Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультеті

Файл:Logotip KazNU.gif — Википедия

СӨЖ

Тақырыбы: Мемлекеттің органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Тексерген: Тлепберген О. Н.

Орындаған: Балта Б. Б

Алматы, 2021 жыл

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі немесе оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деп атауға болады. . Сонымен ол - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жауап беретін, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік орган. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары бар.

Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.

Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Агенттіктің миссиясы: Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою.

Міндеттері:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

3) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру;

4) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін үйлестіру;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.

Функциялары:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірлеу және іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсынымдар енгізу;

6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін айқындау;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды ұйымдастыру;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;

12) қаржылық бақылау шараларын іске асыру шеңберінде жариялануға тиіс мәліметтер тізбесін айқындау;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын дайындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

15) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;

16) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

17) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

18) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру;

19) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

20) жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру

іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;

21) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу;

22) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, оның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін өтініштер мен сұрау салуларды орындау;

23) мемлекеттік қорғауға жататын адамдарды мемлекеттік қорғау жөніндегі заңнамалық актілерде көзделген шараларды қабылдау;

24) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу;

25) іздеуде жүрген, тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған адамдардың орналасқан жерін анықтау және ұстау;

26) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуіне мониторингті, оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы ақпаратты, әдетте, кейіннен жариялай отырып жүзеге асыру;

27) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;

28) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, шет мемлекеттердің ұйымдарымен және тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

29) арнайы мемлекеттік архивтегі архивтік құжаттарды жинақтауды (сатып алуды), тұрақты сақтауды және пайдалануды жүзеге асыру;

30) Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін бақылау, үйлестіру және бағалау;

31) Агенттіктің әкімшілік ғимараттарын күзету режимін және рұқсаттамалық режимін қамтамасыз ету;

32) Агенттіктің қарауында тұрған қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы қорғау құралдарының сақталуын есепке алу және бақылау;

33) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде, Агенттік жұмысының жұмылдыру дайындығы мен тұрақтылығын арттыру;

34) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимінің сақталуын ведомстволық бақылау;

35) Агенттіктің ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;

36) Агенттікке осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жарақтандыру;

37) Агенттіктің аумақтық органдарының ішкі мемлекеттік қаржылық аудитін жүзеге асыру;

38) Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді әзірлеу, құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;

39) Агенттіктің бірыңғай кадр саясатын тұжырымдау және іске асыру;

40) Агенттіктің жеке құрамы арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу;

41) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функциялар.

Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, оның ішінде ақпараттық ресурстардан қажетті ақпараттар мен материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге тарту;

4) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау, олардың жолын кесу, ашу оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамға қауіпті әрекеттерге жол бермеу жөнінде шараларды уақтылы қабылдау;

5) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеу практикасына талдау жүргізу;

6) өндірістегі қылмыстық істер бойынша шақыруға келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

7) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;

8) тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен пайдалану;

9) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасымен белгіленген тәртіппен мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынулар енгізу;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;

11) сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресу нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру бойынша шаралар тұжырымдау және іске асыру;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оған жүктелген міндетерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құру және пайдалану;

13) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдап алып келу;

14) Агенттіктің, оның аумақтық органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіппен оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

16) құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезінде заңдылықты сақтау;

17) Агенттіктің құзыреті шегінде жалпы және арнайы жедел-іздестіру

іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және ашуды қамтамасыз ету;

18) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

19) Агенттіктің қарамағында тұрған қаруларды, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау құралдарын есепке алу және сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

20) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі үзілген қылмыстық істер бойынша қылмыстық істерді, заттай айғақтарды, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу іс-қимылдарының істерін есепке алу және сақтау;

21) прокурорлық ден қою актілерін және сот актілерін қарау;

22) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

23) іздеудегі адамдардың орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша

іс-шаралар жүргізу;

24) Агенттіктің белгіленген құзыреті шегінде іздеудегі адамдарды келуді экстрадициялауды ұйымдастыру;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Агенттікті басқаруды Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
ҚР-ның «Еңбек кодексі»
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Жемқорлыққа қарсы әрекет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары
Жас мүгедек адамдардың әлеуметтік жағдайы және оларды қорғау
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау Заңы
Халықаралық Абай Әуежайы
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік
Еңбек шартын бұзу
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz