Ұзақ мерзімді активтердің есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. 7

1. 1 Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі. 7

1. 2 Кәсіпорындағы аудиторлық тексеру процедуралары10

2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ. . 12

2. 1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің

аудиті . . . . 12

  1. Материлдық емес активтер есебінің аудиті 25

3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ. . 31

ҚОРЫТЫНДЫ . . . …. 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР41

ҚОСЫМШАЛАР. 42

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің 16 жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің негізгі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы - бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

Біріншіден, қаржылық есеп-қисаптардың жаппай қол жетерлігі үшінші тұлғалардың (соның ішінде несиегерлердің, жеткізушілердің, жұмыскерлердің жəне т. б. ) мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені бұл кəсіпорындар мен үшінші тұлғалардың арасында ақпарат бөлудегі теңсіздікті қысқартады.

Екіншіден, бұл қоғамды ықтимал негативті экономикалық салдардан қорғауға көмектеседі; ол мысалы, экономикалық маңызды компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін тигізуі мүмкін болса, маңызды бола алады.

Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына он алты жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал өткен жылы, яғни 2007-жылыдың 28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті.

Экономиканың қай саласындағы болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі. Бұл орайда ұйымның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, сондай-ақ басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуге болады.

Курстық жұмыстың негізгі міндеті - аудитор растаған қаржылық есеп-қисаптар жалпыға қол жетерлік болуға тиіс (орта мерзімді перспективада) : Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде оларға ескерімдерге жаппай қол жетерлікке талаптың бірнеше себепке байланысты үлкен маңызы бар.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбекақы құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

1. КӘСІПОРДАҒЫ БУХГАЛЕРЛІК ЕСЕП ПЕН АУДИТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

1. 1 Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі

“ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамы 1994-жылы 23-қыркүйекте шаруашылық жүргізуші субъект ретінде тіркелген. Акционерлік Қоғамның жарғысы 1994- жылдың 27- мамырында мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Алматы қалалық территориялық комитетінің №965 қаулысымен бекітілген. Акционерлік Қоғам заңды тұлға болып табылады және ол өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзінің жарғысына сәйкес жүргізеді.

Акционерлік Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық даралық негізінде жүзеге асады. Акционерлік Қоғамның өзінің жеке (дара) балансы, банктерде есеп айрысу және өзге де шоттары, орысша қазақша аталуы жазылған мөрі бар. Акционерлік Қоғамның қызметінің мақсаты - пайда тауып, оны Акционерлердің мүддесінде, өндірісті дамытуға, кәсіпорын ұжымының және қоғамға қарайтын ұйымдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға пайдалану. Қоғам этикеткалық орамдық, кітабтық, газеттік-журналдық, бланкілік, жарнамалық және өзге де полиграфиялық өнім өндіріп өткізумен, көтерме және жеке саудамен, кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға қызмет көрсетумен және Қазақстан Республикасының заңдарымен тиым салынбаған қызмет түрімен айналысады.

Акционерлік Қоғамның жарғылық қордының - 100%-ы мемлекет меншігінде. Акционерлік қоғамның барлық қатысушылары акционерлік қоғамнан алған акцияларының құнын өтегеннен кейін акционерлік қоғамның Жарғысына сәйкес құқтар мен міндеттерге ие болады. Нарықты қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда.

“ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалының бухгалтерлік есебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті жасаған типтік, арнайыландырылған типтік және типтік унифициалданған құжаттар қолданылады. Кәсіпорындағы есеп толығымен компьютерлендірілген. Машинограммалардың көпшілігі журнал-ордерлік қағида бойынша құрылған.

Акционерлік Қоғам тауарлық материалдық қорлар есебіне оперативтік-бухгалтерлік әдіс қолданады. Өндіріске кеткен шығындар есебі нормативтік әдіс бойынша жүргізіледі [4] .

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызмет туралы есеп беруі халықаралық қаржылық есептіліктің №1 „Қаржылық есептілікті ұсыну” -деп аталатын стандартында және Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңының негізінде дайындалып Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 21-маусым 2008-жылғы №217 бұйрығымен бекітілген №2 Ұлттық қаржылық есептілік -деп аталатын стандартында қарастырылған. “ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамның №4 филиалының қаржы шаруашылық қызметін талдап көрстеу үшін оның негізгі “қаржы шаруашылық қызметінің көрсеткіштері” кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер келесідей есептелінеді:

Актив айнылымдылығы = негізгі құралдардың орташа жылдық құны/өндірілген өнім көлемі

Қор сиымдылығы = негізігі құралдардың орташа жылдық құны/өнімді өткізуден түскен табыс

Қор қайтарымдылығы = өнімді өткізуден түскен табыс/негізгі құралдардың орташа жылдық құны

Сату рентабелділігі = Таза табыс/өнімді өткізуден түскен табыс

Активтердің рентабелділігі = Таза табыс/активтердің жалпы орташа құны*100%

1-кесте

“ҚазАвтоКөлік” АҚ №4 филиалының қаржы шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өткен жыл (2006ж): Өткен жыл (2006ж)
Есептіжыл (2007ж):

Есепті

жыл (2007ж)

Ауытқулар: Ауытқулар
№: Сомада
Көрсеткіштер: %
№: 1
Көрсеткіштер: Өткізуден (сатудан) түскен табыс (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): 299862, 2
Есептіжыл (2007ж): 382993, 31
Ауытқулар: +83131, 11
28, 0
№: 2
Көрсеткіштер: Өнімнің өзіндік құны (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): 291463, 4
Есептіжыл (2007ж): 371550, 29
Ауытқулар: +80086, 89
27, 0
№: 3
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі табыс (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): -23667, 1
Есептіжыл (2007ж): -47237, 18
Ауытқулар: -23570, 08
№: 4
Көрсеткіштер: Таза табыс (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): -23667, 1
Есептіжыл (2007ж): -47237, 18
Ауытқулар: -23570, 08
№: 5
Көрсеткіштер: Негізгі құралдардың орташа жылдық құны (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): 236111, 97
Есептіжыл (2007ж): 245508, 53
Ауытқулар: +9396, 56
№: 6
Көрсеткіштер: Қор қайтарымдылығы (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): 1, 27
Есептіжыл (2007ж): 1, 56
Ауытқулар: 0, 29
23, 0
№: 7
Көрсеткіштер: Қор сиымдылығы (мың. тг)
Өткен жыл (2006ж): 0, 30
Есептіжыл (2007ж): 0, 001
Ауытқулар: 0, 299
11, 1
№: 8
Көрсеткіштер: Сату табыстылығы (рентабелділігі), %
Өткен жыл (2006ж): 0, 0006
Есептіжыл (2007ж): 0, 004
Ауытқулар: 0, 0034
6, 4
№: 9
Көрсеткіштер: Активтердің пайдалылығы (рентабелділігі), %
Өткен жыл (2006ж): 0, 0004
Есептіжыл (2007ж): 0, 005
Ауытқулар: 0, 0046
12, 5

Мұндағы көрсеткіштер қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек, онда олар жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы есептелінеді. Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылы ұйымда қызмет көрсету, сату көлемі біршама көбейгенімен табыстық мөлшері жоқ. Сату көлемі ұлғайып, соған қарай өнімнің өзіндік құны да жоғарылаған. Яғни 2006 жылы 291463, 4 тг. болса, 2007 жылы 371550, 29 тг. болған.

2007 жылы сатудан түскен табыс 382993, 31 тг. болып, өнімнің өзіндік құны 371550, 29 болған. Ал, кезеңдік шығындар мөлшері тым көбейіп, яғни 58680207 тг. соған байланысты ұйым банкроттыққа ұшыраудың аз алдында тұр. Өйткені кезең шығындары мен өнімнің өзіндік құны тым жоғарылаған. Мұнда кестеде көріп отырғанымыздай активтер дейңгейі жоғарылағанымен, сондай-ақ табыс табу деңгейі де жоғары, бірақ соған қарай шығындар мөлшері де көп.

Сондықтан ұйым корпоративтік табыс салығын төлемейді. Өйткені салық салынғанға дейінгі табыс мөлшері (-47237186 тг. ) . Жалпы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемеде 2006 жылы сатудан түскен табыстың мөлшері 382993, 31 тг. болса 2006 жылы 299862, 2 тг. яғни ауытқу сомасы (+83131, 11 тг. ) болды. Мұнда көріп отырғанымыздай өткен жылмен салыстырғанда сату мөлшері (+83131, 11 тг. ) жоғарылаған. Ал, өнімнің өзіндік құны (+80086, 89 тг. ) көбейді. Енді, менің ойымша ұйымның банкроттыққа ұшырау себебі негізсіз шығындардың көбеюінен болып отыр. Яғни, мұнда әсіресе кезең шығындарының үлесі артып отыр.

Ұйымның есепті жылғы, яғни 2007 жылғы бухгалтерлік балансынан көріп отырғанымыздай міндеттемелер бойынша қарыздар өтелмеген. Және де өткен жылға қарағанда керісінше жоғарылаған. Мысалы, салықтар бойынша қарыз сомасы 2006 жылы 3491636 тг. болса, 2007 жылы 12766806 тг. жоғарылаған. Бөлінбеген пайда 2006 жылы (-48424407 тг. ) ал, 2007 жылы (-93598568 тг. ) құраған. Ал, кез-келген шаруашылықтың тиімділігінің артуы, едәуір дәрежеде активтердің ұйымды пайдаланылуына байланысты болып келеді. Ұйым қаражаты оның ішкі және сыртқы (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу) қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін. Сондай-ақ осы ұйымның төлем қабілеттілігінің төмендегенін де атап өтуге болады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз - бұл ұйым өзінің шұғыл міндеттемелері бойынша дер кезінде төлем жасау мүмкіншілігін айтады. Яғни, ұйымның төлем қабілеті бұл белгіленген мерзімде төлемді және міндеттемелерін өз қаржысымен өтеу дегенді білдіреді. Енді, осы ұйымның табысының болмауын сипаттайтын болсақ, мұнда әсіресе есеп айырысу шотында ақша қаражатының азаюы, яғни 2006 жылы 79448 тг. , 2007 жылы 25273 тг. болғандығын көруге болады. Сондай-ақ төлемі өтіп кеткен төлемдердің бар екендігін және қаржылық, инвестициялық, тиімді баға саясатының жоқтығы, төлем дәрменсіздігін аңғартады. Ол үшін, яғни ұйымның қызметін тұрақтандыру үшін кредиторлық “мезгіл дефицитін” кеміту қажет және айналым қаржыларының айналымдылығын арттыру арқылы ұйымның іскерлік белсенділігің де арттыруға болады [6] .

1. 2 Кәсіпорындағы аудиторлық тексеру процедуралары

Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.

Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:

  • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары межелеген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс фактор рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс [3] .

Әр саладағы қателер саны аудит жүргізу барысында бағаланады. Сондықтан аудитор маңыздылық туралы жасаған алдынғы пікірін өзгертіп отырады. Бағалауды қайта қарау негізі бірі ол есе беруге өзгеріс немесе аудитор жасаған қорытынды. Маңыздылық жоспарлау кезінде тәуекелділік төмендеу үшін қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін түзету қажет. Түзету дәлелдемелер алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады.

Маңыздылықтың жоспарлау деңгейін анықтау 2-10%. Арнайы бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған деңгейі алдын ала бағалау Қаржылық есеп берудің көрсеткіштеріне сәйкес жасалады.

Қаржылық есептегі мәнділік деңгейіне мынадай фактрлер әсер етеді:

  1. Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс
  2. Басшыларға қысым көрсету
  3. Капиталдың жеткізілуі
  4. Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы
  5. Бәсекелестік жағдай

Аудиторлық есепті іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады:

  1. Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса
  2. Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады
  3. Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді

Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік есеп қателіктің шекті шамасы ұғынылады. Бұл шамадан бастап осы есептілікті білікті пайдаланушы дұрыс тұжырым жасауға және дұрыс экономикалық шешімдер қабылдау негіз етіп алуды тоқтату ықтималдығы жоғары болады. Маңыздылық тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп сияқты аудитте де бар. Маңыздылық аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.

Аудитте клиенттің қаржылық есептілігінің растығына елеулі ықпал жасайтын жағдай маңызды болып саналады. Маңыздылықтың айқын және бір жақты өлшемдер белгілеу оңай емес. Аудиторлар маңыздылық тұжырымдамасына біріншіден:

  1. Ерекше назар аударуға талап ететін маңызды типтік емес және қатесі бар баптар мен шоттарды негіз ретінде
  2. Жинақталған аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға негіз ретінде
  3. Аудиторлық есептің типі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдаланылады [9]

2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

2. 1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті

Қазақстан Республикасының 2007-жылыдың 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік” -деп аталатын №234-III заңының 3-тарау 13-бабында қаржылық есептіліктің элементтері белгіленіп көрсетілген. Сол элементтердідің бірі болып табылатын активтерге елімізге танымал белгілі ғалым, професор Қ. К. Кеулімжаев өзінің Бухгалтер лік есеп принциптері -атты еңбегінде - Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құндылықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады деп атықтама береді. Басқаша айтатын болсақ актив дегеніміз кәсіпорынның өткен уақыттардағы шаруашылық операцияларының негізінде пайда болған және алдағы уақыттарда табыс табу үшін пайдаланылатын ресурстар болып табылады. Активтер пайдаланылу уақытына, мерзіміне қарай қысқа мерзімді (ағымдағы) және ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) болып екі топқа бөлініп қарастырылады.

Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылджан артық) пайдаланылатын айналымдылығ баяу активтер болып табылады. Ал қысқа мерзімді активтер дегеніміз өзінің құнын тез арада басқа өнімге айырбастай алатын өтімділігі жоғары активтер болып табылады. Соған сәйкес ұзақ мерзімді активтерді айналымнан тыс активтер депте атайды. Ұзақ мерзімді активтерге негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Диплом жұмысын орындау барысында марериалдары пайдаланылған Алматы қаласындағы “ҚазАвтоКөлік” Акционерлік Қоғамының №4 филиалында материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар және ұзақ мерзімді инвестициялар болмағандықтан біз негізгі құралдар есері мен оның аудитіне көбірек тоқталуды жөн көрдік.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт қызмет етеді. Осы негізгі құралдарға: жер; үйлер; ғимараттар; көп жылдық екпе ағаштары; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналармен құрал- жабдық; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады [7] .

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі ҰҚЕС №2 немесе ХҚЕС №16 стандарттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осы стандарт негізгі құралдардың есебін жүргізудің, ұйымға жататын меншік құқығын, шаруашылық және оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық объектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды. Негізігі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізігі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншік дегеніміз - ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші “Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. Оларды 121-ші “Жер”, 122-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 123-ші “Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары”, 124-ші “Көлік құралдары”, 125-ші “Басқа да негізгі құралдар”, 126-шы “Аяқталмаған құрылыс” шоттарының тиісті аралық шоттарында есептейді. Заманның ағымына қарай бухгалтерлік есептің Халықаралық Қаржылық Есеп Стандартына көшуіне байланысты осы шоттар келесідей өзгереді. 2411-ші “ Көлік құралдары ”, 2412-ші “ Машиналар мен жабдықтар, беріліс қондырғылары ”, 2413-ші “ Басқа да негізгі құралдар ”, 2414-ші “Үйлер мен ғимараттар”, 2415-ші “Жер”, 2930-шы “Аяқталмаған құрылыс”

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимарттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.

Әр ұйымда негізгі құралдар пайдалану мақсатын қарай және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш бертеін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдықтар; көлік құралдары; құрал-саймандар; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көпжылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
Ұзақ мерзімді активтер жайлы
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Ұзақ мерзімді инвестицияның есебі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Материалдық емес активтер туралы ақпарат
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Айналымнан тыс активтер
Ұзақ мерзімді активтердің есебі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz