Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Торайғыров атындағы университет

Сала экономикасы
пәні бойынша дәрістер жинағы

Бт-401

Павлодар
2021 оқу жылы

1. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 - тақырып. Кіріспе
Курстың негізгі мақсаты өндіріс саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп энергетика шаруашылықтарындағы және өндірісті кәсіпорындарда техника-экономикалық сұрақтарды шешу жолдарьш табу.
Өнліріс экономикасымен байланысты сұрақтарды қарастырғанда кәсіпорынның негізгі ағымдағы активтердің құрылымы мен құрылуын, өндірістің өзіндік құнын, электрлі және жылулық энергияны жіберу мен таратқандағы көрсетілетін қызметтер, жалақы қорының құрылуы мен жұмысшылар санын анықтау сұрактарына, өндіріс құрал-жабдықтарды жөндеуге және пайдаланудың экономикалық аспектілеріне, өндіріс шаруашылығының экономикалық жұмысын жоспарлауда және инвестициялық жобаларды жасаумен оларды бағалау әдістеріне айырықша к-ңіл бөлінген.
Кәсіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекте даму жоспарының негізінде мемлекет тапсырысы, тұтынушылармен шаруашылық келісім-шарттары және жабдықтаушы мекемелермен өндіріс қуаттылығын анықтайтын өнім номенклатурасы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жобасы анықталады.
Өндіріс бағдарламасы төмендегідей жағдайға қарай анықталады:
жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және ассортименті белгіленіп тұтынушылармен келісіледі;
жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім запасы, тиеліп жіберген өнім көлемі, сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде күтілетін есептер мәлшері дайындалады;
аяқталып бітпеген ендіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау мерзімінде орын алатын керекті өзгерістері анықталады.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құндай өлшемдер қолданады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне, шикізатқа, отынға, электроқуатына, жабдықтарға қажетгілігі анықталады. Дегенмен, әртүрлі табиғи көрсеткіштерді жинақтау, біріктіру іс жүзінде мүмкін емес.
Табиғи өлшемдерді кеңейту шеңберінде шартты-табиғи көрсеткіші пайдаланады. Бұл жағдайда шартты бірлікте бірдей бүйымның бірін қабылдап, ал қалғанын еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы немесе басқадай белгісімен соған қарай теңестіріліп қабылдауға болады, мысалы, майлылыгы 40 пайызды құрайтын сабын, 1 тонна шартты белгідегі отын және т.б.
Өндіріс көлемінде еңбек өлшемін айқындауда, ереже бойынша, мөлшер -сағат және еңбек өнімділігін, еңбек ақы төлеу мөлшерін, өндіру мөлшерін және т.б. анықтау үшін табиғи жағымен үйлесуін пайдаланады.
Өндіріс көлемі қүн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш ретінде кәсіпорынның барлық жоспарлар тарауларын бір-бірімен байланыстыратын әмбебап түрінде қолданады. Өндіріс көлемі тауарлы, жалпы және сатылған өнімдер көрсеткіштерімен сипатталады.

2 - тақырып. Курстың тапсырмасы мен пәні
Халық шаруашылығы жүйесіндегі энергетика. Халық шаруашылығын электрофикациялауының мәні. Мемлекетті электрофикациялау және материалды-техникалық базасын құру. Көмір, газ және мұнай өндірісі бар қорлар, ресурстары жатқан жерлер, отын-энергетика ресурстарының қазба көлемдері. Электрэнергетика саны, электрлік станциялар орналасқан жері мен қуаты, электртасымалдау желілердің ұзындығы.
Өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың талабын жаңа әдіспен камтамасыз етілуін айтамыз.
Ал инвестиция термині біздің экономикамызға енген жаңа ұғым (ағыл. - investments) - "күрделі қаржы салу" деген үғымды білдіреді. Бұл ұғым қазіргі экономикалық жағдайында күрделі қаржы салу ұғымына қарағанда кең, мағыналы үғым.
Технологиялық инновациядар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновациярынокқа немесе өндіріс үрдісіне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылды деп саналады.
Озық өндірістік технологияларға микроэлектроникада құрылған немесе компьютердің комегімен басқарылтатын және жобалауда, өндірісте немесе өнімдерді өндеуде пайдаланылатын машиналарды, аппараттарды, жабдықгы және аспаптарды қосатын технологиялар мен технологиялық үрдістер жатады.
Технологиялық жаңа өнім деп бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнімді айтамыз. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не зерттеулер мен өзгермелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Технологиялық жетілдірілген өнім дегеніміз бұл қолда бар өнім, ол үшін сапалык сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды , бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады.

3 - тақырып. Кәсіпорынның негізгі және ағымдагы активтері
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы. Негізгі активтерді амортизациялау және оны есептеу әдістері. Ағымдағы активтердің құрылымы мен құрылысы. Өндіріс айналымындағы активтер құрылымы-өндірісті қор, аяқталмаған құрылыс, болашақтағы шығындар. Ағымдағы активтердің үнемдеуі мен айналымы. Жекеменшік, қарызды және жарғылық қаржы.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалауын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы аыналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді. Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтін, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысанына) айналды.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтежесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатығажүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілді айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсулмен шығады:
А - Қ ... Ө ... Д - А1
мұнда А - шаруашылық субъектілерін авансылаудағыақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

4 - тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Қызметкерлердің дәрежелік және профессионалды құрылымы. Пайдаланатын және жөндеуде істейтін қызметкерлер. Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру. Энергетикадағы еңбек өнімділігі көрсеткіштің ерекшелігі. Еңбекақы төлеу формалары.\
Кәсіпорын кадрлары - бұл кәсіпорында қызмет ететін және тізімдік құрамына енетін түрлі кәсіби-біліктілік топтар қызметкерлерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
Өнім өндірісі үрдісімен тікелей байланысты, яғни негізгі өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорын кадрларын өнеркәсіптік-өндірістік персонал деп атайды.
Қызметкерлер санының нормасы (Нс) - нақты өндірістік, басқарушылық қызметтерді немесе нақты жұмыс көлемін орындау үшін қажетті кәсіби-біліктілік құрамындағы қызметкерлердің бекітілген саны. Қызметкерлер санының нормасы бойынша кәсіби, мамандығы, жұмыс түрлері мен топтары, толықтай кәсіпорын, цех немесе оның құрылымдық бөлімшелері бойынша еңбек шығындары анықталады.
Тәжірибеде кадрлады есепке алу және жоспарлауда олардың тізімдік, келгендер және орташа тізімдік құрамы қолданылады.
Тізімдік сан - нақты күндегі қызметкерлердің тізімдік құрамының саны, онда сол күні жұмысқа қабылданған және шығарылған қызметкерлер есепке алынады.
Келгендер саны - нақты күні жұмысқа келгендердің, соның ішінде іс-сапардағы қызметкерлердің тізімдік құрамының санын сипаттайды.
Ай ішіндегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны әр күнгі тізімдегі барлық қызметкерлер санының қосындысын сол айдағы календарлық күндер санына қатынасы арқылы анықталады.
Қызметкерлердің демалыс және мейрам күндеріндегі тізімдік саны деп оның алдыңғы күніндегі саны есепке алынады.
Кварталдағы (жылдағы) қызметкерлердің орташа тізімдік саны кәсіпорынның кварталда (жылда) жұмыс жасаған барлық айларындағы қызметкерлердің орташа санын қосып, осы қосындыны 3 (12)-ге бөлу арқылы анықтауға болады.
Еңбек өнімділігі еңбек шығындарының тиімділігін, нәтижелігін сипаттайды және жұмыс уақыты бірлігіндегі өндірілген өнім көлемімен немесе өндірілген өнім, орындалған жұмыс бірлігіндегі еңбек шығындарымен анықталады.

5 - тақырып. Өндірістің өзіндік құны, баға белгілеу және тарифтер
Тауар өндіргенде шығындар құрылымы. Өнім өндіру саласында экономикалық тиімді шоғырландыру, орталықтандыру және қиыстыру. Баға белгілеудің теория мен практикасының, негіздері. Нарықтық жағдайындағы отын бағасының, электрлік және жылулық энергияға баға қойылымының қалыптасуы.
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарларыдың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар - бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
Өзіндік күн құрайтын өндіру және сатуға кететін құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
Өндірісті ұлғайтуға және жаңартыға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
Өндірістің әлеуметтік - мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Ауыспалы шығындар - бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шиізаттар, отын, энергия, көлік қызметті және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындары мен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар - бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалшы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны - жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы - бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктің несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау - бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

6 - тақырып. Өндіріс құралдарын жөндеу және пайдаланудың экономикасын ұйымдастыру

Өндіріс саласындағы пайдаланудағы және жөндеудегі құралдармен істейтін қызметкерлердің негізгі функциялары. Жөндеудің тапсырмалары мен мәні. Ағымды және күрделі жәндеу, оларды қаржылау көздері. Жөндеу түрлері, жөндеу циклі, жөндеуді ұйымдастыру формалары. Кәсіпті кәсіпорнында энергетикалық бақылау. Өндірістегі шаруашылықтың техникалық құжаттамасы.
Айналым қорлары - құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.
Айналым қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары өндірістік қорлардың бір бөлігі негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі әрбір өндірістік циклда шығындалатын және өз құнын еңбек өніміне толықтай және бірден аударатын еңбек үрдісіндегі мүліктік элементтер.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады: өндірістік запастар; аяқталмаған өндіріс және өздері өндірген жартылай фабрикаттар; болашақ кезеңдер шығындары.
Өндірістік запастар - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мақсаты
Тұран әлем банкі ақ қызметін қаржылық талдау
Трансформаторлардың паралелл жұмыс кезіндегі параметрлерін есептеу әдістері
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Кәсіпорынның айналым активтерін басқару және оларды оңтайландыру
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
«Макинский элеватор»
Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау
Компанияның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорындардың әр түрлі контрагенттермен қарым-қатынасы
Пәндер