Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3-4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1. Шерхан Мұртаза еңбектеріндегі тарихи деректер
1.1 Бір кем дүние шығармасындағы тарихи-философиялық ойлар ... 5-11
1.2 Түркі жұрты тәу еткен Тұрар Рысқұлов 11-15
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Шерхан мұраларындағы топонимика мәселелері
2.1 Мыңбұлақ мекені туралы топонимикалық 16-19
деректер ... ... ... ... ... ...
2.2 Ай мен Айша романындағы жер-су 19-25
атаулары ... ... ... ... ... ... .. ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер 27
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кiрicпe

Тaқырыптың өзeктiлiгi: ХХ ғасырдың 1960-70-ші жылдары қазақ прозасы
дамып, өркендеп биік бел-белестерге көтеріліп, озат əдебиеттер қатарына
қосылып та үлгерді. Ел басына төнген ауыртпалық шақ, аумалы-төкпелі
қиыншылық кез яғни қоғамдағы əр алуан аласапыран жылдар қазақ əдебиетінде,
соның ішінде ұлттық проза жанрында кең көрініс тапты.
Өткен ғасырда халықтың басына зор нәубет әкелген коммунистік-сталиндік
зұлматтан ел аштан қырылып жатқанда дүниеге келген, өзінің қаламгерлік
өмірімен кеңестік жүйені қақ жарып өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің Көк туын
бірге көтеріскен әдеби, тарихи Тұлға – Шерхан Мұртаза! Осыдан бір ғасырдай
уақыт бұрын – басына нәубет төнген халқымыз жан алып, жан беріп жатқан
кезеңде қоғамдағы кері кеткен ағыспен арпалыса жүріп, бүкіл кесірлі кеңес
жүйесіне майдан ашқан Тұрар Рысқұлов сынды халық перзентіне өзінің Қызыл
жебе атты роман-эпопеясын арнаған жазушы Шерхан Мұртаза қаламының
көркемдік қуатымен бұрынғы көрнекті шығармашылық ізденістерін сатылай
дамыта отырып, ғасырлық биікке көтерілді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев:
Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына
арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы
қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік
қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан
Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің
биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін
қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы
Шерағаң деп қадір тұтты. Сонау Теміртаудағы еңбек жолымның тікелей куәсі
болған ол Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалаған жылдарда да жанымда жүріп,
елді ілгерілету ісіне зор үлес қосты - деп өз бағасын берген болатын [1].
Шерхан Мұртаза да қазақ əдебиетінің іргелі жанрына толассыз қалам
тартып, проза саласында кілең үздік туындылар жазған, қазақ əдебиеті
тарихында асқар шыңдай ерекше орын алатын аса көрнекті сөз зергері.
Ұлы даланың жеті қыры атты мақаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаев, Ұлы
даланың ұлы есімдері атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу
қажеттілігін айтып, оның мақсаты қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр
саласындағы ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің
маңызды галереясын жасауды қолға алу қажеттілігін көрсетіп берді. Осы
орайда, Шерхантану ― қазақ əдебиеттану ғылымында зерттеуді талап ететін,
көкейкесті мəселелердің бірі болып саналады [2].
Бақ дарып, құт қонған Жуалы өлкесінен шыққан ақын - жазушыларының
еңбектері мен әдеби шығармалары ұрпақтар санасында сақталып, жалғастық
дәстүр негізінде мұра болып келеді.
Табалдырықтан асқан тау жоқ, сол сияқты туған жерден биік тұғыр да
болмайды. Іңгәлаған сәтіңнен іргелі тұлға болғанға дейінгі аралық – ешқашан
қайталанбайтын ұлы ақиқат. Ал жазу дейтін жауһар әлемнің ішінде тағдырды
тебірентетін жалғыз ғана қасиет, жүз бұратын құбыла да туған жер.
Ең алдымен Шерхан Жуалы жерінде туылып, балалық-шағы Мыңбұлақ өлкесінде
өткен. Ол қай шығармасында болмасын туған жердің табиғатын, тарихын ерекше
тебіреніспен жазып кеткен болатын.
Зeрттeу жұмыcының мaқcaты: Жұмыcтың нeгiзгi мaқcaты күллі қазақ
халқының мақтанышына айналған жазушы Шерхан Мұртазаның құндылығы күн санап
артып отырған еңбектеріндегі жер-су атауларының суреттелу шеберлігі мен
деректеріне, тарихи мәліметтеріне ғылыми талдаулар жасау.
Зeрттeу жұмыcының ныcaны: Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері.
Зeрттeудiң мiндeттeрi: Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектерін дәйектеп,
тұжырымдауда, мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді алдымызға қойдық.
- Жазушының Бір кем дүние шығармасындағы тарихи деректер мен
мәліметтерге талдаулар жасау;
- Шерағаңның шығармасындағы Тұрар Рысқұловтың қоғамдық - саяси,
тарихи қызметіне берілген бағаны дәйектеу;
- Жазушының туған Мыңбұлақ мекенінің шығу тарихына ғылыми негізде
тұжырымдар жасау;
- Ай мен Айша романындағы жер - су атауларына сипаттама беру.
Зeрттeудiң мeтoдoлoгиялық нeгiзi: Жазушының еңбектеріндегі әдебиет пен
тaриx мәдениеттану, дүниетану мен өлкетану жәнe т.б. ғылыми
тұжырымдaмaлaры, құндылық ұcтaнымдaры бacшылыққa aлынып, терең талдаулар
жасалынды.
Зeрттeудiң ғылыми жaңaлығы. Қaзaқcтaн Рecпубликacының тұңғыш
Прeзидeнтi, Eлбacы Н.Ә.Нaзaрбaeвтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
стратегиялық мақаласы аясындағы туған жер, Ұлы даланың жеті қыры
мақаласындағы ежелгі тарихымыз бен мәдениетімізге берген бағаларын негізге
алынды.
Шерхан Мұртазаның топонимикалық - тарихи мәліметтеріне деректемелік
негізде ғылыми талдаулар жасалынды.
Зeрттeу жұмыcының прaктикaлық мaңызы: Зерттеу жұмысының барысында
жазылған деректер мен мәліметтер және осылардың нeгiзiндe жacaлынғaн ғылыми
тұжырымдaр мeн қoрытындылaрды, aлынғaн нәтижeлeрдi жалпы білім беретін орта
мектептің Өлкетану оқулығына, қосымша материал ретінде оқытуға негіз
бар.
Зерттеу жұмыcының құрылымы: Зeрттeу жұмыcы кiрicпeдeн, eкi нeгiзгi
бөлiм мeн қoрытындыдaн, пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.

1 Шерхан Мұртаза еңбектеріндегі тарихи деректер

1.1 Бір кем дүние шығармасындағы тарихи-философиялық ойлар

Қолына қалам ұстап, аумалы-төкпелі замандағы ел тағдырын, азамат жайын
қалың-қалың кітап етіп жазған, сонда да шаршамаған, қайта ұлт алдындағы
перзенттік парызы жігерлендіріп, талай сарсаңға қасқайып төтеп берген
Шерхан Мұртазаның Бір кем дүние кітабындағы жүрекжарды ой-толғаулары мен
сезім-сырлары, өмір мысалдары баршамыз үшін темірқазық болары анық [3].
Бір кем дүние... Атам қазақтың мына жалғанның жеке пенде үшін қас
қағымдай өткіншілігіне, ал Жаратқан Иенің, оның жаратқан табиғаттың Жер-Ана
бесіктің, уақыттың мәңгілігіне қарап айтқан ғажайып мәнді сөзі болса керек
дейміз, бүгінгі тілмен өрнектесек, философиялық категория, данышпандық
өлшем болса керек деп білеміз.
Шерағаңның Бір кем дүниесі... арманға толы, асыл ағаларымен бірге
өткен күндерін сағынып, қысқа қайырыммен олардың жарқын бейнесін көз алдына
келтіреді, қан қақсатқан кешегі заманның қайғысын бүгінгі ұрпақ ұмытпасын,
ұлтым сабақ алсын деп зар етіп айтады, жұтып қойған асыл тұлғаларын
іздейді, олардың басына дұға оқып, ең аяғы бас иетін орынды да бұйыртпаған
тоталитарлық жүйенің қаныпезерлігіне күйінеді, - кітапты оқи отырып мына
өмірдің осыншалықты аумалы-төкпелілігін сезінесің, бүгін Тәуелсіздікке ие
болдық деген қазақ елінің, ұланғайыр жерінің қазіргі ұрпақтарының мойынына
жүктеген батпан- батпан аманатын ұғынасың.
Біздің тарихымыз Кеңес үкіметі тұсында ашықтан - ашық бұрмаланды. Сан
ғасырлық қайталанбас мәдениеті мен тарихы бар халқымызды ұлтсыздандыру
жолында қолдан келгеннің барлығын жасап бақты. Нәтижесінде мәдениеттің
ошағы саналған ортағасырлық қалаларымыз елеусіз, зерттеусіз қалып жатты. Ал
оны зерттеуге талпынған ғалымдар мен зиялылар мейлінше қудалауға ұшырады.
Солардың бірі облыс іргесіндегі Баласағұн (Ақтөбе) қаласы болғандығы
жасырын емес.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өшкеніміз қайта жанған тұста осы
Баласағұн ортағасырлық қаласының территориясына байланысты түрлі жорамалдар
жарық көріп, түрлі таластарды да туындатқан болатын.
Осы орайда Бір кем дүние атты шығармасында Шерхан Мұртаза: Ерте,
ерте, ертеде Баласағұн шаһары болғаны рас. Ол Шу өзенінің бойында тұрған
екен. Ал дауласып жүрген қазақ пен қырғыз оқымыстылары. Қырғыздар айтады:
Баласағұн қаласы біздің жерде, – дейді. Қазақтар: Жоқ, біздің
жерімізде, – дейді. Шу өзені екеуінің де аумағында жатыр. Сонда Баласағұн
сол Шудың қай тұсында тұрған? Қырғыздар айтады: Шудың бойында Тоқмақтың
тұсында Бурана деген мұнара тұр. Әне, сол Баласағұн, – дейді. Оны да
көрдік. Мұнара бар екені рас. Бірақ Баласағұн егер де кәдімгідей қала
болса, қала тұрмақ, кішігірім ауыл сиятын жер жоқ. Бір жағы – жар, бір жағы
– Шу. Ал профессор Шалакенов айтатын Баласағұн Ақсу дейтін өзеннің Шуға
құятын қиылысында құладала жерді алып жатыр. Айналасы ат аптырым қазылған
ордың сұлбасы да көрінеді. Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік
университеті тарих факультетінің студенттері жылда жазда осында қазба
жұмыстарын жүргізеді. Көне қаланың толып жатқан белгілері табылған. Бұл
жайдың басы қашан ашылады? - деп өзінің толғанысын білдірген болатын [3].
Соңғы уақыттарда Орта Азияны жаулап, үстемдігін құрған барлас
тайпасынан шыққан Ақсақ Темірдің төңірегінде де дау легі толастаған емес.
Шерхан Мұртаза өз шығармасында оның дін жолындағы адам екендігін толықтыра
түседі. Мысалы: Ақсақ Темірдің аманаты атты бөлімде: Жалған дүниеден
өтер алдында жарты әлемді жаулаған Әмір Темір жанындағыларға аманат айтты:
– Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті
жоқ. Ажалды біреу айқайлап,қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді жыртып,
жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан Аллаһу акбар деп маған мейірім
тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін Фатиханы оқыңдар. Жарты әлемді жаулаған
Әмір Темір де мейірімге мұқтаж. Бір кем дүние... - деп жазып кеткен [3].
Расында да ғалымдарымыз Әмір Темірдің ислам дініне мойынсұнып, Қожа Ахмет
Яссауи, Арыстан баб кесенелерін салдырғандығын жазған.
Соңғы уақыттары тек ғылыми әдебиеттерде ғана емес, әлеуметтік желілерде
де жарты әлемді тітеренткен Шыңғыс хан мәселесіне де байланысты түрлі
пікірлер бар екендігі баршамызға белгілі. Осы орайда Шерхан да Жарты
әлемді жаулаған Шыңғыс хан Таңғұт елінде әлдеқандай жұмбақ ажалдан кеткен-
дейді тарих.
Ең жақын адамдары Шыңғыс ханның денесін қара жерге көміп, үстінен мың
жылқы айдатып, таптап тастаған дейді. Оны көміскен адамдардан тірі куә
қалдырмай, бәрін өлтіріп тастаған.
Бұл, сірә, Бұрхан тауының бір сілемі көрінеді.
Енді бір аңызда Орхон өзенін басқа арнаға бұрып жіберіп, соның табанына
терең қазып, Шыңғыс ханның сүйегін тоғыз қабат табытқа салып, Орхонды
қайтадан өз арнасына бұрып жіберген.
Шыңғыс ханның сүйегі өзеннің табанында жатыр деседі. Таяуда бір
көріпкел қазақ Шыңғыс ханның қай жерде жатқанын мен білемін деп, баспасөз
арқылы бөсіп еді. Әлі ештеңе жоқ. Шыңғыс хан бұл фәниден өткелі мың жыл
болайын деп қалды.
Жаңа техникамен қаруланған жапондар да іздеп жүр. Нәтиже жоқ.Бір кем
дүние деген осы - деп өз ойын тарихи тұрғыда тұжырымдап берген [3].
Сонымен бірге осы Бір кем дүниеде тағы бір тарихи деректі алға
тартады. Енді осыған назар аударып көрейік. Тұрар Рысқұлов 1938 жылы
атылды деп жазылатын. Қабiрi Москва түбiндегi Бутова деген деревнядағы
зиратта дейтұғын. Бiрақ кейiн iздеушiлер сол Бутовадан таппады.
Кейбiр басылымдар Тұрардың өлген жылы 1943 деп жүр.
Тұрар Рысқұлов туралы "Служение народу" атты қомақты кiтап жазған
москвалық профессор В.М.Устинов: – Өте құпия құжаттар бар. Ол тек генсектiң
рұқсатымен ғана көрсетiледi. Бiр сөз бар: Тұрар Рысқұлов Солтүстiк
Қазақстанда өлген, – дейдi-дағы, сыбырлап: – Аштан өлген, 1943 жылы, –
дейдi.
Ақыр байдың баласы аштан өлген. Тұрар, миллиондарды сталиндiк-
голощекиндiк аштық ажалынан (геноцид) арпалыса арашалаған Тұрар Рысқұлов
ақыр соңында өзi аштан өлген?! Әдiлет қайда, атасына нәлет!
Тым болмаса моласы да жоқ.
Шыңғыс ханның моласын осы уақытқа дейiн толып жатқан зерттеушiлер таба
алмай келедi.
Ал халықты аштық қырғыннан сақтап қалған Рысқұловтың моласын кiм
iздейдi?! Бiр кем дүние - деп өзінің тарих саласындағы өкінішін жеткізген
[3]. Расында да тұтас түркі жұрты тәу еткен Тұрардың қоғамдық - саяси,
тарихи бейнесі әлі де терең зерттеулерді қажет етеді.
Шерхан Мұртаза тек тарих саласының білгірі мен жанашыры ғана емес,
сонымен бірге мәдениет саласындағы маңызды ескерткіштердің де клеңсіз
тұстарын жазып кеткен. Соның екі мысалын көрсетіп берейік.
Бір кем дүние шығармасында Кенесарының басы қайда атты бөлімінде:
Сөйткен Шыңғыс ханның көкжал ұрпағы – Кенесары хан Астананың қақ
ортасында, Есіл өзеннің жағасында оңтүстік-батысқа қарап, алмауыт аттың
үстінде шіреніп отыр.
Скульптура авторы – Нұрлан Далбай деген азамат. Тұғыр салғыш – кәдімгі
өзіміздің Шота Уәлихан.
Кенесары ханның басында айырқалпақ. Қалпаққа кейде шымшық қонып
отырады.
Ал шын өмірде Кенесары өз жасақтарымен Ақмола атты патша қамалына қарсы
беттен, яғни, оңтүстік-батыстан солтүстік бетке қарай шабуыл жасаған.
Сөйтіп, патшаның зеңбірекпен, мылтықпен мұздай қаруланған қорғаныс
қамалына найзамен, қылышпен, дойыр қамшымен, шоқпармен қаруланған қолды
бастап, Ақмола қамалын басып алған.
Бәрі дұрыс. Бірақ кейін-кейін патшаның сансыз әскеріне, зеңбірегіне
қарсы тұра алмай, оңтүстікке, Қырғызияға қарай бет алды. Қырғыздың
шонжарларымен мәмілеге келіп, патшаға қарсы одақ құрмақшы еді. Бірақ патша
губернаторлары қарап жатпай, қамданып, қырғыз манаптарының аузын алып,
зеңбірекпен, мылтықпен қаруландырып, Кенесары қолына қарсы шығуға дайындап
қойған екен.
Келелі істің аяғы кері кетіп, Кекілік таудың тұсында, хан Кене қолға
түсіп, жауыздар оның басын кесіп алып, патшаға тарту ретінде Омбыға, одан
соң Петербургке жіберген дейді. Бірақ сол бас әлі табылмайды.
Ал Астана қаласының қақ ортасында, Есіл өзені жағасында алмауыт атқа
мінген Кене хан шіреніп отыр. Басында айыр қалпақ. Бұл тас бейне. Ары-бері
ағылып өтіп жатқан адамдар. Ескерткішті айнала қойылған скамейкаларда
отырғандар. Көбісі хан Кененің өз басы әлі табылмағанын білмейді.Бұл да бір
кем дүние - деп өзінің бабалар алдындағы өкінішін көрсетсе, қазіргі
Тараздағы драма театрдың алдында ұлт батыры бір кездері Бауыржан Момышұлына
ескерткіш қойылғандығы баршамызға белгілі. Осы жерге келген Шерағаң: Бұл
өте бір Иманды іс болды. Тұла бойы сыйдиған еңселі ескерткіш.Бәукеңдей
батырды алмауыт тұлпарға мінгізіп қойса да болар еді, бірақ бір бастық
ескерткіштің бәрі аттылы болып бара жатыр -депті.
Мейлі ғой. Бірақ мына тұла бойы тік тұрған Баукеңнің қылышы оң қол
жағына тағылыпты. Оны суырып алатын Бауыржан солақай емес еді ғой!..
Сызып тастап түзететін жазу емес, қисық-қыңырын түзете салатын бояулы
сурет емес, шойыннан құйылған ескерткіш. Әттең, бір кем дүние - деп
сәулетшілердің де тарихи тұлғаларды бейнелеудегі қателігін дәлелдеп берген
[3].
Шерхан Мұртазаның жан дүниесін жегідей жеп, шиыршық атқан жазушы ой-
толғауларының бір парасының 30-жылдардың ойранына арналуы кездейсоқтық
емес. Қасіретті жылдар шындығы әдебиеттің қай жанрында болмасын кеңінен
айтылуы тиісті, оны мына бүгінгі ұрпақ білуі және сабақ алуы қажетті деп
біледі жазушы. Мың да тоғыз жүз отыз екінші жылы туғандар... Сол жылы
тумай жатып қырылғандар... Обалдарың Голощекин - Қу Шеке деген имансызға
деп бүтін бір ұрпақтың атынан кәрленетін Шерағаң бұл жылдардың зұлматын
қаршадайынан өз басынан өткізіп, жан дүниесімен сезінді. Әкесі халық жауы
болып ұсталып, 1937 жылдың желтоқсанында Борандының түрмесіне апарып
қамалғанда, анасы Айшамен сонда ілесіп барып, мылтық асынған қарауыл әрі
айналып, түрменің торлы терезелеріне бет алғанда, темір есікке құлындай
ұшып құлдыраңдап жүгіріп барып, алақандай тесіктен Жәке! Жәке! деп
айқайлайтыны да осы кез.
Смағұл Садуақасов ерен ақыл-ойдың және батыл әрекеттердің иесі болған
екен. Туған халқы үшін, өз ұлты үшін шын күрескен. Мұндай адам сол кездегі
Мәскеуге ұнамайды-ақ. Ақыры Сталин өкіметі оны Ростов на Дону деген жаққа
жұмысқа жіберіп, сол жақта белгісіз жұмбақ өлімге тап болады. Мәйітін
Мәскеуге жеткізіп, крематорий дегенге салған ғой, күлі ғана қалады.
Бір кем дүние кітабында отызыншы жылдардың шындығы тұтас, кең
көлеммен суреттеліп, айшықты оқиғалармен беріліп, сол уақыттың сүйектен
өтсе ызғары мен естен кетпес өксігі шағын штрих детальмен шымыр өріліп
оқырманына жеткізіледі. Бірақ бұл шындықтар да жазушының көкірегінде
кішкентайынан берік сақталып қалған талайғы көмбе. Уақыттың өкшеуінен өтіп,
өз-өзіңмен бірге жасайтын мұндай әңгімелердің мазмұны қашан да терең, мәнді
болатыны белгілі. Оның үстіне көргені көкірегіне түйгені мол жазушы болса.
Оқып көрелік:
Әкеміз Мұртаза марқұмның қызғылтым шырайлы, әдемі гүлдері жайнаған жап-
жаңа жайнамазы бар еді.
Алдымен мешіт бұзылды. Оның үйінді болып қалған кірпіштерінің үстінде
байғыз дейтін құс сұңқылдап, зарлап отыратынды шығарды.
Көп ұзамай Мұртаза рахметілік халық жауы ретінде ұсталды. Бұл
1937жылдың, сірә, желтоқсан айы еді.
НКВД үйге тінту жасады. Мен ол кезде 5 жасар баламын. Бәрі есімде.
Тінткенде бәлендей байлық табылған жоқ. Тек бір милиционер төрде ілулі
тұрған жайнамазды жазып көрді де: Е, мынау шұлғау болуға жақсы екен. Аяғым
тоңып жүр еді, - деп Алланың аты жазылған жайнамазды бүктеп-бүктеп,
қойнына тыға салды...
Арада алпыс жыл өткенде жолым түсіп, Кереку қаласына барып, мешітіне
кіріп, дұға оқығанда, Тәңірі жарылқағыр да имам маған Қағбадағы мешіттің
суреті салынған сұлу жайнамазды сыйлады. Сонда баяғы милиционерге шұлғау
болып, қорланған жайнамаз ғайыптан құс болып келіп, қолыма қайта қонғандай
ғажайып хал кештім. Мұны марқұм Мұртазаның әруағы сезді ме... білмеймін.
Бір кем дүние, - деп жазады автор Жайнамаз атты сыр-толғауында [3].
Кішкентай әңгімеде кешегі қытымыр уақыт пен имандылыққа бет бұрған
бүгінгі кезеңнің лебі қатар өріліп жатыр. Тасмаңдай милиционер сол уақыттың
тумасы. Оны кінәларсың, кінәламассың, ол сол кезде қайбір жетісіп жүрді
дейсің, бірақ ойсыздығы мен көрсоқырлығы, тамырынан қол үзген дүбара кейпі
мен аяусыздығы жаныңа шоқтай басылады. Апырай, мұндай әсіре белсенділердің,
жазушы айтпақшы, шошқа тікендері сол отызыншы жылдары халықтың сорына
қарай әр ауылда қаптады емес пе. Сол бір сұмдық алапат жөнінде жазушы:
1937-ші зұлмат жыл келіп, естияр, ақылы бар, қасиеті бар, иманы бар,
ескіше оқуы дар пенделерді қырын ұстап әкетті, атты, айдады, тоз-тоз қылды.
Бастары шабылған құр денелер қалды. Бассыздардан залымдар шықты деп жазды.
Бассыз залымдар... Бұл сонау патшалы Ресейден басталып күні кешеге дейін
жалғасқан отарлық жымысқы саясаттың салдары емес пе еді. Өзді- өзіне айдап
салу. Ұяттан, иманнан безген тексіздердің қолына билік беріп, соларды
қолпаштап, арқасынан қағып қойып, мәз етіп ұлттың зиялыларына, көзі ашық
адамдарына қарсы қою, солардың қолымен тұншықтыру...
Ахмет Байтұрсынов:
-Қинамайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр
осылардың бәрінен өз ауылымның иттері үріп қапқаны, - деп еді-ау.
Әттең, дүние-ай, 1937 жылы біздің әкейді де өз ауылымыздың шолақ
белсенділері нақақтан жала жауып, ұстатып жіберді де, жоқ қылды ғой. Обалы
кімге? Қорлықты көп көрдік қой - деп толғанады жазушы [3].
Бір кем дүние... Орны толмас өкініштер... Кітапты оқып отырсақ, жазушы
көңілінде олар көп-ақ. Бірін бұрыннан да ептеп білетініңді байқасаң,
бірінен мүлде хабарын жоқ екенін сезінесің. Апырай дейсің аңтарылып.
Жазушының бір мақсаты да, кейінгі ұрпаққа аманаты да, ой салуы да осы
ғой. Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, орны бар оңалар деп
өз-өзімізді жұбатқанмен, осы қазақтың тым кеңдігі мен жайбасарлығы, өз
есебінен өзгелерді жарылқауға бейім тұруы өзіне таяқ болып тиіп жатқан жоқ
па, ойланатын кез келді емес пе екен дейсің тағы да. Шерағаңның қуатты ой-
толғамдары осыған бастайды. Білмей жатқандарымыз, ескермей елеусіз қалып
бара жатқандары қаншама!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлы даланың жеті қыры мақаласында: Тарих пен
география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары
сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт
бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси
және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті
игере білген түркілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің
өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың
орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты - деп
ортағасырлық түркілер мәдениетінің орасан зор болғандығын дәлелдеп берген
болатын. Бұл орайда Шерағаң да Ойлан, қазақ - деген бөлімде: ...Түрік
ұлтының мінезі асқақ. Түрік халқы еңбекқор. Түрік халқы зерек халық.
Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа
күштерді жеңе білді."Мен – түрікпін! " деген адам қандай бақытты.
...Қазақтардың жартысына жуығы өз ана тілінде сөйлей алмайды деп жазып жүр
ғой газеттер. Ол рас шығар. ...Президентіміз Нұрсұлтан мырза: "Қазақ
қазақпен қазақша сөйлессін", – деп айтқан. Бірақ...Зор кем дүние. Амал
қанша?! - деп түркі ұрпақтарының қазіргі таңдағы өзекті мәселесі тіл
екендігін алға тартқан [3].
Өткенді таразылап, Бір кем дүниені баса толғаған жазушы бүгінгі
заманның күрмеуі мол жайларын да өткір қозғайды. Қазақ халқы тарихының әлі
ашылмаған тың парақтары, мемлекеттік тіл, жер-су аттарының жайы, азаттық
үшін күрескен халықтық тұлғалардың насихатталуы мен оларға орнатылған
ескерткіштерінің көрінісі, өз жеріндегі аз халықтың проблемасы мен бүгінгі
қоғам түйткілдері.
Көкіректе қатталған әттеген-айларды Шерағаң ұрпақ ойлансын деп жеріне
жеткізе айтады. Жай ақылдымсымайды, өмірден, өз түйгендері мен өз басынан
кешкендерден нақты мысалдар келтіре отырып оқушысына ұсынады, тағылым алсын
дейді. Қоғам қайраткері Шерағаңның азаматтық тұлғасы бұл жөнінде көп жазушы
ағайындарға ой салғандай. Жазушының беделі халық сөзін сөйлеуінде, халықтың
шымбайына батқан шындықты жалтақтамай батыл айтуында және оның оңтайымен
орындалуына сеп болуында болар, жазушының арқасында сөзін сөйлер, сүйеніші
де болар айбарлы халық тұруы керек шығар.
Жазушының Бір кем дүниесінің ендігі бір салмақты бөлігі адамдық,
имандылық жайларына арналған. Ақиқаттан биік тұрған ешкім жоқ. Осы кітаптың
өн бойында Алла атының аталып, обал-сауаптың, имандылық жайларының
таразыланып отырылуы, біздіңше кітап мазмұнын тереңдете түскен. Жазушының
өмірден алынған мұндай толғамды ойларына түсініктеме беріп жатқаннан гөрі
оқыған, оқи отырып көңілге түйген, өмірде мүмкіндігің болса қажетіңе
пайдаланған артық деп білеміз.

1.2 Түркі жұрты тәу еткен Тұрар Рысқұлов бейнесі

Шерхан Мұртаза! Сонау алпысыншы жылдардан кейін әдебиет пен
журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың ешқайсысы оның
жұлдызын көмескілендіре алған жоқ. Қайта Шерхан жұлдызы бұрынғыдан да
жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті.
Шерхан Мұртазаның 1980 жылдары Қызыл жебе кейін сол жылдардың
ортасына таман, Жұлдыз көпір ал 1990 жылдары Қыл көпір және Тамұқ
сияқты кітаптары арқылы атақты Тұрар Рысқұловтың тарихтағы шынайы бейнесін
шеберлікпен суреттеп берген болатын.
Романдар циклынан біздер қазақ халқының XX ғасырдың басынан 1940 жылға
дейінгі өмірін тұтас көреміз. Және қандай азаптарға толы, қиямет-қайым
тіршілік-тынысын көреміз. Сондықтан да бұл туындыны заңды түрде нағыз роман-
эпопея дейміз!
Сондай 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістерінің жанкешті ерлерінің бірі,
бірі болғанда жақын жүздесі, Тұрар Рысқұлов болғандығын қазіргі тарихымыз
да дәлелдеп отыр. Шерхан Мұртазаның ол жайындағы романының тілі жатық.
Еріксіз көзіңе жас ұялатады. Өйткені роман осы ұлы кезеңді көз алдыңа
әкеледі.
Жазушы үшін ең қиыны да - өзге ұлт адамының бейнесін жасау. Өйткені әр
ұлттың психологиясы мен дүниетанымында тек өз ұлтының өкілі түсіне алатын,
өзгелер байқай бермейтін қасиеттер болады. Дүниетаным деңгейі, кәсіби
ерекшеліктері әртүрлі, сан алуан саясат ұстанған сан алуан партия
өкілдерінің, патша шенеуніктері мен жендеттерінен бастап, КСРО көсемдері
мен жендеттерінің эпизодтық болса да бейнелерін жасау - кез келген
қаламгердің оңтайына келе бермейтін шаруа. Сол шаруаны Шерхан Мұртаза
абыроймен атқарып шықты. Эпизодтағы сан алуан ұлт өкілдерінің, сан алуан
саясаткерлердің көпшілігі - бас қаһарман Тұрар Рысқұловтың өмір жолының әр
кезеңінде кездескен эпизодтық кейіпкерлер. Бірақ, эпизодтық болса да, әр-
қайсысының мақсаты, мінезі айқындалған, бояуы қанық бейнелер. Барлығы да
кітаптың бас қаһарманы Тұрар Рысқұловтың айшықты, айбынды образын ашуға
көмектесіп тұр. Барлығы жабылып XX ғасырдың алғашқы 37 жылындағы адамзат
тарихындағы мазмұны жағынан аса бай төңкерісті дәуірдің келбетін жасап тұр.
Көркем шығарманың, оның авторының тарихи миссиясы да - белгілі бір дәуірдің
адам санасындағы жанды бейнесін жасау.
Әр дәуірдің осындай бүтін бейнесін жасап берген жазушы бұрыңғы-соңғы
тарихта аз емес. Бірақ қазақ жазушысы Шерхан Мұртазаны олардан ерекшелейтін
бір қасиеті бар. Ол - осынау бес кітаптан тұратын ұзақ шығарманың оң
бойында қалмай өзінше бір желі болып ілесіп отыратын әруақтар рухы.
Әруақтарды бас кейіпкермен тең дәрежеде осылай ілестіріп отыру, оны
шығарманың басты өзегі ету - бұрын-соңды, тіпті, әруақшыл қазақ
жазушыларында да кездеспейді.
Коммунист қайраткер туралы коммунист жазушы коммунистік қоғамда тұрып
жазған бұл романның басты өзегі - ұлт рухы. Сол ұлт рухы үнемі алдыннан
шығып отыратын ата-бабаның әруақтары арқылы көрініс береді. Ол - кешегі
қоқан үстемдігіне қарсы азаттық күресінің қаһарманы, Рысқұлдың бабасы
Әлімбек батырдың әруағы. Романның бірінші кітабынан кейін айдауға кеткен
Рысқұлмен Тұрар тек ой-қиялмен сөйлеседі. Кейіннен Кремльге, Бутырка
түрмесіне әруақ болып келеді. Рысқұл елесі үнемі Тұрардың қиналған шағында
дем беріп, рухтандырады. Сөйтіп, негізінен сол ой-қиялмен тілдесу, хат
жазысу, әруақ болып елес беру арқылы Рысқұл өмірі де қамтылып шығады. Жалпы
Рысқұл - тарихшылар жеткілікті назар аудармай жүрген тұлға. Оның
әрекеттері, патшаның ресми өкілі - болысты атып өлтіруі Ресейдегі, басқа да
мемлекеттердегі бар әділетсіздікті жеке билеушілерден көріп, террорлық
әрекеттерге барған түрлі қозғалыс өкілдерін еске түсіреді. Оның үстіне
бұл 1905 жылы болған оқиға. Орыстың бірінші төнкерісі өтіп жатқан кезең.
Рысқұлдың осындай оқыс шешіміне Ресейде болып жатқан дүмпудің әсері
қаншалықты? Ал қазақ даласында 1905-07 жылдары болысқа, әлде шенеулікке оқ
атқан Рысқұлдан басқа адам болды ма екен? [4].
Міне, бұл сұрақтарға жауап Рысқұлдың тарихи орнын айқындай түседі.
Қалай болғанда да ұлы Мұхтар Әуезовтің өзіне қалам тарттырған Рысқұлдың бұл
әрекеті - сол кездегі қазақ даласында сирек кездесетін кұбылыс, бәлкім
біреу болуы да.
Осылар тарихи негізделе, Рысқұл Жылқыайдарұлы жай ғана ауыл арасының
барымташысы емес, 1905-07 жылдардағы патшалық отаршылдыққа қарсы
қозғалыстың қаһарманы болып шығады. Романның Рысқұлға арналған беттерінде
бұның бәрі тұр. Отаршылдыққа деген Рысқұл аузымен айтылып, Тұрардың
құлағына қойылған ыза асып-төгіліп жатыр.
Рысқұлдың патша өкіліне қарсы 1905 жылы атқан оғы 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісіне ұласты.
Жүйріктің Қызыл Жебе атануы оған мініп Рысқұлдың кездейсоқ көкпарға
түсуі кейін оның өзін балалардың Қызыл Жебе атап кетуі - шығармада тек жіті
баяндалып өтпейді, тұрмыстық әлеуметтік мәні бар нанымда эпизодтардың басын
құрай отырып суреттеледі. Автор тапқан өте сәтті сюжеттік желістің бастысы
- осы Қызыл Жебеге байланысты оқиғалар жүйесі.
Романның ең басты күші менінше иландыру қуатының молдылығынан. Табиғат
қалпын суреттеуден бастап адамдардың көңіл-күйін, бір-бірімен қарым-
қатынасын қазақ ауылының әлеуметтік жағдайын отарлау саясатының қыры мен
сырын көрсетуде - бәрінде де жазушы шыншылдықтан, дәлдіктен жанылмайды [1].
Рысқұлдың арманы - Қызыл жебе атты тұлпарға бабасы Әлімбектің күміс
ерін ерттеп міну. Қызыл жебе - символ. Оны сол қазақ деген елдің қызыл
тілді жыраулары сан ғасыр жырлаған. Бұл игі ісі қазақ армандаған сәйгүлік
- өмір символы. Бірақ мынау опасыз жалғанда мұндай арманның жүзеге асуы
мүмкін емес.
Тұрар танымында әруаққа айналған Рысқұл енді бәрінен биіктеп, Алатаудың
айқұш-ұйқыш шыңдарынан орғытып өтіп, бұлтпен араласып кетіп бара жатады.
Сол биікке баласын да шақырғандай болады.
Қазақ қашан да Тәңірге табынды, әруаққа сиынды.
Ғасырлар бойы бодандықта болса да, небір қырғынды көрсе де, өз жерінде
азшылықта қалса да оның ұлттық келбетін жоймауы сол қасиетінен. Өйткені
қазақ Құдайға құлшылық жасау арқылы барлық нәубетке көніп, шүкіршілік
етумен бірге, әруақты айтқан кезде арқасы қозып шыға келеді.
Сондықтан да құдайы тәубешілікке келтіріп, әруағы ат ойнаттыратын
қазақтың рухын түсіру мүмкін емес. Мұны отаршылдар баяғыда-ақ зерттеп
білген. Сөйтіп қазақты отарлау тәсілін басқа елдерден өзгеше құрған.
Рысқұлдың трагедиясы - Қызыл жебені өз қолымен ұрлап әкеліп, Саймасайға
тапсыруында.
Тұрардың трагедиясы - өзі орнатылған өкіметтің өзі қамын жеген
халықтың жауы етіп, азапқа салып, атып тастауында.
Рысқұл Қызыл жебенің бағын ашамын деп ойлады. Нәтижесінде Саймасайдың
қолымен сайгүліктің қаны шашылды.
Тұрар халқын ұшпаққа шығарамын деп ойлады. Нәтижесінде оның аштан
қырылғаның көрді.
Рысқұлдың да, Тұрардың да трагедиясы - адамзат трагедиясы. Адамзат
өмірі басындай трагедиялардан тұрады.
Рысқұл трагедиясының басы - қазақы ырым, ауырып қалған жалғыз ұлын қара
қойдың етімен қалжалау әрекеті. Ол қой Рысқұлда жоқ. Бірақ жалғыз ұлы -
ұрпағы үшін бәріне барды. Ақыры Қызыл жебені де ұрлады. [1].
Жұлдыз көпірден мен Тұрар Рысқұлов бейнесін тани алдым деуіме болар
еді. Мұнда Тұрар нағыз саяси қайраткер дәрежесіне көтеріліп, Түркістан
республикасының тұңғыш председателіне дейін өсті де, кітап аяғында
В.И.Ленинмен жолығу үшін Москва қаласына аттанды. Оны шығарып салған кісі -
халық маршалы М.В.Фрунзе болды. Сонда Тұрардың қасында Элиава, Рудзутак,
Куйбышев бар.
Осы деректің өзі көп нәрсеге куә болғандай екен.
Сонымен Тұрар бізге несімен қымбат?
Оның әкесі тәуелділікпен күрескен адам болған ғой.
Кезінде Мұхтар Әуезовтың да сол тақырыпқа барғаны тегін болмайтын.
Шерхан да революциялық дәуірді алғашқы адымдарынан бастап өсіріп келеді.
Тұрардың әкесі Ырысқұл Саймасай деген болысты адам айтқысыз айуандығы үшін
оққа байлады. Тұрар жетім болып өсті, оқыды, ер жетті, революция жолына
түсті. Алғашқы екі кітап сонымен аяқталады... Енді өзіміз көрген Тұрар
революция батырының бейнесінде алдымыздан шықты.
Шерханның қаламы сыналар тұс та осы еді.
Тұрар бұған дейін әдебиетте онша-мұнша көріне қойған адам болмайтұғын!
Оның себебі бәрімізге мәлім. Шерхан кешегі Тұрарды көп ізденулер арқылы
тапты деуге тура келеді. Осынысының өзі де автордың жауапкершілігін, үлкен
тақырыпқа зер сала бел байлағанын көрсетсе керек.
Түркістанда совет өкіметінің орнауы мен бекуі зор қиыншылықтар үстінде
жүзеге асқанын, бұл жолда асыра сілтеушіліктер де, зиянкес элементтердің
әдейі бұрмалаушылықтары да, шет ел агенттерінің арандатушылығы да, бұрынғы
патша әкімдерінің отар елдерге төбеден қарайтын арамза, сырты бүтін, іші
түтін кейбір жаңа басшылардың зұлымдықтары да, Орта Азия халықтарының
тарихи даму ерекшеліктерін білмеушіліктен туатын шалағайлықтар да орын
тепкенін тұтас көрсете алғанда ғана роман мұратқа жетеді. Әдебиетімізде бұл
кезге дейін көрінбеген кейбір көлеңкелі құбылыстарды қамту парызы да
қаламгерден білімдарлықты, шеберлікті керек ететін. Ш. Мұртаза тақырыптың
дәл осындай қиын шарттарынан бой тасаламай, көп жерлерде шындықты қаз-
қалпында беруге қабілеттілік танытқан. Суреткердің өзіндік жеңісі осында
деп білеміз...
Үлкен парасат иесі, халық, ұлт мүддесін қапысыз түсінетін, осы жолдан
таймай, бұлтақсыз жүректілік көрсететін, кең ойлайтын, барлық ісінде
тегеурінділік танытатын Тұрар Рысқұловтың тұлғасы шығармада жаңа биікке
көтерілген. Бұл - ғибраты мол, революция дәуірі шынықтырған қазақ
күрескерінің бейнесі. Тұрардың кісілік келбеті, көп замандастарынан
өзгешелеу нышаны түрлі сын кезеңдерде жарқырап ашылады. Ол өзіне ұсынылған
құрметті лауазымнан - Түркістан республикасының денсаулық сақтау комиссары
қызметінен бас тартып, аштыққа қарсы күрес жұмысына жегіледі. Міне, осы бір
фактының өзі-ақ білікті большевиктің азаматтық бейнесін сыпаттай алады. Ол
ел ашаршылыққа ұшырап жатқанымен ісі жоқ басшыларды әшкерелейді [1].
Қоғамдық өмір алаңында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Қазақтың ұлы жазушылары
ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері
Қазақ драматургиясы туралы
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Драма және драматургия негіздері
Ш.МҰРТАЗАНЫҢ ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
Пәндер