Ақша - несие саясатының құралдары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. 1. Ақша-несие саясатының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. 2. Ақша-несие саясатының
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..8
2-тарау. Ақша-несие саясатының негізгі
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...11
2. 1. Пайыз саясаты. Міндетті резервтер. Несиелік операциялар. Ашық
нарықтағы
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...11
2. 2. Ақша – несие саясатының табыстау механизмі және оның салық- бюджет,
валюта саясаттарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .15
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... .18
3. 2. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3. 3. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір
аспектілері ... ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..34
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Ақша-несие саясаты мен оның
құралдары деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп оның
бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы көкейкесті мәселелердің бірі болуында
және макроэкономикадағы өзектілігінде болып отыр. Кез-келген
мемлекеттің экономикасында Орталық банктің жүргізетін саясаты орасан зор
рөл атқарады, себебі барлық мемлекеттерде Орталық банк ақша-несие саясатын
қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін
қадағалайды және ұйымдастырады. Яғни, қарастырылып отырған ақша-несие
саясаты — отандық нарықтық жүйе механизмінің негізгі құраушы бөлігі деп
айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты — ақша-несие немесе монетарлық саясаттың
мәнін ашып, мақсаты, түрлері мен негізгі құралдарына тереңірек тоқталу.
Сонымен бірге, ақша – несие саясатының табыстау механизмін қарастырып, ҚР
Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-несие саясатын талдау.
Курстық жұмыстың алғашқы тарауында ақша-несие саясатының
экономикалық мәні, мақсаты мен мазмұны қарастырылады, сонымен қатар, ақша –
несие саясатының түрлері мен құралдарына сипаттама беріледі.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатының қажеттілігінің
мәні, мазмұны ашылады. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын,
несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің
қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен
бірге, ақша – несие саясатының субъектілері мен объектілері анықталады.
Екінші тарауда, ақша-несие саясатының негізгі құралдары талдауға
түседі. Яғни, пайыз саясаты,міндетті резервтер, несиелік операциялар, ашық
нарықтағы операциялар жайлы айтылады. Осы бөлімде ақша – несие саясатының
табыстау механизмі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысы
көрсетіледі.
Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатының қалыптасу кезеңдері, Қазақстан Ұлттық Банкінің қазіргі ақша-
несие саясатының құралдары көрсетіледі. Осы бөлімде Қазақстан
Республикасының ақша-несие саясатына талдау жасалып, негізгі
көрсеткіштеріне баға беріледі, экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір
аспектілері қарастырылады.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда
белгілі авторлардың оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ газет-
журналдарда жарияланған мақалалар, интернет желісінің ақпарат ресурстарының
маңызды деректері, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
1-тарау. Ақша-несие саясатының мәні
1. 1. Ақша-несие саясатының мазмұны
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы – несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің қызметін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға
әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Ақша базасы — Ұлттық Банк шығаратын айналымдағы қолма-қол
ақшалар, міндетті және артық резервтер. Айналымдағы қолма-қол ақшаның
мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына
байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының мөлшерін екінші
деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдар ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының
мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынымының ақша базасына
қатынасы:
Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша – депозиттер cr (депондау
коэффициенті) және резервтер-депозиттер rr (резервке салу нормасы)
қатынасы арқылы да көрсетуге болады. Ол үшін алдындағы теңдіктің сол жағы
мен оң жағын депозиттер D-ге бөлеміз, соның нәтижесінде табамыз :
Жоғарыдағы cr шамасы тұрғылықты халықтың тәртібімен белгіленеді,
ол қолма-қол ақшалар мен депозиттер қандай пропорцияда болуын шешеді. Ал
rr қатынасы Орталық банк бекітетін міндетті резервтер нормасына
тәуелді және коммерциялық банктер қажетті сомадан артық ұстап отыруға
өздері ұйғарған нормадан тыс резервтер.
Сонымен, ақша ұсынымы ақша базасы мен ақша мультипликаторы
мөлшерлеріне тікелей байланысты. Ақша мультипликаторы ақша базасының
бірлікке көбеюі ақша ұсынымының қаншалықты өзгеретіндігін көрсетеді.
Орталық банк ақша ұсынымын ақша базасына әсер ету арқылы бақылай
алады. Ақша базасының өзгеруі өз кезегінен ақша ұсынымына
мультипликативті әсер етеді.
Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие
көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының
макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады. Ал
ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
1. 2. Ақша-несие саясатының мақсаты
Ақша-несие саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін
көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны
және инфляцияның өсуін төмендету, ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның
төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы мақсат:
• экономиканың өсуі; толық жұмысбастылық;
• бағаны тұрақтандыру; төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
▪ ақша жиыны;
▪ пайыз мөлшерлемесі;
▪ айырбас бағамы.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, ақша-несие саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде
қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.
1. 3. Ақша-несие саясатының түрлері мен құралдары
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі
болады:
1) рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспансиялық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ( тарылту ) ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі
банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт
белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспансиялық ( кеңейту ) ақша-несие саясаты - несие беру
көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың
әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты
сипатталады.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық Банкінің заң актілері, ҚР
Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары
бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттың банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық
пайыздың мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық
вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері —
жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын
болдырмау.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары
бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге
берілетін заемдары бойынша колданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік
шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті
ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша
қолданылады.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты
—инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:
- Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
- Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
- Банктерге және үкіметке несиелер беру;
- Валюталық нарыққа интервенциялау;
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноталарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ақша-несие саясатының негізгі құралдарын мынадай етіп
топтастыруға болады:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында
айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының
дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер
кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары
алғашқыларын ығыстырады.
2-тарау. Ақша-несие саясатының құралдары

нарықтағы операциялар.
Пайыздық саясат. Ұлттық Банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің
ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне
әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде
Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру
мүдделігін ескереді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі
мақсаты — теңгенің несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша
массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді
қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер,
дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер — шығындарды құрайтындардың бірі.
Яғни, жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған
болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін

және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары
пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның
көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы —
шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге
оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде,
валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу
мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік
нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы
анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың
бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы
ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк
мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші
деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа
мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа
мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің
мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік
ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра
түсті.
Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық
мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық
мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың
арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әртүрлілігі,
пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық
мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.
Міндетті резервтер. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде
банктерге берілетін несиелер көлемін реттеу үшін, банктің өз
міндеттемелері бойынша төлемсіздік тәуекелін төмендету және банктердің
акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк ең
төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз
саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің
негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ
кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген ҚР
коммерциялық-кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы
нұсқауға сәйкес міндетті резерв нормативі 18 — 20% мөлшерінде бекітілген
болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 6%-ды құрайды. Банктердің
резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы
қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана
қоймай, сол сияқты резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл
банктердің пруденциалдық, нормативтерді орындау барысында корреспонденттік
шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын
сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық
нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау
барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:
1. Міндетті резервтер;
2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде
болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін әлсіретеді,
себебі резервтердің ең төменгі нормасының артуы несиелік ресурстардың
экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Несие операциялары. Несиелеу және қаржыландыру операцияларына
соңғы жылдары Ұлттық Банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық
қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта
екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау
мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие
беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық Банктің республикалық бюджетті
несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және
кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық
Банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол
сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ашық нарықтағы операциялар. Мұны Орталық банкпен екінші нарықта
ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу
операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық
банктердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын
реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы: Орталық банктің ақша эмиссиясын
тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта
бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік
шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және
несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді
— бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына
аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы операцияларымен банк
жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды
немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін
реттейді.
2. 2. Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-
бюджет, валюта саясаттарымен байланысы
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы
саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие
саясатының 4 түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің
өзгеруі;
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың
(әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі.
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы
екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің
қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл
өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай
саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің
арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады.
Ақша нарығының реакциясы Ld қисығының тікшелеу болуынан ақшаға
сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал
болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі
әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне
әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір
төмендеуіне алып келеді.
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық
сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына
инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында
пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз
мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы
байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың
мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының
төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе
пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен
ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық
экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде
табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі.
Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс
әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір
тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек
мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу
болса және жалпы Ұлттық өнім өссе, оңда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі.
Нақты ЖҮӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:
Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі,
демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша
ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҮӨ өсуін қосымша ынталандырады және
инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық
банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы
қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы
құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде
Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар
нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша
ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай
екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депозиттегі
қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда өседі,
банктер артық резервтерін өсіреді, ол мәнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай
ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.
Ақша-несие саясаты келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім
қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық
белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ
көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің
саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен
тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым бағамын ұстап тұруды көздесе, онда
дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы
бағамды ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және
азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып
алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша-несие
саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер
мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса,
онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай
жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.
3-тарау. ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты
3. 1. ҚР ҰБ ақша-несие саясатының қалыптасу кезеңдері
Қазақстан 1990 жылғы желтоқсанда республиканың егемендігі
жарияланғаннан кейін нарықтық экономика талаптарына жауап беретін өзінің
банк жүйесін құруға кірісті. 1990 жылғы желтоқсанда Қазақ КСР банктер
және банк қызметі туралы заң, ал 1993 жылғы 13 сәуірде КСРО Мембанкінің
Қазақ Республикалық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып
қайта құрылды. Банк жүйесін реттейтін ұлттық нормативтік және құқықтық
базаны түбегейлі қалыптастыру үрдісі басталды.
Республиканың Ұлттық Банкін құру туралы шешім келешекті
көздейтін шешім ретінде бағаланады, себебі Ұлттық Банкті жоғары деңгейге
шығара отырып, экономиканы несиелеудің өркениетті нысанын қамтамасыз ететін
екі деңгейдегі банк жүйесін енгізбейінше, банк жүйесі нарық экономикасының
қалыптасуына қолдау көрсете алмас еді. Нәтижесінде республика қазіргі даму
деңгейіне қол жеткізбеген болар еді.
1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін
құру туралы заңды қабылдау ел экономикасының даму барысына жақсы ықпал
етті, себебі банк жүйесін реттеудің ұлттық нормативтік және құқықтық
базасын түбегейлі қалыптастыру үрдісін бастауға және меншікті валютаны
ендіруге дайындалуға мүмкіндік берді.
Банк жүйесі өткен 15 жылда бүкіл экономикамен қатар дамыды, және
оның даму уақытын 3 кезеңге бөлуге болады:
1) 1993 жылғы қараша – 1995 жыл – гиперинфляцияны ауыздықтау
кезеңі. Теңгені енгізу сәтінде Қазақстанның экономикасы өте ауыр жағдайда
болды. 1993 жылы инфляция 2165% құрады, ал 1991-1995 жылдары тұтастай
алғанда өндіріс 50% жуық құлдырады.
Осындай жағдайларда Ұлттық Банк үшін бірінші кезектегі міндет
инфляцияны төмендету болып табылды.
Ұлттық валютаны ендіру сәтіндегі тарихи қалыптасқан ахуал
нәтижесінде Ұлттық Банк іс жүзінде коммерциялық банктердің қызметін
орындады: кәсіпорындарға тікелей несиелер берді, мемлекеттік бюджет
тапшылығын тікелей қаржыландыруды жүзеге асырды, бұл орталық банктің
мәртебесіне қайшы келді. Сондықтан Ұлттық Банк бірінші кезекте банк жүйесін
реформалауды жүзеге асырды.
1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға
несиелер беруі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай
өзгерді: несиелік ресурстарды Ұлттық Банк несиелік аукциондар арқылы және
ломбардтық негізде орналастыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң
қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды,
ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға
қойылды.
Нәтижесінде экономиканы несиелеу қызметі банктерге өтті, олар
несие ресурстарын қалыптастыру үшін халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаражатын және сыртқы заемдарды тарта бастады.
Ұлттық Банк экономиканы несиелеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz