Бактериялардан түзілетін антибиотиктер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ALIKHAN BOKEIKHAN YNIVERSITY

СӨЖ № 1

Тақырыбы: Фармацевтикада антибиотиктер алуда қолданылатын саңырауқұлақтар

Орындаған: Мырзаканов А. М

2 курс студенті БТ-001 тобы

Тексерген: Силыбаева Б. М

2021

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1 Антибиотиктерге қысқаша сипаттама;

2. 2 Пенициллин ашу тарихы;

2. 3 Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге құралу мүмкіндіктерін жоғалтуы;

2. 4 Антибиотиктерді өндірістік алуы және қолданылуы;

2. 5 Пенициллин антибиотигіне сипаттама;

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе

Антибиотиктер (грекше anti - қарсы, bios-өмір) - өте аз концентрацияда микро және макро тоғышарлар организмін таңдаулы түрде жоятын, әр түрлі организмдердің (саңырауқұлақтар, бактериялар, жануарлар, өсімдіктер) өмір сүру барысында өндіретін биологиялық белсенді заттар.

«Антибиотик» термины 1942 жылы қабылданды, бірақ ол үшін үлкен және күрделі зерттеулер жүргізілді. Отандық ғалымдардың бірі Н. Н Благовещенский 1890 жылдарда көк іріңді талшықтарды жануарлардың организміндегі сібір жарасының бактерияларына қарсы қолдануды ұсынды. Бұл уақытта бөлек микробтарда антибиотикалық заттардың бар екендігін елестету қисынсыз болатын. Сол кезде Р. Эммерих сол заттарды алуға талпыныс жасады. Көк реңді талшықтан пиоцинозды алу қолынан келді. 1989ж Н. Ф Гамалеямен бір уақытта сол микроорганизмнен пиоклостин алды.

Кейіннен осы мәселеге байланысты көп ашылулар жасалды, алайда маса ерекше орынды А. Флемингтің еңбегі алды. Ол Penecillium notatum саңырауқұлағының өмірлік азыққа әсерін көрсетті. Содан соң Х. В Флори мен Е. Б. Чейн бірлесіп сұйықтықтан пенициллинді бөліп алды.

Антибиотиктерді зерттеуде советтік ғалымдар үлкен үлес қосты, олардың ішінде З. В Ермальев, Г. Ф Гаузе және тағы басқа. Ветеринарияда антибиотиктерді көптеген фармакологтар зерттеді, бірақ маңыздырақ зерттеулерді Н. И. Леонов, И. Е. Мозгов, Д. М. Гелони, В. А Фортуш, П. Д. Евдокимов, В. М. Субботин, Г. В. Ковалев жүргізген болатын.

Антибиотиктер микробтар дүниесіндегі олардың бір тобының екінші бір тобына қарама - қарсылық әрекетіне негізделген. Микробтар өз тобынан өзге топтарға «қарсы» болғанымен, өз тобындыларға зиянсыз заттар бөліп шығарады. Әрбір антибиотик тек ауру қоздырғыш микроорганизмдердің белгілі бір тобына ғана жойқын әсер етеді.

Аромат қатарының антибиотиктері ретінде тәжірибе жүзінде левомицетин қолданылады. Ол 1947 жылы актиномицет культурасының сұйығында байқалған. Ал 1949 жылы оның құрылысы анықталып, синтездік жолмен алынған. Левомицетинді өндірістік көлемде шығарылған бірінші антибиотик десе де болады. Ол нитробензол туындысы.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Антибиотиктерге қысқаша сипаттама

Антибиотикалық заттарды қолдану өте ертеде басталған. Осыдан 3500 жыл бұрын Қытайда көгерген ірімшік, кейіннен көгерген нанды іріңді жараларды емдеу үщін қолданылғаны туралы деректер бар. Антибиотиктердің ашылуына жуықтап келген орыс ғалымы А. Г. Полотебнов. Ол 1872 жылы пенициллиум саңырауқұлағының спораның көгінен дайындалған ұнтақпен іріңді жараны емдегені туралы хабарлаған. Бірақ, антибиотик эрасы және және антибиотикотерапия А. А. Флегмингтің есімімен байланысты. Ол 1929 жылы пенициллиум көгінен алынған микробтарға қарсы әсер ететін зат туралы хабарлады. Ол затты тәжірибе жүзінде іске асыру үшін одан кейін де ондаған жылдар керек болды. 1940 жылы бірінші рет Флори мен Чейн химиялық таза пинициллинді алды. Ал Ресейде таза пенициллинді 1942 жылы Ермольева алды.

Қазіргі кезде 4000-нан аса антибиотикалық заттар бөлетін микроорганизмдер туралы деректер бар. Медицина мен малдәрігерлік салада 60-қа жуық антибиотиктер қолданылады. Олардың жаңа түрлерін іздестіру әрі қарай жалғасуда.

2. 2 Пенициллин ашу тарихы

Ағылшын микробиологы Александр Флемминг (1881-1955) өзінің ғылыми жолын белгілі бактериолог Алмрот Райттың басшылығымен бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде бастады. Бұлардың екеуі де антисептиктердің көмегімен жауынгкерлердің жарасындағы ауруларды емдеуге тырысты, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады. Флеммингтің өмір баянын жазушы бұл бірлесіп жүргізілген жұмыс «белгілі дәрежеде Флеммингті 1922 жылы сілекейде болатын және микробтарды ірітіп жіберетін фермент - лизоцимді табуға әзірледі» деп жазады.

20-жылдардың аяқ езінде Флемминг Лондондағы Қасиетті Мария ауруханасының бактериологиялық лабораториясында жұмыс істеді. Ол бұл жерде өзінің екінші жаңалығын ашты, бұл жаңалық оның есімін микробиология мен медицина тарихында қалдырды. Бұл оның Петри табағында өсірілген ауру таратқыш стафилококкпен күнделікті жұмысы үстінде болды. Ендігі сөзді ғалымның өзіне берейік:

«Стафилококктардың әр түрімен тәжірибе жасап жүріп бактериялар салынған кейбір табақшаларды лаборатория столының үстіне қалдырып, оқта - текте оларды байқап жүрдім. Әрине, қараған кезде табақшалар ашылып отырды, демек, олардың әр түрлі микроорганизмдермен ластануы да мүмкін. Мен бұған ауадан келіп түскен көгерген саңырауқұлақтар шоғырының жанында стафилококкдың шоғыры барған сайын бірте-бірте мөлдірленіп бара жатқанын байқадым, олар ери бастаған сияқты болады».

А. Флемминг бұл жағдайды назардан тыс қалдырған жоқ. ең күшті деген дәрілер де әсер ете алмаған жебір стафилококктар шоғыры оның көз алдында ғайып болды.

Ол мұны табақшадағы көгерген саңырауқұлақ деп бірден білді. Саңырауқұлақ бөлек ыдысқа қайта салынды. Флемминг оның таза культурасын алып, қасиетін зерттей бастады. Ол саңырауқұлақты екі апта ет сорпасында өсіріп көрді. Осы мерзімнің ішінде қоректік сұйықтың бетін түгелдей сұрғылт - жасыл қабыршақпен жауып кетті. Сүзгіштен өткізгеннен кейін сұйықтың стафилококкқа әсерін зерттеп білу жөнінде тәжірибелер жасала бастады. Олар күтпеген нәтиже көрсетті: сұйық ең күшті деп жүрген антисептикалық дәрігерлердің бәрінен де тиімді болып шықты, Флемминг саңырауқұлақ өсіп-өнуі кезінде белгілі бір антибиотик шығарады деген тұжырымға келді. Бұл дәрі Penicillium notatum тобында екені анықталған грибтің атымен пенициллин деп аталды.

Бұл заттың қанның ақ түйіршіктеріне қарағанда бактериялар үшін әлде қайда қатерлі екендігі анықталады; оның бір кезде Флемминг Райтпен бірлесіп сынап көрген антесептиктен үлкен айырмашылығы да осындай еді. Тіпті филтратты 1:800 өлшемімен еріткен кезде де кейбір микробтардың өсіп-өнуі тоқтап қалды. Флемминг сондай-ақ грамм оң бактериялардың грамм теріс батерияларға қарағанда пеницилинге сезімталдылығы күшті екенін де анықтады. Бұдан кейін жан-жануарларға тәжірибе жасала бастады. Пинициллиннің уландырғыш қасиеттерінің бар - жоғын анықтау керек болды. Флеминг үй қояндарының күре тамырына 20 милллилитр сұйық жіберіп, бұл егудің микробтар өсірілген сұйық егу сияқты зиянсыз екеніне көзін жеткізді.

Кейінрек ол бұл жөнінде: «Біз лабороторияда культуралларды теңестіру үшін он жыл бойы пеницелин қолданып келдік. Бірнеше жағдайда біз оны шектегіш антицептик ретінде пайдаландық, нәтиже жаман болмағанмен бізге оны әзірлеу өзін-өзі ақтамайтындай көрінді», - деді.

Флеммингтің бұл зерттеулерін одан әрі жалғастырған Г. У. Флори өзінің бір баяндамасында:

« . . . Флеммингтің еңбектерінен оның пенециллинді қан тамырлары арқылы дененің зақымданған жеріне жете алатын және организімге ешқандай зиян тигізбейтін химиялық дәрі болуы мүмкін деп санағанын көрсететін ештеңе жоқ», -деді.

Флори пенициллин өзінің әсерін тек жеткілікті дәрежеде жинақталған түрінде ғанакөрсетуі мүмкін деп санады. Оның пікірінше Домагкқа стрептаккок жұқтырылған тышқандарға ойдағыдай тәжірибе жасауға мүмкіндік берген де осы жағдай. Домагк ол тышқандарды протозилмен жазып шығарды. Бірақ Флеммингхимик емес еді және ол пенициллинді таза күйінде ала алмады.

Пенициллинді айырып алуымен және тазартумен 1932 жылы Райстрик бастаған бір топ химиктер шұғылданды. Ол бұл кезде көзге көрінбейтін грибтерден құрылған кейбір құрамалар алып, оларды зерттеген ең шебер химиктердің бірі болды. Бірақ пенициллинді алдын ала тазалағаннан кейін химиктер оны мүлде таза күйінде алу жөніндегі әрекеттерін тоқтатты, себебі әдеттегі әдістерді қолданғаннан ол бұзыла бастайтын болып шықты. Арада біраз жыл өткеннен кейін Флори Райстриктен оның пенициллинді одан әрі зерттеуді неге тоқтатқанын сұрады. Ол өзінің мұндай оңай заттың тек химиялық құрлымын ғана зерттеп білгісі келгенін айтты.

Флоридің жоғарыда айтылған баяндамасында: «Пенициллиннің табылуы ешқандай ғылыми жаңа идеялардың жемісі емес» тым өткір сөздер де болды.

Кейбір сыншылар тіпті Флеммингтің ашқан жаңалықтары кездейсоқ болды деуге дейін барды. Флеммингтің ісін жақтаушы, Мадрид унивирситетіндегі Ф. Бустинза-Лахиондо оларға қарсы шықты:

« Бұл жаңалық кездейсоқ ашылды десіп жүр, мен бұл арада Пастердің кездейсоқтықтың өзін әдетте ой-толғаудың белгілі дәрежедегі барысы әзірлейді деген сөздерін мысалға келтірер едім. Оның ғылыми жұмыстары ойланбаған жағдай ретінде үлкен роль атқаратынын теріске шығаруға болмайды. Мұндай жағдайды кім дұрыс бағалай алады? Оны тек толысқан ой ғана дұрыс бағалай алады. Адамдардың көпшілігі табиғи құбылыстарды түсінісуге дайындалмаған, тек күнделікті табиғи құбылыстарды түсінісуге дайындалмаған, тек күнделікті ізденіске тәрбиеленген және дарынды талдау жасай алатын жекелеген адамдар ғана түсіне алатындар үшін әрқашанда ашық болатын табиғаттың ғажайып кітабының беттерін оқи алуға қабілетті.

Флеммингтің көруге құбылысын пайдалануы да пенициллинді табу процесіндегі бір кезең ғана, тұтас бір зерттеу жұмыстарының бастауы ғана болды. Микробтар ұрығы салынған табақшалар ешкімнің назарын аудармаған сырттан келген микробтармен қанша ластанды десеңізші!

Бірақ Қасиетті Мария ауруханасының бактериологы табиғатынан зерттеуші еді, оның ой-мақсаты тіпті өзі өсіріп отырған микроб тобындағы сәл ғана өзгерістердің өзін қалт жібермей байқауға әзір болатын. Оның көк басып кеткен табақшаны таңдап алуы да сондықтан, оны зерттей келе ол стафилококк тобы грибке тым жақын тұрса басқаларға қарағанда нашар дамып, бұзылатынын көрді. Пенициллин тарихы осылай басталды».

Ал Флеммингтің өзі былай деді: «Әрине, культуралардың көзге көрінбейтін санырауқұлақтар ластанғанын бактериологтардың бәрі көрді. Басқа бір микробиолог та мен сияқты, мұндай өзгерістерді байқауы әбден ықтимал, бірақ оның табиғи бактерия таратқыш заттарға тіпті назар аудармай, ол табақшаны жуатын ыдыстардың ішіне қоя салуы да мүмкін ғой».

Біз болсақ тек 30-жылдары пенициллиннің мүлдем ұмыт болғаны туралы ғана айта аламыз. Сол жылдары көгерген саңырауқұлақтардан антибиотиктердің тағы бірнеше түрі ашылып, табылды, бірақ кешікпей сульфаниламидтердің көптеген шығарылуы оларды тықсырып тастады.

2. 3 Өнеркәсіптік жағдайда микроорганизмдердің антибиотиктерге құралу мүмкіндіктерін жоғалтуы

Микроорганизмдер антибиотик продуценттері өнеркәсіптік жағдайларда сондай-ақ дақылдарды қамтамасыз ету үшін систематикалық егулерде көбінесе антибиотик құру мүмкіндігін жоғалтады немесе оны төмендетеді. Мұндай жағдайлар екі негізгі факторлармен байланысты: штамдардың спонтанды диссоциациясы және фаголизис.

Спонтанды диссоциация. Микроорганизмдер дақылдары өз құрамы бойынша гетерогендер және бір қатар морфологиялық, физиологиялық ес биохимиялық қасиеттермен осымен қатар антибиотик биосинтезі деңгейі бойынша ажыратылатын көптеген варианттардан тұрады. Мутация нәтижесінде аз активті варианттар пайда болады. Микроорганизм антибиотик продуцентінің өнеркәсіптік жағдайда даму периодында немесе оны сақтау процесінде ол бірқатар варианттарға спонтанды диссоциациялануы мүмкін. Олардың кейбірі антибиотик құруға мүмкіндіксіз. Осылайша граммицидин алу кезінде С-дақылы Bacillus ravish vat. G, B, R, S, P+ және P- варианттарына оңай диссоциацияланады. Пайда болған диссоцация варианттарының (R, S, P+ және P-) әр қайсысы бөліктер немесе толық кез-келген басқа варианттарға айналуы мүмкін. Дегенмен, граммицидин С құру мүмкіндігіне тек екі вариант: R, P+ мүмкіндігі бар. Диссоциация процесі (R вариант) тұрақты жүреді, нәтижесінде дақылда Р+ және r варианттарымен қатар граммицидин С синтезіне мүмкіншілігі жоқ, С және Р варианттары жиналады. Штаммды дұрыс емес сақтағанда дақылдың туылуы пайда болады және антибиотиктің жылуы лезде төмендейді.

Фаголизис. Антибиотиктерді және бәрінен бұрын актономицеттермен қалыптасатын антибиотиктерді өнеркәсіптік алу жағдайында кейде актинофа (фаголизис) әсерімен антибиотик продуценттерінің клеткаларының лизисі жүреді. Бұл дақыл өсуінің толық тоқтауына және антибиотиктердің қалыптасуы процентінің тоқтауына алып келеді. Фаголизис стрептомицин, новотоцин, эритромицин, тетроциклин және тағы басқа антибиотиктер өндірісінде байқалады. Фактің жұғуы лизогенді дақылды антибиотиктерінің биосинтезі процесінде жүруі де мүмкін. Антибиотикті өнеркәсіптік алудың кейбір этаптарында фаголизистің енуі арқылы болады. Антибиотикті өнеркәсіптік алу жағдайларында фаголизисті инфекциялармен күресудің келесі әдістерін қолдануы тиіс:

Өндірісте арнайы алынған фаголизистің тұрақты дақылдарды қолдану. Бұл әдіс микроорганизмде фаголизис әсері арқылы варианттардың пайда болуы арқасында (фаголизис тұрақты негізделген) ;

Өндірістік цехтерде, лабораторияларда фаголизистің таралуымен систематикалық күрес. Әдетте осы мақсатқа фагты өлтіретін (гипохлорид, хлорлофанисті қышқыл тұздары тағы басқа) дизенфекцияланушы әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылады;

Антибиотик продуцентінің дақылын фаголизистік инфекциядан қорғау. Бұл ортаның, аппаратуралардың, коммуникацияның, құрылғылардың қатаң түрде антибиотик алудың барлық этаптарының стерилизацияларымен іске асырылады. Көрсетілген әдісті қолдану антибиотик өнеркәсібінде лизис қауіптілігінсіз антибиотиктерді алуды қамтамасыз етеді.

2. 4 Антибиотиктерді өндірістік алуы және қолданылуы

Антибиотиктерді медицинада, ауылшаруашылығында және де басқа да халық шаруашылықтарында кеңінен қолдану бұл биологиялық активті заттарды жаппай масштабта өндіруге негіз болып отыр. Бұл мәселенің шешілуіне күшті антибиотикалық өндірістің пайда болуы ықпал етті. Антибиотиктерді өнеркәсіптік өндіру негізінде бірқатар тізбекті қадамдар жатыр. Жоғары өнімді штаммпродуценттерді алу, антибиотикалық продуцентін максимальді биоцинтездеу арқылы культурлеудің тиімді шарттарын құру, антибиотиктерді бөлу және тазалау әдістерін теру және практикаға енгізу, дайын препараттарды құру және олардың сапасын тексеру. Осы қадамдардың әр қайсысын сәйкес мамандар қамтамасыз ету тиіс (генетиктер, микробиологтар, технологтар тағы басқалар) . Антибиотиктерді өндіру фармацевтикалық (біздің мемлекетте медициналық және микробиологиялық) өнеркәсібіне кіретін қуатты және дамыған бөлім. Бұл дәрі-дәрмек өндірісінде алдағы орынды алады. Бұл әсіресе АҚШ, Германия, Франция, Италия және тағы басқа мемлекеттерде кең дамыған. Мысалы, АҚШ жыл сайын жүздеген милн. доллорларға антибиотиктер өндіреді. Лове және Эландера мәліметтері бойынша тек виетта-лактанда антибиотиктер (пеницил мен цефалоефелин) барлық өндіретін антибиотиктердің жартысын құрайды. 1979 ж авторлардың айтуы бойынша биоцинтез жолымен тек пенициллиннің 14800т. жалпы бағасы 240 млн. $ өндірілді. Антибиотиктерді алудың өнеркәсіптік әдісі -бірқатар технологиялық қадамдардан тұратын күрделі, көп сатылы процесс.

Антибиотикалық заттар халық шаруашылығындағы көп бөлімдерде және ғылыми зерттеулерде қолданылады. Олар медицинада, ауыл шаруашылығында, тамақ және консев өнеркәсібінде қолданылады.

Медицинадағы антибиотиктер. Медицинада антибиотиктердің ашылуы төңкеріске алып келді. Көптеген антибиотикалық заттар таптырмайтын емдеу препараттары болып шықты. Олар алдын емі жоқ деп табылатын ауруларды емдеуге қолданыс тапты. Осындай аурулардың қатарына туберкулездің кейбір формаларын және ең алдымен антибиотиктерді қолданулардан алдын 100% өліммен бітетін туберкулезді, обаны, азиялық холераны, брюменой тиф, пневмония және тағы басқа аурулар жатады. Кейбір антибиотиктер зиян саналы қатерлі ісіктерді басуға және бірқатар вирустарға активтілік мүмкінділігі бар. Қазіргі уақытта 100 ге жуық антибиотиктер қолданылады. Жаңа антибиотиктердің заттарды алудағы зерттеулер оларды медицинада қолдануға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығындағы антибиотиктер. Медицинамен қатар антибиотиктер ауыл шаруашылығында да қолданылады. Ең алдымен антибиотиктер ветеринарияда, ауылшаруашылық жануарлардың түрлі ауруларын емдеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда олар медицинадағы сияқты эффективті болып табылады.

Антибиотиктерге басты талаптардың бірі болып, олардың медицинада қолданылуы қажет. Бұл принципиалдық шарт адам үшін патогенді болатын микроорганизмдердің резистенттік формаларының пайда болу деңгейін төмендетеді. Фатопатогенді организммен күрес үшін әртүрлі антибиотиктер қолданылуы мүмкін.

Өнеркәсіпте антибиотиктердің түзіліуі. Антибиотиктік заттарды өнеркәсіп орындарында екі жолмен алынады, олардың бірі: биологиялық синтез арқылы, ал екіншісі химиялық медификацияда. Онда молекула биосинтезінің физиологиялық активті процестердің қосылуы арқылы. Антибиотиктерді өнеркәсіпте өндіргенде көбінесе бактериялардан, актимомицеттерден және меирельді саңырауқұлақтардан алынады.

Бактериялардан түзілетін антибиотиктер. Бактериялардан 600-ге жуық антибиотиктер алынады. Оған қатысты көптеген заттар өнеркәсіптен шығарылады. Соның ішіндегі мыналарды атауға болады: граммицидин С, ол Bacillus raves vat GB арқылы жасалады: полимикцин, оны Вас Роlу -туха және Вас Circulans ард алынады. Бацитрациндер, оларды Bacillus Lichenisarmis синтезінен алған. Бактериялардан шыққан антибиотиктердің ерекшелігі, олар өзінің химиялық құрылысы бойынша палипептидтерге жатады және төменгі молекулалы белоктарға жатады. Бір продуцент даму процесінде химиялық құрылымы жағынан ұқсас антибиотиктерді жасай алады. Сондықтанда антибиотиктердің көп топтарын алу үшін бактерияларды синтездейді, ол бактерияларға мыналар жатады: граммициндері; полимиксиндер, Олардың құрамында палимиксиндер мен қатар дианимомайымен метилгептанды қышқыл бар. Бацитрациндер жеке оң антибиотиктерді біріктіреді. Низиндерді сүтқышқылды стрептококкандар түзеді, оның құрамында негізгі жеті белок кіреді. Тек сол ғана биологиялық активтілікке ие. Низин стрептококкаларын синтездейтін негізгі белоктардың 20% құрайды.

Актиномицеттерден түзілетін антибиотиктер. Антибиотиктердің түрлері практикада кеңінен қолданыс тапқан және өнеркәсіпте шығарылатын түрлері актиномицеттерден түзілетін биологиялық активті қосылыстарға жатады. Бұл антибиотик заттарға келесі түрлі химиялық құрылымдары мен кең биологиялық спектрі бар топтар қатары жатады.

2. 5 Пенициллин антибиотигіне сипаттама

Пенициллин - өндірістік жолмен бірінші рет шығарыла бастаған микроб тектес антибиотик еді. Ең алдын оны үстір өсіру әдісімен алатын. Оны алу технологиясы тіптен анайы еді, себебі продуцентті колбада немесе шыны ыдыста өсіретін. Арнайы жағдайда алынатындығына қарамастан, оған сұраныстың жоғары болуы себепті, оны өндіру көлемі өсе түсті. Продуцентті егу үшін керек десең сүр өнімдерін құятын шөлмектер де пайдаланылатын, себебі ол ыдыстарды жуатын және өңдейтін машина пар болушы еді. Әрбір шөлмекте тиісті желдету жағдайын қамтамасыз ететін 1-4 см қоректік орта қабаты орналастырылатын. Ол ыдыстарды арнайы кәрзеңкелерге салып, залалсыздандырып, салқындататын. Құрғақ спораларды немесе олрдың сулы суспенияларын шөлмектергеерекше бүріккіштермен немесе пипеткалар көмегімен енгізтін және 5-10 тәулік бойына 24ᵒС жылулықта фермент етілуге қойылатын .

Пенициллин продуценттері ретінде Penicillium chrysogenum егіндерінің өсіктері (штаммдары) кеңінен пайдаланылады. Penicillium түрлері споралар (конидийлер) тудырады. Мицелиялардың дамуында әр түрлі фазалар көрініс береді. Мицелияның бастапқы ортаңғы өрбу барысында клеткаларда майлар жиылып, қорланады. Кейіннен олардың сандары азая түсіп, рибонуклеополифосфат түйіршіктері бар вакуольдер пайда болады, одан соң аутолиз басталады. Пенициллин қоспалары үдей түсуі үлкен мөлшердегі мицелия биомассасы бар болған. Глюкоза мен сүт қышқылын бейтарап жағдайға жақын ортадажәне рН жағдайында толық пайдаланған жағдайда басталады.

Пенициллинді зерттегенде, оның қышқылдық гидролизі құрамында әр қашанда В-диметилцистан орын алатындығына көз жеткіземіз. Қоректік орта заттарына C14, N15, S32 белгіленген атомдарын енгізу арқылы пенициллиннің биосинтез механизмі зерттелген болатын.

Бензилпенициллиндік қыщқыл L-цистиннен фенилуксус қышқылынан және диметил пировиниградтың қышқылдарынан жинақталады деп саналады.

Пенициллинді алу үшін алдын споралпрды көбейтіп өсіреді. Олардың құрамына 0, 5% масса, 0, 5% пептон, 0, 4% ас тұзы, 0, 01% бір рет араластырылған калий фосфаты және 0, 005% магний сульфаты кіретін агарланған ортада өсіреді. Спораларды 25-27*С жылу ортасында 4-5 тәулік бойына өсіреді.

Өндірісте спораларды мицелийдің шыны флакондарда тары ортасында өсіру арқылы алады. Құрғатылған споралық мантериалды бөлме жылуы жағдайының өзінде де сақтауға долады. Алынған споралық материаоды инокуляторлады егу үшін пайдаланылады.

Егу ферменттерінде мийелий 12-18 сғат өсіріледі, 15-20 %-дық егін сұйығы көлемін негізгі ферментацияның басталуы үшін пайдаланады. Мицелий мен пенициллин биосинтезін өсіру үшін қоректік ортаны, әдетте жүгері экстрактысынан, лактозадан, глюкозадан, минерал заттарынан және антибиотикке жол салушы - кейбір фенил сірке су қышқыл дәрі-дәрмектерінен дайындалады.

Пеницилиннің негізгі ферментациясы үшін өндірісте пайдаланылатын кейбір қоректік орталардың құрамдары төмендегі кестеде келтірілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антибиотиктер
Саңырауқұлақтардың морфологиясы
Нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейтін антибиотиктер
Антибиотиктердің продуценттері сіке - қышқылды, тиолды
Антибиотиктердің негізгі механизмі мен әсер ету сипаты
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Биологиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері
Саңырауқұлақтардың физиологиясы және олар бөлетін белсенді заттар
Әртүрлі антибиотиктер
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz