Әзімхан Ахметұлы Кенесарин өміріне жалпы шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шымкент қаласы Білім басқармасы
Жалын жалпы білім беру мектебі

9-11-сынып

Әзімхан Ахметұлы Кенесарин

Секциясы: Тарих, өлкетану, этномәдениеттану

Жетекшісі: Тарих пәнінің мұғалімі: Ералиев Берик Жарылқасынұлы.
Сапарбеков Акан Арапатұлы
Кеңесшісі: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент: Отарбаева Г.К.

2021-2022 оқу жылы
Жалын жалпы білім беру мектебі
9-11 сынып оқушысылары Әзімхан Ахметұлы Кенесарин
тақырыбына жазған жұмысына
пікір

Шымкент қаласы, Жалын жалпы білім беру мектептің тарих пәндерінің мұғалімі Ералиев Берик Жарылқасынұлы. Сапарбеков Акан Арапатұлы жетекшілік етуімен оқушысылардың Елбасымыздың Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Әзімхан Ахметұлы Кенесарин туралы зерттеп, өзіндік тұжырым жасап отыр. Зерттеу барысында Әзімхан Ахметұлы Кенесарин қалам сермеп негіз болған қазақтың зиялы қоғам қайраткерлерінің еңбектерін негізге ала отырып, өз тарапынан ғылыми жобасы арқылы үлесін қосамын деген мақсатта алып отыр. Қазақстан республикасының Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар беру аясында халқымыздың бір туар ұлы Әзімхан Ахметұлы Кенесарин артында қалдырған тарихи мұралары мен ізденістерін зерттеу. Қазақтың ХХ ғ бірінші ширегіндегі тың серпініс берген қоғам қайраткерінің мемлекетте атқарған жұмыстары, адамзатқа қалдырған мол мұрасы мәселесін республикалық басылымдарға жариалау жөнінен де ұсыныстар қарастырылып көптеген қоғам қайраткерлердің пікірлерін алға тарта білді.
Ғылыми жобаны зерттеу барысында тақырыпты бір жүйеге келтіріп, жобаға тың серпіліс беретін ақпарат екендігі анық. Еңбектерді пайдаланып, оларға сілтемелер беріп, тақырыпты аша алған деп ойлаймын. Мен алдағы уақытта бұл жоба басқа оқушылардың және мекеме басшыларының қызығушылығын тудыра отырып, өзі де жұмысын ары қарай тереңдете түседі деген сенімдемін. Ғылыми жетекшісі Ералиев Берик таңдаған тақырыбы қаламыздың тұрғындарына өзіндік ой тастап, ғылыми ұстанымының нәтижесінде Қазақстан республикасының облысына үлен серпіліс берер деп үміт артамын.

Кеңесшісі: М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент: Отарбаева Г.К.

Аңдатпа:
Мақала авторы бүгінгі тарих ғылымында әлі де болса толық жауабын ала қоймаған мәселелердің бірі патшалық жүйеден бергі уақыттағы отарлық тәртіптің ымырасыз қарсыластары мен олардың ұрпақтарына деген советтік биліктің қатынасына тоқталады. Советтік биліктің бұл мәселеде сабақтас ұстанымда болып, тіптен ұлт-азаттық күштерді жоюда алдыңғысынан асып түскені жөнінде тұжырым жасаған автор биліктің осы мазмұндағы ұстанымда болғандығын Кенесары хан Қасымұлының немересі Әзімхан Ахметұлы Кенесаринге қатысты жүргізілген тергеу ісінен байқауға болатынын атап көрсетеді. Мақалада фактілік деректер мол пайдаланылған.
Аннотация:
Автор статьи остановился на одном из вопросов современной истории, до сих пор не в полной мере освещенном, а именно: сопротивление системе со стороны противников колониального режима и их потомков. Советские власти в этом вопросе преуспели в ликвидации национально-освободительных сил. Автор провел исследование источников по допросам Азимхана Ахметулы- внука Касымова Кенесары хана, в советское время.
Annotation
The author focused on one of the problems of modern history, has not yet been fully lighting, namely resistance to the system by the opponents of the colonial regime and their descendants. The Soviet authorities in this regard have succeeded in the elimination of the national-liberation forces. The author conducted a study on the sources questioned Azimhana Ahmetuly - grandson Kasymov Kenesary Khan, during the Soviet era.

Ғылыми жобаның тақырыбы: Әзімхан Ахметұлы Кенесарин

Жоспар:
І . Кіріспе бөлім:
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин өміріне жалпы шолу --------------------8
* ІІ. Негізгі бөлім:
* 2.1. Әзімхан Ахметұлы Кенесарин не үшін жазаланды ------------------10
* 2.2. Ә. Кенесариннің ісі бойынша даярланған айыптау қорытындысы
2.3. Әзімхан Ахметұлы Кенесариннің ісін қайта қарау нәтижесі ------17
* Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------- 21
* Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ----------22

Зерттеу мақсаты: Әзімхан Ахметұлы Кенесарин өнегелі өмірі мен қоғамда алатын орны туралы оқушыларға тиянақты білім беру, сол арқылы Әзімхан Ахметұлы Кенесарин тұлғасын терең тануға бағыттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесу, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу.
Зерттеу міндеттері: Әзімхан Ахметұлы Кенесарин туралы материалдар жинау және оны зерттеу; Республика аумағы мен облыс, қала көлемі мен аудан мектептері мен оқушыларына, ауыл тұрғындарына, Әзімхан Ахметұлы Кенесарин кеңес өкіметінің сұрапыл кезеңіндегі іс әрекетін ашық түрде баян ету;
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан республикасының Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар беру аясында халқымыздың ұлы Әзімхан Ахметұлы Кенесарин артында қалдырған тарихи мұралары мен ізденістерін зерттеу. Қазақтың ХХ ғ бірінші ширегіндегі тың серпініс берген қоғам қайраткерінің мемлекетте атқарған жұмыстары, жазықсыздан жабылған жала мен ондағы қаралған істерін, республикалық басылымдарға жөнелту жөнінен де ұсыныстар қарастырылып қоғам қайраткерлер пікірлерін алға тарта білді. Әзімхан Ахметұлы Кенесаринді мемлекет алдындағы азаматтық парызын адалда шынайы орындай білгендігін осы мақалада ашып көрсете білді. ХХ ғ халықаралық жағдайдың үлкен шиеленісті күйін ескермей отырған Қазақ баласының үлкен істі мемлекетер арасында бейбіт түрде шеше білген дара тұлға екенін дәлелдей түсті.Көп зерттеуді қажет ететін тұлғаны танып білу әрбір ұрпаққа аманат болары қақ.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Тарихтың мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің ұлы және қасиетті адамдары көп. Осындай қазақ жерінің біртуар қасиетті перзенттерін зеріттеу болашақ ұрпақтың басты міндеті болып табылады. Әзімхан Ахметұлы Кенесарин туралы мағлұматтар іздеу, оны зерттеу тым кешеуілдеп қолға алынса да қазірге дейін бірсыпыра істің атқарылғанын алдымен айтайық. Бұл тарапта алғашқы зерттеу жасап ғылыми еңбек жазушы Мәмбет Қойгелдиев Әзімхан Ахметұлы Кенесаринге арнап ғылыми мақала жаза білді. Бұл жұмыста Әзімхан Ахметұлы Кенесарин бағалаған орынды деп ойлаймын. Атақты қайраткерге қатысты деректерді түрлі архивтерден тірнектеп жинап, оларды көпшілікке ұсынып таныту Қазақстанымыздың әрбір ұрпағына лайық. Ә. А. Кенесарин жайында құнды пікірлер айтқан жазушылар Мәмбет Қойгелдиев , Ұлы тұлғаның ұрпақтарының айтқан пікірлері біздер үшін құнды мәліметтер болып саналады.
Ғылыми жұмыстың гипотезасы: 1920-1950жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған қиын тағдырын болашақта Ә. А. Кенесарин жаңа мағлұматтар шығарылуына ат салысу. аудан, облыс халқына баспасөз құралдары арқылы өз халқымыздың, ұлттық тарихымыздың асар асуларына бағыттай білу, ұлтымыздың тарихы. Ұлықтай білген тұлғамызды мақтанышпен жас ұрпақ бойына дарытып жоғары денгейде кәсіби маман етіп тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Қаншама тарихы мен шындығы ашылмаған, ХХ ғасырдың 20-50 жылдардағы зобалаң Қазақтың қаншама ұлыда дара тұлғаларымыздың өміріне балта шабылып, тағдырлары қиын қыстау кезіне дұшар болған ұлт ардақтыларының бірінің есімін білсек кейбірін білмей енді ғана танып біліп жатқан жағдайларымыз көп. Кезінде патшалық Ресейге қарсы тұра білген мемлекеттің еркіндігін армандаған халқынын қамын жеген Кенесары ханымыз болса, ХХ ғасырдың басында елдің тәуелсіздігін ойлаған, тілі мен дініне жанашыр бола білген алаштың қайраты да зиялы тұлғаларын Ә Бөкейханов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, М. Шоқай. М.Тынышпаев болса осы ұлы тұлғалармен қатар дос болып бағдарламаларын бірге талдап өзін алаштың бір баласымын деп санай білген Шыменттің тумасы Ә. А. Кенесарин еді.
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Ә.А.Кенесарин қатысты еңбектер аз жазылса да, отандық тарихнамада оның сыртқы саясаты бойынша кешенді түрде қарастырылмаған. Зерттеушілердің көпшілігі жекелеген мәселелер бойынша қысқаша шолумен ғана шектелген. Зерттеу жұмысының жаңалығы да тақырыпты кешенді әрі жүйелі түрде терең зерттей отырып, отандық аспектілерін зерделеу және ғылыми айналымға енгізу болып табылады. Зерттеу жұмысында нақты түрде төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткіздік:
- Зерттеу жұмысында қолданылған қол жетерлік барлық тілдегі жазба деректер талданып мазмұны мен сол кезеңдегі өмір сүрген қоғам қайраткерлерімен қарым-қатынастары жөніндегі отандық зерттеушілердің тұжырымдамалық ой-пікірлері сарапталып, жаңа жүйеге түсірілді;
Біз соңғы жылдары өз халқының болашағы үшін күрескен ғылым, оқу-ағарту, тарих, əдебиет пен тіл майданында мол еңбек сіңірген, өнімді шығармашылықпен көзге түскен, 1930-жылдардағы зобалаң кезінде сталиндік нəубеттің құрбаны болған үркердей қазақ зиялыларының есімдерін қастерлеп, ерекше құрметпен атап жүрміз. Өйткені екі ғасыр тоғысында, одан бергі 1920-жылдарда ғылым, мəдениет, оқу-ағарту саласында өзгеше бір серпіліс туғандығы шындық,
Ғылыми жобадан күтілетін нәтижесі. Бүгінгі таңда Қазақстанда бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосуға үлес қосатын жастар бойына патриотизм, ұлтжандылық азаматтық қасиеттерді ұялатуға қоғамдық пәндердің, соның қатарында Қазақстан тарихы пәнінің атқаратын ролі зор мектеп оқушылары бойынша осындай қасиеттерді қалыптастыру үшін. Ә. А. Кенесарин өмірі мен қызметін, шығармашылығын оларға үлгі-өнеге ету оң нәтиже берері сөзсіз.
Осы мақсата Ә. А. Кенесарин қайраткерлік, ғаламдық, азаматтық қабілетін көрсету.
Оқушыларды патриотизмге, ұлтжандылыққа адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар бойында тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін танып білу, оған баға беру арқылы Отан тарихын білуге деген құштарлығын ояту.
оқушылардың төмендегідей нәтижелеріне қол жеткізуіне мүмкіндік жасайды:
- ХХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының біртуар азаматтарының бірі Ә. Кенесарин ғибаратты өмірі мен халқына сіңірген еңбегі туралы қосымша мағлұматтар алады.
- Білім мен білігі тереңдейді
- Тарихи дерек көздерімен жұмыс жүргізуге дағдыланады
- Ғылыми жұмыстар орындауға икемделіктері қалыптасады
- Халықаралық қатынастар, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, Қазақстан тарихы филология, журналистика, педагогика сияқты мамандықтарды таңдаған оқушыға қосымша білім, бағыт-бағдар алады.
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин өміріне жалпы шолу
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қаласы - 29.10. 1937) - Алаш қозғалысының қайраткері, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының немересі. Әкесі Ахмет Кенесарының бәйбішесі Күнімжаннан туған кіші ұлы.
1897 жылы Шымкентте қалалық училищені бітіріп, Әулиеата уездің басқармасында хатшы болып қызмет етті.
1905 жылы Әулиеата уездің қазақтары атынан Ресей империясы Министрлер Кеңесінің төрағасы - С.Ю. Витте атына петиция жазуға қатысты.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан жағдайға сай Әулиеата уездің қазақтарының саяси белсенділігін арттыру жолында қоғамдық өмірге қызу араласты. Жергілікті халықтың мүддесін қорғау мақсатында құрылған Әулиеата уездің Ұлттық кеңесіне төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Әулиеата уездінде сайлауға түсті. Оның ұйымдастыруымен 1917 жылы 12 қарашада Әулиеата уездің қазақтарының съезі болып өтті. 1917 жылы желтоқсанда өткен екінші жалпықазақ съезіне Сырдария облысы қазақтары атынан қатысып, онда съездің төрағасының орынбасары болды. Түркістан (Қоқан) автономиясына ізгі ниеттілік танытып, оны кеңес өкіметінің әскери күшпен талқандауына наразылық білдірді.
1921 жылдан Сырдария революция комитетінің хатшысы, уездік атқару к-тінде жер бөлімінің меңгерушісі, гидротехник болып қызмет етті.
1930 жылы кеңес өкіметі тарапынан ұлтшыл деп айыпталып, тұтқынға алынды. Одан көп ұзамай босатылды.
1937 жылы тамызда қайтадан тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
1956 жылы Түркістан әскери округі трибуналының шешімі бойынша Кенесарин есімі ақталды.
Тараз қаласында Кенесарин тұрған үй әлі бар, ол өзбек орталау мектебінің ғимараты ретінде пайдаланылды.[[1]]
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин не үшін жазаланды Бүгінгі тарих ғылымында әлі де болса толық жауабын ала қоймаған мәселелердің бірі патшалық жүйеден бергі уақыттағы отарлық тәртіптің ымырасыз қарсыластары мен олардың ұрпақтарына деген советтік биліктің қатынасы. Советтік билік бұл ретте өзін патшалық билікпен салыстырғанда мүлдем басқа, прогрессивті ұстанымда екендігін ылғи да мәлімдеп келгенімен, өмірлік тарихи фактілер шын мәнінде оның антиколониалдық күштерге байланысты патшалық үкімет ұстанымынан ұзап кете қоймағанын, белгілі дәрежеде бұл мәселеде сабақтас ұстанымда болып, тіптен ұлт-азаттық күштерді жоюда алдыңғысынан асып түскенін байқау қиынға түспейді. Биліктің осы мазмұндағы ұстанымда болғандығын Кенесары хан Қасымұлының немересі Әзімхан Ахметұлы Кенесаринге қатысты жүргізілген тергеу ісінен байқауға болады. Әзімхан Кенесары ханның Тайшық және Сыдық есімді ұлдарынан кейінгі ұлы - Ахмет Кенесариннің ұлы. Ахмет сұлтанның бес ұлы және бір қызы болған: Исмайл, Ыбырай, Мұқан, Әзімхан, Шырынхан деген ұлдары және Қамаш деген қызы. Қызы Қамаш өзбектің ишанына ұзатылған [1]. Кенесары хан тұқымының ишандармен құдалық қатынасқа түсуі осы жағдайға байланысты болса керек. Тергеу материалдарында Әзімхан Ахметұлының Сайрамдық ағайынды ишандар Ишанханов Насырхан және Ишанханов Гүлтөреханмен жылы қатынаста болғандығы айтылады. Әзімхан Ахметұлының саяси қуғын сүргінге ұшырау тарихын баяндауға көшпес бұрын қысқа болса да оның өмір жолына тоқталып өткен жөн. Қамауға алынған Ә. Кенесаринге толтырылған анкетада оның Шымкент қаласында уездік полиция бастығының көмекшісі Ахмет Кенесариннің отбасында 1877 жылы 19 ақпанда өмірге келгендігі айтылады. 1896 жылы қалалық училищені аяқтап, революциялық өзгерістерге дейін әкесі жұмыс жасаған уездік полиция бастығының кеңесінде жазба түріндегі аудармашы және хатшылық қызмет атқарған. Революциядан кейінгі уақытта су жүйесіне қызметте болады. Гидротехник қызметін Әзімхан Ахметұлы шамасы өз бетінше игерген сияқты [2]. Советтік билік жүйесі орнағанға дейінгі кезеңде Әзімхан Ахметұлының өмірінде терең із қалдырған бірнеше оқиғалар болып өтеді. Патшалық билік құлаған соң белсенді саяси өмірге араласа бастаған Әзімхан Ахметұлын әулиеаталықтар Уездік ұлттық Кеңеске төрағалық қызметке сайлайды [3]. Бұл әулиеаталықтардың Кенесары хан әулетіне көрсеткен құрметінің, сондай-ақ Әзімхан Ахметұлы сияқты биік парасатты тұлғаға артқан сенімінің белгісі еді. 1917 жылы шілде айында Орынбор қаласында бірінші жалпықазақ съезі өтіп, оның жұмысына қатынасуға Түркістан өлкесінен шақырылған делегаттардың қатарында Әзімхан Кенесарин де болды. Съезде ол ұлттық-демократиялық ұстанымдағы Алаш партиясын құру туралы шешімге дауыс береді. Әулиеата уездік Қазақ Комитетінің төрағасы қызметінде өңірдің саяси өміріндегі өзгерістерге белсенді түрде атсалысқан Әзімхан Кенесарин 1917 жылғы желтоқсанда Орынборда шақырылған екінші жалпы қазақ съезіне қатынасып, съезд төрағасының орынбасарлығына сайланып, Алашорда үкіметін құру және болашақта Алаш автономиясын жариялау туралы шешімді қабылдауға атсалысады. Осы жылы 2-5 тамыз күндері Ташкент қаласында болып өткен Түркістан аймағы қазаққырғыздарының жалпы жиналысына қатынасып, президиум төралқасына сайланған ол Русия федеративтідемократиялық парламенттік республика болуы тиіс, ал қазақ-қырғыз облыстары националды-территориялды 90 Замансөз федерация алсын деген ұстанымды қабылданған қаулыны қолдап дауыс береді [4]. Осы ретте 1917 жылғы желтоқсандағы екінші жалпықазақ съезінің қазақ тарихында түрлі саяси ұстанымымен танылған әулеттердің (Әбілқайыр хан, Абылай хан, Құнанбай қажы, Бірімжановтар әулеті ж.б.) жаңа буын ұрпақтарының заман сұранысына лайық берген жауабындай бас біріктіруі болғандығын айтқан жөн. Олардың басын біріктірген ұлт басына төнген қауіп, яғни жердің қоныс аударушылар үлесіне кете бастауы, ұлттық мәдениет пен діннің құнсыздануы т.б.с.с. Соған байланысты ұлттық мемлекеттілік идеясы төңірегіне бірігу тарихи қажеттілікке айналғандығын олар жақсы түсінді. Міне, осы 1917 жылғы жалпықазақ съездері арқылы күш біріктіру жолына түскен әулеттердің өкілдері артын ала советтік билік тарапынан түгелдей қуғын-сүргінге алынып, 30-ншы жылдары ең жоғарғы жаза түрі ату жазасына бұйырылды. Бұл жағдайды да жеңіл-желпі кездейсоқ құбылысқа, немесе саяси басшылықтың асыра сілтеу ұстанымына жатқыза саламыз ба? Басқаша айтқанда, егер осы ұстанымды да теориялық тұрғыдан негіздеу жолына түссек, онда шынымен де біздің ұлттық жадымыздың біржола айықпастай ластанып біткенін мойындауға тура келеді. Сонымен, Әзімхан Ахметұлының тергеу 1937 жылғы ОГПУ тарапынан қамауға алынуы оның бірінші рет тұтқындалуы емес-тін. Бұдан бұрын ол 1930 жылы екінші топ алаш зиялыларымен (М. Тынышбаев, Ә.Ермеков, Ж.  Ақпаев ж.б.) бірге қамауға алынып, жазалауға фактілік негіз болмаған соң босатылған еді. 5) Ә. Кенесаринді келесі, екінші рет қамауға алу туралы ордерді (№24) НКВД-ның Шаян аудандық бөлімі беріп, оны Жомартов деген қызметкеріне тапсырады. Жомартов Омарбеков деген қызметкермен бірге 1937 жылы 15 тамызда Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесіндегі №8 үйдің 2 пәтерінде тұратын Ә.А.  Кенесариннің үйінде тінту ісін жүргізіп, қалалық мемлекеттік қауіпсіздік басқармасына тапсыру үшін мына заттардың тізімін жасайды: 1. Түрлі хат алысулар мен анықтамалар - 200 баспа бет. 2. Қырғыз-қазақ халқының тарихына қатысты кітаби материалдар - 1. 3. Еңбек кітапшасы - 1. 4. Профбилет - 338468. 5. Паспорт № 187339. 6. Материалы к истории казахскокиргизского народа, 1925 г. автор М.  Тынышбаев, 62 б. 7. Ақтабан-Шұбырынды, автор Тынышбаев 17 б. 8. Подлог Ходжей. Автор Тынышбаев 6 б. 9. Өлеңдер. Қазақ тілінде 21 б. 10. Өлеңдер. Қазақ тілінде 26 б. 11. Өлеңдер жазылған дәптер 1 б. [6]. Осы ретте айта кеткен артық емес, кезінде тәркіленген бұл материалдар Ә. Кенесариннің қызы Напуса Кенесаринаға қайтарылған [7]. Ә. Кенесариннің жеке кітап қорында қазақ тарихына қатысты материалдардың, сол сияқты М. Тынышбаевтың еңбектерінің болуы, әрине, кездейсоқ нәрсе емес. Біріншіден, Әзімхан Ахметұлының әкесі Ахмет Кенесарин тарихи тақырыпта еңбектер жазған білімді адам ретінде ұлы Әзімханның да тарихи танымының қалыптасуына ықпал жасағандығы байқалады. Екіншіден, Әзімхан Ахметұлы М. Тынышбаевпен өзара жылы да жақын қатынаста болған. Соған байланысты оның кітап қорынан М. Тынышбаевтың еңбектерінің табылуы сол қатынастың көрінісі болса керек. Тұтқынның анкетасындағы кейбір мәліметтерді біз жоғарыда бердік. Оларды қайталамай-ақ Ә. Кенесариннің өмір жолына қатысы бар деген бір- 91 Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ. Әзімхан Ахметұлы Кенесарин не үшін жазаланды екі фактілерге ғана тоқталайық. Ақтар мен контрреволюциялық әскер, бандиттік және Совет билігіне қарсы құрамалардағы қызметің деген графадағы сұрауға Ходжанов басқарған (сөз Сұлтанбек Қожанов туралы болып отыр - автор) к-р зиянкестік ұлтшылдар ұйымының мүшесі деген жауап жазылған. Бұл, әрине, тергеуші тарапынан белгіленген факті. Бұдан бұрын Советтік билік тұсында қандай репрессиялық, сотқа, тұтқындалу актілеріне тартылдың деген сұраудың тұсында 1930-ншы жылы Шымкент қаласында ОГПУ-дың опер-секторымен 5810 статья бойынша тұтқындалған, кепілдік хат бойынша босатылған деген жазу бар. Отбасының құрамы деген графадағы мәліметтерге қарағанда Әзімхан Ахметұлының отбасы үлкен болған: жұбайы Зухра Батыршақызы 39 жаста, үй шаруасында, ұлы Натай 29- да, Мәскеу қаласында гидрогеология институтының студенті, ұлы Мұхамедхан 24 жаста, Әндіжан қаласындағы ерекше темір жол бөлімшесінде қызметте, ұлы Мәдияр 18 жаста Мәскеу қаласында оқуда, ұлы Тәуке 12 жаста, Шымкент қ. мектепте оқуда, қызы Халида 26 жаста, Ташкент қаласындағы педтехникумда студент, қызы Напуса 9 жаста, Шымкентте мектепте оқиды, қызы Аян 7 жаста мектепте оқиды, қызы Баян 5 жаста. Анкетада Ә. Кенесариннің 1937 жылы 15 тамызда НКВД қызметкерлері тарапынан тұтқынға алынып, осы мекеменің ішкі абақтысында отырғандығы айтылған [8]. Осы арада абақтыдағы тергеу барысы жөнінде бір-екі ауыз сөз. Ә.Кенесарин жоғарыда айтылғандай 1937 жылы 15 тамызда қамауға алынғанымен, оның тергеу ісінде 20 қыркүйекке дейін алынған тергеу хаттамасы жоқ, істе тіркелген жалғыз тергеу хаттамасы 1937 жылдың 20-26 қыркүйек күндерімен белгіленген. Істегі материалдардың көрсетуіне қарағанда тіркелген хаттама бірінші емес екінші тергеуге тиесілі. Алғашқы тергеуден оны жүргізушілер өздеріне қажет жауап ала алмаған сияқты [9].
Ә.Кенесариннің ісі бойынша даярланған айыптау қорытын дысы
Яғни, 1 ай 5 күн тұтқынды сындыруға, айтқанға көндіруге кеткен уақыт ретінде белгіленгені дұрыс. Тек 20 қыркүйектен бастап тергеуші өзі қалағандай мазмұнда даярланған тергеу хаттамасынан Әзімхан Ахметұлына қол қойдыра бастаған. Бұл сол тұстағы ОГПУ - НКВД мекемелерінде тұтқындарға байланысты кең түрде қолданыста жүрген әдіс-айлалардың бірі болатын. Сонымен, 1937 жылы 20-26 қыркүйек аралығында Ә. Кенесаринмен жүргізілген тергеу хаттамасына арнайы тоқталған жөн. Өйткені тергеу ісінде басқа хаттама жоқ, сондай-ақ бұл құжат Ә. Кенесариннің ісі бойынша даярланған айыптау қорытындысына негізге алынғандығы байқалады. Хаттамаға кіріспеде тергелуші туралы мәлімет берген тергеуші Кенесарин Әзімханның тегіне, яғни оның патша шенеунігінің отбасынан, әкесі уездік полиция бастығының көмекшісі болғандығына, ал өзінің революцияға дейін уезд полициясы бастығының жазба аудармашысы қызметін атқарғандығына баса көңіл аударады. Сондай-ақ оның 1930 ж. Қылмыс Кодексінің 5810 бабы бойынша қамауға алынып, қолхат бойынша босатылғаны туралы мәліметті тағы да келтіреді. Бұл, әрине, айыптау қорытындысын даярлауда есепке алынуға тиісті фактілер еді. Ә. Кенесариннің тергеу ісінде тіркелген бұл жалғыз хаттама тергелушіге айтылатын мынадай сөздермен басталады: Қойылған сұрауларға жауап беру барысында Сіз контрреволюциялық ұлтшылдар ұйымы құрамында екендігіңізді жоққа шығарумен болдыңыз. Тергеу орнында Сіздің контрреволюциялық қыз - 92 Замансөз метіңізге қатысты бұлтартпас айғақтар бар, сондықтан да ендігі уақытта қасарысуды доғарып, қойылған сауалдарға ашық көрсетулер беруді ұсынамыз. Бұл белгілі бір мерзімге дейін тұтқынмен жүргізілген сындыру жұмысы аяқталған соң оған қойылатын стандартты сауал-ұсыныс. Бұл тергеу ісінің жаңа кезеңі басталғандығын, яғни тергеудегі адамның, абақты ішіндегі адам жаны төзгісіз түрлі азапты қинаулардан соң осы азапты сәт аяқталса екен! деген тілекпен тергеуші даярлаған хаттамаға қол қоюға әзірлігін білдіретін жағдай. Сол сияқты тұтқынның да жауабы мен осы уақытқа дейін контрреволюциялық ұлтшылдар ұйымы құрамында болғанымды жасырып, тергеу ісін жаңылыс жолға салдым. Тергеушілер менің контрреволюциялық зиянкестік әрекетімді біржола әшкерелеген соң ендігі уақытта қарсыласудың қисынсыз екендігіне көзім жетіп, тергеу ісіне ашық көрсетулер беру туралы шешім қабылдап отырмын - деген мазмұнда болып келеді. Бұл тергеу ісінің абсолютті бәріне болмаса да, басым бөлігіне тән жағдай. Абақты қабырғасында өткен 1 ай 5 күннен соң Әзімхан Ахметұлы да тергеуші сұрауына Мен 1921 жылдан бері контрреволюциялық ұлтшылдар ұйымында мүше екенімді мойындаймын, бұл ұйымға мені Қоқан автономиясының бұрынғы төрағасы, бұрынғы Уақытша үкімет мүшесі инженер Тынышбаев Мұхаметжан тартты,   - деген мазмұндағы жауап бере бастайды. Тұтқынды өзара диалогқа тартқан тергеушінің сауалы да, сол сияқты оған тұтқынның берген жауабы да үйреншікті, стандартты мазмұнда болып келеді. Өйткені хаттама екі жақтың өзара табиғи диалогы нәтижесінде өмірге келген құжат емес, ол екеуара кездесулер барысында тергеушінің тұтқыннан алған мәліметтерге сүйене отырып құрастырған мәтіні. Тұтқыннан алған фактілерге тергеушінің берген (трактовкасы) түсіндіруі. Түсіндіру, әрине, шындықты анықтау, оған жету тұрғысынан емес, қоғамда осы уақытқа дейін жасырын, құпия түрде советтік билікке қарсы әрекет жасап келген контрреволюциялық ұлтшылдар ұйымын, оның жеке мүшелерін ашу, әшкерелеу тұрғысынан жазылады. Одақтағы репрессия машинасының әрекет логикасы міне осы ұстанымға сүйенді. Оған қарсы келетін, оны тоқтата алатын күш мемлекеттік жүйеде жоқ-тын. Өйткені жүйеге мұндай дүлей күш оны құрушылардың болмысынан дарып, мемлекет басында отырған солардың қолдауына сүйенді, яғни оның тек солармен бірге ғана кетуі мүмкін еді. Ә. Кенесариннің тергеуші сұрауларына берген көрсетуі, анығырақ айтқанда тергеушінің Ә. Кенесариннің атынан, оған тек қол қою үшін даярлаған хаттамасында Ә. Кенесариннің контрреволюциялық ұйымға келіп қосылуы және оның осы ұйым құрамында Совет билігіне қарсы әрекеті мынадай мазмұнда баяндалады: шыққан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш партиясының бағдарламасындағы ерекше мәселелер жайында
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ СЕМЕЙ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНҢ АШЫЛУЫ
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Әулие–ата мен Жамбыл облысындағы оқу–ағарту ісінің даму ерекшеліктері
1917 жылғы қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері
Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
1917 жылғы Ақпан революциясы және оның Қазақстанға әсері
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Пәндер