Жүйке жүйесінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:
Жүйке жүйесінің құрылымдық- функционалдық құрылысы және жас ерекшеліктері

Орындаған: Серік Гүлнара
Топ: Дефектология - 210
Тексерген: Кырбасова Э.А.

Алматы 2021-2022 жж.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
:: Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жас ерекшеліктері
:: Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
:: Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
:: Жүйке жүйесінің құрылымы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналымын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -- ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі -- көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.

Негізгі бөлім
Жүйке жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жас ерекшеліктері
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Адамның жүйке жүйесі 2-ге бөлінеді:
1) Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) - ми, жұлын;
2) Шеткі жүйке жүйесі - ОЖЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары.
Сонымен қатар, жүйке жүйесі (ЖЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
1) Вегетативті жүйке жүйесі - ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВЖЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді:
А) симпатикалық; Б) парасимпатикалық.
2) Соматикалық ЖЖ көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысын реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы
Жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Жүйке жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар жүйке ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді. Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.
Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді - дендрит, ұзын өсінді - аксон болады. Нейронның денесі сома деп аталады, оның пішіні әртүрлі. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Дендриттер қозуды қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы деп аталады. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді.
Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі - нерв импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады. Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат - миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі деп аталады. Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз деп аталады. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.
Синапстың:
- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді);
- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы)
- синапс саңылауын ажыратады.
Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі. Рефлекс және рефлекс доғасы ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр. Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы деп аталады. РД 5 элементтен тұрады:
-рецептор;
-афференттік нерв;
-ОЖЖ;
-эфференттік нерв;
-жұмыс органы.
Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық деп аталады. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немес полисинапстық деп аталады. Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1) экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;
2) интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3) проприорецепторлар - бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Нерв орталығы туралы түсінік.
ОЖЖ-нің әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы деп аталады. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады. ОЖЖ-нің қозу мен тежелу процестері:
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОЖЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу).
Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.
Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процесі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОЖЖ-гі тежелу құбылысын И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмнің әртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОЖЖ-нің қызметімен байланысты. ОЖЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОЖЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл - иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады. Бірақ ОЖЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОЖЖ-не түскен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады.
Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мысалы, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум - бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі - түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшықеттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасуша денесі
Темперамент туралы теориялар, түсініктер
Темперамент түрлері
Темперамент және мінез туралы
Холерик темпераменті
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Темперамент жөнінде түсінік
Синапстың құрылымы және жіктелуі
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Темперамент туралы ақпарат
Пәндер