Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

А. Байтурсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті

КЕАҚ Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты

Психология және педагогика факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

КУРСТЫҚ жұмыс

Тақырыбы

«Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелері»

Орындаған:Абдулова Аружан

Тобы:2 курс

Біліктілігі:

6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»

Ғылыми жетекші:Султанбекова Жадыра Хамитбековна.

Қостанай, 2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелердің теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту . . . 5

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың түрлері мен әдістері. ………. . 10

1. 3 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. . ……13

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелердің практикалық бөлімі. …. . 14

2. 1 Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

2. 2. Шетелдегі елдердегі мектепке дейінгі білім жүйесінің даму тарихы мен білім беру мекемесінде шетелдік тәжірбие мәселелері . . . 17

2. 3 Мектеп тәжірибесіне өзгеріс қажеттілігін негіздеу үшін шетелдің озық әдістері. ………23

Қорытынды . . . 29-30 бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31-32 бет

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы екені сөзсіз. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Халыққа білім беру және тәрбие мәселелері
дүние жүзінің дамыған және дамушы елдеріндегі көкейкесті мәселелердің бірі.
Олар әр елдің келешек өмірін ұйымдастырудың алғышарты.
Жалпы алғанда білім беру жүйесі деп сол не өзге елдегі қызмет
атқаратын білім-тәрбие беру орындарының жиынтығы, олардың арасындағы
байланыстарды және сол орындардың құрылуы мен жұмыс істеуінің ортақ
принциптері түсініледі, оның құрылымы, түрлі деңгейлері сапаларына
қойылатын талаптар артып отырады де сеніммен айта аламыз.
Білім беру жүйелерінің қоғамның дамуына ықпалы, оларға әсер ететін
факторлар проблемасына бірқатар педагог ғалымдар әдебиеттер жазып шығарған.
Мәселен Харламов И. Ф. өзінің “Педагогика” кітабында білім беру жүйесінің әр
елдегі даму ерекшеліктеріне қөп көңіл бөлген. Оның атап көрсеткен
ерекшеліктері мен даму тенденциялары көп тарамды және әр түрлі болып
келгенімен олар дүние жүзінің көптеген елдерінің білім беру жүйелерінің
дамуында көрініс табады. Ал Джуринский А. Н. өзінің еңбектерінде білім
берудің қазіргі заманғы проблемаларына тоқтала келе, әрбір елдегі, соның
ішінде Англия, Германия, АҚШ, Франция, Жапония т. б. елдеріндегі қазіргі
мектептік жүйелердің реформасы мәселесін көтереді.

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика алдыңғы қатарлы бала-бақша тәрбиешілері мен отбасы тәрбиесінің озық тәжірибелерін жинақтап қорытады. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Мектепке дейінгі педагогикада негізгі қолданылатын ұғымдар : дамыту, тәрбиелеу, оқыту . Мектеп жасына дейінгі баланың білімінің дамуы жылдам қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады.

Зерттеу мақсаты: Мен таңдаған тақырып - «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелері» атты курстық жұмысымның басты мақсаты -баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысының ерекшеліктерін молынан танып, біліп алуларына мүмкіншілік жасау. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелерін зерттеу.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу әдебиеттерін (
ағылшын тілі, неміс тілі, орыс тілі, педагогика, психология), оқу - тәрбие
құжаттарына талдау жасау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, алынған
нәтижелерді өңдеу.

Зерттеу тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелері

Зерттеу міндеттері:

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру;
  • Жоспар құрастыру;
  • Қорытынды жазу.

мектепке дейінгі жастағы балалармен тәрбие жұмысын жасауға қажетті: диагностикалық, мақсаттану, ұйымдастырушылық, проективті, коммуникативтік, аналитикалық, жалпы педагогикалық және арнайы іскерліктермен қаруландыру

Зерттеу болжамы (гипотезасы) Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық жүйелері қандай ерекше болса да, олардың барлығы әмбебап болып табылады

қағидалар жалпы өркениеттік феномен ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың біртұтас жүйесін білдіреді

Жұмыстың жаңалығы: Балалардың таланттарын дамыту проблемалары тек мұғалімдер мен ата-аналарға ғана емес.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жұмысына әсер етеді

дамыту, "таланттарды оқытуды" ұйымдастыру. Балалардың қабілеттерін тәрбиелеу туралы танымал еңбектердің авторы, Sony компаниясының негізін қалаушы Масари Ибуки баланың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың негізі оның өмірінің алғашқы үш жылындағы жеке тәжірибесі болып табылады,

ми құрылымы белсенді дамыған кезде, бірде-бір бала данышпан болып туылмайды немесе туылмайды

артта қалған кез-келген адам жақсы оқи алады-бәрі оқу әдісіне байланысты болуы керек

ізгілікті және мүмкіндіктерін ескеру, бейімділігі мен мүдделерін, баланың жеткілікті мен тиісті

жапондық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық жүйелері қандай ерекше, ерекше болса да, олардың барлығы әмбебап болып табылады

принциптер жалпы өркениеттік феномен ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың біртұтас және тұтас жүйесін білдіреді.

Зерттеу пәні: педагогика

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелері

Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және бірнеше тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Және де курстық жұмыста қабылданған шешімі бойынша қосымша бөлімнен, барлық деректердің дәлдігі мен обьективтілігі үшін студент - курстық жұмыстың авторы жауапты болады.

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде шетелдердің озық тәжірибелердің теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту.

А. Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде, қазан революциясына дейін де, одан кейін де аянбай еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі. Тарихта орны айрықша зор тұлға. Ол ең алдымен қазақ баласының ана тілінде де сауатын ашып ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан зерттеуші. Әрі сол зерттеудің негізінде тұңғыш Ана тілі оқулығын жазған адам. А. Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалім қауымы еш талассыз қабылдады. Себебі Ахметтің реформасы қазақ тілініңтабиғатына сүйеніліп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар 1912 ж бастап, ұсынған осы алфавитті негізге ала отырып, жаңа жазу іс жүзінде қолданыла бастады.

1915 ж осы емлемен 15 - тей қазақ кітабы басылып шықты. Бұл жазуды 1912 ж бастап мұсылман медреселері мен қазақ - орыс мектептері қолданыла бастады. Сөйтіп қазақ графикасы 1924 ж Орынборда 12 маусымда басталған Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер:

1. Жазу ережелері.

2. Әліпби.

3. Қазақша пән сөздер.

4. Ауыз әдебиетін жию шаралары.

5. Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары.

6. Бастауыш мектептердің программасы.

А. Байтұрсынов реформаланған араб жазуы өз кезінде қазақ мәдени жүйеде үлкен роль атқарады, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниенің дамуына, баспа жұмыстарының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессті құбылыс болды. Ахмет қазақ баласының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын, мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазды.

Ахмет алған білімі, мамандығы жағынан, профессионал - лингвист емеседі. Оны тіл біліміне алып келген, оқу - ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттандыру, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқының ұлттық теңсіздігінен құтқару мақсаты болатын, маман лингвист еместігіне қарамастан Ахмет тілдің, оның ішінде қазақ тілінің табиғатын, құрылымдық категориясын дұрыс аңғарған.

А. Байтұрсынов алдына жүйелі прогресс қойғанда ұқсайды, ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен. Бұл үшін әліппе “Оқу құралын” жазған, одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық құрылысын ана тілінде талдап пән ретінде оқытып үйретуды мақсат еткен, бұл үшін 3 бөлімді “Тіл-құран”, үшінші дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйретуге көмектесетін және 1 құралды жазған ол “Тіл жұмсар”, төртінші сауттандыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған, “Әліппе” астарын жазған, бесіншіден баланың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, бұл үшін Т. Ш. Шонановпен берігіп, үлкен хрестоматия жазған.

Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогика пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Негізгі педагогикалық ұғымдары″даму″, ″тәрбие″, ″оқыту″, “білім беру”, ″қалыптастыру″, “педагогикалық үрдіс”. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.

Тәрбие мен білімнің алғашқы діңгегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«2020 жылдың мемлекеттік бағдарламасында» мектепке дейінгі білім берудің сапасын көтерудің міндеттері алға қойылған. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемелерде яғни балабақшаларда тәрбие көзі мен білім сапасының іргетасы мықты болуы керек. Сонда мемлекетіміздің білімді де білікті азаматтары мен азаматшалары бой көтереді.

Мектепке дейінгі білім берудің басындаөзінің жеке дамуына сәйкес ұлттық және адами құндылықтарды бойына қалыптастырған, мәдениетті баланың тәрбиесі мен дамуын қояды.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен білім беруі сапалы болады, егер оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі бала дамуына қажетті аймақтар мен қойылған мақсаттарға сәйкес болғанда.

Оқу бағдарламасы негізінде мектепкі дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мақсаты-балалардың жалпы, интеллектуалдық, дене дамуы, оның білімді меңгеруге дайындығын, білім беру сатысында қабілеті мен дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың көпвариативтілігі, балалардың мектепке дайындық деңгейін қамтамасыз ету былайша сипатталады:

-оқуға деген мативациясы, қоршаған орта жөніндегі алғашқы көзқарас;

-мектепке және өзіне пазитивті көзқарасы

-оқуға қабілеттілігі(тілдің дамуы, қарапайым санаулар т. б. ) ;

-Қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.

Мектепке дейінгі тәрбие біртұтас білім берудің бастапқы кезеңі ретінде баланың жеке басын дамытуға, денсаулығын нығайтуға және мектепке оқуға дұрыс дайындауға бағытталған.

Баланы мектепке балабақшада ғана дайындап қоймай, ата-аналарын да кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау, ауқымды мәселе. Ол көптеген жұмыстарды талап етеді, яғни балабақша мен мектеп арасында өзара байланысты орнату керек. Көптеген ата-аналар баласы мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санау керектігін алға қояды. Жоқ, бұл мүлде қате, теріс пікір деп санаймын. Себебі тәрбиеші сонымен қатар тәрбие жұмысын да өз мойынына алады. Бұл деген өте күрделі де жауапты іс. Сондықтан балабақшада тәрбиешімен бірлесе психолог жұмыс жүргізеді.

Мектепке дейінгі білім беру, мектепке келер алдында барлық балалардың алғашқы қадамдары біркелкі басталуы үшін қажет.

Осы жастағы балаларды оқыту мынадай әрекеттерді қалыптастыруға бағытталған: Талапты, дербес болуға, сабақ түрлерін таңдай білуге, ерекше ойлай білуге қабілетті, әртүрлі ойындарды ойнай білуге, өзінің құрдастарымен және үлкендермен дұрыс қарым-қатынаста болуға, өзінің қиялындағы және нақты өмірді ажырата білуге, нұсқалаларды орындай білуге, ережелерді қадағалауға, басқалалардың қызығушылығын ескере отырып, өзара тіл табыса білуге, өзінің эмоциясын ұстай білуге. Осындай жас ұрпақты тәрбиелеп, мектеп табалдырығына оң қадаммен шығарып салу үшін тәрбиеші қандай болуы керек?

Ендігі жерде осы сауалға көп жылдардан алған тәжірибемді басшылыққа ала отырып, мен былай деп тұжырымдадым.

Осындай қасиеттерді бойына сіңіре білген тәрбиеші мына төмендегідей талаптарды игере білуі қажет:

  • баланың даму заңдылықтарын білу;
  • баланың даму деңгейін анықтау әдісін;
  • мемлекеттік стандарт талаптарын;
  • өз білімін жаңарту;
  • жаңа технологиялармен жұмыс істеу тәсілдерін;
  • отбасымен байланыс жасау;

Енді мектеп жасындағы баланың мінез-құлқы мен қабілетіне тоқталатын болсақ, бала бес жасқа келе өз іс-әрекетінің өзгеге, өзіне қалай әсер ететіндігін байқайды. «Егер мен жаман іс-әрекет жасасам, өзіме де, өзгеге де қиын болады» деген ойды түсіне бастайды. Баланың қызығушылығы мен бағалау құндылықтары қалыптасып, ұл мен қызға тән өзіндік ерекшелігі баріс-әрекеттерді жасауға бейімделеді, соны жасайды. Мысалы: ұл бала-транспорт түрлеріне әуестігін білдірсе, ал қыз бала әдемілікке, әсемдікке құмар екендігін аңғаруға әбден болады.

Көркем шығарманы қабылдауы мен музыкаға ықыласының, қиялының қызығушылығы мен білуге құштарлығының күрт артуы байқалады.

Бұл баланың қабілеті мен талантын анықтауға мүмкіндік береді. Мектеп жасындағы баланың өзара қарым-қатынасы қалыптасып, толық ынтымақтастықты едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады, балаларда достар пайда болады. Осы жастағы балалар ұзақ әңгімелерді түсініктемелерді қабылдай алады. Зейіні едәуір тұрақталып, өз бетінше есте сақтау қабілеті пайда болады. Пікір айту, ой тұжырымын жасау іскерлігін игереді. Мектеп алды жасындағы балаларда аяушылықсезімі пайда болады. Ертегі кейіпкерлеріне де жаны ашиды. Адамның түрлі сезімдерін түсініп, жанашырлық таныту сезімдері пайда болады.

Ал енді келесі кезекте мектеп жасынадейінгі балаларды оқытудағы әдістерге келетін болсақ, ол-балаға білімді, іскерлікті дағдыны игерту мен таным қабілетін игерту дамыту үшін қолданылатын тәрбиеші жұмысының әдістері:

Оқыту әдістері ол-көрнекілік, бақылау, сөздік, тәжірибелік және ойын әдістері.

-көрнекілік әдістері-баланың ұғымын кеңейтіп, оқуды түсінікті, қызықты, нақтылы етеді және ойы мен бақылампаздығын дамытады.

-бақылау әдістері бұл-баланың өздігінен қандай іс-әрекет жасауға қабілетті екендігін білуге қажет әдістің түрі.

-сөздік әдісі-сөйлеу мәнерінің жақсаруына, қайталап айтып беру, әңгімелеу, әңгімелету, тілдерінің толық дамуына үлкен рөл атқарады.

-тәжірибелік әдістері-балаланың ойлау қабілеттерін дамытып, ойлап табу(фантазиясын) кеңейтеді.

-ендігі кезектегі ойын әдісі арқылы балаланың сабаққа деген ынтасының жоғарлауына көмектеседі.

Осындай әдістер барысында дидактикалық құралдарды жиі пайдалану, слайд, техникалық құралдарды пайдалану, қимыл-қозғалыс арқылы пайдалану өте тиімді.

Мектеп жасындағы балаларды оқытуда өткізетін сабағыңыз нәтижелі болуы үшін, төмендегі ережелерді есте сақтаңыз:

-Тәрбиеші өте жинақы болуы қажет. Балалардың алдында қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу.

-Балаларға ұрыспау, олардың білмегендігіне ренжімеу, мейірімді болу. Егер топтың басым көпшілігі тақырыпты немесе сіздің айтқаныңызды түсінбеген болса, онда кемшілікті өзіңізден іздеңіз. Сіз дұрыс түсіндіре алмадыңыз деген сөз.

- Балаланың сөзін бөлмеу, соңына дейін айтуға мүмкіндік беру. Егер дұрыс емес жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоя алмадыңыз.

-Тапасырма мен нұсқау анық, нақты, анық, бала түсінетіндей болуы қажет.

-Сабақ барысында баланың зейінін тұрақтандыру, егер ауытқулар болса тақырыпқа өзгерту немесе қосымша материалдар, көрнекіліктер пайдалану, ойын іс-әрекетіне аудару, балалардың ынта-ықыласын, қызығушылығын қадағалап отыру.

-Сабақты уақытында бастау. Уақытында бастамаған жағдайда бала шаршап сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Балалаға ұзақ уақыт тәрбиелік ақыл айту керек емес.

-Балаларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Жүзеге асырылмаған жағдайда, бала жауапсыз мінезге бой алдырады. Келесі жолы да берілген тапсырманы «міндетті емеспін», - деген оймен ұштастырады.

-Баланың жауабын үнемі мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру керек.

Осы көрсетілген ережелерді басшылыққа ала отырып жұмыс жасаған тәрбиешінің ғана жұмысы алға жүріп, өткізетін сабағында алға қойған мақсатына жетеді. Ал мақсатын жүзеге асыру үшін әр тәрбиеші өткізетін сабағына толық қанды дайын болу керек.

Кейбір сабақтар алдын-ала дайындықты қажет етеді. Мысалға:хайуанаттар, өсімдіктер туралы өтетін сабақтар. Себебі бұл тақырыптағы сабақтарды нақты лап көрсетіп, түсіндірмесе, балалар түсінбей қалуы мүмкін. Бір -бірімен шатастыруы да ғажап емес.

Дайындық кезінде негізгі мәселе бұл--балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру. Сабаққа дайындық барысында сабақты алдын-ала жоспарлау, көрнекіліктерді әзірлеу, балаларды сабаққа дайындау. Сабаққа дайындалу кезінде тәрбиеші әдістемелік материалдарды қарауы керек. Тәрбиеші тақырыпқа сай әдебиеттерді оқып, өзі жіті танысады. Ол әдебиеттің тәрбиелек, білімдік мазмұнына қарайды.

Сабаққа дайындық кезінде негізгі мәселе-балалардың сабақ оқуға қызығушылығын, ынтасын тудыру, сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерін айқындап алған жөн.

Тәрбиеші тәрбие беру мен оқыту барысында мына бір қанатты, ұлы сөзді үнемі есінен шығармай, жадында сақтап жүргені абзал, деп санаймын.

«Егер бала бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті емес,

оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс»

Ы. Алтынсарин.

Мектеп жасына балаларды дайындау кезінде, мазмұны нақтыланып, сабақты оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Тәрбие мен оқытудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оның мазмұнына, ерекшеліктеріне тоқталып, тәрбиеші сабаққа дайындығын жан-жақты қарастырады.

Мен бүгінгі қолға алған тақырыбымды қорыта келгенде:

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Осы орайда, еркін елдің ертеңін баянды ету бағытында жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, баланы жастан тәрбиелеуегі басқан әр қадамымызды нық басқанымыз жөн!

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен

оқытудың түрлері мен әдістері

Әрбір жасқа арналған әдістемелік жұмыстың бөлімдерінде білім беру салаларының мазмұны және балалардың Бағдарлама мазмұнын игерудегі жоспарланған күтілетін нәтиже ашылған.

Білім беру қызметі балаларға шамадан тыс салмақ салмай, тәрбиелік, дамытушылық, білімдік мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен бірге бағдарламалық білім беру міндеттерін шешу тек қана ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемінде ғана емес, сондай-ақ режимдік сәттерді өткізу кезінде де ересек пен балалардың бірлескен әрекеті ретінде және мектеп жасына дейінгі балалардың дербес әрекеттерінде де қамтамасыз етіледі.

Білім беру үдерісін құру балалардың жастарына сәйкес түрлеріне негізделеді.

Жұмыс түрін педагог мектепке дейінгі ұйымның бағыттарының ерекшелігіне, жабдықталуына (материалдық-техникалық қор), мәдени және аймақтық ерекшеліктерге, педагогикалық үдеріске қатысушылардың тәжірибесіне, педагогтардың шығармашылық әлеуетіне сәйкес өздігінен таңдайды.

Білім беру үдерісі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Дене дамуы: кешенді шынықтыру шаралары, таңертеңгі жаттығу, күннің екінші жартысындағы жаттығулар мен қимылдық ойындар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудағы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық әрекеті күрделі процесс
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz