Инклюзивті білім берудің мақсаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН Описание: C:\Users\user\Desktop\2018 универ\док\Лого векторный ОКМПУ.jpg МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА-ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Білім тобындағы студенттер үшін Инклюзивті білім беру пәнінен лекциялар жинағы

Лекциялар жинағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қазан № 603 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде дайындалған.

Құрастырған: п. ғ. к., аға оқытушы Тұрмаханова С. Ә.

Лекциялар жинағы Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ __ хаттама, «___» 20 ___ ж.

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент Масалиева Ж. А.

Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты

№1 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Инклюзивті білім беру моделі

Жоспар:

1. Инклюзивті білім берудің критерийлері мен, көрсеткіштері, компоненттері

2. Инклюзивті білім берудің субьектісі: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, БАҚ өкілдері, басқару органдары, қоғамдас және т. б.

2. Инклюзивті үрдістегі толеранттық субьектілері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мовкебаева З. А. Инклюзивті білім беруді кіріктіруге педагогтарды дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар. 2016.

2. Тебенова К. С., Каргин С. Т., Заркенова Л. С., Рымханова А. Р. Основы инклюзивного образования. 2016.

3. Жубакова С. С. Теория и практика инклюзивного образования. 2016.

4. Беткер Л. М. Организиция инклюзивного образавания обучения с ограниченными возможностями в здоровых и/или детей-инвалидов. 2016.

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді .

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11. 07. 2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру - ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.

Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында -тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.

Лекция тақырыбы: Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар.

Жоспар:

1. Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар.

2. Инклюзивті білім беру режимінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау.

3. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту басты артықшылық ретінде.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. - 13 б.

2 ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы //adilet. zan. kz

3 Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010 ж

4 Тебенова К. С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К. С. Тебенова, С. Т. Каргин, Л. С. Заркенова и др. - Алматы: издательство «Эверо», 2016. -304с.

Қазіргі таңда педагогикалық тәжірибеге біріктіріп оқытуды ендірудің өзектілігі аса күмән тудырмайды. Ол қоғамдағы гуманистік ұстанымдардың күшейтілуімен, әлеуметтегі мүшелермен мүмкіншіліг шектеулі тұлғалармен бірлесуінің құқығын мойындаумен; тек мүмкіншілігі шектеулі балаларды ғана емес сонымен қатар қалыпты балаларды жеке оқытудың тиімділігімен сипатталады. ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақстан экономикалық өсімділігмен танылды. Әрбір мемлекетте дамуында ауытқуы бар балаларды әлеуметтік біріктірудің өзіндік тәжірибесі бар, ол тұрғындардың ұлттық менталитетін және әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескереді. Алайда өзге елдің тәжірибесін нормативті-құқықтық база ретінде көшіріп алуға болмайды. Дәл осы қазақстандағы түрлң ұйымдардың жұмыстарының ерекщшелігіне және түрлі моделдер мен интеграцияның формаларын қамтитын ұйымдастырушылық-құқықтық формаларына жатады. Қоғамдық және ата-аналар ұйымдарына оңалту және әлеуметтік мекемелерге дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелейтін және біріктіріп оқытумен тәрбиелеудің жолын таңдайтын жанұяға өз моделдерін апробациялау және құрастыру қажет. Мемлекет әрбір балаға оның ұлтына, дініне денсаулығына қарамастан тегін жалпы білім беругекепіл береді. ҚР-да тарихи қысқа уақыт ішінде мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытудың жабық «медициналық моделінен» ашық моделге көшу байқалады, бұлардың арасында біріктіріп оқыту кең түрде қарастырған. «Біріктіріп оқыту» түсінігі бөліктер және функциялар жүйесінің бір бүтінге баланысуын сонымен қатар, осындай жағдайға әкеп соқтыратын процесті білдіреді.

Педагогикалық түсінік ретінде интеграцияның бірнеше мағынасы бар. Ол дамуында ауытқуы бар балаларды қалыпты балалармен бірге оқытуды ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің әрбір азаматы ретінде білім беру ұйымдарында барлық тәрбиеленушілер мен оқушыларын бірігіп өмір сүруін көрсетеді. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа білім беруге көшудің қажеттілігі- қоғамдағы әлеуметтік тапсырыстың жауабы ғана емес ол бүкіл обьективті себептермен сипатталады, атап айтқанда:

  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың санының жыл сайын әсіресе әлеуметтіек және экологиялық жағымсыз аудандарда өсуі;
  • дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру жағдайларының аз түрде қарастырылуы;
  • арнайы ұйымдар контингентінің қысқаруы;
  • ерте түзетушілік-педагогикалық күмек күрсету моделінің кең түрде таралуы мен және түрлі министрліктері мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды ерте біріктіріп оқытудың бағдараламасын құрастыру;
  • ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналардың белсенділігінің жоғарылығы, және өз баласын оңалту мен абилитациялау процесіне енуге дайындығы;
  • білім беру мекемелері мен түрлерінің жаңа типтерінің, ең алдымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК), ерте көмек көрсету ұйымдарының, лекотекалардың, психологтялы-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекті қажетсінетін балаларға арналаған мекемелердің, ата-аналар мен педагогтарға адресстік, кәсіптік көмекті көрсететін, тәжірибе барысындағы біріктіріп оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беруұйымдарының пайда болуы;
  • аудан немесе ауыл аймағында тұратын балалармен бірге жүргізілетін вариативті бағдарламаны жүзеге асыратын ұйымдардың ашылужоспарындағы мунитипальді, аймақтық өзін-өзі басқару мүмкіндіктерінің кең түрде етек алуы;
  • балалардың оқыту мен тәтбиелеудің барлық жағдайында білім алуының сапалығына қойылатын мемлекеттік жаңа талаптар.

№2 Лекция тақырыбы: Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету

Жоспар:

1. Нормативті-құқықтық қамтамасыз ету: инклюзивті білім беру үрдісін реттейтін нормативті материалдар.

2. Ведомоствоаралық қарым-қатынас: қоғамдық бірлестіктер, басқа да ведмоствоаралық ұйымдармен қарым-қатынас, БАҚ және т. б.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.

2 ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.

3 2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

4 2011-2015 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары

5 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

6 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;

Әлеуметтік-білім беру интеграциясы мағынасында біріншіден, түрлі психофизикалық темпі мен деңгейіндегі балаларды тәрбиелеу мен біріктіріп оқытудың нәтижесі мен үрдісі жауапкершілігін алады; екіншіден, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қабілеттеріне, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай заттық-дамытушылық, материалдық-техникалық және білімдік-тәрбиелік ортаны қамтамасыздандыру; үшіншіден, мамандар командасында мультидисциплинарлық бірлескен іс-әрекетті қамтамасыздандыру, ата-аналармен және басқа минитрліктер мен ведомстволардағы мамандармен тығыз іс-әрекетті көрсететіндігі жатыр. Педагогикада педагогикалық жүйе «адам дамуына қойылған мақсатқа қол жеткізуге әсер ететін барлық факторлардың толық жиынтығы» деп аталады. Педагогикалық жүйелеркішігірім, орташа, орасан, өте орасан болады. Бірақ интеграциялаудың әлеуметтік-білімнің педагогикалық жүйесі ашық деңгейлеріне қарай ерекшеленеді. Тәжірибеде көрсеткендей әлеуметтік білі беру интеграциясы тек қана білім беру ұйымдарына ғана қажетті. Арнайы интеграциялық ұйымдар базасының өзіндік спецификасы бар. Жалпы білім беретін ұйымдарға қарағанда ондағы кадрлар, дамуында ауытқуы бар балалардың дамытушылық қажеттіліктерін оқытады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік-экономикалық жағдай жасаудың жаңа түрлері мен мүмкіндіктері пайда болды. Ең бастысы арнайы білім беру ұйымдарының жүйесін өзгерту қажет, - белгілі бір территорияда тұратын түзетушілік педагогикалық көмекті қажетсінетін балаларға жауапкершілікті алуға педагогикалық ұжымның дайындығын қалыптастыру, олардың қызметіне көңіл бөлуді жинақтау жалпы білім беретін балабақша мен мектептерінде балаларды психологиялық-педагогикалық және медициналық әлеуметтік кешенді қамтамасыздандыру қажет. Мұндай жоғары деңгей мен аймақтық құралдар жарқын болашақта көптеген жағдайлар тудырады, өнім негізінде мектепке дейінгі мекемелермен мектептердің қызметі мүмкін болып табылады, онда мүмкіншілігі шектеулі балалардың әлеуметтік білім беру интеграциясы жүзеге асырылады, бүкіл жас кезеңдерін қамтитын кешенді білім беру ұйымдары кәсіптік сферадағы әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Міне сөйтіп әлеуметтік білім беру интеграциясының педагогикалық жүйесі түрлі сапалы компоненттерінің қалыптасуында үрдіс ретінде; бүкіл әлемді толығымен тануды және тәжірибелік міндеттерді шешуде адекватты ойлауды шешудегі адамды дамытуды қамтамасыздандыратын құралы ретінде; жалпы және арнайы білімнің бір-бірімен жақындасуы және білім мазмұнының жаңаруы ретінде орын алады. Бұның негізінде интеграциялық оқытуды жүзеге асыру және оның қызметінің механизмдерін жетілдіруде ғылыми негіздерді іріктеу басты болып қала береді.

Лекция тақырыбы: Әдістемелік қамтамасыз етілу мен материалдық-техникалық ресурстар

Жоспар:

1. Әдістемелік қамтамасыз етілу мен материалдық-техникалық ресурстар.

2. Ақпараттық қамтамасыз ету

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. - 13 б.

2 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды жалпы бiлiм беру ұйымында оқуға даярлық деңгейін өлшеуіштерді жасау және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымдар. - 2018ж.

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады. Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламсында көрсетілген орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, ал орта білім берудің мазмұнын жаңарту аясындағы міндеттердің бірі білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшуді жүзеге асыру деп көрсетілген. Бұл, өз кезегінде, инклюзивті білім берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді.

Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:

- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқуәдістемелік әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;

- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,

- үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу.

Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді. Әдістемелік құралдың мақсаты - оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогтарына көмектесу

1 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мектептегі инклюзивті білім беру жағдайында білім берудің жаңартылған мазмұндағы МЖМБС талаптарын жүзеге асырудың ерекшеліктері Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады. Осы объектілерге қатысты білім алушылардың тиісті білім әрекеті ұйымдастырылады, яғни кілтті құзырлылықтардың минималды тізімінде жүйелендірілген жалпы пәндік білімдер, ептіліктер, дағдылар мен тәсілдер әрекетінің қалыптасуына әкеледі.

Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі:

− Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»;

− Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13. 01. 2014 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанка декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу
Инклюзивті білім беруді енгізу
Қазақстан республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру жолдары
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz