Құрама жем құрамы


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Асыл тұқымды сиырларды темір жол көліктері арқылы импорттау кезіндегі қойылатын ветеринариялық-санитариялық шаралар және оларды жақсарту
Орындаған:Тұрғанғали Бақдәулет
Топ:ВС-316
Қабылдаған:Ұзынтлеуова А. Д
Алматы 2021
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал шаруашылығы еліміздің халқын сапасы жоғары азықпен, өнеркәсіпті
шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының ең маңызды сапасы. Еліміздің ауыл шаруашылығынан алынатын барлық ½ бөлігі малдан өндіріледі. Ауыл шаруашылығы жерінің ⅘ бөлігінен астамы, акционерлік қоғам мен шағын фермерлердің өндірістік қорының ⅔ бөлігі мал шаруашылығының қажетіне пайдаланылады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін барлық қызметкердің жартысынан астамы осы салада еңбек етеді. Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетіледі, яғни 114 тәулік (3 ай, 3 апта, 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10-12 торай тауып, олар 7-8 айлығында 110-120 килограмға жетіп қосылған әр 1 кг салмаққа не бәрі 4-6 азық өлшемі жұмсалғандықтан шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі.
Мал өсірушілердің еңбегі бұрынғыдан да гөрі назар аудартады, күрделі механизмдер, жабдықтар мен автоматтарда жұмыс істеу үшін үлкен білім мен техникаға машықтануды талап етеді, сөйтіп ол индустриялық еңбектің түріне айналады. Мал түлектерінің өнімділігі бір жағынан оның нәсілдік, тұқымдық қасиеттеріне негізделген болса, екінші жағынан сол қасиеттерін дамытып іске асыратындай қолайлы факторларының ішінде оның дамып, жоғары өнімдік қасиеттерін баянды етуіне ең күшті әсер ететін жағдай қоректену болып табылады. Малды азықтандыру - олардың қоректенуін ғылыми түрде ұйымдастыру. Малды дұрыс азықтандыру арқылы организімдегі морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. Шаруашылық дамып, ондағы өндіріс технологиясы күрделенген сайын, малды дұрыс азықтандыруға қойылатын талап деңгейі де жоғарылай түседі. Ол талаптың орындалуын білімді мамандар ғана азық қоректілігін мал түлектерінің ас қорыту ерекшеліктеріне орай қолдана отырып шешеді.
II. Негізгі бөлім
Құрама жемнің қысқаша сипаттамасы және жіктелуі
Құрама жем - деп ғылыми негізіделген рецепттер бойынша өндірілетін және жануарлардың құнарлы қоректенуін қамтамасыз ететін, әртүрлі құрама заттар мен микроқоспалардың қажетті ірілікке дейін ұзақталған және тазартылған күрделі біртекті қосындыларды атайды. Құрама жем өндірудің құңдылығы тағамдық, ұн-жармалық, ет-сүттік және балық өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі өнімдерінің қалдықтарын рационалды қолдануға мүмкіндік беруімен сипаттталады. Құрама жем зауыттары келесі өнімдерді өндіреді: жемдік қосындылар, құрама жем-концентраттарды, толық рационды құрама жемдерді, премикстерді, карбамидті конценттарттарды және т. б. Жемдік қосындылар жануарларды қоректендіруде қолданылатын жемдік заттардан тұратын, бірақ қоректік заттардың толық тобы болмайтын біртекті өнім. Бірақ бұл қоспалар жеке қоректендіруде қолданылатын компоненттерге қарағанда құңды. Сонымен қатар шикізаттың жануарлардың белгілі бір түрі мен тобына лайықты ірілікке дейін ұсақталу нәтижесінде олардың сіңімділігі жоғары болады. Құрама жем-концентраттар. Бұл құрама жемде протеин, минералдық заттар және микроқоспалар құрамы жоғары болады, сондықтан оларды жануарларды биологиялық құнарлы қоректендіруді қамтамасыз ету үшін қолданады. Толық рационды құрама жем. Белгілі бір жануар түрінің құнарлы минералдық және биологиялық белсенді заттарға қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Оны қолдану кезінде басқа жемдік затарды қосу талап етілмейді. Ақуызды-дәруменді қоспалар. Жоғары ақуызды және минералдық жемдік заттар мен микроқоспалардың белгілі бір күйге дейін ұсақталған біртекті қосындысы. Оларды ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындайды және азықтық құңдылықты көтеру үшін құрама жемге қосады. Премикстер. Толықтырғыш (мысалы, ұсақ кебектер) пен биологиялық белсенді заттардың (дәрумендер, антибиотиктер, микроэлементтер) біртекті жоғары дисперсті қосындысы. Оларды құрама жемге 1% дейін енгізеді және арнайы тізбектерде дайындайды. Карбамидті концентрат. Тек қана ересек күйіс қайыратын жануарларға арналған құрама жем құрамында қолданады. Карбамидтен, ұсақталған дәннен және бентониттен тұрады. Оны экструдерде алады, нәтижесінде карбамид дәндік компонентпен және бентонитпен физикалық байланысады. Алынған тығыз құрылымды қажетті ірілікке дейін ұсақтап және құрама жемге қосады. Карбамид күйіс қайыратын жануарларда ақуыздың бір бөлігін ауыстырады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарын сөлдері және микроағзалармен бөлінетін ферменттер әсерінен ол аммиак пен көміртек диоксидіне ыдырап, содан кейін бұл қосылыстар жануарлар жақсы сіңіретін бактериалды ақуызға синтезделеді. Бірақ күйіс қайыратын жануарларға концентратты құрама жемге қатаң түрде шектеулі мөлшерде енгізеді. 41 Карбамидті концентрат негізіндегі ақуызды-дәруменді қоспалар. Кебектің карбамидті концентратын, ас тұзын, премиксті және басқа конпоненттреді талап етілетін ірілікке дейін ұсақталған біртекті қосынды. Бекітілген рецепттер бойынша өндірілетін қосындыны күйіс қайыратын жануарларға арналған құрама жемдер мен жемдік қосындылар өндіру үшін қолданады.
Құрама жем құрамы
Кез келген құрама жемнің негізін астық пен әртүрлі дақылдардың тұқымдары құрайды. Ең алдымен жүгерінің, сұлының, арпаның, бидайдың, тарының дәндері, дәнді бұршақтардың тұқымдары және бидай кебектері. Осы компоненттерге әртүрлі реценттерге күнжара, шрот, жануар текті азықтарды (сүйек, қан, ет, балық ұндарын және т. б. ), азықтық ашытқыларды, минералдық азықтарды қосады. Құрама жем өндірудің міндетті шарты - тек қана нормативтік құжаттар талаптарына жауап беретін сапалы шикізатты қолдану. Шикізат балауса болуы қажет, бұл оның құрамында токсиннің жоқтығын көрсетеді. Бірақ микооксиндердің құрамын тексереді. Құрама жемдерді қажетті ірілікті сусымалы қосынды, белгіленген мөлшердегі түйіршік және брикет түрінде өндіреді. Оларды бағытына (жануар түрі мен тобы), қоректендіру кезіндегі шығын қысқаруына және жануарлармен жемді жақсы қолдануына байланысты әртүрлі дайындайды. Барлық құрама жемдерді келесі факторларды есепке ала отырып, бекітілген рецепт бойынша зауыттарда өндіреді: - құрама жем арналған жануар (құс немесе балық) түрін; - оның бағыты (қолдану түрі бойынша) мен жануар жасын; - рецепттермен қарастырылған компоненттерді енгізу нормаларын және уытты заттар мен жануарлардың ас қорыту органдарын қоздыратын заттардан тұратын компоненттерді құрама жемге енгізу шегін толық сақтау. Рецепттерді нөмірлеу екі саннан тұрады, оның біріншісі жануардың түрі мен тобын білдіреді. Тауықтарға 1-9, күркетауықтарға 10-19, үйректерге 20-29, қаздарға 30-39, басқа құстарға 40-49, шошқаларға 50-59, ірі қара малға 60-69, жылқыларға 70-79, қойларға 80-89, қояндарға 90-99, мамық жүнді аңдарға 100- 109, балықтарға 110-119, зертханалық жануарларға 120-129 рецептер арналған. Рецептің реттік нөмірін көрсететін бірінші саннан кейін сызықша арқылы қойылтын екінші сан құрама жемді қолдану сипатын нақылайды. Мысалы, 10 -11 1 . . . 4 тәуләкті (11) күркетауықтарға (10) арналғанын білдіреді. Құрама жемнің құңдылығын сипаттау үшін рецепт нөмірлері алдына ПК (толық құңды құрама жем) немесе К (құрама жем-концентрат) әріптерін қояды. Көптеген рецепттерде қандай да бір шикізат жетіспегенде белгілі бір компонентті ауыстыру рұқсат етіледі. Құрама жемдердің құнарлық құңдылығын азықтық бірлікпен өрнектейді. Ол шикі протеин мен шикі клетчатка құрамының пайыздық мөлшері. Кейде лизин, метионин, триптофан және цистин сияқты аминқышқылдар мен дәрумендердің (ең алдымен А 42 дәрумені мен каротин) мөлшерін есепке алады. Құрама жемнің минералдық құрамы бойынша құңдылығы кальций және фосфордың болуын сипаттайды.
Престеу - арнайы механикалық қоңдырғылар (престер) көмегімен әртүрлі өнімдерді қысыммен өңдеу. Төгілмелі құрама жемдерден престеумен түйіршік, ұнтақ, брикет, шар тәрізді немесе басқа да пішіндегі өнімдерді алады. Престеу өнімнің тауарлық түрін жақсартуға және құрама жемді әртүрлі ауыл шаруашылығы жануарларын, құстарды, балықтарды, мамықты аңдарды азықтандырудың физиологиялық ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар престеу азықтандыру процесін механизациялау үшін жағдай жасайды, өнімді жіберу, арту мен түсіру кезінде шаңданудың төмендеуіне байланысты құс шаруашылығы мен мал шаруашылығында еңбек шартын жақсартады, азық бергіштер мен астауларда шығындарды төмендетеді, желінгіштіктің жақсаруы нәтижесінде құрама жемді қолдану тиімділігін жақсартады және престелген құрама жемнің сіңімділігін 10 . . . 12% артырады. Түйіршіктеу құрғақ және ылғалды болады. Түйіршіктеудің құрғақ тәсілі келесі технологиялық операцияларды орындауды қарастырады: - металмагниттік қоспаларды бөлу; - төгілмелі құрама жемді бумен өңдеу; - түйіршіктеудің тікелей процесі; - тік және көлденеңді салқындатқыштарда салқындату; - қиқымдар мен шаң тәрізді бөліктерді бөлу үшін елеу; - түйіршіктерді автоматтық таразыларда өлшеу және дайын түйіршіктерді дайын өнімді сақтау бункерлеріне жіберу. Түйіршіктеудің ылғалды тәсілін үй жануарлары (мысықтар мен иттер) мен мамықты аңдарға (күзендер мен түлкілер) арналған құрама жем және балықтарға арналған арнайы құрама жемдер алу үшін қолданады. Оның мәні өнімді 28 . . . 32% ылғалдылыққа дейін ылғалдандырып, қамырды түйіршікке престеп, кептіріп және суытумен тұжырымдалады. Ылғалды тәсілмен алынған түйіршіктер суға төзімді. Құрама жемдерді брикеттеу - астық, дән түйіршіктерін, күнжара, минерал текті шикізаттарды, меласса, карбамид және оның туындылары сияқты байланыстырушы қоспаларды қосу жолымен өсімдік текті (сабан, пішен, қауыз, жүгері собығының сабағы және т. б. ) талшықты шикізаттан тікбұрышты немесе цилиндр пішінді брикеттерді дайындау процесі. Құрама жемдерді брикеттеуді күйіс қайыратын жануарлар үшін, соның ішінде ірі қара мал үшін қолданады.
Құрама жем сапасын бағалау
Барлық құрама жемдердің сапасы мемлекетаралық стандарттармен нормаланады. Талдауға құрама жемнің әрбір партиясы ұшырайды. Оның сыртқы түрін, түсін, иісін, ылғалдылығын, металлмагниттік қоспаның массасын, ұнтақталу ірілігін, мәдени және жабайы өсімдіктердің ұнтақталмаған тұқымдарының массалық үлесін, шикі майды, күлділігін, азоттық емес экстрактивтік заттарды, шикі протеинді, шикі клетчатканы, кальцийді, фосфорды, натрийді, зиянды қоспаның болуын, жалпы қышқылдылықты және зиянкестермен залалдануын анықтайды. Сыртқы түрі, түсі және иісі құрама жемнің балаусалығын сипаттайды және оны дайындаған шикізат сапасына тәуелді болады. Борсыған, шіріген, зеңденген және басқа да бөгде иістер жіберілмейді. Құрама жемдерде мұндай иістердің болуы сапасыз шикізатты қолдануға немеес қолайсыз сақтау шарттары нәтижесінде құрама жемде өтетін кері процестерге негізделуі мүмкін. Егер де құрама жемге рецептураға сәйкес иісі бар заттар енгізілсе, онда құрама жемде осы заттарға тән иістердің болуы рұқсат етіледі. Ірі қара малға арналған құрама жем-концентраттардағы ылғалдың массалық үлесі 14%; ауыл шаруашылығы құстарына арналған толық рационды құрама жемдерде - 13%; құстарға, қояндарға, асыл тұқымды биелерге арналған түйіршіктелген құрама жемдерде - 14%; балықтар үшін - 13, 5% және басқа жануарлар үшін - 14, 5% аспауы қажет. Ауыл шаруашылығы жануарларына, құстарға, мамықты аңдарға және қосындарға арналған төгілмелі құрама жемдердің зиянкестермен залалдануын анықтайды. 1 кг құрама жемдегі зиянкестердің саны 5 данадан аспауы қажет. Мөлшері 2 мм дейінгі металмагниттік қоспаның массалық үлесі 1 кг құрама жемде 15 . . . 30 мг аспауы қажет. Мөлшері 2 мм үлкен бөліктер рұқсат етілмейді. Төгілмелі құрама жемдердің ұнтақталу ірілігін саңылауларының диаметрі 5; 3; 2; 1 мм елеуіштерде қалған қалдықтар бойынша немесе зертханалық рассев-анализаторда анықтайды. Құрама жемнің ірілігін жануардың жасы мен әрбір түрі үшін нормалайды. Төлдер үшін ұсақ немесе орташа ұнтақталу, ересек жануарлар үшін - ірі ұнтақталу болуы қажет. Ұнтақталу ірілігін анықтау кезінде елеуіште қалған қалдықтардан мәдени және жабайы өсімдіктердің ұнтақталмаған тұқымдарын бөледі және олардың массалық үлесін пайызбен орнатады. Олар құрама жемнің сіңімділігін төмендетеді, ал кейбіреулері жануарлармен қорытылмайды. Ауыл шаруашылығы құстарына арналған толық рационды құрама жемдерде тауықтар, үйректер, қаздар мен бройлер үшін бүтін тұқымдардың болуы 4, 5% артық емес, ал жасы 1 . . . 4 апта тауықтың, үйректің, қаздың және күркетауықтың балапандары үшін рұқсат етілмейді. Ірі қара малдың төлі мен қозыларға арналған құрама жем-концентраттардағы бүтін тұқымдардың массалық үлесі 0, 3 . . . 0, 5%, ірі жауарлар үшін - 0, 7%, соның ішінде жабайы өсімдіктердің тұқысдары 0, 1% аспауы қажет. 47 Зиянды қоспаның болуын астықты талдау бойынша орнатады және ол қолданылатын астыққа нормативтік құжатпен бекітілген нормадан аспауы қажет. Құрама жемнің көптеген түрлерінде қара күйенің, ақбас триходесманың және түкжемісті сүйелжасардың болуы рұқсат етілмейді. Құрама жемдерде шикізатты нашар тазалау нәтижесінде түсетін құмның болуы шектеледі. Құм жануарлардың асқорыту органдарының тітіркенуіне алып келеді. Оның массалық үлесі төлдер үшін 0, 3 . . . 0, 5% және ірі жануарлар үшін 0, 7 . . . 0, 8% аспауы қажет. Құрама жемдегі құмды тұз қышқылында ерімейтін күл бойыша анықтайды. Құрама жемдерге арналған стандарттарда келесі көрсеткіштер бойынша қоректілік нормалары бекітілген: азық өлшемі немесе алмасу энергиясы, протеин, клетчатка және минералдық заттар. Азық өлшемінің мөлшерін немесе алмасу энергиясын кестелік мәліметтер бойынша есептейді. Шикі протеиннің массалық үлесі құрама жемнің барлық түрлері үшін нормаланған. Моногастритті жануарлар (шошқа, құс және т. б. ) үшін азықпен бірге протеинмен қатар ауыстырылмайтын аминқяшқылдарының түсуы маңызды. Сондықтан оларға арналған құрама жемдерде лизиннің, метиониннің және цистиннің массалық үлесі бойынша талаптар қарастырылған. Күйіс қайыратын жануарлар ауыстырылмайтын аминқышқылдары алдыңғы қарында синтезделеді, сондықтан олардың протеин сапасына талаптары төмен. Оларға арналған азықтарда тек қана протеиннің мөлшері нормаланған. Құрама жемдерде клетчатканың мөлшері шектелген, әсіресе төлдер үшін, себебі ол жануарлармен нашар сіңіріледі. Азықта клетчатканың артық мөлшері оның қорытылуын және жалпы қоректік құңдылығын төмендетеді. Күйіс қайыратын жануарлар үшін ол жалбыршақ қарында ас қорытуды қалыпқа келтіретін фактор ретінде қажет және сиыр сүтіндегі май мөлшеріне жағымды әсер етеді. Минералдық заттар барлық алмасу процестері үшін қажет. Құрама жемдерде кальций мен фосфор сияқты микроэлементтердің мөлшері бойынша нормалар бекітілген. Құрама жемді өндіру мен сақтау кезінде оның балаусалығын объективті сипаттайтын көрсеткіш ретінде жалпы қышқылдылықты анықтан жөн. Брикеттелген құрама жемдерде төгілмелі құрама жемде анықталатын сапа көрсеткіштермен қатар брикеттердің тығыздығын анықтайды, ал түйіршіктелгендерде - түйіршік мөлшерін, ұнді бөліктердің мөлшерін (белгілі бір елеуіштен өткен), түйіршіктің үітілгіштігін және оның суға төзімділігін анықтайды. Барлық құрама жемдерде егер де қажет болса МЕМСТ 13496. 7-97 бойынша уыттылғын анықтайды. Құрама жемдердің уыттылығы рұқсат етілмейді. Құрама жемдердің сапасын сынау әдістеріне арналған стандарттарда көрсетілген әдістемелерге сәйкес талдайды. Құрама жемдер ветеринарлық-санитарлық талаптарға жауап беруі қажет. Құрама жемнің ветеринарлық-санитарлық жағдайы негізінен қолданылатын шикізат сапасына негізделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz