Кәсіпкердің тәуекелі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің өзіндік жұмысы

Ф 11. 01-2021

1-баспа 05. 01. 2021

logo_DU2.png

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра: Азаматтық құқық және процесс

Реферат

Тақырыбы: « Кәсіпкерлік қызмет ұғымы »

Тексерген: Телесбаев Б.

Орындаған: Убайдулла А.

Тараз

Жоспар

Кіріспе

1. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері

1. 1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері

1. 2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Қорытынды

Кіріспе

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет - тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан, көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

1. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері.

Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет - ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындалған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет - бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т. б. ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет. Экономикалық қызмет өндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.

Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.

ҚР заңдарында «кәсіпкерлік қызмет» түсінігінің орнына «кәсіпкерлік» деген термин енгізілген. Сөйтіп, «жеке кәсіпкерлік» деп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері атынан жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз. (1 б. 5 т. ) . Сондықтан заң шығарушы жеке кәсіпкерліктің белгілері ретінде мыналарды:

  1. Бастамашылығы мен дербестігі;
  2. Табыс табу;
  3. Меншіктің болуы;
  4. Кәсіпкердің тәуекелі;
  5. Кәсіпкердің дербес мүліктік жауапкершілігі.

Бастамашылығы мен дербестігі: кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді.

Меншіктің болуы: кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Конс-ң 26 б. 4 т. сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы.

1. 1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері.

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік ҚР ғы кәсіпкерліктің негізгі нысандары болып табылады. ҚР АК меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік аражігін ажыратып көрсетеді - жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқығына негізделген (ҚР АК 10 б. 1 т. ) . Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, а шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) және кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы (деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Сонымен бірге шаруашылық жүргізу құқығы бар кәсіпорындар ғана құра алатын еншілес кәсіпорындар да кәсіпкерлік катынастардың қатысушысы бола алады («Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Заңы 46 б. 19. 06. 95) .

Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық құқықтық нысаны болып ұлттық компаниялар және ұлттық холдингтер әрекет етеді.

Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асыра алады.

Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге - заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі (жеке кәсіпкерлігі) деп бөлуге болады.

Жеке кәсіпкерлік түрлеріне дара және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Дара кәсіпкерлікпен меншік құқығымен өзіне тән мүлік негізінде, сонымен бірге мүлікті пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар бір жеке тұлға айналысады (7 б. 2 т. ) .

Бірлескен кәсіпкерлікпен оларға ортақ меншік құқығымен берілген мүлік негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға және билік етуге басқадай құқығы бар жеке тұлғалар тобы айналысады.

Бірлескен кәсіпкерлік нысандарына:

  • ерлі зайыптылардың кәсіпкерлігі;
  • шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
  • ортақ үлестік меншік негізінде жүргізілетін жай серіктестік.

Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады:

  1. Шағын кәсіпкерлік;
  2. Орташа кәсіпкерлік;
  3. Ірі кәсіпкерлік.

Бұл әлемнің барлық дамыған елдерінде қолданылатын жалпы танымал бөлу.

1. 2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

ҚР жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мына бағыттарда жүргізілуде:

  • кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарды реттейтін заңнаманы жетілдіру;
  • кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру және дамыту, бизнес-инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалды аймақтар және осы сияқты басқа да кәсіпкерлік объектілерін құру;
  • бюджет есебінен кәсіпкерлік қызмет субъектілер қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту нысандары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуекелділіктің мәні мен түсінігі
Тәуекелді басқару негіздері
Тәуекелдердің түрлері және қаржы менеджменте тәуекелдерді басқару
Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері жайлы
Инфляциялық тәуекел
Банк тәуекелдері
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz