Ғаламдық жылынуды болжау әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№62 Н. Төреқұлов атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің

«10а» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Алтаева Султана

«Әлемдік жылыну жағдайын алдын-алу шаралары»

Экология — что это такое и какие проблемы изучает данная наука | KtoNaNovenkogo.ru Охрана окружающей среды | ООО «Разрез Аршановский»

Бағыты: «Жаратылыстану ғылымдары»

Секциясы: «География - Экология»

Ғылыми жетекшісі:

География пәні мұғалімі Ходжаева А.

Ғылыми кеңесшісі: М. Әуезов атындағы ОҚУ - нің,

Экология кафедрасының

меңгерушісі, доцент:Шынғысбаева Ж. А

Шымкент - 2021 ж

№62 Н. Төреқұлов атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің 10а сынып оқушысы «Әлемдік жылыну жағдайын алдын-алу шаралары»тақырыбы бойынша дайындалған ғылыми-зерттеу жұмысына

П І К І Р

«10а» сынып оқушысы Алтаева Султана «Әлемдік жылыну жағдайын алдын-алу шаралары» тақырыбында жүргізген ғылыми жұмысы үлкен нәтижеге жеткен. Ғылыми ізденіс жүргізу барысында, ізденуші жұмысты жүйелі және жоспарлы түрде ұқыпты және тиянақты түрде жүзеге асырғаны ұсынылған жұмыстың мазмұны мен ізденістерінен көрініс тапқан.

Ұсынылған жұмыстың теориялық бөлімінде оқушы, Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын толық ашу мақсатында осы ғылыми жобаның өзектілігін, міндеттері мен практикалық маңызын толықтай қамтып өткен. Оқушының ізденуіне ғылыми жетекші А. Ходжаева тарапынан дұрыс және нақты бағыт-бағдар берілгені байқалады. Осының нәтижесінде ізденуші жан - жақты зерттеу жүргізіп, үлкен жетістіктерге жеткен.

Оқушының ғылыми - зерттеу жұмыстары мен ізденістерін жүргізу барысында көптеген ғылыми деректерді тәжірибе жүзінде салыстырмалы түрде зерделеп отырғаны көңіл толтырарлық іс деп айтуға болады. Осыған байланысты ізденуші оқушының аталған еңбегігеографиялық және экологиялық ғылымдар саласында, соның ішінде жас ғалымдардың қызығушылығын арттыруына өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

Ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмысында автордың ғылыми ізденістері тереңдігімен және ерекше ізденуімен өзгешеленеді, зерттеу барысында алынған практикалық нәтижелері ғылыми бағыттың теориялық негіздемесімен ұштасып қана қоймай, сонымен бірге ізденуші өз тарапынан тақырыптың көптеген қырларын аша білген. Ұсынылып отырған ғылыми еңбек - Қоршаған ортаның ластануы, оның адам денсаулығына әсері мен оларды шешу жолдарын, экологиялық проблемалар мен олардыңадам денсаулығына әсерінанықтап, маңыздылығын көрсете отырып, қазіргі адамзат баласы үшін табиғатпен байланыстыруға, оны қорғауға шақыратын жұмыс деп білемін. Осы ізденістерге қарап, бұл жұмыс құнды, қазіргі ғылым саласында өзекті мәселені көтере білген деп есептеуге болады. Бұл ізденіс өз кезегінде, георгафиялық және экологиялық ғылыми көзқарасқа өз үлесін қосады деген оймен ұсынылып отырған ғылыми жұмысты жоғары бағалауға лайықты деп ойлаймыз.

Аталған ғылыми жоба жоба географиялық және экологиялық, өнерғылымдары саласында жас ізденушілер үшін үлкен қызмет атқарады деп сенеміз.

Рецензенттің аты-жөні:

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің

«Экология»кафедрасының меңгерушісі: Шынғысбаева Ж. А.

АНДАТПА

Ғылыми жоба «Әлемдік жылыну жағдайын алдын-алу шаралары»тақырыбына орындалған. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста - экологиялық проблемалар мен қоршаған орта ластануының, оның адам денсаулығына әсері жәнеоларды шешу жолдарықарастырылды. Осыған байланысты әдеби талдаулар жүргізіліп, қорытындылар шығарылды.

Жұмыстың жалпы көлемі 30 бет. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, әдеби-аналитикалық шолудан, негізгі зерттеу бөлімінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан тұрады. Жұмыста эксперименттік деректер мен мәліметтер көрсетілген. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

АННОТАЦИЯ

Научный проект выполнен на тему «Причины и решения глобального потепления». В предлагаемой научной работе рассмотрены экологические проблемы и загрязнение окружающей среды, его влияние на здоровье человека и пути их решения. В связи с этим был проведен литературный анализ и сделаны выводы.

Общий объем работы 30 стр. Структура работы состоит из введения, литературно-аналитического обзора, основной исследовательской части, результатов исследования, заключения. В работе представлены экспериментальные данные и подведены итоги. В конце приведен список использованной литературы.

ABSTRACT.

The scientific project was carried out on the topic "Measures to prevent global warming". The proposed scientific work considers environmental problems and environmental pollution, its impact on human health and ways to solve them. In this regard, a literary analysis was carried out and conclusions were drawn.

The total volume of work is 51 pages. The structure of the work consists of an introduction, a literary and analytical review, the main research part, the results of the study, and a conclusion. The paper presents experimental data and summarizes the results. At the end is a list of references.

М А З М Ұ Н Ы

БӨЛІМДЕРІ
БЕТІ
№: 1.
БӨЛІМДЕРІ: Андатпа - Аннотация . . .
БЕТІ: 3
№: 2.
БӨЛІМДЕРІ: Кіріспе . . .
БЕТІ: 9
№: 3.
БӨЛІМДЕРІ: І-ТАРАУ. Ғаламдық жылыну және оның салдары
БЕТІ: 11
№: 4.
БӨЛІМДЕРІ: 1. 2. Ғаламдық жылынудың қандай фактілері бар? . . .
БЕТІ: 15
№: 5.
БӨЛІМДЕРІ: ІІ-ТАРАУ. Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
БЕТІ: 17
№: 6.
БӨЛІМДЕРІ: 2. 1. Ғаламдық жылынуды тоқтату үшін қандай шаралар қабылдануда?
БЕТІ: 18
№: 7.
БӨЛІМДЕРІ: 2. 3. Ғаламдық жылынуды жою жолдары
БЕТІ: 21
№: 8.
БӨЛІМДЕРІ: Қорытынды . . .
БЕТІ: 25
№: 9.
БӨЛІМДЕРІ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
БЕТІ: 27

№62 Н. Төреқұлов атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің -10а сынып оқушысы Алтаева Султана «Әлемдік жылыну жағдайын алдын-алу шаралары» тақырыбы бойынша дайындалған ғылыми-ізденіс жұмысы бойынша«ғылыми қоғамда» атқаратын зерттеу жұмысының жоспары:

р/с
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері
Жұмыс істеу кестесі
р/с: 1
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Оқушының зерттеу әрекеті, зерттеу тәртібін түсіндіружолдары
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 2
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Таңдалған тақырып төңірегінде түсіндіру жұмыстары
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 3
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Ізденіс иіріміне ғылыми тұрғыды бағыт бағдар беру
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 4
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Жаңашылдық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді пайдалану жолдары
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 5
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Кітапханамен байланыс жұмыстары. Еріктілік принципін тиімді пайдалану
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 7
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Тақырып бойынша ізденістерін ғылыми тұрғыда жүйелеу жолдарын қолға алу
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 8
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Өзара пікір алмасу дидактикалық шығармашылық әрекетін жандандыру (яғни, оқу материалдарын, оны оқушыларға беру мен меңгеругебайланысты әртүрлі амалдарды іріктеу және құрылымдау жөніндегі оқыту әрекетін қолға алу)
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 9
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Жеке бас ерекшеліктерін ескеру, жоспарлау. Өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беру, тәжірибені игеруіне көмектесу
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 10
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Әлемдік жылыну жағдайының алдын-алу шаралары саласында білім беруді жандандыру білім берудің тиімділігі, яғни идеялар менжаңалықтар жасалынып тексеруден өткізуді жүзеге асыру.
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада
р/с: 11
Жұмыс мазмұны мен зерттеу әдістері: Кітапханада әдебиеттермен, ғылыми дерек көздермен Интернетпен ізденіс жұмыстарын жүргізу
Жұмыс істеу кестесі: Әр аптада

№62 Н. Төреқұлов атындағы Жалпы орта білім беретін мектебінің ғылыми

жұмыстар жөніндегі орынбасары: « »

Ғылыми жетекшісі:А. Ходжаева

Жұмыстың ғылыми мағлұматтары:

Бүгінгі таңда экологиялық проблема адамзат баласы үшін ең өзекті де өткірмәселе болып отыр. Қазақстанның ғана емес бүкіл жер жүзінің экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары - ғаламдық міндеттер қатарына еніп отыр.

Қазіргі кезде әлемдік жылыну жағдайын, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы кімді болса да толғандыратын проблемаға айналып отыр. Адамның қоршаған ортаға әсері қауіпті сипат алуда. Болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін жер мен оның қойнауларын, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану, ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолдану керектігі жөніндегі мәселелердің бір қатары бүгінгі күн тәртібіндегі ғаламдық проблемалар болып табылады.

Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады.

Тақырыптың өзектілігі.

Қазіргі кезде ғаламдық жылынудың экологиялық жағдайы кімді болса да толғандыратын өзекті проблемаға айналып отыр. Адамның қоршаған ортаға әсері қауіпті сипат алуда. Болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін жер мен оның қойнауларын, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану, ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және ғаламдық жылынудың алдын алу үшін қажетті шаралар қолдану керектігі жөніндегі мәселелердің бір қатары бүгінгі күн тәртібіндегі ғаламдық проблемалар болып табылады, сондықтан аталған ғылыми жұмыс өзекті деп таңдап алынды.

Зерттеудің мақсаты

Мақсатымыз - жылынудың экологияға әсерінен қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай қалпына келтіруге болады? - деген күрделі сұрақтарға жауап іздеу. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Осыған орай, біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелеумақсатымен, әрбірадамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу көзқарасты қалыптастыру. Адамдар арасында туған өңір табиғатын қорғауға деген белсенділігін арттыру. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізуге бағытталған зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу міндеттері:

Ғылыми жұмысыста келесі міндеттер қойылды:

  • адамдардың, оқушылардың ақыл-ойы, танымдық қабілетін, эстетикалық қасиеттерін, табиғат пен қоршаған ортаны сүю көзқарастарын қалыптастыру.
  • оқушыларға экологиялық білім беру және экологиялық талғам мен экологиялық тәрбие жұмыстарын жетілдіру.
  • әр түрлі экологиялық факторларды қарастыру және олардың адам денсаулығына әсерін бағалау.
  • канцерогенді факторларға, сондай-ақ адамдардың денсаулығына қоршаған орта факторларының әсер етуіне ерекше назар аудару.
  • осы факторлардың зиянды әсерін болдырмау үшін кейбір шараларды ұсыну.

Экология саласында зерттеу деңгейін тереңдете отырып, экологиялық білім мен сауаттылықты жақсарту, арттыру.

Табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және ғаламдық жылыеудың алдын алу үшін қажетті шаралар бойынша таным белсенділігін қалыптастыру.

Зерттеудің жаңалығы:

Болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін жер мен оның қойнауларын, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану, ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолдану керектігі жөніндегі мәселелердің бір қатары бүгінгі күн тәртібіндегі ғаламдық проблемалар болып табылады.

Зерттеу әдістері мен нысаны:

  • Материалдарды іздену, іріктеу; талдау; сипаттау; саралау, жинақтау, жалпылау;
  • Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарында іздену бағыттарын зерттеу.

Ғылыми жұмыстың тәжірибелік құндылығы:

Экологиялық іздену жұмыстары арқылы ғаламдық жылыну проблемасының алдын алу мен табиғат байлығын байланыстырып ләззат алуға, оны сезінуге, оқушыларды шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады. Оқушылардың қоршаған орта мен табиғатты сүю дүниетанымын қалыптастыруға және эстетикалық көзқарасының артуына көмегін тигізеді.

Күтілетін нәтижелер.

  • Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары, ауасы, өзен-көлдері, топырағының экологиясы, ластану жөнінде нақты мәліметтер жинақталады.
  • Ауа, су, жер ресурстарының ластанбау жолдары ұсынылады;
  • Өз елінің табиғи байлықтарын жіктей алады;
  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға ат салысады;
  • Өлкелік серуен, саяхат жасау барысында бақылаулар жүргізе отырып, қорытынды есеп жасайды;
  • Өлкенің және жергілікті жердің экологиялық жағдайы нашар жерлерді белгілеп көрсетеді;
  • Экологиялық мәселелер жөнінде ғылыми ізденістер жүргізеді;
  • Ғылыми мақалалар және ғылыми зерттеу жұмыстарын жазады;

Ғылыми жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, әдеби аналитикалық шолу мен талдаудан, негізгі бөлімнен, зерттеу бөлімі мен алынған нәтижелерді талдаудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен құралған

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда экологиялық проблема адамзат баласы үшін ең өткір тақырып болып отыр. Дүние жүзілік экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары - ғаламдық міндеттер қатарында.

Қазіргі кезде қоршаған ортаның экологиялық жағдайы кімді болса да толғандыратын проблемаға айналып отыр. Адамның қоршаған ортаға әсері қауіпті сипат алуда. Болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін Қазақстанда жер мен оның қойнауларын, су ресурстарын, өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану, ауа мен суды таза сақтау, табиғат байлықтарының молаюын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны жақсарту үшін қажетті шаралар қолдану керектігі жөніндегі мәселелердің бір қатары бүгінгі күн тәртібіндегі ғаламдық проблемалар көзі болып табылады.

Ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді.

Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына түрткі болды.

Ластағыш затардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т. б. жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрмынындағы компоненттердің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, барлық тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді.

Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі организмдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда барлық тіршілік иелері, өсімдіктер, жан - жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі - жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез үрдісі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе-теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдегі атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып отыр.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден нашарлауда. Оның негізгі себептері - ауаға адамның іс-әрекетінен болатын әр түрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз. Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қыземті өте жоғары. Атмосфера - бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен байыттырады және Жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп, реттеп отырады.

Біз қоршаған ортаға үнемі әсер ететін әлемде өмір сүріп жатырмыз: біз бір нәрсені өзгертеміз, бір нәрсені түрлендіреміз, бір нәрсе жасаймыз . . . бір нәрсені бұзамыз, ластаймыз, жоямыз. Бірақ мұндай әсер тек бір жақты байланыспен шектелмейді, біз де жауап ретінде қоршаған ортадан кері әсер аламыз. Кейде бұл табиғаттың табиғи процестері, біз одан аулақ бола алмаймыз, ал кейде бұл біздің әрекеттерімізге жауап болып табылады, табиғат адамзаттың өз іс-әрекеттерін кепілге алады, яғни бізді өз қызметіміздің кепіліне айналдырады. Қоршаған орта факторлары адамға құрсақта жатқанда әсер ете бастайды және өмірден кейін де оның денесіне әсер етеді. Осы факторлардың әсерінен адамның фенотипі қалыптасады: оның дене бітімі, денсаулық деңгейі, ағзадағы биохимиялық процестердің ерекшеліктері.

Қоршаған орта адам ағзасына оң және теріс әсер етуі мүмкін. Көптеген аурулардың қолайсыз табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен пайда болып, қалыптасатыны даусыз.

І-ТАРАУ. Ғаламдық жылыну және оның салдары

Ғаламдық жылыну дегеніміз - парниктік газдар шығарындыларының, ең алдымен көміртегі диоксиді мен метанның ұзақ мерзімді, кумулятивті әсері, олар атмосферада жиналып, күннің жылуын ұстап тұрған кезде жердің температурасына әсер етеді. Бұл тақырып бұрыннан қызу талқыланып келеді. Кейбіреулер бұл шынымен болып жатыр ма деп ойлайды, егер солай болса, адамның барлық әрекеттері, табиғат құбылыстары немесе екеуі де ме?

Біз жаһандық жылыну туралы сөйлескенде, осы жаздағы ауа температурасы өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары деп айтпаймыз. Біз климаттың өзгеруі, қоршаған орта мен атмосферада бір маусымда ғана емес, ұзақ уақыт, онжылдықтар ішінде болатын өзгерістер туралы айтып отырмыз. Климаттың өзгеруі планетаның гидрологиясы мен биологиясына әсер етеді - барлығы, соның ішінде жел, жаңбыр және температура өзара байланысты. Ғалымдар Жердің климаты ұзақ өзгермелі тарихқа ие: мұз дәуіріндегі ең төменгі температурадан өте жоғары деңгейге дейін. Бұл өзгерістер кейде бірнеше ондаған жылдар ішінде орын алып, кейде мыңдаған жылдарға созылды. Қазіргі климаттың өзгеруінен не күтуге болады?

Біздің климаттық жағдайымызды зерттейтін ғалымдар айналамызда болып жатқан өзгерістерді бақылап, өлшейді. Мәселен, тау мұздықтары 150 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз болды, ал соңғы 100 жылда орташа әлемдік температура шамамен 0, 8 градусқа көтерілді. Компьютерлік модельдеу ғалымдарға егер бәрі бірдей қарқынмен жүрсе не болатынын болжауға мүмкіндік береді. ХХІ ғасырдың аяғында орташа температура 1, 1-6, 4 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Төмендегі мақалада климаттың өзгеруінің ең нашар 7 әсерін қарастырамыз.

1. Экожүйелердің бұзылуы

Климаттық жағдайлардың өзгеруі және атмосферадағы көмірқышқыл газының күрт артуы біздің экожүйеміз үшін маңызды сынақ болып табылады. Бұл тұщы су қорлары, таза ауа, отын-энергетикалық ресурстар, тамақ, дәрі-дәрмек және басқа да маңызды аспектілерге, біздің өмір салтымызға ғана емес, өмір сүретінімізге де байланысты.

Дәлелдемелер климаттың өзгеруінің физикалық және биологиялық жүйелерге әсерін көрсетеді, бұл әлемнің ешбір бөлігі бұл әсерден иммунды емес дегенді білдіреді. Ғалымдар қазірдің өзінде мұхиттағы судың жылынуына байланысты маржан рифтерінің ағуы мен өлімін, сонымен қатар ауа мен су температурасының көтерілуіне, сондай-ақ мұздықтардың еруіне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың ең осал түрлерінің балама географиялық аймақтарға қоныс аударуын бақылап отыр.

Температураның әр түрлі көтерілуіне негізделген модельдер су тасқыны, құрғақшылық, орман өрттері, мұхиттың қышқылдануы және құрлықта да, суда да жұмыс істейтін экожүйелердің құлдырау сценарийлерін болжайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғаламдық жылыну жағдайындағы Батыс Қазақстан климатының өзгеруі
Парниктік эффекттің салдары
Жаһандық жылыну
Климаттың жаһандық өзгеруі
Ғаламдық экологиялық проблемалар. озон қабаты
Озон қабатын құртатын заттар
Жаһандық жылынудың анықтамасы
Озон қабатының таусылу проблемалары
Климаттың өзгеруі жайында
Қазіргі заман өркендеуінің мəселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz