Қарын сөлінің бөліну кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Ас қорыту жүйесі физиологиясына жалпы сипаттама

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I. Негізгі бөлім . . . 3

1. 1 Ас қорыту физиологиясы . . . 3

1. 2. Сілекей бөлу, құрамы мен маңызы . . . 4

1. 3. Қарындағы ас қорыту … . . . . . . …. 6

1. 4. Асқорыту ферменттері ……… . . . … . . . . . …10

ІІ. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері …… . . . …. . 15

2. 1. Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері . . . …… . . . …. . 17

2. 2. Ішектегі ас қорыту …… . . . ………. . … . . . . . . 19

2. 3. Ауыз қуысының кұрылысы және астың қорытылуы . . . . 23

Қорытынды . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29

Кіріспе

Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema - бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria - асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді - ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді - ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8 - 10 м. Асқорыту жолының қабырғасы Сыртқы қабаты Ортаңғы қабат Ішкі қабат Дәнекер ұлпадан Бұлшықет қабаты Эпителий ұлпасынан тұратын сірқабат түзілген Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабықша болып табылады. Сілемейлі қабықшаның жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал оның астындағы төменірек орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін бөліп шығарады. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшық еттен тұрады.

Адам организмінің калыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек. Қоректік заттарды қажетсінуі, ең алдымен, организмнің энергетикалық шығынына байланысты. Тамақ құрылыс материалы ретінде, организм өсуі үшін, жасушалардың жаңартылуына, ұлпалардың жойылған бөліктерін қалпына келтіруге, ссндай-ақ жұмсалған энергияны толықтыру үшін қажет.

Қоректік заттар дегеніміз - нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Оларды организм күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен алады. Витаминдер, минералды тұздар мен су өзгеріссіз дереу қанға сіңіріледі. Нәруыздар, көмірсулар мен майлар күрделі органикалық қосылыстарға жатады, бұл күйінде организмге сіңбейді. Олар ас қорыту жүйесінде күрделі өндеуге ұшырайды.

I. Негізгі бөлім

1. 1 Ас қорыту физиологиясы

Азық қорыту дегеніміз - күрделі қоректік заттардың қарапайым түрге айналуы және оларды ағзаның сорып, өзіне сіңіруі. Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз - азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар - белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар - қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.

Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рН 0, 8-1, 0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99, 2-99, 6%, 0, 4-0, 8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза -эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.

Қ арын сөлінің бөліну кезеңдері. Қарын сөлі бөлінуінің екі кезеңі бар: 1- рефлекторлық кезең - тамақ жегеннен соң итте 5 минуттан кейін басталып, 1-2 сағатқа созылады. Тамақты қабылдаған кезде ауыздағы және қарындағы рецепторлар тітіркеніп, тітіркену сопақша мидағы сөл бөлу орталығына барады. Ол орталықтан қарынға кезеген жүйке арқылы беріледі де итте сөл бөлу басталады. 2- нейро-химиялық кезең - итте тамақ қабылданғаннан соң 30-40 минуттан кейін басталып, секреция 5-8 сағатқа дейін созылады Бұл кезеңде көкөністер мен ет сорпасында болатын гистамин, қарында бөлінетін прогастрин тұз қышқылының арқасында гастринге ауысып, қанға сорылып, сопақша миға барып бөлінуді реттейтін орталықты қоздырады. Осы орталықтан қозу қарынға тағы да кезеген жүйке арқылы беріледі де сөл бөліне бастайды.

Күйіс қайыратын малдың -мүйізді ірі қара, түйе, қой-ешкі қарны төрт бөлімнен құралған: таз қарын, жұмыршақ, қатпаршақ пен ұлтабар. Түйеде қатпаршақ жоқ, сондықтан оның қарны үш бөлімнен құралған. Осы көрсетілген бөлімдерден тек ұлтабар нағыз қарын болып саналады. Себебі, ұлтабарда қарын сөлі бөлінеді. Ал, қарынның басқа бөлімдерінде азық қорыту микроағзадардің қатысуымен өтеді. Төрт бөлім қарынның ең үлкені таз (мес) қарын. Мүйізді ірі қара малда оның көлемі 100-300 л, ал қой мен ешкіде 12-20 л. Күрделі қарын бөлімдеріне микроағзалар ірі азықтар мен сүт арқылы, сиырдың бұзауды жалауынан кіреді. Күрделі қарын бөлімдерінде үш типті микроағзалар өсіп дамиды. Олар - инфузориялар - қарапайымдар, бактериялар мен саңырауқұлақтар. Көрсетілген үш типті микроағзалардың қатысуымен белоктар, қанттар мен майлар ыдырап, әр түрлі заттар пайда болады. Микроағзалар қоректік заттарды ыдырататын арнайы ферменттер бөледі. Инфузориялар көбінесе азықты араластырады және клетчатканы ыдыратады. Саңырауқұлақтардың қызметіне келсек, олар қанттарды ашытып К және В тобындағы витаминдерді түзеді.

1. 2 Ас қорытудың мәні мен маңызы

Ас қорытудың мәні мен маңызы. Ас қорыту - қоректік заттардың ыдырауы мен сіңірілуі. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық және биологиялық өңдеулерге ұшырап, төменгі молекулалық қосылыстарға (т. м. қ) дейін ыдырайды. Тіршілік орта жағдайына, қоректік заттардың сипаты мен табиғатына байланысты ас қорытудың 4 түрі бар:

а) жасушалық ас қорыту - тығыз немесе сұйық заттарды жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферментінің әсерімен ыдырату процесі. Мысалы: амеба. Фагоцитоз - тығыз заттарды сіңіру, пиноцитоз - сұйық тамшы сіңіру.

б) жасушадан тыс ас қорыту - қоректік заттарды ыдырату процестері маманданған жасушадан тыс; Қуыстық - қарын мен ішектің қуысына бөлінген сөлдердегі ферменттермен ыдырайды. Мембраналық - жасушаның сыртқы бетінде мембрана ферменттерімен ыдырайды.

в) сыртта ас қорыту - қоректік заттардың ағзадан тыс ыдырайды. Бұл буынаяқтылар - өрмекшілер де кездеседі.

г) ұжымдық ас қорыту - топтасып азықты қорытады. Мысалы: ара, термит, құмырсқа.

Ас қорыту мүшелерінің негізгі қызметі - қоректік заттарды т. м. қ. дейін ыдыратып, ішек қабырғалары арқылы қанға өткізу. Белок → амин қышқылы, көмірсу → глюкоза, май → жоғарғы май қышқылы + глицерин.

Механикалық өңдеу - ауыз қуысында шайнау, сілекеймен шылану.

Химиялық өңдеу - АІЖ ферменттерінің көмегімен қоректік заттардың химиялық өзгерістерін шапшаңдатып СО 2 , H 2 O, NH 3 -қа дейін ыдырауы.

Биологиялық өңдеу - қарында және бүйенде алуан түрлі микроорганизмдер ірі азықты тездетіп ыдыратуға көмектеседі.

Асқорыту мүшелерінің қызметі: Секрециялық қызметі - ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты. Қимылдау қызметі - қарын мен ішектің қабырғасындағы етті қабаттың жиырылу-босаңсу арқылы араласып, шайқалып, астың жылжуымен байланысты. Сіңіру қызметі - кілегейлі қабаттың құрылымдық ерекшеліктеріне және арнайы әрекетіне байланысты. Гормон түзу қызметі - ас қорыту жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриндік жасушалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер бөледі. Экскрециялау қызметі - қажетсіз заттарды ағзадан бөліп шығару.

Ауыз қуысындағы ас қорыту шайнау арқылы ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездері: алқым безі - жақ асты, шықшыт безі - құлақ асты, бұғақ безі - азықтар шыланып, жұту процестерінен өтеді: шайнау процесін сопақша мида орналасқан жүйке орталығы реттейді.

Сілекей бөлу, құрамы мен маңызы. Сілекей - сірнелі, шырышты және аралас бездер болып бөлінеді. Сілекей құрамында 99, 4-99% су және 0, 6-1, 0% құрғақ зат болады. Құрғақ бөлігінде - белоктар, муцин, ферменттер амилаза, глюкозидаза, бейорганикалық тұздар, Na, K, Cl, Ca, P элементтері боларды. Иттерде бактерицидтік қасиеті бар белок - лизоцим болады.

Сілекей түзу кезеңдері: а) алғашқы өнімдерді түзіп, секрет түйіршіктерін жасау; ә) жасушадан секретті бөлу; б) жасушалардың бастапқы құрылымын қалпына келтіру.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7c/Digestive_system_diagram_kk.png/500px-Digestive_system_diagram_kk.png

1-сурет. Ас қорыту жүйесі

Сілекей бөлу - ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштарының (механо- және хеморецепторларының қабылданған азық әсерімен тітіркенуінен басталады. Механорецепторлар азықтың консистенциясын, дымқылдығын анықтауға мүмкіндік береді) . Хеморецепторлар арқылы мал азықтың дәмін анықтайды.

Ауыз қуысынан қозу толқыны үшкіл жүйкенің тілдік тармағы, тіл-жұтқыншақ жүйкесі, кезеген жүйкенің жоғарғы көмейлік тармағы арқылы сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі.

Сілекейдің рефлекторлық доға құрамымен бөлінуі

1) Ауыз қуысындағы хемо- және механорецепторлар тағамның түсуімен тітіркенеді және олар тітіркендіргіш әсерінен жүйкелік импульске айналады.

2) Жүйкелік импульс бет, тіл жүйке құрамымен сілекей бөлу орталығына жетеді.

3) Сопақша мида ақпарат түзіліп, талданады.

4) Талданған ақпарат вегетативтік жүйке жүйенің (ВЖЖ) парасимпатикалық немесе симпатикалық бөлімінің жүйке құрамымен сілекей бөлу таралады.

5) Сілекей бөлу келген жүйкелік импульс әсерімен сілекей бөледі (қоймалжың сілекей немесе сұйық сілекей бөлінеді) . Сұйық сілекей парасимпатикалық бөлімде қызмет атқарса (мыс: лектор, әншілер), ал қоймалжың сілекей симпатикалық жүйкеде қызмет атқарады (мыс: емтихан кезінде студент қобалжығанда) .

Сілекей бөлінуінің реттелуі: Жүйкелік - сопақша ми ВЖЖ екі бөлімімен реттелінеді. Парасимпатикалық жүйке жүйе - сілекей бөлуді арттырады, ал симпатикалық жүйке жүйе - төмендетеді. Гуморальдық - гормондармен реттеледі.

1. 3 Қарындағы ас қорыту

Көп бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде ферменттер бар. Қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды. Қарын қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған. Етті қабық 3-қабаттан - бойлама, сақинаша және қиғаш еттерден түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі қабығында қарын аймақтары мен шұңқырлары болады. Қарында ас қорытуда маңызы зор HCI пепсиногенді - пепсинге айналдырып, бактерицидтік қасиет көрсетеді де, белокты амин қышқылына дейін ыдыратады.

Қарын бездерінің сөл бөлу қызметінің реттелуі.

1) Күрделі рефлекстік және милық кезең - шартты және шартсыз рефлекторлық әрекетке негізделген. Шартсыз рефлекторлық әрекет - тамақ дайындау, иіс, түрі қарын сөлін бөлдіреді. Шартсыз рефлекторлар - дистантты рецепторлардың қоздырғышы. Шартты рефлекторлар - ауыз қуысына тағам келіп түсуі, рецепторлардың қозуы.

2) Қарындық және жүйкелік - гуморальдық кезең.

3) Ішектік кезең - қарыннан ас ішекке жылжығанда қарын сөлі бөлінеді.

Қарын қимылы - қарын қабырғасының асты араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарыннан ішекке өтуіне мүмкіндік беретін әрекет жиынтығы.

Қарын қимылының реттелуі:

Жиырылу түрлері:

А) Перистальтикалық жиырылу - 5-20 сек, бір фазалы, төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын жиырылу.

Ә) Ширықпа жиырылу - бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуы. 15-20сек, 2-4рет

Б) Систолалық жиырылу - қарын кіреберісінен басталып, 60сек дейін созылады, ол қарын қуысындағы қысымның жоғары кезінде туындайды да, жынның белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.

Зерттеу әдістері: баллонография, рентгенография, электромиография

Он екі елі ішектегі астың қорытылуы. Он екі елі ішекке түскен тағам ұйқы безі сөлі, өт сонымен қатар, он екі елі ішек бездерімен (бруннер - ішек бүрлері, ішектің кілегей асты қабығында, ал кілегейлі қабығында - либеркюн бездері орналасқан) бөлінген сөлдер әсеріне ұшырайды. Бруннерлі безбен бөлінген сөл - сілтілі реакциялы, түссіз сұйықтық. Сөлде көптеген кілегей және пепсинге ұқсас белоктық фермент бар. Ас қорыту процесі жүрмегенде, он екі елі ішек рН- қышқыл болғандықтан, ішекке түскенде бейтараптанады.

Ұйқы безі сөлінің (панкреатит) құрамы мен қасиеті. Ұйқы безі сөлі - түссіз, мөлдір, сілтілі сұйықтық. рН 7, 8-8, 4. Сілтілі бикарбонатты буферлі жүйемен байланысты. Ферменттерге өте бай. Белоктарды ыдырататын ферменттер - трипсин, химотрипсин. Майларды - липаза. Көмірсу - мальтаза, лактаза.

Панкреатиттік сөлдің реттелінуі:

1) кезеген жүйке - сөлдің бөлінуін жоғарылатады.

2 Ауыз қуысындағы, жұтқыншақтағы

3) гуморальді реттелуі - секретин, холецистокинин арттырса, ал глюкагон, вазопрессин, АКТГ, энкефалин, кальцитонин тежейді.

Ұйқы безі сөлінің кезеңдері: бөліну ұзақтығы 6-14 сағат.

1. Милық кезең - шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге негізделген.

2. Асқазандық кезең - асқазанның механо- және хеморецепторлармен тітіркенуі және гастрин көмегімен іске асырылады.

3. Ішектік кезең - асқазаннан тағам он екі елі ішекке өткенде басталады.

Өттің бөлінуі мен оның шығарылуы: Өт бауырда түзіледі. Оның қызметтері: А) Өт ұйқы және ішек бездерінен бөлінетін ферменттерді белсендіреді. Ә) Майды ыдыратып, сіңіреді. Б) Ішек қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.

Өттің бауыр жасушаларында түзілуі үздіксіз түрде жүреді. Тағам асқазан және ішекке келіп түскенде ғана жалпы өт жолынан өт ішекке келіп түседі. Асқорыту жүрмегенде бауыр жасушаларында түзілген өт - өт қабына жинақталады. Өт жолындағы өт - ашық сары түсті, қою, кілегей салдарынан тығыз заттары өте көп. Өтте органикалық заттар: өт қышқылы мен пигменті болады. Одан басқа лецитин, холестерин, май, сабын, муцин, неорганикалық тұздар бар, ферменттер болмайды.

Өттің реакциясы әлсіз сілтілі. Тәулігіне 500-1000мл өт түзіледі. Өттік пигменттер - билирубин, биливердин. Билирубин гемоглобиннен түзіледі. Өттің түзілуі - халерез деп аталады. Өттің он екі елі ішекке өтуі - холекинез деп аталады. Сондықтан да, өттің 2 түрі бар:

а) Бауырлық (өт жолы арқылы ішекке), ә) Қалталық (өт қабында жиналады) .

Өт қышқылдары гепатоциттерде түзіледі.

Өт бөлінуінің реттелуі: 1) жүйкелік - парасимпатикалық жүйке арттырады, симпатикалық жүйке төмендетеді. 2) гуморальдық - өт, глюкагон, гастрин.

Өттің шығарылуының факторлары: 1) он екі елі ішек пен өт шығару аппараты бөліміндегі қысым айырмасына; 2) бауырдан тыс өт жолдары сфинктерінің жағдайына.

Ащы ішектегі ас қорыту : Ішектік сөл - тұнбалы, тұтқыр сұйықтық, тәулігіне 2, 5 л бөлінеді. Бруннерлі бездердің жасушаларында муцин және зимоген. Оның сөлі әлсіз реакциялы, май, белок көмірсу аздап ыдырап, либеркюнді бездер он екі елі ішек кілегей қабырғаларында және барлық ішектерде орналасқан.

Ішек сөлінің құрамы мен қасиеті: Сұйық және тығыз бөлімінен тұрады. Сұйық бөлімінде неорганикалық және органикалық заттар ерітіндісімен қаннан тасымалданатын сұйықтықтар болса, тығыз бөлімінде сарғылт масса, фермент белсенділігі жоғары.

Ішек сөлінің реттелуі: 1) жергілікті механизмдер. 2) гуморальдық фактор.

Ащы ішекте қуыстық және қабырғалық асқорыту болады.

1) Қуыстық - ішек қуысына түскен ас қорыту сөлі және оның ферменттерімен іске асырылады. 2) Қабырғалық ас қорытуда пайда болған мономерлер қанмен лимфаға сіңіріледі. 3) Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатында, мембрана бетінде және микробүрлер жасушалары мембранасының өзінде жүреді. Ащы ішек моторлық қызмет атқарады.

Реттелуі: 1) Миогенді - ішек бұлшықет автоматиясы, жиырылуы. 2) Жүйкелік - парасимпатикалық жүйке моториканы жоғарылатады, симпатикалық жүйке моториканы бәсеңдетеді. 3) Гуморальдық - гормондармен реттеледі.

Тоқ ішектегі ас қорыту. Ащы ішекте өңделген химус біртіндеп тоқ ішекке өтеді. Химус - ащы ішекке өткен жын ішек сөлімен өтпен және ұйқы безінің сөлімен жақсы араласып, біркелкі қоймалжың заттарына айналады. Тоқ ішек бүйеннен, жиек ішектен (күйіс малында - қимадан, жылқыда - қартадан), тік ішектен тұрады. Тоқ ішектің кілегейлі қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бокал тәрізді жасуша болады. Мұнда сөл аз бөлінеді, шырыш көп мөлшерде кездеседі. Сөлдің сутектік көрсеткіші 7, 6 - 9, 0.

Ас қорытудағы тоқ ішектің рөлі: Ащы ішекте тағам толығымен қорытылып, сіңіріледі, химус тоқ ішекте гидролизге ұшырайды. Гидролиз химус ферменттерімен, микроогрганизмнен және тоқ ішек сөлімен іске асырылады. Тоқ ішек сөлінде энтерокиназа, сахараза, сілтілік фосфатаза мөлшері ащы ішекке қарағанда аз. Көмірсу және май ыдырауымен салыстырғанда, белоктың ыдырауы қарқынды түрде жүреді. Тоқ ішекте белоктардың шіру нәтижесінде NH 3 , СО 2 , Н 2 S және уытты аминдер: крезол, фенол, индол, скатол түзіледі. Бұл заттар қанға өтіп, қан арқылы бауырға өтеді де, бауырда залалсызданады.

Тоқ ішектің моторикасының реттелуі: 1) Жүйкелік - парасимпатикалық жүйке үдетсе, симпатикалық жүйке бәсеңдетеді. 2) Гуморальдық - серотонин, глюкагон төмендетеді.

Дефекация (нәжіс бөлу) . Ас қорыту жолында қорытылмаған азық қалдығы тоқ ішек бойымен жылжи отырып, қоюланып, тығыздалып, нәжіске айналады да, тік ішекке өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады: 1) Афференттік - дефекацияға мұқтаждық тудыру; 2) Эфференттік - нәжіс шығару.

Реттелуі: Дефекацияның жұлындық орталығынан астаулық жүйкесі құрамында а) парасимпатикалық талшық бойымен келген серпіністерге байланысты, сфинктер тонусы төмендетеді, тік ішек моторикасы жоғарылатады; б) симпатикалық сфинктер тонусын жоғарылатса, тік ішек моторикасын төмендетеді.

Қоректік заттарды сіңіру. Сіңіру деп әр түрлі заттардың жасушалар қабаты мен жасуша-аралық кеңістіктер арқылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады. Сіңіру процесі дененің барлық ұлпасында орын алады, дегенмен оған құрылымы мен қызметі жағынан ас қорыту жолының эпителий жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде жасуша мембранасы мен жасуша аралық заттар маңызды рөл атқарады.

Казіргі кездегі деректерге қарағанда қоректік заттарды сіңіру процесі үш жолмен жүреді.

1. Кейбір заттар ішек қуысынан қанға не лимфаға ықпалды тасымалдау нәтижесінде өз концентрацияларының айырмасына байланысты ( осмос, сүзілу, диффузия негізінде ) өтеді.

2. Қоректік заттар молекулаларының біраз бөлігі пиноцитоз нәтижесінде сіңеді. Бұл жағдайда оларды жеке жасушалар сіңіреді де, одан әрі өзімен бірге ішек қабырғасынан алып өтеді. Пиноцитоз құбылысы жаңа туған төлдерде жақсы байқалады. Мысалы, құлын ішегінің кілегей қабығынан алғашқы 36 сағат ішінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндердің еш өзгеріссіз өтетіні анықталды.

3. Бұл процестегі ең күрделі құбылыс - заттардың мембраналар арқылы тасымалдануы. А. М. Уголев энтероциттің апикальдық мембранасында бір-бірімен жанаса орналасқан ас қорыту ферменті мен тасымалдаушыдан құралған ас қорыту-тасымалдау ансамблі болатыны жайлы болжам жасады. Бұл теория бойынша ыдырау өнімдері кеңістікте шашырамай ферменттерден бірден тасымалдаушыға беріледі де, ырықсыз (белсенді механизм негізінде) тасымалданады.

1. 4 Асқорыту ферменттері

Ферменттер немесе энзимдер - тірі Жасушалардың барлық әрекеттеріне қатысатын, органикалық заттарды өзтеріске үшырататын, зат алмасу процесін реттейтін биологиялық катализаторлар, айырықша белоктар. Ферменттердің қатысуының нәтижесінде химиялық реакциялардың жүруіне қажет қуат шығыны азаяды.

Тірі организмде жүретін барлық лроцестер ферменттердің қатысуымен атқарылады. Олардың әсерімен қорек құрамындан күрделі заттар қарапайым қосылыстарға ыдырап, соңынан олардан осы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқазанның және ішектің секреторлы, моторлы, эвакуаторлы қызметін реттеу. Балалардағы ерекшеліктері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Қан жүйесінің физиологиясы
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Ас қорыту
Асқорыту
Асқорыту жүйесінің жастық ерекшелігі
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Ащы ішектегі ас қорытылу үрдісі
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz