Қазақстандағы экологиялық проблемалар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Miras Education
қазақстандағы экологиялық апат аймағы
Жоспар:
I.Бөлім
1. Экология ғылымы.
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.

II БӨЛІМ
2.1. Семей полигоны.
2.2. Арал теңізі.
2.3. Ірі кәсіпорындар шоғырланған қалалар.

III Қорытынды

I БӨЛІМ

1.1 Экология. Экология (лат. оіkos - үй, баспана; logos - ілім) - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популияциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сандинамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.
1. Әлеуметтік экология -- табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам"жүйесі негізінде зерттейді.
2. Өнеркәсіптік экология -- өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді.
3. Геоэкология -- жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын зерттейді.
4. Ауыл шаруашылығы экологиясы -- ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
5. Ғаламдық экология -- биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

2.1.Қазақстандағы экологиялық проблемалар. Табиғатқа, табиғат ресурстарына деген шектен тыс тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, оның зардаптары тірі организмдерге, адамдарға әсер етуде. Осының салдарынан жер бетінде қышқыл жаңбырлар, топырақ эрозиясы, қатерлі аурулар мен озон қабатының жұқаруы т.б. қауіпті зардаптардың деңгейі артып экологиялық проблемалар туындауда. Экологиялық проблема ғаламдық проблемалардың бірі. Себебі, экологиялық проблеманың алдын-алу тек бір мемлекеттің ғана мүддесі емес, бүкіл планета халықтарының басты мақсаты болуы тиіс. Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер секілді ғылым мен техника, өнеркәсіптің дамуына байланысты экологиялық проблемалар қалыптасты. Қазақстанның құрғақ климаттық белдеуде орналасуы, жер асты және үсті байлықтарын шектен тыс пайдалану, орман ресурстары жер көлемінің азаюы, шөлді аймақтарды игеру, зауыт-фабрика, полигондарды пайдалану еліміздегі экологиялық проблемалардың, Арал теңізі, Семей полигоны секілді апат аймақтардың пайда болуына әсер етті.
1.Мұнай-газ қалдықтарымен ластанған аймақ.Бұл аймақтарға Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған (Атырау, Маңғыстау,) облыстар кіреді. Бұл аймақтағы экологиялық мәселе - табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
Халқының саны 1.47 млн адам, ұлттық өнімнің шамамен 16 пайызын беретін Атырау және Маңғыстау облыстарында, Каспий маңы аймағында мұнай - газ өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры - 3-3.5 млрд. тонна және газдың қоры - 2-2.3 м3. Мұнай өндіру, өңдеу салаларында ескірген технологияларды қолдану,табиғат байлығын шектен тыс пайдалану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процесінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабынуы,тері аурулары, мүгедек балалардың туылуы, мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғарғы канцерогенді көмірсутектің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әсер етеді. Жас баланың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Мұнай өндірілген жылдары 5 млн тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына өсімдіктің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн м3 серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды. Сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі. Мұнай өндірілетін аймақта орналасқан Каспий теңізі жағалауында құстардың 260 түрі кездеседі. Каспийдің шығыс жағалауына жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кейбір жылдары теңізде суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады. Теңізде бағалы балық бекіре мекен етеді. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 80 пайызынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың 40 пайызы Қазақстан үлесінде. Ол ең жоғарғы сапалы уылдырықтың 95 пайызын береді. Каспий теңізінде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек. Мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі, Каспий теңізіне ғана тән итбалықтардың қырылуы,осы аймақтағы Капустин-Яр, Азғыр полигондарының ұзақ уақыт жұмыс жасауына байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы, аңызақ желдердің шаруашылыққа әсер етуі бұл аймақтағыэкологиялық проблемалардың айқын көрінісі.
2. Өнеркәсіп қалдықтарымен ластанған аймақтар.
Бұл аймақта Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған ірі, түсті және қара металлургия, энергетикалық кешендері шоғырланаған. Бұл аймақтағы мәселелер қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған, территориялардағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, қорғауға алынған территорияның жеткіліксіздігі. Бұл аймаққа солтүстік,орталық және шығыстағы - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстары жатады. Халқының жалпы саны 7 млн - нан асатын аймақ тау - кен өндіру, көмір өнеркәсібі, жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп маңызды орын алады. Мұнда темір кен қорының 85%-ы, марганец 27%-ы, 99% хромит, мыс, полиметалл рудалары, 190 алтын кен орындары шоғырланған. Территорияның басым бөлігін ( 4 млн. га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының 50 пайызын құрайды. Ресурстардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.
Ертіс, Нұра, Есіл,Тобыл, Сарысу өзендерінің бассейндері су ресурстарының негізгі су көзі.
Республикамыздың астанасы - Астана қаласы осы аймақта орналасқан. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Аймақтың экономикасының дамуына су ресурстарының күйі әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4.1 млн халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 мВт энергия өндіреді. Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қаупі төндіруде. Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған. 3.Ауылшаруашылық қалдықтарымен ластанған аймақтар. Бұл аймаққа тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін, ауылшарушылық бағытымен сипатталатын оңтүстік аймақтар жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экологиялық мәселелер су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымның деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймақтарға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн, негізгі маманданған саласы ауылшаруашылығы. Еліміздің оңтүстіктігінде ауылшаруашылығына пайдалану үшін Арал және Алакөл- Балқаш бассейіндері өзендерінің суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа - райы күрт континентальды шөл аймағында орналасқан. Аймақтың экологиялық мәселелері негізгі су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1980-1996 жылдар аралығында 10 млн га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылды.

II.Бөлім

2.1. Семей полигоны. Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған.
Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.
Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырап, сол сырқаттың қасіретін әлі де арқалаумен келеді. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы ғылыми негізде дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін.
Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. Одан әрі жер астына жасай бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі - иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау
Қазақстандағы ауаның ластануы
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Атмосфера, гидросфера және литосфераның ластануы
Қазақстандағы агроэкологиялық мониторинг
Қоршаған ортаның проблемалары
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Қазақстан табиғатының экологиясы және тұрақты дамуы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары
Пәндер