Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________А. Сәрінжіпов
2015 жылғы _______________

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

Оқу бағдарламасы
(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)

_________Е.Н. Иманғалиев ___________К.Н. Шәмшидинова
Қазақстан Республикасының Назарбаев Зияткерлік мектептері
Білім және ғылым вице-министрі дербес білім беру ұйымының Басқарма
төрайымы
______________Ж.А. Жонтаева __________Ж.О. Жылбаев
Қазақстан Республикасының Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
Білім және ғылым министрлігі академиясының президенті
Мектепке дейінгі және орта білім,
ақпараттық технологиялар
Департаментінің директоры

__________ Ж.Н. Абдильдина
Назарбаев Зияткерлік мектептері
ДББҰ Білім беру бағдарламалары
орталығының директоры

Жаратылыстану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш
мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде
сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 33 б.

Оқу бағдарламасын Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім
беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған

Мазмұны
І Жалпы мәлімет
1 Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы 4
2 Жаратылыстану пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5
3 Үштілдік саясатын жүзеге асыру 5
4 Жаратылыстану пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
6
5 Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық
әдіс-тәсілдер
8
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
9
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі 10
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
10
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы 11
ІІ Жаратылыстану пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі
1 Жаратылыстану пәні мазмұны
13
2 Оқу мақсаттарының жүйесі
14
3 Ұзақ мерзімді жоспар ... ... ... ... ... ... ..
24

I. Жалпы мәлімет

1. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы

Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи
білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың
және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау
және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушыларға Жаратылыстану пәнін оқу және меңгеру
келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
- қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи
құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
- өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен
үрдістердің себептерін;
- жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет
түрлері үшін маңыздылығын.
Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы
білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және
зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің
қалыптасуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте Жаратылыстану пәнінен оқу бағдарламасы зерттеу,
ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына
бағытталған:
- гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды
берілулер негізінде қорытынды жасау;
- мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын
құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нәтижесін
бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
- БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Ғаламтор ресурстарындағы, ғылыми-
көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану бағытындағы ақпараттармен
жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін
айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
- өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе
компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға
қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен
бақылаулар жүргізу;
- өзіндік қарапайым зерттеулер қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
- жаратылыстану ғылымы бағытындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы
мәнін түсіндіру.

2 Жаратылыстану пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

Жаратылыстану пәні бойынша негізгі мектептегі Биология,
География, Химия, Физика пәндерін зерделеу негізін қалауға, алған
білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін
табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін
қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Пән бағдарламасы келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан
бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін
қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал
еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары,
арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы
тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау
біліктіліктеріне ие болу;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін
қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты
қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін
өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне
сенімділікті тәрбиелеу;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау
үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.

3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің
негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды 1-
сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым)
түрлерін дамыту арқылы қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған.
Жаратылыстану пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады.
Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік
пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үш тілді оқыту бағытының жүзеге асырылуы Жаратылыстану пәні
бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
тармағында (5-тармақ), пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері
ұсынылған.
Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту тармағында (8- тармақ),
мұғалімдердің пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын
(тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.
Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы тармағында (9- тармақ),
бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.

4 Жаратылыстану пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:

Сынып Апталық жүктеме Жылдық сағат саны
1 1 33
2 1 34
3 2 68
4 2 68

Бастауыш сыныптары кабинеттеріндегі жиһаздардың орналасуы еркін
қозғалуға, ойын, эксперименттер өткізуге, оқушылар жұмыстарының көрмесі мен
ресурстарға жеткілікті кеңістік, орын болуын қамтамасыз етуге тиісті. Пәнді
оқыту үшін мамандандырылған зертхананың болуы міндетті емес, мүмкіндік
болған жағдайда биология, физика және химия кабинеттері ресурстарын қолдану
ұсынылады.
Төменде бастауыш мектепте Жаратылыстану пәнін оқыту үшін қажетті
құрал-жабдықтар мен материалдардың тізімі берілген:
- компьютер;
- интерактивті тақта;
- проектор;
- деректермен жұмысқа арналған компьютерлік бағдарламалар;
- үзіліссіз қуат беру көзі;
- принтер-сканер;
- бор тақтасы;
- жылжымалы тақта;
- магнитті тақта;
- проектор;
- компьютер;
- MGA (датчиктер көмегімен деректерді тіркейтін аспап);
- таблетка тәрізді батареялар мен тұтқыш;
- жалғағыш сымдар;
- қосып-ажыратқыш;
- 2-4 V лампалар;
- сандық фотоаппарат;
- глобус;
- күн жүйесінің моделі;
- тақырыпқа сай түрлі модельдер мен нақпішіндер (муляждар);
- бөлме өсімдіктері;
- тақырып бойынша кестелер мен плакаттар;
- тақырыптық бейнематериал коллекциясы;
- табиғи кендер мен минералдар коллекциясы;
- айна;
- жарық көзі;
- жылу көзі;
- еріткіш заттар;
- ыстыққа төзімді ыдыс;
- колбалар;
- шыны түтік;
- сүзгіш қағаз;
- қорғаныш көзілдірік;
- үлкейткіш әйнек (лупа);
- микроскоп;
- әртүрлі өлшемді магниттер жинағы;
- термометрлер;
- жүктер;
- таразы (теңдеушелермен және электрондық);
- жарық датчигі;
- таймер;
- динамометр;
- өлшеуіш рулетка;
- секундомер;
- дыбыс көзі (музыка аспаптары, қоңыраулар және т.б.);
- дыбыс өлшегіш;
- мөлдір және мөлдір емес денелер;
- калориметрлер (термос);
- түрлі электрөткізгіш заттардың жиыны (әйнек, мыс, болат,
алюминий, резеңке, пластмасса);
- магниттік компастар;
- телескоп;
- анықтамалықтар мен энциклопедиялар;
- флипчарт;
- қағаз қыстырғышы бар планшет;
- ватман;
- өсімдіктер гербарийі;
- топырақ түрі коллекциясы;
- Қазақстанның физикалық картасы, тақырыптық карталар;
- жануарлар тұлыбы;
- адам қаңқасы.

5 Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-
тәсілдер

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей
т.б.) оқу үдерісінде білім алу жолдарын білетін, өздігінен білім алуға,
шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді,
жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын
жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі оқыту тәсілдерін
қолдану арқылы қалыптастырады және дамытады. Атап айтқанда:
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды
ынталандыру және дамыта оқыту;
- проблемаларды анықтау және шешу тәсілдерінің үлгісін оқушыларға
түсінікті жолмен құру және көрсету;
- жеке және топтық, ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану;
- оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың алдыңғы меңгерген білімдері мен
қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамытудың маңыздылығын мойындау;
- зерттеу жұмыстарына негізделген оқушылардың сын тұрғысынан ойлау
қабілетін дамытатын белсенді оқуын мадақтау;
- оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан
шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану;
- оқушыларды мұғалім мен оқушылар арасында және оқушылардың өз арасында
сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру;
- оқушының оқуын оқыту үшін бағалау арқылы қолдау жасау.
Жаратылыстану пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
- сенімді қатынас пен әріптестік үшін жағдай жасау;
- ғылыми проблемалардың шешімін табу үшін басқалармен бірге және
өздігінен іздеу әдістерін қолдану және жоспарлау;
- оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, дифференциалық
тапсырмалар құру;
- ғылыми сұрақтарды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру;
- топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына
мүмкіндік беретін топтық жұмысқа жағдай туғызу;
- өз ойын жеткізе білу және дәйек келтіру, мәселелерді анықтау үшін
өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және зерттеулерді әрі қарай
жоспарлау қабілетін дамыту үшін ынталандыратын проблемалық
жағдаяттар құру;
- белгілі бір тақырыпта мәселені шешу үшін миға шабуыл жасау. Әр
оқушы өз идеясын ұсынады, дұрыс шешім қабылдау үшін сынып болып
талдау;
- оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер
жасауы, түрлі дереккөздерді пайдалану мен іс-әрекет түрлерін
қолдануын талап ететін проблемалық жағдаяттар құру;
- оқушылардың зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауы, жоспарлауы,
зерттеу нәтижелерін ұсынуы арқылы қызығушылығын ояту;
- сыныпта түрлі бағалауды қолдану және ұпай қою критерилерін
қарастыру.

Үш тілді оқытуға сәйкес пән мұғалімдерінің тілді меңгеруін қолдауы
Пән мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына көмектесе
отырып, үш тілді оқыту саясатын енгізуді қолдаулары тиіс. Пәндік мазмұнды
меңгеруге қолдау жасау үшін, мұғалімдер атаулы пәнге тән ғылыми тілді
дамытады. Осыған орай, әрбір сабақтың тілдік мақсаты анықталады, мысалы,
оқушылар жануарлардың аттары мен суреттерін ауызша және жазбаша түрде
сәйкестендірулері қажет. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді
қолдануына назар аударуы және олардың тілдік жетістіктерінің бағалануына
қолдау көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың бай ғылыми
тілін қалыптастыру мақсатында диалог пен жазылымға қажетті тіркестерден
тұратын жүйелі тілдік қолдауды жүзеге асыруы керек.

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға деген құрмет – жеке тұлғалық,
тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады.
Мінез-құлықтың сәйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша
көпмәдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның әлеуметтік және еңбек
өміріне тиімді әрі конструктивті қатысуына мүмкіндік береді.
Жаратылыстану пәні бойынша оқу бағдарламасында:
- тұлғааралық құзыреттілікті бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретін
түрлі ұлт өкілдерінен жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;
- түрлi елдердер мен аймақтардағы (мысалы, өсімдіктер, жануарлар,
табиғат құбылыстарымен байланысты мерекелер және т.б.) белгілі мәдени-
шаруашылық маңызы бар табиғи нысандар мен құбылыстарды оқып үйрену
және қолдану;
- Әлем ғалымдары және олардың ғылыми жаңалықтары тақырыбын оқу;
- оқушыларды әрбір адамның жеке пікірін және оның ойының құндылығын
ескеруге жетелеу қамтылған.

7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану
құзыреттілігіне оқушылардың өз жұмыстарында, бос уақыттарында және қарым-
қатынаста ептілікпен және шығармашылықпен қолдануы кіреді. Олар АКТ-ның
негізгі дағдыларын игеруге құрылады.

Жаратылыстану пәні оқу бағдарламасында:
- ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену (мысалы, оқушылар веб-
сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, керекті мәліметті таңдайды, көшіреді
және оны сақтайды);
- мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым офистік
бағдарламаларды (Word, PowerPoint) қолдану;
- ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды
тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін) қолдану қамтылған.

8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі көпшілікте тиімді қарым-
қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас түрлі формада бағаланып,
ынталандыратын және оқушылар өз пікірін сенімді түрде білдіре алатын ортаны
құра отырып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуы қажет.
Оқыту үдерісінде оқушылардың түрлі ақпарат құралдарын, Жаратылыстану
пәнінің ғылыми лексикасын сауатты қолдана отырып, өз сыныптастарымен,
мұғалімдермен және одан да кең көпшілікпен танытқан қарым-қатынасын
көтермелеп ынталандыру қажет.
Жаратылыстану пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және
айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып
мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог
дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу;
- экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін
оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);
- тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық
өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар
арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау
тапсырмасын бөлiп беру);
- белгілі тақырып бойынша туындаған сұрақтарды талқылау, бір-бірінің
пікірін тыңдау және ойын айту.

Жаратылыстану пәніндегі оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін
тапсырма үлгілері:
- жазбаша ақпарат көздерімен жұмыс: анықтамалар, энциклопедиялар,
көрнекі және терминологиялық сөздіктер, ғылыми-танымдық журналдар,
мерзімді әдебиеттер. Ғаламтор ресурстарымен жұмыс, мысалы,
зерттелініп отырған тақырыпты қайта қарастыруда – ғылыми
көзқарасты кеңейту, белгілі тақырып бойынша презентация әзірлеу
және таныстыру.

Жаратылыстану пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың жазылым дағдысын
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- зерттеу (бақылау, көрсету және тәжірибелер) барысында жазба
жүргізу;
- ақпаратты сурет, схема, кесте, түрінде ұсыну;
- зерттеу жұмысы бойынша есеп әзірлеу.

9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы

Жаратылыстану пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды
бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған
критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген
(оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және
басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін
қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына
сәйкес келетін бағалау үрдісі.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа
негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін
пайдаланылады.
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау
(ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау – бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру
кезінде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс
жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін, күнделікті сабақта жәненемесе үйде
жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін
анықтайтын, оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара
байланысты жүзеге асыратын бағалау.
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқтау бойынша оқу
бағдарламасы бөлімдерін меңгерудегі дағдыларының қалыптасуы және меңгерген
білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп
мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, 1-сыныпта тек қалыптастырушы
бағалау түрі қолданылады. Тоқсандық баға 3-4 тоқсанда қойылады. 1-сыныптың
жылдық бағасы қалыптастастырушы бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан
кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық
бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен
ішкі жиынтық бағалаудың белгілі пайыздық үлесіне байланысты қойылады.
3-4 сыныптарда оқу үлгерімінің нәтижесі келесі түрде беріледі:
– тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық
бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген
әр тоқсанның соңындағы баға.
– жылдық баға – төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық
бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу
жылының соңындағы баға.

ІІ Жаратылыстану пәні мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі

1 Жаратылыстану пәні мазмұны

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі
қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын
көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен
ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және
оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері
жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

№ Бөлімдер Бөлімшелер
1 Мен - зерттеушімін 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
1.2 Табиғатты тану әдістері
2 Тірі табиғат 2.1 Өсімдіктер
2.2 Жануарлар
2.3 Адам
3 Заттар және олардың 3.1 Заттардың типтері
қасиеттері
3.2 Ауа
3.3 Су
3.4 Табиғат ресурстары
4 Жер және Ғарыш 4.1 Жер
4.2 Ғарыш
4.3 Кеңістік және уақыт
5 Табиғат физикасы 5.1 Күштер және қозғалыс
5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.4 Жылу
5.5 Электрлік
5.6 Магниттілік

Бағдарламада Оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен
белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан
бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді.
Мысалы, 1.2.1.4. кодында 1 - сынып, 2.1 - екінші бөлімнің бірінші
бөлімшесі, 4 - оқу мақсатының реттік саны.
Оқу мақсаттарының жүйесі
Жаратылыстану пәні
1-бөлім. Мен - зерттеушімін
Оқушылар міндетті:
Бөлімше 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
1.1. Ғылым мен1.1.1.1 Құбылыстар,2.1.1.1 Қоршаған 3.1.1.1 Ғылыми 4.1.1.1 Зерттеулердің
зерттеушілердіқоршаған әлем ортаның құбылыстарын, жаңалықтардың аса өзекті бағыттарын өзінің
ң рөлі үдерістері мен үрдістері мен маңыздылығы туралы жәнеықыласы мен
нысандарын нысандарын оқып-тануға олардың адамның толғаныстарының негізінде
зерттеудің қажетті жағдай мен күнделікті өміріне анықтау
қажеттілігін тұлғалық сапаларды әсері туралы әңгімелеу
түсіндіру анықтау.
1.2. Табиғатты 2.1.2.1 Ақпарат көзі 3.1.2.1 Ақпарат
тану әдістері түсінігін және оның көздерінің түрлерін
зерттеу жүргізудегі білу (графиктік,
маңызын мәтіндік, аудио-бейне
түсіндіру және электрондық)
3.1.2.2 Ақпарат
көздерінің
артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
1.1.2.1 Бақылау 2.1.2.2 Бақылаудың 3.1.2.3 Жүргізілетін 4.1.2.1 Меңгерілген
түсінігі болу басты белгілерін эксперимент жоспарын зерттеу әдістері: бақылау
анықтау (мақсат, нысан,құру мен эксперименттің
1.1.2.2 Қоршаған жоспар, мерзімдер, артықшылықтары мен
әлем құбылыстарына нәтиже) кемшіліктерін анықтау
бақылау жүргізу 2.1.2.3 Бақылау 4.1.2.2 Зерттеу жоспарын
нәтижелерін шартты құру, зерттеу әдісін
белгілердің көмегімен неліктен таңдағанын
белгілей білу түсіндіре отырып, алынған
нәтижелерді
лайықтыформада ұсыну
2.1.2.4 Жүргізілетін 3.1.2.4 Жүргізілген
бақылау жоспарын құру эксперимент нәтижелерін
2.1.2.5 Құрылған құрылған жоспарға
жоспарға сәйкес бақылаусәйкес диаграмма
жүргізу және қорытынды түрінде белгілеу,
шығару қорытынды жасау
1.1.2.3 Тәжірибе2.1.2.6 Эксперименттің
ұғымын білу басты белгілерін
1.1.2.4 Қарапайым анықтау (мақсат,
тәжірибелер жасау болжам, ресурстар,
жоспар, мерзімдер,
нәтиже)
2.1.2.7 Эксперимент
жүргізу және оның
нәтижелерін кесте
түрінде белгілеу

Жаратылыстану пәні
2-бөлім. Тірі табиғат
Бөлімше 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
2.1 Өсімдіктер1.2.1.1 2.2.1.1 Өсімдіктердің 3.2.1.1 Өсімдіктерді 4.2.1.1 Балдырлар,
Өсімдіктердің түрлерін салыстыру олардың белгілері саңырауқұлақтар, мүктер,
негізгі және ажырату; олардың бойынша жіктеу қыналар, қырықжапырақтылар,
сипаттамаларын атауұқсастықтары мен гүлді өсімдіктерді ажырату
айырмашылықтарын және суреттеп айту
көрсету
1.2.1.2 2.2.1.2 Өсімдік 3.2.1.2 Өсімдік 4.2.1.2 Өсімдіктің тіршілік
Өсімдіктердің мүшелерінің құрылымдықжапырақтарының оттекті циклін суреттеп айту
негізгі бөліктерін ерекшеліктері мен бөлу үдерісін білу және
және олардың орналасуын көрсете түсіндіру
қызметтерін атау отырып, суреттеп айту
1.2.1.3 2.2.1.3 Тамырдың, 3.2.1.3 Фотосинтез 4.2.1.3 Тозаңдану
Өсімдіктердің сабақтың, жапырақтың процесін білу және нәтижесінде тұқымның
тіршілігіне қажеттіжәне гүлдің түсіну түзілуін суреттеп айту
жағдайларды зерттеуқызметтерін суреттеп
айту
1.2.1.4 2.2.1.4 Өсімдіктің 3.2.1.4 Әр түрлі мекен4.2.1.4 Тұқым таралуының
Өсімдіктердің өсуі өсіп жетілуі үшін ету ортасының ұқсас әр түрлі тәсілдерін зерттеу
кезіндегі сыртқы топыраққа қажет және ерекшелік
өзгерістерді күтімді сипаттау белгілерін табу
сипаттау
1.2.1.5 Жабайы 2.2.1.5 Өсімдіктердің 4.2.1.5 Тағамдық тізбектегі
өсімдіктер мен қоршаған ортаның 3.2.1.5 Өсімдіктер тірі ағзалардың өзара
мәдени өсімдіктердіәртүрлі жағдайларында арқылы бөлінетін әсерлесуін түсіну
ажырату өсіп шығу мүмкіндігін оттектің тірі ағзалар
дәлелдеу үшін рөлін түсіну
1.2.1.6 Бөлме және 2.2.1.6 Өсімдіктердің3.2.1.6 Өсімдіктердің 4.2.1.6 Өсімдіктің өсуіне
мәдени өсімдіктергемаусымдық өзгерістерінқоршаған ортаның әсер етуші факторларды
күтім жасаудың суреттеп айту жағдайларына қалай зерттеу
тәсілдерін білу бейімделетіндігін
түсіндіру
2.2.1.7 Мекен ету 3.2.1.7 Өсімдіктердің
ортасына байланысты қауымдастық құру
өсімдік топтарын атау қабілетін түсіндіру
2.2.1.8 Өз 3.2.1.8 Табиғи мекен 4.2.1.7 Өсімдіктерді
аймағындағы ортада өсетін өсімдік қорғау әдістерін зерттеу
өсімдіктерді суреттеп түрлерін атау және
айту суреттеп айту
2.2.1.9 Өсімдіктердің3.2.1.9 Адамзаттың
саналуандығын тіршілік
сақтаудың маңыздылығыніс-әрекеттерінің кейбір
және оларға қамқорлық түрлерінің
қатынасты түсіну және өсімдіктердің санына
түсіндіру және саналуандығына
кері әсерін түсіндіру
2.2 Жануарлар 1.2.2.1 2.2.2.1 Жануарларды 3.2.2.1 Ұқсастықтары 4.2.2.1 Өз аймағындағы
Жануарлардың омыртқалыларға және мен айырмашылықтарын жануарлардың жіктеуін
негізгі омыртқасыздарға жіктеуанықтай отырып, құрастыру
сипаттамаларын атау жанауарлар тобын
сипаттау
1.2.2.2 Жабайы және2.2.2.2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану және жаратылыстану пәндеріндегі бөлімшелердің мазмұндық ерекшелігі
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА БІЛІМ МАЗМҰНЫННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Жаратылыстану негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Бастауыш сынып оқушыларына тәжірибе арқылы жаратылыстанудан білім беруді ұйымдастыру әдістемесі
ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Білім беру мазмұнын қалыптастыру теориялары
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Пәндер