы алғашқы зерттеу - неміс ғалымы Г.Ю. Клапроттың 1823 жылы жариялаған Қазақ тілі жайында деген француз тіліндегі мақаласы [1]. Шығыстанушы ғалым бұл мақаланы Парижде Азия журналында жариялаған. Мақаланың алғашқы бөлімінде қазақ тілі жайлы жалпы шолу жасалса, екінші бөлімінде французша-қазақша сөздік беріліп, сол арқылы қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері, оның монғол тілінен айырмашылығы, түркі тілдерімен туыстығы салыстырылады. Содан бері қазақ тілі жөніндегі зерттеулер 1888-1902 жылдары қазақ зиялыларының мақалаларында үзбей жарияланып, мерзімді баспасөз беттерінде сөз етіледі. Мысалы, Р. Дүйсенбаевтың [2], қазақ тілі туралы газет бетіне тұңғыш мақала жазған Бөкен Адықовтың, Дінмұхамет Сұлтанғазиннің Біздің қазақ туралы 5-6 ауыз [3] деген мақалалары негізінен, қазақ тілінің түркі тілдерінің ішінен алатын орны, қазақ тіліне басқа тілдерден сөз қабылдау принциптері, алфавит, орфография, пунктуация, т.б. болды [4, 7-9]. Аталған мақалалар қазақ тіл білімінің негізін қалыптастыруға түрткі болады. Алфавитке, грамматикаға қатысты жазба жұмыстары мен екі тілді сөздіктер ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Қазақтарға арналған бірінші әліппе 1892 жылы Қазанда басылды, сосын 1879 жылы Орынборда Ы. Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы мен 1896 және 1899 жылдары Махтубап кітабы басылып шықты. Патша үкіметінің тапсырмасымен орыс ғалымдарының келе бастауының нәтижесінде көптеген еңбектер орысшаға аударылып, жарық көре бастады. Орыс оқымыстылары қазақтарға орысша үйретіп, олармен араласа бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс түркологиясы әлемдік шығыстану ғылымының алдыңғы сапынан көрінді. Барлық түркі тілдері сол кезеңде отандық ғалымдардың ғылымизерттеу нысанына айналды. Түркі тілін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуде атақты орыс ғалымдары - Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский, Н.Созонтов, Г.В. Архангельский, В.В. Радлов, Н.Н. Пантусов, В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, С.Е. Малов. Н. Лаптев, Е.А. Алекторов, қазақ халқының ағартушы-ғалымдары А. Диваев, М.Н. Бектемиров, Қ. Кемеңгеров, А. Байтұрсынұлы, Тоқаш Бокин, Е. Букин, Н.С. Жетпісбаев, Ж. Көшербаев, М.А. Машанов т.б. зор үлес қосады. Аталған ғалымдар қазақ тіл білімінің салаларын зерттеумен айналысты. Осы кезеңде орыс түркологиясында қазақ тілі туралы мәселе бекер қозғалмаған еді. Себебі, біріншіден, қазақ тілі туыстас түріктес елдермен салыстырғанда сөзге шешендіктерімен ерекше көзге түссе [5, 70 б.], екіншіден, Ресей үшін Жайықтан Ертіске дейінгі кеңістікте тұрған оның көршілері - қазақтармен қарым-қатынас жасау бәрінен де маңызды болды [6]. ХІХ ғасырдың орта шеніндегі қазақ тілін зерттеу практикалық мақсатты көздегенімен, А.Н. Кононовша айтқанда, орайы келіп ғылыми мазмұнға ие болған [7] жұмыстар да болды. Сондай еңбектің бірі - П.М. Мелиоранскийдің Краткая грамматика казах-киргизского языка деп аталатын еңбегі. Ғалымның бұл еңбегінде қазақ тілінің грамматикасын теориялық тұрғыдан сипаттап беруі көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Бұл жөнінде А.Н.Кононов: ...грамматика казахского языка, в которых, как в фокусе, сосредоточены все основные проблемы тюркского языкознания, определены задачи его дальнейшего развития и предложены реальные пути их решения [7, 13] деп, - еңбектің маңыздылығына тоқталады. Осыған дейін Николай Иванович Ильминскиийдің Материалы к изучению киргизского наречия [8] деп аталатын практикалық мақсатта жазылған еңбегі жарық көрді. Николай Иванович Ильминский (1822-1891) - Қазан діни академиясының ірі өкілдерінің бірі, тілші-түрколог М.А. Казембек пен М.Г. Махмудовтың шәкірті. Мұсылмандарға қарсы арнайы миссионерлік курс діни академиясын тамамдаған соң, араб елінде екі жарым жыл жұмыс істеп қайтады. 1854 жылы Қазан қаласына келіп, діни академия мен университетте шығыс тілдерінен сабақ береді. 1858 жылы Орынборға келеді де, Орынбор шекаралық комиссиясында аудармашы қызметін атқарады. Мұнда зерттеуші-ғалым В.В. Григорьевтің қолдауына сүйене отырып, қазақ тілін жетік меңгеруді мақсат етіп қояды. Оның өтініші бойынша В.В. Григорьев Шекаралық комиссия жанындағы қазақ балаларына арналған мектепті бітірген, қазақ тілін жетік білетін үш қазақ жігітін жанына қосып береді. Солармен бірге Н.И. Ильминский татар тілінде жазылатын ресми хаттарды қазақ тіліне аударады. Н.И. Ильминский қазақ ауылдарына барып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен танысады. Ел арасындағы сауатты адамдардан қазақтың тілі мен әдебиетіне, этнографиясына қатысты материалдар жинайды. Атап айтқанда, 1859 жылы Маңғышлақта, 1860 жылы Бөкей хандығында болып көптеген лингвистикалық деректер жинаған. Ертегіші Марабайдан Ер Тарғын ертегісін жазып алып, 1861 жылы жарыққа шығарады. Ел аралау кезінде ғалым қазақ интеллигенциясының ірі өкілдерінің бірі Ш. Уәлихановпен де таныс болып, оны жоғары бағалаған. 1859 жылы Н.И. Ильминский Ы. Алтынсаринмен танысады.
Ыбырай Алтынсарин зерттеушінің миссионерлік идеяларын құптамайды, алайда екеуінің арасында достық қарым-қатынас берік орнайды. Ы. Алтынсарин қайтыс болған соң, Н.И. Ильминский оның хаттарын, іскери құжаттарын және ағартушы туралы өз естеліктерін шығарады (1891). Ғалымның Алтынсарин туралы жазған материалдары қазіргі кезеңде де ғылыми маңызға ие болып табылады. Ал оның қазақ тілі грамматикасы мен фонетикасы туралы жазған Материалы к изучению киргизского (казахского) наречия еңбегі үш бөлімнен: фонетика (часть звуковая), грамматика, сөздіктен тұрады. Барлық фонетика-грамматикалық бөлім бар-жоғы 30 беттен (110-140 б.) аспайды. 140-159 беттер және еңбектің 152 беті сөздікке арналған. Грамматика бөлімінде тек татар тілінен ерекшеленетін формаларды ғана қарастырған. Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған баға жетпес байлығы - Рабғузидің Бабыр-наме мен Қысас-әл-анбияны жарыққа шығаруы. Мұнан кейін ғалымның В.И. Вербицкиймен және Алтай діни миссионерлерімен (М. Невский) бірлесіп, 1869 жылы Қазанда құрастырған Алтай тілінің грамматикасы атты еңбегі басқа түркі тілдерінің грамматикасын жазуға себепші болды. Сонымен қатар оның қазақ тілі үшін де орны ерекше. Өйткені бұл Грамматиканың негізгі объектілері болған телеут, алтай, шор, тува тілдерінің фактілері кітаптың өн бойында қазақ тілі материалдарымен салыстырылып отырылады [9, 11]. Келесі зерттеу Петербург мектебінің түркологі Михайл Африканович Терентьевтің Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская [10] деп аталатын еңбегі. Зерттеу еңбегінде қазақ тіліне қатысты бөлімі басқа түркі тілдерімен салыстырыла қарастырылғандықтан, оңтүстік диалекті мен көне өзбек тілін араластырып, ғалымдардың сынына ұшырайды. Бұл да қазақ тіл білімін толық қамтыған еңбек деп айтуға келмейді. Фонетикаға 1-2 бет қана беріледі де, синтаксис саласы мүлдем қарастырылмайды. М.А. Терентьев өз еңбегінің кіріспесінде Ресейдің ең басты миссиясы шығыс халықтарын батыс өркениетіне таңу екенін жазады. Ол шығыс тілдерін үйрену үшін 1864 жылы әскери министрліктің рұқсатымен Азия шетел министрлігі департаменті жанындағы шығыс тілдері бөліміне өз еркімен тыңдаушы болып оқуға түседі. Ол жерде шет тілде жазылған оқулықтармен танысады. Бірақ тілді жаңадан бастап жүргендер үшін көмегі шамалы болғандықтан: это подало мне мысль составить самому такой учебник, который удовлетворял бы всем требованиям науки и в то же время давал учащемуся возможность обоитись, в случая нужды, без учителя [10, 2]. деп автор ғылыми тұрғыдан сәйкес келетін оқулық жазбақ болады да, оны 1865 жылдан бастайды. Жиналған материалдарын тек он жылдан кейін ғана (тілді меңгеруіне байланысты) жарыққа шығарады. Автор еңбегінде Сильвестр де-Сасидің, Фицмайердің, Ходзьконың, отандық ғалымдардан О.И. Сенковскийдің (1800-1858) Мырза-Али Казембектің (1802-1870) көмегіне жүгінгенін жазады. Тағы бір мән беретін жағдай, ғалым Түркістан Округінде қызметте жүргенде Орал қазақ дивизонының қазақ лейтенантынан (атыжөні көрсетілмеген) қазақ тілін практикалық мақсатта үйренгенін, ол адамның кейбір фразалар мен диалогтарын өз еңбегінде пайдаланғандығын жазады. Зерттеу тілі ретінде автор Азияның көпшілік жеріне танымал
Түркістан қазақтарының сөйлеу тілі үлгілерін қолданады. Аталған еңбекті Н.И. Ильминскийдің материалдары бойынша құрастырады. Оны полковник Жәңгір Бөкеев Сұлтан мен Г. Ибрагимов қарап шығады. Еңбегінде автор қазақ тілі мен түрік, парсы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz