Сабақта педагогикалық технологияны қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   

Лекция №1-2 Педагогикалық технология -тәлім-тәрбиенің қозғаушы күші ретінде.

Жоспар:

  1. Орта мектептегі инновациялар және олардың бағыттары.
  2. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары пәнінің мақсаты және міндеттері

1. Орта мектептегі инновациялар және олардың бағыттары.

Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер мұғалімдерден шығармашылық жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесін жаңарту, оның сапасын арттыру үшін оқыту формаларын, оқыту мазмұнын, оқыту әдістерін, оқыту құралдарын, оқытудың мақсаттарын жаңарту қажеттілігі пайда болып отыр. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысудың практикалық маңыздылығын көрсетті.

12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылығы дамыған жеке түлғаны қалыптастыру болып отыр.

Осы мақсаттан келесі міндеттер туындайды: 1) тәрбиелеу және дамытушылық іс - әрекетін үйымдастыру; 2) құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту; 3) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін тәрбие жүйесі түлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа технологияларын және әдістерін; жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды зерттеуді, оны жобалау әдістерін, оқушы денсаулығын сақтау әдісін колдана отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастыру қажет. Осы әдістерді іске асыру нәтижесінде жаңа мектеп түлегінің тұлғасында мынадай жетістіктер қалыптасатын болады:

І. Оқушының жеке түлғалық қасиеттері қалыптасады, оның қазіргі заманға, қоғамға бейімделу мүмкіндіктері артады;

2. Балалардың бойында салауатты өмір салты қалыптасады;

З. Жеке ерекшіліктері ескерілген оқу-тәрбие нәтижеләрі түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игереді;

4. Ұлттық тілді, тарихты, отандык және әлемдік мәдениетті жетік біледі;

5. Баланың жалпы және арнайы қабілеттері қалыптасады;

6. Бойында қалыптастырған білім - бірліктерді өмірде орынды қолдана алады;

7. Өзін - өзі дамыту, өзін - өзі көрсету мүмкіндіктері жетіледі. Оқушыға өз алдына мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, ондағы жетістіктерге жету процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, технологияларды накты қабылдауға мүмкіндік туғызады.

Математиканы оқытудың мазмұнын іріктеу және ізгілендіруді жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс- әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Жаңа технологиялар мұғалімнің жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының жетістіктерінің бірі есебінде бүгінгі күні интерактивтік тақта практикада ерекше орын алып отыр. Оқушылар үшін интерактивті тақта жаңа материалдарды арнаулы программамен меңгеруде аса маңызды рол атқарады. Қазіргі кезде көптеген оқушылар интерактивтік тақтаны мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивтік тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Математика сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет.

  1. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары пәнінің мақсаты мен міндеттері

Математика оқытудың жаңа технологиялары пәні - оқытудың жаңаша интерактивтік әдістері, формалары, құралдары, мазмұнын үйрететін пән. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары курсының мақсаты оқу, тәрбиелеу үдерісін технологияландыру негізінде құру және қорытынды нәтиженің кепілдігін беру заңдылықтарын жалпы дидактикалық технологиялар дәрежесінде болашақ мұғалімдерге үйрету болып табылады. Математиканы оқытудың жаңа технологияларын үйрену болашақ мұғалімдерді мектеп математикасын оқытуда нақты білімдермен қаруландырып, студенттердің педагогикалық ой - өрісін кеңейту, студентке шәкірттердің математиканы оқытудағы ұйымдастыру әдісі мен оның математикалық ойының дамуы, математиканы оқыту әдістемесінің философиямен, математикамен, психологиямен байланысын үйрену мақсатын көздейді. Математиканы оқытудың жаңа технологиялары студенттерді орта мектеп математикасының мазмұнымен, оқытудың ғылыми - интерактивтік әдістерімен, мектеп мұғалімдерінің озат іс - тәжірибелерімен, теоремаларды дәлелдеу әдістерімен, есептерді шешуді үйрету әдістерімен, жалпы алғанда орта мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлерімен таныстырады.

Қазіргі кезде оқытудың интербелсенді әдістері практикаға енуде.

« Интерактивтік әдістер» ұғымын талқылайық :

1. « Интерактивтік әдістер» ұғымын « ин »-инновация, « теракт»-қопару сөздерінен алынған деп ойланса, ол жаңаша қопару мазмұнын береді .

Бұл бағыттағы ғалымдар мен педагогтар Республикамыздағы барлық оқу жүйесін қопару мақсатын көздейді. Олар ғылымға қастандық жасаушылар. Сондықтанда Республикадағы озат тәжрибенің көпшілігі өз - өзінен қопарылып тасталды .

Қазіргі кездеде бұл бағыттағы қопару жұмыстары жүріп жатыр. Мысал ретінде, оқу базасы барма, жоқпа екендігіне қарамай жаңаша оқыту жүйелерін енгізудеміз. Бұл әртүрлі оқыту жүйелерінен, оларды тәжірибеде сыналмай практикаға енгізіліп жіберілуіндегі қателіктер болып табылады.

2. Егер « Интерактивтік әдістер» ұғымын «Интер»-интернационал, « актив »-белсенділік деген сөздерден құралған десек, ол халықаралық белсенділікті күшейтетін әдістер мағынасын береді, яғни оны дүние жүзіндегі ең сапалы оқыту жүйесін Қазақстан Республикасына енгізудегі жаңа әдістер деп түсінуге болады. . Мысалы, ҚР-да халықаралық сапа менежмендіне өту басталды.

Қазіргі кезде математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиялары жаңа бағытта дами бастады . Осы инновациялар қалай практикаға енгізілуде екендігін білу үшін бұл бағыттарды зерттеу қажет. Дамудың бағыттарын талқылайық:

1 . Қазіргі оқыту мазмұнының мынадай бағыттарда жүріп жатқандығын ескеру қажет:

1) дәстүрлі - арифметикалық, геометриялық, алгебралық, тригонометриялық материалдар бағдарламалардан орын алған еді.

2) жаңаша бағыттары - графтар теориясы, математикалық -статистикалық талдау, ықтымалдықтар теориясы, функцияналлық анализ, комбинаторика, т. с. с. теориялық білімдер бағдарламаларда пайда бола бастады.

2. Оқыту құралдары :

1 ) дәстүрлі - фильмоскоп, эпиадоскоп, кодоскоп, магнитофон .

2) жаңаша құралдар - интерактивтік тақта, компьютер кластары, математикалық кинофильмдер, видеофильмдер, электронды оқулықтар.

3. Оқыту әдістері .

1) дәстүрл і - түсіндіру, хикая, сухбат, лекция, көрнекілік т. с. с. болса;

2 ) жаңаша бағыттары - интербелсенді әдістер, проблемалық оқыту әдістері, жаңа педагогикалық технологиялар практикада өз орындарын иеленуде.

4. Оқыту формалары:

1) дәстүрлі - сабақ, сабақтан тыс жұмыстар.

2) жаңаша бағыттары - тұрғын, қозғалмалы, таңдаулы жұптықтарда жұмыс істеу, пікірталас, сайыс, конференция, саяхат сабағы, КТК сабақтары т. б. лар пайда болды.

Лекция № 3-4 Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

Жоспар:

  1. Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

2. Сабақта педагогикалық технологияны қолдану

1. Педагогикалық технологиялар ұғымының мәні

Энциклопедиялық сөздікте «Технология дегеніміз - өнімді өндіру процесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы», - деп көрсетілген.

Анықтамалық әдебиеттерде: «технология - techne - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң», яғни технология дегеніміз - шеберлік (өнер) туралы ғылым деп берілген.

Білім беру саласындағы «технология» ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық.

Өндірістік процестердегі технология деп, қолданғанда алдын-ала көздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық деңгейлердегі өнім алуға кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады. (И. П. Подласый, Педагогика, 2000 ж. )

Педагогика ғылымына, яғни «интеллектуалдық өндіріс» саласына өндірістік технологияның көзделген мақсатқа жетуге кепілдік беретін қасиеті аса қажет, өйткені өкінішке орай, оқу процесінде нәтиже алуға нақты қол жеткізетін, оны объективті бағалауға мүмкіндік беретін тәсідер жоққа тән, педагогикалық экспромттар басым.

Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басып отырған кезде ЮНЕСКО дамыған, өркениетт елдерге «нәтиже беруге бағытталған мектеп» моделін енгізуді ұсынып отыр. Демек, мектептерге дәстүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдерінен гөрі тиімділігі жоғары, жаңа сападағы дидактикалық құрал қажет. Дүниежүзі педагог-ғалымдарының пайымдауынша мұндай құрал болып оқытудың педагогикалық технологиясы табылады. Педагогикалық технологияның кәдуілгі әдістемеден басты айырмашылығы - оқу пройесінің нәтижелі болуына кепілдік беруі. Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын Я. А. Коменский айтқан, яғни оның пікірінше оқыту «технологиялық» болуы қажет. Оның мағынасы - нені үйретсе де, нені оқытса да оқу процесі табыссыз болмауы керек. Мұндай оқыту механизмін Я. А. Коменский «дидактикалық машина» деп аталады. Технологияға мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын іздестіру, бұл құралдарды қолданудың ережелерін табу маңызды болады. Соған байланысты, мақсат - құрал - оның қолдану ережелері - нәтиже алу заңдылықтары іздестіріледі. Мұндай ережелерді тауып, пайдалану кез келген технологияның басты мақсаты болып табылады.

АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастағанда «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу процесінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануға байланысты туындады.

60-шы жылдарда америкалық және батыс Еураполық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу процесінде межеленген білім нәтижесіне жету» ізденісінен туған педагогикалық технология термині пайда болды. Ал, дидактикалық технологияның мәселелері біздің заманымыздың екінші жартысында техника мен өндірістік технологияның қарқынды дамуы нәтижесінде зерттеле бастады. Оқыту технологиясы, яғни кеңірек айтқанда педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының барысында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады.

Қазіргі пайдаланып жүрген мағынадағыдай педагогикалық технология ұғымы 1960 жылдардан бьастап бихевиористік, необихевиористік тұжырымдардан бастау алатын, «толық меңгерту» теориясына негізделген, жоғарыда атап өткендей нәтиже алуға бағытталған АҚШ және батыс Европа елдерінде практикаға ене бастаған меңгеру технологияларына байланысты пайда болды.

Осы жылдары шетелдерге біршама қолға алынған оқытудың техникалық құралдарын пайдалану, бағдарлы оқыту мәселесі де педагогикалық технологиялар теориясының қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етті.

Жалпы оқытудың педагогикалық технологиялары ұғымы педагогика ғылымына жүйелі түрде 1970 жылдардан ене бастады. Ейбір әдебиеттерде оқыту процесін технологияландыруды оған ақпараттық технологиялық құралдарды пайдаланумен байланыстыратын көзқарастар да айтылады. Төменде талданатын «педагогикалық технология» ұғымының мәніне көретініміз мұның бір жақты, алғашқы, үстіртін пікірден туғандығы.

Кеңес Одағында педагогикалық технологиялар тақырыбына арналған алғашқы зерттеу жұмысы ретінде академик В. П. Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» (1989) атты еңбегін атауға болады.

Бұл жұмыстан кейінгі маңызды зерттеулер қатарына И. В. Клариннің, В. М. Монаховтың, Г. К. Селевконың, Т. И. Шамова мен Т. И. Давыденконың, т. б. еңбектерін жатқызуға болады. 1990 жылдардың орта шенінен бастап бұл ұғым педагогика курсының оқулықтарына да ене бастады.

Алайда, бұл әдебиеттерде келтірілген педагогикалық технологиялар ұғымына берілген анықтамалардың жалпы негізгі бір болған мен кейбір айырмашылықтары да бар екенін көруге болады.

Педагогикалық технология мәселесіне арналған П. Я. Гальперин, В. П. Беспалько, В. В. Давыдов, В. М. Кларин, т. б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап, педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияға мынадай анықтама береді: «Педагогикалық технология дегеніміз - оқыту әдістері - психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен құралдарының жиынтығы. Ол педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру құралы». «Педагогикалық технология дегеніміз - мұғалім мен оқушыға ыңғайлы жағдай жасай отыра оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі», - дейді В. М. Монахов.

«Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға, ұйымдастыруға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен қызметінің процестік жүйесін атайды» (Т. И. Шамова, Т. И. Давыденко) .

«Педагогикалық технология - білім беру формаларын оңтайландыруға бағытталған техникалық және адам ресурстарын және олардың байланыстарын ескере отырып, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және жасауға арналған жүйелі тәсіл» (ЮНЕСКО) .

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі педагогикалық ьтеорияда педагогикалық технология ұғымына қалыптасқан көзқарас жоқ, кейбір ғалымдар оқыту әдістерін қолдануды технологияландыру десе, енді біреулері оқытуды техникалық құралдармен қамтамасыз етіп, компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен педагогикалық жүйені, оны практикада қолданудың тиімділігін арттыру деп санайды. Осының бәрі бұл ұғымның көп қырлылығы сипаттайды, яғни оны зерттеудің әдіснамалық бағыт-бағдарын негіздеуді қажет етеді.

Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде (көзқараста) қолданылады.

Жалпы педагогикалық (жалпы дидактикалық) деңгей. Мұнда педагогикалық технология бір тұтас педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құралдары мен әдістерінің жиынтығы, тіпті процестегі субъектілер мен объектілердің (олардың өздерін алмағанда) іс-әрекеттерінің алгоритмі кіреді.

Жеке пәндік-әдістемелік деңгей. Бұл жерде педагогикалық технология көздеген мақсатқа жеткізетін жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады. Мұнда ол бір пән, бір сынып, бір мұғалім шеңберінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы (пәндерді оқытудың әдістемесі, белгілі бір танымдық қызмет дағдыларын қалыптастыру әдістемесі, мұғалім, тәрбиеші жұмысының әдістемесі ретінде қарастырылады.

Элементтік (бөлімді) модульдік деңгей. Мұндай оқу-тәрбие процесінің жекелеген бөлігінің технологиясы қарастырылады жеке іс-әрекет түрлерінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру технлогиясы, жеке тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеу технологиясы, сабақ технологиясы, жаңа білімді игеру технологиясы, өз бетімен (өздік) жұмыс технологиясы.

Сонымен педагогикалық технология ұғымының өзегі болып берілген білімді толық игеруге, жалпы білі сапасын көтеруге кепілдік беретін, ғылыми негізделген алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін атаймыз. Әрине мұндағы нәтиже білім сапасы, оны өз бетімен игерген оқушы болса, алгоритмнің басты бөлігі болып, оқушының өз бетімен меңгеруіне бағытталған білім мазмұны қарастырылуы қажет.

Оқыту технологиясы - оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімдлігін қамтамасыз ету оқытудың әдіс, құрал түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мақсат әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр байланысты қажетті мазмұнына тиімді әдістер мен құралдардың бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Педагогикадағы технология объектісі тірі организм (оқушылар) болғандықтан, мұнда ынта (мотив), белсенділік, білім, білік, дағды, өзін-өзі басқару т. б. тәрізді дидактикалық психологиялық физикалық, кибернетикалық ескеруге тура келеді.

Осы айтылғандарды ескере отырып, біз академик В. П. Бепалько берген «педагогикалық технология деп практикада жүзеге асырылатын педагогикалық жүйенің жобасын айтады» деген анықтаманы мейлінше толық деп есептейміз. Педагогикалық жүйе деп В. П. Беспалько әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процесітердің жиынтығын айтады.

Дидактикалық процесті В. П. Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару компоненттерінің бірлігінен тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Ол ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың жиынтығы:

А) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет. Оқу процесінің нәтижелі болуына 100% кепілдік беруі қажет;

Ә) ол оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;

Б) оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп, объективтік түрде бағалау қажет.

В) дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.

Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін Ресей ғалымдары М. МПоташник, А. М. Моисеев, т. б. оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынадай 4 шартты қанағаттандыруға тиісті:

1) Оқушының жеке бас ерекшеліктерінің (интеллектік, мотивациялық, эмоциялық т. б. ескерілуі, оқу материалын қабылдау сипатының, темпераментінің, еске сақтау қабілетінің) ескерілуі.

2) Оқу материалын меңгеру кезінде жүйкеге күш түсіретін интеллектуалдық, эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді нәтижелер алуына жағдай жасау.

3) Сабақтың сынып ұжымына жайлы моральдық-психологиялық климат жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу.

4) Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді қолданумен қатар оларды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету.

Практикаға енгізілген педагогикалық технологияларға жасалған талдау - оларды құраламаның төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.

1. Оқу материалын оқу­шылардың меңгеруін байқау мақсатында алдын-ала жүр­гiзiлетiн диагностика және оқушыларды қабiлеттерiне кapaй iрiктеу. Мысалы, l-сы­ныпқа келген оқушылар оқи, санай, жаза бiлy қабiлетrерiне қарай дайындық деңгейлерi әр түрлi сыныптарға бөлiнедi.

2. Мотивация және оқу­-танымдық қызметтi ұйымдас­тыру. Қай технология болма­сын оқушының осы техноло­гияғa сәйкес дайындалған оқу құралы мен өз бетiнше iзденic жұмысын жасауды қажет ететін болғандықтан, оқушының қызығушылығын, ынтасын туғызу - танымдық қызметті ұйымдастырудағы аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.

3. Оқу құралдарымен жүргізілетін іс-әрекет. Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің негізгі бөлігін құрайды. Оқу-таным процесі оқушының қолданылып отырған технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен (пәнді оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негiзiн салуға арна­лған нұсқаулар, әр модyль бой­ынша өздiк жұмыс тапсырма­лары, өзiн-өзi тексеруге арна­лған және бақылау жұмысына арналған тесттер жүйесi, т. б. ) жүргiзiлген танымдық қызметi арқылы жүзеге acады.

Жалпы технологиялық негiзде құрылған сабақта негiзiнен оқушы дидактикалық құралдармен ғана жұмыс iстеп, ал мұғалiм iзденiс-таным процесiн ұйымдастырушы рөлiн атқарады.

4. Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау. Толық меңгерту деңгейі

" Технологиялық негiздегi оқу процесi бақылау мен ic-әрекетке қажет болған жағдайда түзету (кор­рекция) енгiзуге аса үлкен мән берiледi. Оқушының әр модульдi (бөлімдi) меңгеруi сәйкестi бақылаy жұмысын (әр түрлi формадағы) жүргiзу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере алмаған оқушылар үшiн қосымша нұсқаулар берiлiп, қайта бақылаy жұмысы жүргiзiледi. Оқушының оқу материалын меңгере алмауы себептерi қаралады және қажеттi коррекциялық әрекеттер жасалады. Оқу мақсаттаpы диагностикалық түрде қойылған жағдайда жаңа квалиметриялық негiзде бiлiм сапасын бағалауға болады.

Лекция № 5-6 Педагогикалық технологиялардың проекттері: ғылыми жандасулар. Қазіргі заманауи тәлім-тәрбиедегі әртүрлі жандасулар

Жоспар:

  1. Дәстүрлі жандасу
  2. Системалық жандасу
  3. Технологиялық жандасу

4. Зерттеу-шығармашылық жандасу

Педагогика пәні және тәлім-тәрбие практикасындаәр түрлі жандасулар қолданылады. Олар дәстүрлі жандасу, системалы (тізімділік) жандасу, технологиялық жандасу, зерттеулі жандасу, функционал, комплекс, іс-әрекеттік жандасулар. Бұл жандасуларға қысқаша анықтама берейік.

1. Дәстүрлі жандасу ұғымы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Технологияның артықшылықтары
Ақпараттық технологияларды қолдану
Білім берудегі АКТ сауаттылығы Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары
Бейнелеу өнері сабақтарын мектепте оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері
Белсенді оқытулар: жаңа тәсілдер. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі және білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының инновациялық білім беру ортасына өзбеттілігінің қалыптасуының теориялық қағидалары
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz