Биогенді элементтер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ХИМИЯ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы;Биогенді s-,p-,d-элементтер мен олардың қосылыстарының медициналық -биологиялық маңызы.

Орындаған:Куанышбек Дархан
Тексерген:Омырзаковна Гульмира

Жоспары:
§ Биогенді элементтер ( s.p.d).
§ Биогенді элементтер ( s.p.d) қосылыстары.
§ Биогенді элементтердің медициналық жіне биологиялық маңызы.
§ Пайдаланылған әдебиеттер.

Биогенді элементтер:
Биогенді элементтер дегеніміз тірі оргнизмдердің құрамында үнемі болатын химиялық элементтер. Олар витаминдердің,белоктардың гормондардың құрамында белгілі бір тәртіппен,тек сол затқа ғана тән заңдылықпен орналасады.Мысалы азотты (N)алатын болсақ белоктың структурасын құрайтын ең маңызды биогенді элемент . Осындай мысалға көміртекті С де айтуға болады,ол тірі ағзадағы майлар мен көмірсулардың құрамын құрайтын ең басты элемент. Олардың маңызы өте зор. Сол сияқты кальций,фосфор (Ca,P) жетіспегенде де адамда суйектің аурулары пайда болады. Медицинаға қатысты биохимияның бөлек биоэлементология деген үлкен саласы бар.
Химиялық элементтердің атқаратын функциясына қарай бөлінуі :
Ø Электролиттік орта құрушыэлементтер - s-элементтері.
Ø Органогенді - р-элементтері.
Ø Ферменттерорталығынакірушімикроэлем енттер - d-элементтері.
Биоэлементология химиялық элементтердің тірі организмдердің тіршілігіне әсер етуін зерттейтін биохимияның үлкен бір бөлігі десе де болады
Биогенді элементтер ( s.).
S-элементтер Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде ІА, ІІА топтардың негізгі топшаларында орналасқан. ІА - топтың негізгі топшасындағы - литий, натрий, калий, рубидий, цезий және францийсілтілік металдар деп аталады, электрондық конфигурациясы - nS1. ІІА топтың негізгі топшасындағы кльций, стронций, барий және радий сілтілік жерметалдар деп аталады, электрондық конфигурациясы - nS2.
ІА - элементтерінің сыртқы электрондық қабатында бір S1-электрон ядромен әлсіз байланысты болатындықтан,оны беріп жіберіп,күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді: Барлық қосылыстарында иондық байланыс түзеді және тотығу дәрежелері тұрақты +1-ге тең болады.
ІІА-элементтерінің сыртқы электрондық қабаттарында жұптасқан екі S-электрон болады (nS2), қоздырғанда бір электрон басқа р-орбитальға ауысып, тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сілтілік жерметалдар да күшті тотықсыздындырғыштар, бірақ сілтілік металдарға қарағанда активтіктері төмен, радиустары кіші және иондану энергиялары жоғары.
Жоғарыдан төмен қарай топ бойынша сілтілік және жер сілтілік металдардың негіздік, тотықсыздандырғыш қасиеттері артады. Сілтілік және жерсілтілік металдар активті болғандықтан жер қыртысында тек қосылыс түрінде кездеседі.Натрий, калий, магний және кальций хлормен бірге ағзаның электролиттік фонын құрайды.Кейбір ферменттердің активаторлары болып табылады.Кальций сүйек ұлпасының бейорганикалық заттарының құрамына кіреді, қанның ұю процесіне қатысады, бұлшық еттің жиырылуында маңызды роль атқарады. Медицинада S-элементтер кеңінен қолданылады.
Биогенді элементтер(P)
II- VIII топтардың негізгі топшаларының элементтері жатады. Элементтері көбісі метелл еместік қасиет танытады.
Тек Al, Ga, In,Tl, Ge, Sn, Pb, Sb, Bi, Po элементтердің металдық қасиеттері басымырақ.
Биогенді элементтер(d)
I-VIII топтарының қосымша топшаларының элементтері жатады. Барлық d - элементтер нағыз металдар,олар тотығу-тотықсыздану реакцияларында тотықсыздандырғыш қызметін атқарады.
Биогенді элементтердің медициналық жіне биологиялық маңызы.
Биогенді элементтер(s)
Ø Осмостық гомоестазды қамтамасыз ету.
Ø Су алмасуды реттеу.
Ø Жүйке импульстарын беру.
Ø Бұлшықет жасушаларының қалыпты қозуын қамтамасыз ету.
Медициналық емдеу жұмысында, сілтілік металдардың басқа да тұздары жиірек және кеңінен қолданылады. Мысалы, калий перманганаты мен натрий тетрабораты антисептік ретінде, калий гидротартраты (шарап қышқылды калий) мен натрий сульфаты ішті айдайтын дәрі-дәрмектер ретінде қолданылады.
Биогенді элементтер(P)
Ø Осмостық қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысу.
Ø Кейбір ферменттерді активтендіру.
Ø Асқазан сөлінің құрамдас бөлігі (хлорсутек қышқылы).
ІІ А топтағы элемент қосылыстарының медицинада қолданылуы. Магний оксиді қышқылдық жоғарылаған кезде қолданылады.Қышқылмен уланған кезде,ішті айдайтын дәрі ретінде магний оксидін жұмсайды. Ол тіс тазалайтын ұнтақ құрамына енеді.
Биогенді элементтер(d)
Платина - ақ сұр, қатты металл. Қыздырған кезде оны соғуға, пластина жасауға, созуға болады. Ол өте пластикалық металл. Платина - активсіз, бағалы металл. Ол қыздыру кезінде ауада тотыкпайды, ешбір қышқылда ерімейді. Одан лабораториялык ыдыс, термопара, қышқылға төзімді тигельдер жасайды. Өсімдік, жануар өмірі үшін мыстың маңызы зор.Ол- микроэлемент.Өсімдік организмінде мыс фотосинтезді,тыныс алуды, көмірсу алмасу процестерін жеделдетеді.Топырақта мыс жетіспесе өсімдіктер ауруға ұшырайды.Мыс мал организмінде кейбір ақуыз бен ферменттер құрамына кіріп, бауырға жиналады.Ол жетіспеген жағдайда организм қаназдық ауруына шалдығады.Мыс гемоглобин,фосфолипидтер синтезіне қатысады.
Макроэлементтер
Адам ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро- және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Макроэлементтер - көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6,5 - 7%, күкірт 0,3 - 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% - дан 90% - ға дейінгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогенді макро және микро элементтер
Натрий және калий
Биогенді d элементтер
Биогенді элементтерді оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
S,P,D элементтер
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Химиядан өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
S,p,d-элементтерінің медициналық-биологиялық маңызы.химиялық байланыстың табиғаты
Негізгі биогенді элементтердің биосферадағы айналымы
Биосфера құрылысы
Пәндер