Моногенетикалық сорғыштар
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Факультет: Жаратылыстану
Кафедра: Биология
Тақырыбы: Бақа көпезуінің морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы
Қабылдаған:Байтұрсынова Қ.
Орындаған:Саттарбаева А.
Тобы: 7М01507-биология
Түркістан 2021
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1.1.Моногенетикалық сорғыштар
1.2. Төменгі сатыдағы және жоғарғы сатыдағы моногенейлер
1.3. Бақа көпезуі (Polystoma integerrinum), тіршілік циклі
1.4. Дактилогироздың дамуы, клиникалық белгілері, алдын-алу шаралары
ІІІ.Қорытынды
Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терісі мен желбезегінде, амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында және басқа да мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың түр саны 2500-ге жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. Моногенетикалық сорғыштардың денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі болады. Оның ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдерді қысып алатын екі жақты қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің алдыңғы бөлімінде де болады. Олар паразиттің қоректену кезінде бас бөлімінің бекінуін қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін, бір клеткалы бездердің жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінділерден немесе кішкене сорғыштардан тұрады. Ішкі құрылысы дигенетикалық сорғыштарға өте ұқсас. Жамылғылары трематодтардікі сияқты - тегумент. Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз қуысы көптеген бүйір өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді немесе қос тарамды ішекке жалғасқан.
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы: негізгі экскреторлы түтіктер денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен аяқталады.
Нерв жүйесі ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденең сақина өсінділермен байланысқан, үш жұп ұзына бойы бағаналар басталады. Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвертирленген көздері болғанның өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Бір немесе көптеген аталық тұқым бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері жақсы дамыған (62-сурет). Сперматозоидтар шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың алдыңғы үштен бір бөлігінде жыныс тесігі орналасады, оған жатынның соңғы бөлімі мен хитинді ине-ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс мүшесінің шеткі бөлімі ашылады.
Көбеюі және дамуы. Моногенетикалық сорғыштардың тіршілік циклі иесін және ұрпағын алмастырусыз өтеді. Кластың аталуы да осыдан. Мысал ретінде, тұқы карп балықтардың паразиті - Dactylogyrus vastor-ды алайық. Бұл ұзындығы 1-3 мм, балықтардың желбезектерінде тіршілік етіп, сол жерде қысқа аяқшасы бар жұмыртқаларын салады. Жұмыртқада ұрық дамиды, дамыған соң жұмыртқаны тастап, еркін жүзетін личинкаға айналады. Личинканың алдыңғы бөлімінде екі жұп көзшелері болады, денесі кірпікшелердің бірнеше кең буынды белдеуімен жабылған. Денесінің артқы жағында кейіннен бекіну мүшесіне айналатын эмбриональды ілмешектері болады. Осындай ілмешектері бар артқы бөлімді - церкомер деп атайды. Личинка сол бастапқы балықты немесе басқа особьты зақымдайды.
ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - POLYONCHOINEA Бұл класс тармағына бекіну дискісінде жақсы дамыған, ілмешектермен қаруланған, бір немесе көптеген сорғыштары бар моногеней өкілдері жатады. Личинкаларының көзі жақсы дамыған және бекіну дискісінде 14-16 кішкене шеткі ілмешектері бар. Класс тармағының өкілдері - теңіз және тұщы су балықтарының паразиттері - солардың ауруы мен өлімінің себепкерлері. Мысалы, Еділ Волга өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының желбезектерінде Nitzchia sturions тіршілік етеді. Қортпаны қызыл балықАралға акклиматизациялағанда жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген моногенетикалық сорғыш Nitzchia sturions жергілікті бекіре тұқымдастардың арасында ауру туғызып, олардың күрт азаюына әкеп соқты. Тұщы су балықтарының желбезектерінде тіршілік ететін Dactylogyridae тұқымдасының көптеген өкілдері тәжірибелік маңызды орын алады. Мысалы, тұқы балықтардың жас особьтарының біреуінде әрқайсысы 1-3 ммдей 500 ұсақ Dactylogyrus паразиті табылған. Олар иесінің эпителиімен немесе қанымен қоректене отырып, бұл балықтардың жаппай қырылуына әкеп соқты. Балықтардың қауіпті паразиттерінің бірінде тірі туу қасиеті бар. Бұларға Gyrodactylidae тұқымдасының өкілдері жатады. Олардың бекіну дискісі орталық ілмектердің жұбымен және 16 ұсақ шеткі ілмектерімен қаруланған. Polystomatidae тұқымдасының өкілдері - амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың паразиттері. Кейбір паразиттер, мысалы, бақа көпезуі эндопаразитке айналған. Олар ірі денесімен, тарамдалған ішектерімен және көптеген аталық тұқым таратқыштарымен сипатталады. Бекіну дискісінің 6 бұлшықетті сорғышы болады.
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -OLYGONCHOINEA Бұлар - балықтардың паразиттері. Ең негізгі ерекшелігі - арнайы бекіну мүшелері - қақпанның қозғалысындай жабылатын қақпақтарының болуы. Қақпақтарының болуы арқасында ілмешектері негізгі бекіну қызметін жоғалтады, ересектерінде кейде болмауы да мүмкін. Личинкаларында 10 шеткі ілмектері болады. Бұл класс тармағына жоғарыда қарастырылған - Diplozoon paradoxum жатады.
Бақа көпезуі (Polystoma integerrinum).Моногенейдің басқа өкілі - бақа көпезуінің Polystoma integerrimum-ның тіршілік циклі басқаша. Ол жыныстық жүйесі жетілген сатысында бақаның қуығында өмір сүреді. Көктемде бақалар суға шағылысуға түскенде, Polystoma-ның да жыныстық көбеюі басталады. Құрттар бақаның клоака тесігінен сыртқа шығып, суға ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Жұмыртқадан он алты ұсақ ілмегі бар личинка шығады. Личинка итбалықтың желбезегіне бекігенше суда кірпікшелері арқылы еркін жүзіп жүреді, егер иесі табылмаса, личинка өледі. Бекінген соң кірпікшелі жамылғысы түседі, денесінің артқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz