Банктің өтімділігін басқару теориялары мен оның әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Нарықтық қатынаста банктер кез келген мемлекеттің экономикалық жағдайының басты индикаторы болып табылады. Елде тұрақты, икемді және тиімді банк жүйесін қалыптастыру - бұл экономиканы реформалаудың маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады.

Республикадағы банктердің қызметі әр түрлі себептердің әсерінен құалыптасқан, атап айтқанда инфляция, төлем өтеу үрдісі, мемлекеттік дефицит, банк жүйесіндегі дағдарыс сияқты экономикалық қиын жағдайда атқарылғанын айта кету керек. Бұл аталған жағдайлардың әр қайсысы, өзіне тән ерекшеліктерімен, сондай-ақ, банк қызметіне келеңсіз салдарымен ықпал ететіндігімен сипатталады.

Мысалы, төлем өтеудегі дағдарыс ссудалық қарыздарды уақытында өтеу мүмкіндігіне кері әсерін тигізеді. Инфляция әсерінен берілген ссудалардың құнсыздануына соқтырады. Банктік дағдарыс несиелік мекемелердің қызметін, олардың несие тарту мүмкіндігін шектеп қиындатады. Банктер коммерциялық кәсіпорын ретінде барынша мол табыс табуға тырысады. Содықтан олар өз қаражаттарымен несие беру және құнды қағаздар сатып алу сияқты жоғары табысты, бірақ тәуекелді операциялар жасайды. Екінші жағынан банк қауіпсіздік жағын да ойластыруы керек. Банк қауіпсіздігін ең алдымен банктің өтімділігі қамтамасыз етеді. Банк өтімділігін сақтау ретінде, оның өз міндеттемелерін уақытында өтеуге қабілеттілігі банк саясатындағы маңызды тапсырмалардың бірі болып табылады. Банктің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дәрменсіздігінен туындауы мүмкін жағдайды бағалай отырып, банктің өтімділік қабілетін жақсы көруге болады. Өтімділіктің бірнеше сатысы бар. Өтімділігі төмен банк, әдетте қолайлы жағдайды қолдана алмайды, яғни банктің өтімділігі төмен болған жағдайда ол өзінің өтімді активтерін тиімсіз конъюктурада сатып, немесе өзге банктерден жоғары пайызға қарызға алуға мәжбүр болады. Бұл банктің басқа таңдауының болмағанын білдіреді.

Өтімділіктің маңыздырақ кемшілігі - ол клиенттер алдындағы өзінің ағымдағы міндеттемелерін өтеуге дәрменсіздігі болып табылады, бұл банктің активтерін көп мөлшерде сатуына әкелуі мүмкін, тіптен нашар жағдайда оның қызмет етуге қабілеттілігіне күмән туып, төлем өтей алмай, банктроттыққа ұшырайды. Сондықтан банк өтімділігі осындай маңызды болып табылады.

ҚР Ұлттық банкі тарабынан екінші деңгейлі банктердің өтімділігін сақтауы және капиталын ұлғайту жөнінде қойылған талабы, банктердің бірігуі процессін жеделдетіп, өтімділігін арттырды. Қазақстанда 2008 жылдың 1 қаңтарында тек 34 екінші деңгейлі банктер қалған.

Үлкен бір банктің немесе кішірек бірнеше банктердің банкротқа ұшырауы ақша айналымының күрт өзгеруін, төлем жүйесінің құлдырауын тудырып, халықтың мүддесіне әсер етуі және елдің экономикасын құлдыратуы мүмкін. Бір банктың банкротқа ұшырауы әсерінен басқа банктер де банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Бұл жағдайлардан банк өтімділігінің қаншалықты үлкен маңызды екенін көруге болады.

Осыған байланысты әлемде банк қызметі қалай реттелетінін жалпы әлем банктерінің өтімділігін, оның ішінде нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірбиесін зерттеу маңызды мәселе болып отыр. Бұл сұрақтар бойынша заңдылықтарды, реттеу әдістерінің нәтижелілігі мен нысандарын, банк операцияларының өтімділігін және тәуекелге талдау әдістерін зерттейтін шетелдік кең ауқымды оқулықтар пайда болды.

Бұл күні банктер өтімділігінің қазіргі замандағы әдістемесі мен теориясын, оны талдау әдісін және бағалау нәтижелілігін зерттеу маңыздылығы басым, ендеше кітапта осы жайында айтылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен оны басқару әдісіндегі өзекті мәселелерді ашу.

Осыған орай дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері мыналар:

  • банк өтімділігі және оның деңгейін анықтаушы факторлар;
  • екінші деңгейлі банктің өтімділігін басқару теориялары мен оның әдістерін қарастыру;
  • екінші деңгейлі банк өтімділігінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • «БТА Банкі» АҚ-ның өтімділік коэффициентіне талдау жасау;
  • өтімділік тәуекелін басқару саясаты;
  • екінші деңгейлі банктің өтімділігін басқаруды жетілдіру жолдары.

1 екінші деңгейлі БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗдері

  1. Екінші деңгейлі банктің өтімділігі және оның деңгейін анықтаушы факторлар

«Өтімділік» термині латынша «liquidus» сөзінен шыққан, сұйық, ағымдағы деген мағынаны білдіреді, тіке мағынасына қарай, оны жеңіл өтетін, материалдық құндылықтың ақшалай қаражатқа тез айналуы деп түсіну мүмкін. Алайда, бұл күрделі ұғым, анағұрлым кең және терең мағынаны білдіреді.

Коммерциялық банктің өтімділігі дегеніміз, оның барлық контрагенттер алдындағы қаржылық міндеттемелерін және қарыздарын уақытында және толық өтеуге қабілеттілігін білдіреді, бұл банктің меншікті капиталының жеткілікті мөлшері болуымен, баланстың актив және пассив баптары бойынша қаражатты көлеміне қарай, сәйкес мерзімін есептей отырып, оңтайлы орналастырумен анықталады.

Банк өтімділігі келесі қызметтерді атақарды:

  • депозиттерді қайтару және несиеге сұранысты қанағаттандыру;
  • банк сенімділігін қамтамасыз ету және өтімділік тәуекелділігін азайту;
  • активтердің тиімсіз сатылуынан сақтау;
  • банк тартқан қаражаттың төленбей қалу тәуекелдігі үшін сыйақы көлемін шекету /1, 419бет /;

Коммерциялық банктің өтімділігін неғұрлым толығырақ сипаттау үшін қазіргі заман оқулықтарында көмекші үш көрсеткіш айрықшаланған: стационарлық өтімділік («қор»), ағымдағы өтімділік («ағым» немесе «айналым») және болжамды өтімділік («болжам») .

Өтімділік - қор ұғымы, өз клиентінің алдындағы міндеттемесін өтеу мақсатында қолдана алтындай, банктің балансында активтің (қордың) қандайда бір көлемі болуы. Сонымен, өтімділік - қор белгілі бір сәтте банктің өтімділігін сипаттап және осы сәтте банктің өз міндеттемелерін орындауға қаражатының жеткілікті екенін көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіштер өте серпінді және құбылмалы болып келетін өтімділіктің шынайы негізін толық көрсете алмайды. Бұл, жекелеген жағдайларда - банктің жылдам және ағымдағы өтімділікті қолдау үшін өтімді активтердің жеткілікті деңгейіне ие болып, бірақ уақыт өте келе, өтімді активтерге салымдар салу транформациясы ағынынан, кіріс міндеттемелердің ағыны асып кетуіне байланысты өз міндеттемелерін өтеу қабілетін жоғалтқан жағдайда байқалады. Активтердің өтімділігі - активтердің ақша қаражатына трансформациялануға қабілеттілігі болып табылады.

Өтімділіктің анықтамасы - ағымы - өтімділіктің прогрессивтік және кешенді сипаттамасын кеңірек көрсетеді. Өтімділік - ағым өтімділіктің - қордың болашақтағы жағдайын көрсетеді, яғни, банктің жаңа міндеттемелер мен талаптарды қабылдауынан пайда болған кіріс және шығыс ақшалай ағымның көлемін есепке ала отырып, динамикалық өзгерістерді және оның болжамды мәнін, сондай-ақ, банктің активтері мен пассивтерінің құрылымын өзгертуге қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Болжау жақын уақыттағы болашаққа жасалады (бір айдан үш айға дейін) және бұл, банктің ағымдағы немесе қысқа мерзімге өтімділігін сипаттайды.

Өтімділік - болжаудың өтімділік - ағымнан айырмашылығы мынада: өтімділіктің бірінші нысаны банктің активтік және пассивтік операцияларының ағымдағы және болашақтағы тәуекелдігін бағалаумен байланысты.

Жоғарыда көрсетілген өтімділіктің үш сипаттамасын салыстыра отырып, өтімділікті қолдау және басқару мақсаты үшін ең тиімдісі өтімділік ағымын анықтау болып табылатынын байқаймыз, өйткені, өтімділікті анықтаудың осы амалы банктің өз жағдайын нақты анықтауға қабілетілігін бағалауға мүмкіндік береді, сонымен бірге белгілі бір уақыт аралығында өтімділіктің тиімді деңгейін өзгертуге мүмкіндік береді. /2, 140б. /

Банк үшін ақша айналым капиталы, және қандай да бір деңгейде өнім де болып табылады. Егер өндірістік кәсіпорын өзінің қызметін капиталының айналымын тауарлық нысанға негіздейтін болса, және оның өтімділігі тауардың өтімділігіне тіке байланысты болса, ал банк капиталын ақша нарығының белсенді қатысуышысы ретінде ақшалай нысанда айналдыра отырып біріншіден қарыздың міндеттемелермен жұмыс істейді (несие беруші ретінде де, несие алушы ретінде де) . Сонымен бірге банк жарылқаушы емес, дербес қаржы институты болып табылады. Банк өзінің көрсеткен қызметі үшін оның шығынын жабатын табыс табуы керек, яғни оның қызметінің құны (бағасы) банктің әрі қарай дамуына жеткілікті деңгейде болуы керек. Басқаша айтқанда, дербес субъект ретінде банктің қоғамдағы қызметі, оның банктік қызмет түріндегі өнімінің бағасы кем дегенде теріс болмауы керек.

Сонымен, кез-келген коммерциялық банктің өтімділік бойынша өзекті мәселемен кем дегенде екі мәрте бетпе-бет келеуі хақ: біріншіден, ақша нарығында нарықтың қатысушыларының бір біріне төлемін атқара отырып өз рөлін техникалық орындаушы ретінде. Екіншіден, қаржылық-несиелік саласының дербес субъектісі ретінде, қызмет көрсету арқылы табыс тауып немесе шығынға қалып, банк өз тауарының - банк қызметінің өтімділігімен бетпе-бет келеді. Байқалғандай, бір жағынан өз клиенттерінің шоттары бойынша қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалай айналымды қамтамасыз ету, осыдан міндеттемелердің аяқталу мерзіміне қарай активті және пассивті операциялар аралығының сәйкестігін сақтау, ал екінші жағынан - табыстың минимумдық деңгейінің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Өтімділік жағдайын сипаттайтын екі түрлі қағида бар:

- тапшылықтық;

- астамшылық.

Өтімділік дағдарысы туралы айтылғанда нақты оның дефициттігі туралы айтылады. Алайда банк өтімділігінің астамшылығы да банкке жақсы жағдай тудырмайды, онда банк операцияларының тиімсіздігі немесе операциялардың тоқтауына әкеліп соқтырады. /3, 55б. /

Банк өз қарызын және қаржылық міндеттемелерін уақытында өтеу үшін қолма-қол ақша қаражатын және басқа да өтімді активтерінің сомасын, сондай-ақ, басқа да табыс көздерінен қаражатын тез арада жұмылдыруға қабілеті жеткілікті болған жағдайда ғана өтімді деп есептеледі. Кез-келген коммерциялық банктің активтер баптары баланста өтімділікке жұмсау тәртібінде тқрады, яғни оларды өтем жасау үшін айналдыруға мүмкіндік бар.

Активтер өтімділік дәрежесіне қарай тез және бәсең өтетін активтерге бөлінеді. Алдыңғы қатарлы (тез өтетін) өтімді қаражаттарға: кассадағы қолма-қол ақша, өзге несиелік мекемелермен есептесу бойынша банктің шотында жатқан ақшалай қаражат, банктің сертификаттары жатады. Салыстырмалы өтімді болып табылатын, ол банк кез-келген уақытта қарыз алушыдан ақша талап ете алатын «талап еткенге дейін» ссудалар. Ақшаға айналдыру қиынырық болуына байланысты құнды қағаздағы банктік инвестициялардың өтімділігі төмен болып саналады. Ұзақ мерзімді ссудалар мен жылжымайтын мүлікке салынған салымдар банктік активтерінің өтімділігі өте төмен болып сипатталады. Өтімді болып есептелетін активтердің құрылымы, олардың өтелуін қамтамасыз етуге тағайындалған , міндеттеме мерзіміне қарай өзгеруі мүмкін. Осыған байланысты активтер баптарының арасында бірінші қолма-қол деп аталатын активтерді, сондан кейін жылдам өтетін салымдарды белгілеу қалыптасқан. /4, 57б. /

Кейбір банктер операцияларының өтімділігі, олардың «талап еткенге дейін» міндеттемелері бойынша және өтеу мерзімі жеткен жедел міндеттемелері бойынша уақытылы төлем өтеуге қабілеттілігін білдіреді, бұл активті және пассивті операцияларды сәйкестендіре ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Міндеттемелерді өтеуде банктің табысына нұқсан келтірілмеуі керек.

Сонымен бірге банктің өтімділігі оның табыстылығымен бірге де қаралады. Банктер активтерін басқару барысында әрдайым «табыстылық - өтімділік» деген қарама-қайшылықпен бетпе-бет келеді. Бұл жерде, кез-келген экономист агенттің (оның ішінде банкте) келісім жасасарда, қандайда бір қаржылық операция орындауда шешімін табуға тура келетін негізгі мәселе, нақтырақ айтқанда, табыс пен тәуекелдің арасында таңдау жасау мәселесі қаралған.

Бұл жағдайда банк өтімділігімен қиындықтар салымшының іс-әрекетіне байланысты ғана емес (дәл осы жағдайда бұл тек ықтималды өзекті мәселелердің бір түрі ғана), сонымен бірге банктік стратегия мен тактиканың қиылысында «табыстылық - өтімділік» қарама-қайшылығын шешу барысында ең тиімді жағына таңдау жасауына да байланысты.

Белгілі бір мерзім аралығындағы балансқа салыстырмалы (динамикалық) талдау жасау барысында банктің өтімділігі мен операциялар тәуекеліне активті баптар бойынша орын алған өзгерістердің әсер ету дәрежесі және себептері анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, активтердің жалпы өтімділігі оның «ішкі өтімділігі» және «нарықта өтуге қабілеттілігі» деп аталатын көрсеткіштермен анықталады. Біріншісі өтеу мерзіміне қатысты, өтеу мерзімі аяқталғаннан соң активті қолма-қол ақшаға ауыстыруға мүмкіндік туады, екіншісі активті кез-келген осы сәтте өткізуді мегзейді.

Өтімділік пассивтердің құрылымына тәуелді. Егер «талап еткенге дейін» салымдардың салымшылары өз ақшаларын кез-келген уақытта талап етуге құқылы болса, ал шұғыл салымдар едәуір ұзағырақ уақыт банктің қарамағында болады. Сондықтан «талап еткенге дейін» салымдардың үлесін арттырып және шұғыл салымдардың үлесін азайту банк өтімділігін төмендетеді. Банктің өзге несиелік мекемелерден алған депозиттері мен қарыздарының сенімділігі де банк балансының өтімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

Банк өтімділігі кейбір несиелік операциялардың тәуекелдік деңгейіне бағынышты: банктің балансында неғырлым тәуекелдігі басым активтер үлесі көп болса, солғұрлым банктің өтімділігі төмен. Іс жүзінде сенімді активтерге сенімді ақша қаражаттарын жатқызып, ал банктердің ұзақ уақытқа салған салымдарын тәуекелдігі басым деп есептеледі. Банктің қарыз алушыларының өтеуге қабілеттілігінің деңгейі ссудалардың уақытында қайтарылуына айтарлықтай әсер ете отырып, банк балансының өтімділігіне де әсерін тигізеді: берілген несиелердің жалпы сомасында тәуекелдігі басым несиелердің үлесі неғұрлым көп болса, солғұрлым банктің өтімділігі төмен. Егер актив бойынша қаражатты жылдам өткізу арқылы пассив бойынша шұғыл міндеттемелерді жабуға баланстың жағдайы қабілетті болса, баланс өтімді деп есептеледі. Банктің өз міндеттемелерін орындау үшін, оның активтерін тез арада ақшалай қаражатқа айналдыру мүмкіндігі бірқатар факторларға байланысты, оның ішінде қаражатты орналастыру мерзімі мен қор тарту мерзімінің сәйкес келуі шешуші рөл атқарады. Бұл жағдайда банктің міндеттемелері бойынша төленуі тиіс төлемнің мерзімі мен сомасы арасындағы балансқа теңдік қамтамасыз етіледі. Сонымен, банктің өзге табыс көздерінен тез арада тартып алған ақшалай қаражатты оның пассив бойынша міндеттемелерін уақытында орындауға мүмкіндік бере алатын болса, банк өтімді деп есептеледі.

Несиенің өсуін бақылауға бағытталған шамада банктердің өтімділігінің шынайы деңгейіне әсер ету ақшалай-неселік саясаттың негізгі мақсаты болып табылады. Басқаша айтқанда, өтімділікке қатысты ритфикция бір мезгілде несиелік операциялардың даму мүмкіндігін шектеу. Бұл мақсатқа коммерциялық банктердің орталық банкпен бірігіп іс-әрекет етуінде қолма-қол ақшаның көлемін реттеу арқылы қол жеткізуге болады, онда орталық банктегі есептеудің ережесі (қайта есептеу ставкалары) модификацияланып және міндетті қордың көлемі өзгертіледі, сонымен қатар, пайыздық ставканың деңгейін төмендету және жоғарылару есебінен несие беруді ұйымдастырып және кеңейтуге арналған ақшалай рынокты интервенциялау жасалады /4, 58бет/.

Бір қарағанға, коммерциялық банктің өтімділігі дегенде, оны банктің төлем өтеуге қабілеттілігі, яғни оның қандайда бір нақты мезгілдегі (бүгінгі немесе кешегі күнгі) міндеттемесін өтеуге қабілеттілігі деген ұғымнан айырмасы жоқ сияқты. Бірақ өтімділік ұғымы кеңірек, ол банктің кешегі немесе бүгінгі ғана емес, болашақтағы да өз міндеттемелерін орындауға қабілеттілігін білдіреді.

Қазіргі заманда міндеттемелерді орындау түсінігі, тартылған пассивтер мен банктегі салымдар мерзімі бойынша активтерді өткізуден түскен қаражат кез-келген уақыт аралығында банктің салымшыларының талабын орындауға және қалған уақыты келген міндеттерді өтеуге жеткілікті болуына сәйкес келуі.

Осындай сәйкестіксіз банктің дұрыс жұмыс істеуі мүмкін емес. Сондықтан оның жетістіктері ұзақ уақыт банк саясаты болып есептелді. Осыдан кейін, пассивтік бөлігінде ұзақ уақыттық салымдары бар банктер инвестцициялық операциялар жасап және ұзақ уақыттық несиелер беруге мүмкіндігі бар деуге болады. Керісінше, базалық қорын қысқа мерзімді қаражат құрайтын банктер тек қысқа мерзімді операциялар жауай алады /5, 25 бет/.

Құнды қағаздар салымдарының өтімділігі көп жағдайда қор нарығының дамуына байланысты. Алғашқы және тармақталған екінші деңгейлі нарықтардың барлығы нақты салым түрлерін өтімді активтер категориясына ауыстырады.

Сонымен, активтердің өтімділігі біріншіден, олардың сапасына, сондай-ақ, ақшалай-нақты және қаржы жүйесінің дамуына байланысты.

Банк үшін міндеттерін уақытында және шығынсыз орындау, банк қызметінің сапасын анқтайтын, көптеген ішкі және сыртқы тәртіптер факторларына шартты.

Ішкі тәртіп (эндогендік) факторларға: банктің мықты капиталды базасы, оның активтерінің сапасы, депозиттерінің сапасы, сыртқы қаржы көздерінен тәуелділігі, активтер мен пассивтердің мерзімі бойынша сәйкестігі, сауатты менеджмент, банктің тәуір имимджі, капиталды басқаруы, коммерциялық банктің функционалды құрылымы жатады.

Банктің мықты капиталдық базасын, оның активтер тәуекелдігін және салымшылар қаражатының кепілділігін және несиелерді жабатын басты қорғанышты қаражат көзі ретінде меншікті капиталының максималды үлкендігін білдіреді. Меншікті капиталдың негізін жарғылық қор және банктің әр түрлі мақсаттарына, оның ішінде банктің қаржылық тұрақтылығына арналған өзге қорлары құрайды. Банктің меншікті капиталы неғұрлым мол болса, сол құрлы оның өтімділігі де жоғары.

Банктің өтімділігіне әсер беретін тағы бір фактор, оның активтерінің сапасы болып табылады. Активтердің сапасын анықтайтын төрт критерий бар: ол өтімділік, тәуекелділік, табыстылық және диверсифицикациялық. Активтердің өтімділігі - бұл, активтердің сату немесе қарызгерге (қарыз алушы) міндетін өтеу арқылы қолма-қол ақшаға айналуға қабілеттілігі. Активтердің өтімділік деңгейі олардың жұмсалатын орнына байланысты. Банктің ақшалай түрдегі активтері төлеу функциясын орындауға арналған. Ссудалар қысқа және ұзақ мерзімді клиенттердің талабын қанағаттандыра алады. Құнды қағаздарға салымдар мен өзге инвестициялар да осындай қызмет атқарады.

Банктің өтімділігін анықтайтын маңызды факторлардың бірі, ол банктің депозиттік базасының сапасы болып табылады. Банктің депозитік бөлігін банктің шұғыл депозиттік және жинақтаушы салымдардың есеп-айырысу және ағымдағы шоттарындағы қаражаттар түрінде жинақтаған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттің (талап еткенге дейінгі, шұғыл және жинақтаушы) тұрақтылығы, оның сапасының көрсеткіші болып табылады. Депозиттің тұрақты бөлігі қаншалықты көп болса, оның өтімділігі де соншалықты жоғары, өйткені, бұл бөліктегі жинақталған қор банкте қалады. Депозиттің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге қажеттілігін азайтады, себебі болашақта банк міндеттемелерінің орнының қайта толуын білдіреді.

Шетел зерттеушілерінің өткізген әр түрлі депозиттер жайын талдау бойынша талап еткенге дейінгі депозиттер ең тұрақты болып табылады. Депозиттің бұл түрі пайыздық ставкалар көлеміне бағынышты емес. Оның қандай да бір банкке тиесілілігі, көп жағдайда келесі факторларға байланысты болған: банктің сапасы және қызмет көрсету жылдамдығы; банктің сенімділігі; салымшыларға ұсынылған қызмет түрлерінің әр-түрлілігі; клиент пен банктің орналасқан жерінің ара-қашықтығы. Сондықтан, осы көрсетілген талаптар бойынша қанағаттанған клиенттер, банктен бір рет есеп-айырысу немесе ағымдағы шот ашқаннан кейін, шоттағы қаражатты жұмсап, оны қайта толтырып, банкпен ұзақ уақытқа байланыс орнатады.

Шет елдік зерттеушілердің зерттеу мәліметтері бойынша, шұғыл және жинақтаушы депозиттер қалдығының тұрақтылығы төмен болып саналады, олардың нақты бір банкке бекітілгені пайыздық ставкасының деңгейіне едәуір әсер етеді. Сондықтан олар, әр түрлі банктер тағайындаған депозиттік пайыздың деңгейінде шамалы тербеліс болса, миграцияға ұшырағыш келеді /6, 142бет/.

Банктің өтімділігіне активтер мен пассивтердің сомасы мен мерзімі бойынша бір-біріне сәйкестігі өте маңызды әсер етеді. Банктің клиент алдындағы өз міндетін орындауда, ақшалай қаражатпен инвестицияланатын мерзімді және оның салымшылары ұсынған мерзімді келістіруі қажет. Банк қызметінде тартылған қордың есебіне көбірек жұмыс істейтін бұл ережені сақтамау, банктің кредиторлар алдында міндеттерін толық және уақытында өтеуге қабілетсіздігіне әкеліп соқтырады. Әрине, барлық депозиттер бір уақытта қайтарып алынбайды, олардың қандай да бір бөлігі қайта түседі, бірақ активтер мен пассивтердің негізгі бөлігі үшін осы тәртіпті ұстану міндетті.

Банктің өтімділік деңгейі тәуелді болатын ішкі факторларға, сондай-ақ менеджмет, яғни толығымен банк қызметін және жартылай өтімділігін басқару жүйесі жатады. Банкті басқару сапасы дегеніміз, ол мазмұнды банктік саясаттың болуы; жоғары деңгейде стратегиялық және ағымдағы шығындарды шешуге мүмкіндік беретін, банктің рационалды және ұйымдастырылған құрылымы; банктің активтері мен пассивтерін басқарудың тиісті механизімін жасау; әр түрлі процедуралардың, оның ішінде жауаптылығы басым шешім қабылдауға қатысты процедуралардың мазмұнын нақты анықтау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерзімді салымдар банкі
Банк өтімділігін басқару негіздері
Банк тұрақтылығы негізіндегі банк өтімділігі
Қаржыларды ауыстыру теориясы
Банктің пассивтеріне талдау жүргізу
Банк секторының қаржылық
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Қазіргі жағдайдағы коммерциялық банктерді басқару тиімділігі
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқару (АҚ «Нурбанк» Алматы қ.мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz