Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Факультет: Жаратылыстану

Кафедра: Биология

Тақырыбы: Өгіз және шошқа солитерлерінің морфологиясы, биологиясы, емдеу және профилактикасы

Қабылдаған:Байтұрсынова Қ.

Орындаған:Саттарбаева А.

Тобы: 7М01507-биология

Түркістан 2021

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Таспа құрттар класы - Cestoda. Жалпы сипаттамасы

2. Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

3. Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus)

4. Шошқа солитері (Taenia solium)

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Таспа құрттар класының өкілдері паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды шестодоз деп атайды.

18100 Құрылысы мен физиологиясы . Денесі барынша созылыңқы, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 м-ге дейін. Көбіне денелері проглотидтер деп аталатын жеке буындардан тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. Кейбір түрлерінің денесі тұтас бөлінбеген. Дененсінің алдыңғы ұшында сколекс деп аталатын басы болады, одан бөлшектенбеген мойыны және бір қатар буындар (проглоттидтер) тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен бірнеше мыңға жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні мойынынан қашықтаған сайын өзгере береді. Алдыңғы буындары қысқа, гермофродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтау - пісіп жетілген буындар. Олар құрттың денесінен үзіліп нәжіспен бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа қарай ығысып, пісіп жетіліп тұрады. Басы немесе сколекі домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар сорғыштар, ботридиялар - ерекше ұзын қысқыш аппараты; ботрия немесе сорып қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; имекқармақшалар; тістер, т. б.

Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенелеяларға ұқсас болады, тек тегументтің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының бетінде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар деп аталады, құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады.

Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының шумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар (дорзо-вентральды) бұлшықеттері де орналасқан. Құрттар бұлшықеттерін жиырып қозғалады.

Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Иесінің ортаңғы ішегіндегі паразиттік тірішілк етуіне байланысты, қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. Осы қорытылған қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитроплазмалық қабатының бетінде орналасқан көптеген кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар арқылы сіңіреді.

Жыныс жүйесі гермафродитті. Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрлысын және дамуын өгіз солитерін алып қарастырайық.

Без названия (5).jpg

Өгіз солитерінің (цепенінің) кішкене басы, қысқа мойны және буындардан құралған ұзын 10-20 м-ге жуық денесі болады. Солитердің алдыңғы ең жас 3-4 буындары болмаса, басқа буындарының әрқайсысында күшті дамыған гермафродитті жыныс жүйесі бар. Осындай буынды - гермафродитті буын деп атайды.

Көпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашырап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктері бірігіп ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (penis) мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады.

Аналық мүшесі тарамдалған екі аналық бездерінен құралып, аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыауыз безі де ашылады. Оотиптен екі канал шығады. Біреуі қынап, аталық жолымен қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, екіншісі буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын.

Жұмыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуының бірінші сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларға толып жатады. Осылайша гермафродитті буын «пісіп жетілген» буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пісіп жетілген буындар үзіліп, иесінің ішегінен сыртқы ортаға шығарылып тұрады. Дамуы. Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіп жетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі. Дамуы үшін жұмыртқа аралық иесіне енуі қажет.

Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Осылардың ішегіне түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты ілмешегі бар ұрық шығады. Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын тесіп, лимфа қан жүйесіне түседі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі мүшелерге көбінесе бауырға, бұлшықеттерге, өкпеге, кейде миға жетеді. Осы мүшелерде ұрық - онкосфера финна деп аталатын личинка сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде төрт сорғышы бар басы болады. Осындай личинканы цистицерк деп те атайды. Личинка аралық иесінде бірнеше жыл өмір сүре алады. Финна ересек формасына айналуы үшін негізгі иесі - адамның ішегінде түсуі қажет. Финнозбен ауырған сиырдың шала қуырылған немесе пісірілген етін жеген адамның ішегіне түскен финна басын шығарып, сорғыштары арқылы ішекке жабысады. Көпіршігі еріп, қалған басы мойнымен бірге жедел өсе бастайды да, мойны жаңа буындарды түзеп, денесі ұзарады.

Классификациясы. Таспа құрттар класы 9 отрядқа бөлінеді. Осылардың негізгі екі отрядының өкілдері кең тараған және адам мен жануарлардың тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттер.

C:\Users\zero01\Desktop\slide-5.jpg

Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколекс) төрт сорғыштары мен кутикулярлы ілмектері бар; денесі көп буынды; жатыны тұйықталған; дамуы негізгі иесінен аралық иесіне көшу арқылы өтеді; личинкалары - цистицерк, цистицеркоид, ценур, эхинококк, альвеококк.

Солитерлер отрядына көптеген тұқымдастары жатады, олардың ішінде адам мен жануарларға күшті зиян келтіретін үш тұқымдастың өкілдері: - өгіз солитері, шошқа солитері, эхинококк, альвеококк, қой мишығы; мониезия; қортық солитері.

Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus) немесе қарусыз цепені. Басында тек төрт сорғышы болады, ілмешектерінің және тістерінің жоқтығынан қарусыз деп аталады. Денесі 1000-нан аса буыннан тұрады, ұзындығы 18-20 м-ге дейін. Жыныс мүшесі 200-ші буыннан (проглоттидтен) бастап дамиды.

Таспа құрттар және олардың бас бөлігінің құрылысы

Пісіп жетілген буындылардың ұзындығы 16-30 мм, неі - 5-7 мм, тұйықталған жатын тармақтарының саны 17-35-ке жетеді.

ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ. Сиыр цепені жиі үй жануарларында паразиттік тіршілік етеді. Егер сіз нашар қайнатылған немесе қуырылған ет немесе балықты жесеңіз жұғады. Егер сіз жұқтырған етті турасаңыз, содан кейін пышақты нашар жусаңыз, онда цепень жұмыртқалары осы құрылғымен кесілген басқа өнімдерге түсуі мүмкін.

http://www.ya-fermer.ru/sites/default/files/4589013.jpg

Цистицерки (финны)

ДИАГНОСТИКА. Сиыр цепенінің диагностикасы, әдетте, жұмыртқаға толы сегменттерді анықтайтын нәжісті талдауға негізделген. Сонымен қатар, нәжісті талдау әрдайым бірдей бола бермейді: ірі қара құртының дамуының алғашқы 2 айында паразит жұмыртқаны шығармайды. Сондай-ақ, басқа талдау тағайындалуы мүмкін. Гельминтті анықтаудың басқа тәсілдері бар, бірақ олар аз тиімді.

ПРОФИЛАКТИКА. Жеке гигиенаны сақтау-қолды үнемі жуу (адамдар көп жиналатын орындарға барғаннан кейін, дәретханадан кейін) . Етті мұқият таңдап, оны тамақ алдында тексеріңіз. Шикі ет жеуге болмайды; Термиялық өңдеу (қуыру, қайнату ) .

Снимок.PNG

Өгіз солитерінің даму циклі жоғарыда көрсетілген. Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал личинкасы аралық иесі сиырдың немесе өгіздің ішкі мүшелерінде дамиды. Личинкалары цистицерк типті. Жұқтыратын ауруы тениаринхоз деп аталады.

img15

Шошқа солитері (Taenia solium) немесе қарулы цепені. Сыртқы лене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклі жағынан өгіз солитеріне ұқсас. Басында төрт сорғышынан басқа қосымша көптеген ілгектері болады, осы белгісіне қарай оларды қарулы деп те атайды. Денесі 900-дей буыннан тұрады, ұзындығы 2-3 м, кейде 6-8 м-ге дейін жетеді. Аналық безі өгіз солитеріндікіндей екі бөлімнен емес, үш бөлімнен тұрады. Тұйық бітетін жатын тармақтарының саны 7-12. Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, ал цистицерк личинкалары аралық иесі шошқаның ішкі мүшелерінде дамиды. Кейде аралық иесі адам да бола алады. Шошқа солитерімен ауру адам нұқсан кезінде жұмыртқалары қайтадан жұтылып ішектің ішіне түседі де, онкосфералары қан жолы арқылы ішкі мүшелерге өтіп (бұлшықеттеріне, бауырына, өкпесіне, жүрегіне, миына, көзіне), орналасып қалады. Бұдан пайда болатын цистицеркоз ауруы адам өмірі үшін өте қауіпті. Ересек түрінің жұқтыратын ауруын тениидоз деп атайды.

ШОШҚА ЦЕПЕНІНІҢ ТІРШІЛІК ЦИКЛІ

Патогендік әсері. Механикалық зақымдау (өожайынның қоректік затын пайдалану) және улы аттармен улау. Тениоз кезінде асқорытудың бұзылуы, қаназдылық, жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның түпкілікті және аралық қожайын ретінде болуы, яғни адамда финналық сатысының дамуы (цистицеркоз) . Тениоз ауруымен ауырғанда адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға, өңешке және жұтқаншаққа өтуі мүмкін. . Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады. Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып, қантамыр арқылы көз, ми, бұлшықет ұлпаларында цистицеркке айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады. Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы, ол өлуге алып келеді, көз цистицеркозы адамдарды соқыр етеді. Цистицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді.

D:\Диск D\ТАТА\РАБОТА\МЕДИНСТИТУТ\СТУДЕНТЫ МОИ\МОИ ПАРАЗИТЫ\ЛЕКЦИИ\2 semester\Лекции для АФРИКИ 2009-10\Lecture 2.5\slaid 15.jpg

ЖҰҚТЫРУ ЖОЛДАРЫ. Егер өнім термиялық өңдеуден өтпеген болса және онда цепень жұмыртқалары болса, онда олар денеге еніп, бұлшықеттердегі өмірлік белсенділігін бастайды. Ауру жануардың етінде ауру тудыратын личинка да болуы мүмкін. Зақымданады көз, бұлшық ет, тері асты қабатын, бас миы.

ПРОФИЛАКТИКА. Тениозға қарсы препараттарды жаппай тағайындау; Тениоз жағдайларын анықтау және емдеу. Азық-түлік гигиенасы және қауіпсіздігі; Санитарлық жағдайларды жақсарту. Шошқа өсірудің жетілдірілген тәжірибесі. Шошқаларды егу(вакцина) . Етті және етті қайта өңдеуді ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту.

ДИАГНОСТИКА. Гельминтоздың осы түрімен ауырған кезде Диагноз қою қиын емес: нәжісте сіз шынжырлы сегменттердің фрагменттерін көзбен көре аласыз. Нәжісті микроскоппен зерттеу кезінде көптеген піскен гельминт жұмыртқалары көрінеді.

Эхинококк (Echinococcus granulosus) . Денесі 3-4 буыннан тұрады, ұзындығы 2-6 мм. Басында төрт сорғышы және ұзарған тұмсығында ілмешектері дамыған.

Алдыңғы буындары гермафродитті, ал соңғы жетілген буыны ұрықтанған жұмыртқаға толы болып келеді. Ересек түрлері иттердің, қасқырлардың ішегінде тіршілік етеді, ал эхинококк типті личинкалары аралық иесі: үй қояндары, тышқандар, мысық, қой, ешкі, ірі қараның, шошқаның ішкі мүшелерінде, әсіресе бауырында, өкпесінде мекендейді. Адам да аралық иесі бола алады. Өте қауіпті кеселге ұшыратады.

Эхинококктың жұмыртқалары иттің қиымен араласып сыртқа тарайды, көп жағдайда олардың жүніне жабысып тұрады. Адам итті қолымен сипап, қолын жумай тамақ ішсе, жұмыртқалары аспен бірге ішке кетеді. Ішекке түскен жұмыртқалардан алты ілмекті онкосфералар дамып, олар қан арқылы ішкі мүшелерге жетіп мекендейді (бауырға, өкпеге, жүрекке, миға) . Осы мүшелерде эхинококк көпіршігі үлкен көлемде өсіп, мүшелерді ісіндіріп қатты зақымдайды. Эхинококк көпіршігін тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Эхинококк көпіршігі өте жай өседі. Бір айдан кейін оның диаметрі 1 мм-ге жетеді, 5 айдан кейін - 1 см. Көпіршік жылдар бойы өседі (20-30 жыл) . Адамға эхинококкоз ауруы өте қауіпті.

Альвеококктың (Alveococcus multilocularis) дене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклі эхинококка өте ұқсас. Түпкі иесі түлкі, сонымен қатар ит, қасқыр, басқа да жыртқыштар. Аралық иесі- кемірушілер. Адам да аралық иесі бола алады. Альвеококк көпіршігі бір шоқ болып орналасады және көпіршіктер жайылып өсуі нәтижесінде бір мүше емес, басқа да мүшелер зақымдалады. Көпіршіктерді тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Эхинококка қарағанда, альвекокктар өте қауіпті құрттар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Паразитологиялық тексеру әдістері
Ірі қара мен шошқаның цистицеркозы
Таспа құрттар класы – cestoda
Зеңгі баба мифтік кейіпкерінің тілдік портреті
Төрт түлік
Таспа құрттар класы
Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Қазақ халқы және төрт түлік мал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz