Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ерекше білім беруге қажеттілігі бар түрлі категориядағы балаларға білім беру жағдайлары.

Орындаған: Қожанова А.Ж.
Тобы: 109-18.
Қабылдаған: Тұрмаханова С.А.

Шымкент - 2020.

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
а) Ерекше білім беру қажеттілігін анықтау.
b) Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
c) Ерекше білім алуды қажет ететін балалар тобы.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

I. Кіріспе

Қазіргі қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір жағынан алып қарағанда
кіріктіруге бағытталған (техникалық және технологиялық жүйелердің,
ақпараттық-коммуникативтік құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан оқшаулана бастауы анық байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы динамизмі нақты көрініс беріп отыр. Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне шығарып отыр.
Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе
жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен
әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін
тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық- педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: оқушы мен оқытушы орнына, адам мен адам парадигмасы қалыптаса бастайды.Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады.
Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.

II. Негізгі бөлім.
Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) - бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады. Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулықтарына байланысты арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады.
ЭЫҰД елдерінде ерекше білімді қажет ету термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемалары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға қарасты, яғни бала бойындағы дарындылығын дамыту мен жеке қасиеттерін ашу үшін де кеңінен қолданылады.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, ...Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады деген болатын. Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Инклюзивті білім беру ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу аркылы балаларды адамгершілікке ізгілікке, қайырымдылыққа және өзіне деген сенімділікке баулу. "Инклюзив" сөзі латын тілінен аударғанда - өзімді қосқанда, ал, ағылшын тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру - ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытып - үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту -- адамдармен қарым қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері :
-- Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
-- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
-- Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
-- Барлық адам бір - біріне қажет .
-- Барлық адамдар құрбы құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
-- Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
-- Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Елбасының қолдауымен ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға мемлекет анағұрлым көп көңіл бөлуде. Соның нәтижесінде ата-аналар балаларын үйден оқытқаннан гөрі түзеу мекемелеріне әкелуге ұмтылуда . Көпшілік ортаға келгеннен кейін олардың өмірге деген ынтасының артуы мүмкін. Сондықтан, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тәрбиесі тасада қалмай, оларды тағдырдың тәлкегінен құтқару, жанына жылылық, жүрегіне шуақ, келешегіне қанат бітіру - адамзаттың парызы . Осыған орай еліміздің әр аумақтарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, талай ата-ананың көңіліне демеу, қамкөңіл баланың болашағына шуақ шашары мәлім. Күннен күнге халқының саны өскен Астана үшін балаларға арналған түзету кабинеттері жетіспейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі барбалаларды қоғамға бейімдейтін, әртүрлі дағдыларды оқытуға және оларды сауықтыруға қажетті құрал жабдықтары бар кабинеттерді ашу өзекті болып тұр. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу бойынша психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерін (ППТК) ашу қажеттілігі 54 бірлікті құрайды. Жыл сайын арнайы психологиялық-педагогикалық түзету қызметіне жүгінетін балалардың қатары артып келеді. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Дара қайырымдылық қорының және Болашақ корпоративті қорының қол дауымен бірінші, екінші, үшінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері ашылды. Бірінші психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде көбінесе есту қабілетінде бұзылыстары бар, ал екінші ППТК-да көру қабілетінде бұзылыстары бар, үшінші ППТК-ға аутистік диогназымен және де психикалық дамуында тежелуі бар балалар қабылданды. Психологиялық- педагогикалық түзеу (бұдан әрі ППТК) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің міндеттері:
1) Сөйлеу, көру, есту қабілеті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Инклюзивті білім беруде балалардың педагогикалық - психологиялық жағдайлары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Психологиялық - педагогикалық қолдаудың теориялық негіздері
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу
Психологиялық бейімделу компоненттері
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялық - педагогикалық қолдау көрсету
Пәндер