Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Орындаған: _____________.
Тобы: МС-21-15К3
Қабылдаған: Нуртазина А.

Шымкент 2021ж.
МАЗМҰНЫ

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
a) Қысқаша өмір баяны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
b) М.Әуезовтің шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
c) Қазақ тіліндегі алғаш математика оқулығын жазған ... ... ... ... ... ... ... 8
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

КІРІСПЕ
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының Жолсыз жаза дастанының негізінде Еңлік-Кебек пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қысқаша өмір баяны

Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша Райхан көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары Абай романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. Абай романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы Абай романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның Ақын аға аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Сын сағатта (1941), Намыс гвардиясы (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), Қынаптан қылыш (1945) пьесалары мен Абай операсының либреттосын (1944), Абай әндері фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951 -- 1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, КСРО халықтары әдебиетінің тарихы деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, Абай жолы роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955 жылы шет елге сапар шегіп, Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955 -- 1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.

Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі - оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның Абай жолы роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
Туған жері -- бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.
1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының Жолсыз жаза дастаны негізінде Еңлік-Кебек пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
1918 жылы М.Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда Алашорда үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған Жас азамат атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, Абай ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.
1919 жылы -- Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920 жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. Қазақ тілі газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.
1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Омарханұлы Әуезов
Мұхтар омарханұлы әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым
Мұқтар Әуезов
М. Әуезовтың өмірі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
ҚАЗАҚСТАНДА МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНДА Ә. ЕРМЕКОВТЫҢ РОЛІ
Орта Азия ғалымдарының математикаға қосқан үлесі
Пәндер