Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау жоғары медициналық колледжі

Тақырыбы: Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының таралуы. (Аса қауіпті ауру қоздырғыштарының түрлері, ерекшеліктері. Санитарлық тазалау, дезативация, дегазация, дезинсекция, дезинфекция, дератизация, карантин, обсервация, профилактикалық егу іс-шараларының жүргізілуі.

Жоспар:
1. Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
2. Санитарлық тазалау
3. Дезактивация
4. Дегазация
5. Дезинфекция
6. Дезинсекция
7. Карантин
8. Қорытынды
9. Пайдаланған әдебиет

Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Жұқпалы ауру қоздырғыштары - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше миазма -- ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Іnfесіо деген латын сөзі ластану дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -- адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары -- жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы (инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол
клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз -- инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.
Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір жұкпа кезі -- тасушы (бацилло -- таратушы). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл тасушы деп аталады.
Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен өтеді. Бұл -- жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға ауыз аркылы азық-түлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде жұғады. Оларға -- дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда өсіп-енетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар жатады. Сау адамға, сондай-ақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға -- тұмау, табиғи шешек, дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге, маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар аурулар жатады. Бұл ауруларға -- бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.
Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары -- сау адамның шырышты қабыкшасы немесе керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр-ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдыс-аяқ, су, шырышпен, ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына -- түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.
Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.
Санитарлық тазалау ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР АЙМАҒЫНДАҒЫ АУМАҚТЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ - ТЖ туындауы салдарынан қалыптасқан, шығу тегі органикалық және органикалық емес, қауіп төндіретін өнімдерді және заттарды іздестіру мен жинау жөніндегі ТЖ-ны жою құралдары мен арнайы күштері бөлімшелерінің әрекеттері, бұған аталған өнімдер мен заттарды арнайы бөлінген орынға көму, сонымен қатар олардың жатқан жерлерін залалсыздандыру да кіреді. АЙМАҚТАҒЫ САНИТАРЛЫҚ КҮЗЕТ - ел аймағына шет елден карантинді және басқа да жұқпалы ауруларды алып кірудің алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - жеке құрамның, ТЖ жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау мақсатымен ТЖ (аудан) аймағында өткізілетін іс-шаралар кешені, олар төмендегідей жолдармен іске асырады: олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылау жасау; тамақпен, сумен қамтамасыз етудің, аумақтың санитарлық жағдайын, таза емес заттарды жоюдың, өлген адамдар мен жануарларды көму орындарының жағдайларын санитарлық қадағалау (тұрақты мекенжайдан тыс жерлер), ТЖ аймағының (аудан) жағдайын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан бағалау; ТЖ жоюға қатысушылар жеке құрам мен тұрғындар денсаулығына жағымсыз факторлардың әсеріне болжам жасау және осы әсерлерді жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; гигиеналық тәрбие жүргізу іс-шараларының кешені. Ж АЙМАҒЫНДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙ - тұрғындардың еңбекке жарамдылығы мен ауруға шалдығу деңгейі, оларды тіршілікпен қамтамасыз ету құралдары, аймақтың және гигиеналық тұрғыдан маңызды мәнді объектілердің санитарлық жағдайы, санитарлық-гигиеналық іс-шараларды өткізу жағдайларының кешенді сипаттамасы. Санитарлық-гигиеналық жағдай қанағаттандырарлық (жағымды), тұрақсыз, қанағаттандырарлықсыз (зиянды) және төтенше болуы мүмкін. Жағымды ахуал: өлген адамдар мен жануарлардың көмілмеген мәйіттері, гигиеналық тұрғыдан маңызды объектінің жаппай қирауының болмауы; аймақтың, сумен қамтамасыз ету объектілерінің санитарлық қанағаттандырарлық жағдайы; коммуналдық тұрмысқа жайлылық, барлық санитарлық-гигиеналық кешенді іс-шараларды сапалы өткізу; жаппай жұқпалы емес аурулар мен уланудың болмауы. Тұрақсыз ахуал: ауру деңгейінің орташа өсуі немесе жекеленген аурулар (уланулар) түрінің пайда болуы, жануарлардың жаппай қырылуы: өлген адамдар мен жануарлардың көмілмеген мәйіттері; тамақтану және сумен қамтамасыз ету, экономика объектілерінің, аймақтың санитарлық қанағаттандырарлықсыз жағдайы; ТЖ ауданының радиобелсенді ластанған немесе биологиялық, химиялық зақымданған аймақтардың немесе көздердің тікелей жанында орналасуы. Жағымсыз ахуал: тұрғындар арасында жаппай зақымдану немесе уланудың білінуі немесе зиянсыз қорытынды мен ауыр клиникалық ауыр жағдайларға апаратын жұқпалы емес аурулардың түрлері; радиобелсенді ластану немесе химиялық, биологиялық зақымданудың білінуі; өлген адамдар мен жануардың көмілмеген мәйіттерінің айтарлықтай көптігі; аймақтың, өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық объектілерінің қанағаттандырарлықсыз санитарлық жағдайы. Төтенше ахуал: зардап шеккен тұрғындар арасында олардың өмірі үшін қауіпті аурулардың (уланудың) өте қысқа мерзімде бірден артуы; ТЖ аймағында күшті уландырғыш, радиобелсенді немесе биологиялық қауіпті заттардың бірден шығуы (шығарындысы); көмілмеген адамдар мен жануарлар мәйіттерінің өте көп кездесуі; аймақтың қанағаттандырарлықсыз санитарлық жағдайы (сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйесінің бұзылу). САНИТАРЛЫҚ-ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ (ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ) ІС-ШАРАЛАРЫ - жаппай таралған жұқпалы емес ауруларды (улануды) жоюға және жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға, мекен ету ортасы факторының адамға беретін қауіпті әсерін жоюға немесе азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитарлық, малдәрігерлік және басқа да іс-шаралар. ТЖ САНИТАРЛЫҚ-ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ (ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ) ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - жұқпалы аурулардың пайда болуының алдын алу мен жоюға, сонымен қатар ТЖ аймағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың бірден төмендеуі кезінде санитарлық ереже мен норманы сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, құқықтық, медициналық және індетке қарсы іс-шаралардың кешені. Оған төмендегілер кіреді: ТЖ аймағына жұқпалы ауруларды енгізудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар; жұқпалы аурумен зақымданған адамдарды белсенді түрде анықтау, оқшаулау және оларды жұқпалы аурулар ауруханасына көшіру; жұқпалы аурудың созылмалы түрімен ауыратын адамдарды және бактерия тасымалдаушыларды анықтау; медициналық көшіру кезеңдерінде індетке қарсы тәртіпті сақтау; зақымдану қаупі бар адамды табу және оларға бақылау ұйымдастыру, оқшаулау, шектеу қою іс-шаралары: дезинфекция, дезинсекция, дератизация; ерекше және жедел алдын алу іс-шаралары; санитарлық-ағартушылық жұмыстар.

Дезактивация
Дезактивация -- әскерлерді радиоактивтік заттардың әсерінен (зақымынан) сактау максатымен каружарақтан, киім-кешектен, азық-түліктен, судан, корғаныс бекіністерінен және т.б. уланған объектілерден радиоактивті заттарды кетіріп, кауіпсіздік дәрежеге жеткізу. Дезактивация механикалық және химиялық тәсілмен жүргізіледі. Механикалық тәсілмен дезактивациялау уланған аудандарда немесе одан жаңа ғана тыққан бөлімдердің өзінде жүргізіледі. Бұл жағдайда уланған объектілердегі әскерлер болатын жерлердегі радиоактивтік заттар жойылады, ал кару-жарақ түгелдей дезактивацияланады. Механикалық тәсіл мынадай жоддармен жүргізіледі: уланған қару-жарак пен әскери техниканы жуу немесе сүрту, уланған бөлшектерді дезактивациялаушы затқа малынған шүберектермен, кендірмен сүрту, уланған киім-кешекті қағу, щеткамен тазалау, уланған жердің, қардын, азык-түліктің бет жағын алып тастау және т.б. Химиялық тәсіл толық дезактивация жүргізгенде колданылады. Бұл тәсіл закымданған жерлердегі радиоактивті заттардын қауіптілігін жояды. Дезактивациялауға СФ-2 немесе СФ-24 ұнтақтарының судагы ерітінділері қолданылады. Толық дезактивация тек қана уланбаған аудандарда бөлімшелердің өзінде немесе арнаулы пункттерде лауазымы үлкен командирдің үйғаруымен ұрыс аякталған соң немесе ұрыс толастаған кезде жүргізіледі. Дезактивациялаушы заттар материалдар мен техникалық құралдар болып екі топка бөлінеді. Материалдарға: су, топырақ, құм, дезактивациялаушы ерітінділер, құрамында жугыш касиеті бар заттар, ерітінділер және т.б. жатады. Дезактивациялаушы техникалық құралдарға автодегазадия машиналары, автоматты су құйғыш станциялар, грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыш, өрт сөндіргіш машиналар, ауыл шаруашылығындағы соқалар, тырмалар және т.б. жатады.[1]

Толық дезактивация (Полная дезактивация) -- зақымданған қаружарақты, ұрыс техникасы мен езге де объектілерді радиоактивтік заттардан тазарту. Қару-жарак, ұрыс техникасы мен кәлік құралдарын толық дезактивацияды оңайлату және дезактивация ерітінділерін үнемдеу үшін алдымен балшықтан, кәю жаққыштардан тазарту керек. Толық дезактивация әскерлер ұрыс міндеттерін орындап болғаннан кейін арнайы тазалау орындарында немесе тікелей бөлімшелерде табельдік және қол астындағы құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Дегазация
Дегазация -- газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі -- химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.

Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті Жфел дегазациялық еріткіш -- 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. Н2 дегазациялық еріткіштер нерв жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады.[1]

Дезинфекция
Дезинфекция (залалсыздандыру) - бұл жұқпалы аурулар мен бактериалдық қоздырғыштардың, вирустық этиологиялардың (тұрғын жайдың үстінен, инвентарларды, қондырғыларды немесе микробтарды, вирустарды, күнделікті қолданатын заттарды препарат ерітіндісімен жуу арқылы жоюдың) алдын-алу шаралар кешені.
Дезинфекция кешеніне алдын-алу, жойғыштық өңдеу және қорытындылау дезинфекциялары жатады:
алдын-алу дезинфекциясы жұқпалы ауру көздері болмай тұрған кезде жасалады
жойғыш дезинфекциялық өңдеу кез келген заттың үстінен жүргізіледі, шикізаттың, азық-түліктің, және басқа да микроорганизмдермен зақымдалған, сол сияқты эпидкөрсеткіштері бар болса
қорытынды дезинфекция микроорганизмдерді жою, өңдеу жүргізілген жердегі токсикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез ауруының негізгі себептері
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық,клеткалық,жалпы физиологиялық факторлары туралы ақпарат
Хирургиялық инфекцияның туындалуы мен жіктелуі
Инфекциялы аурулар туралы ұғым
Қызылша бөртпелері
Токсоплазмоздардың анықтамасы
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштар
Клиникалық көрінісі
Биологиялық қару
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Пәндер