Агрохимия ғылымының дамуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Топырақтану және агрохимия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Агрохимия ғылымының дамуы

Орындаған: Айтқазина Айым

Тобы: ЗР-316

Тексерген: Тұрсынай Қажымұратова

Алматы 2021 жыл

Жоспaр

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
  2. Агрохимия Қазақстанда

Қорытынды

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер


Кіріспе

Агрохимия - өсімдіктердің қорегі, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды қолдану және бітік егін шығаруға арналған топырақ пен өсімдіктердегі химиялық және биохимиялық процестерді зерттейтін ғылым. Агрохимияның міндеті өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді.

Топырақтың, өсімдіктің, тыңайтқыштың, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын у-химикаттардың химиялық құрамына талдау жасайды. Осының негізінде топырақтағы қоректік заттардың түрі мен мөлшерін көрсететін агрохимия картограммалар жасалады. Нәтижесінде тыңайтқыштар, гербицидтер, химикаттар қолданудың тиімді әдістері ұсынылады, мол өнім алудың жолдары іздестіріледі.


  1. АГРОХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ

Агрономиялық химияның дамуы егіншілік мүддесімен тікелей байланысты. Ол адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай, теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан, бірден практикада қолданыла бастады. Мысалы, ертедегі римдіктер мал көңінің, күл, гипс, әк сияқты заттардың топыраққа әсер ететін қасиетін біліп, оларды пайдалану арқылы жердің құнарлылығын арттырған. Римдіктер сол сияқты, бірдей мөлшерде тыңайтқыштарды қолдана отырып, бір дақылды алмастырып еккен кезде мол өнім алатынын да ескерген. Француздың табиғат зерттеушісі Бернар Палисси 1563 жылы топырақтағы минералдық заттардың өсімдік үшін қоректік элементтердің көзі екендігі туралы пікір айтты. Ол минералдық тыңайтқыштардың тегі, әсері жөнінде жазған шығармасында “тұз дегеніміз тірішіліктің және барлық егістің өсіп-өнуінің негізі болып табылады”, -деген. Осыдан кейін 1656 жылы Глаубер “Өсімдіктің өсуіне селитра негіз болады”, -деген жорамал (гипотеза) ұсынды. 1766 жылы профессор Валлериус өсімдік күліне химиялық талдау жасап, оның құрамы топырақтағыдай емес екенін көрсетті де мынадай қорытынды жасады: топырақтағы органикалық заттар ғана өсімдік үшін қорек болады. Топырақтың басқа құрамдас бөліктері көмекші қызмет атқарады. Жалпы XVIII ғасырда француз ғалымдары О. Б. Соссюр (1804 ж. ) мен Ж. Б. Буссенго (1836 ж. ) және неміс оқымыстылары Х. К. Шп-ренгель мен Ю. Либих (1840 ж. ) өсімдіктің қоректенуі туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосты.

  • О. Б. Соссюрөсімдік күліне тыңғылықты талдау жасап, минералдық заттардың өсімдік организміне енуі кездейсоқ емес деген қорытындыға кел-ді. ”Тұздардың өте аз мөлшерде болуы олардың пайдасыз екендігінің дәлелі емес”‚-деп жазды Соссюр. Ол құнарлылыққа қатысты шіріндінің маңызына тоқтала келіп, оның өсімдік құрамында да кездесетінін айтты.
  • Ж. Б. Буссенгоөсімдіктің көміртегі мен азотты ассимиляциялауы жөніндегі жүйелі жұмыстары арқылы әйгілі болды. Ол ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі мен шығысын есептеп шығаруға әрекет жасады. Бұршақ дақылдарының топырақты азотпен байытатындығын көрсетті. Сол сияқты О. Б. Буссенгоны ең алғашқы агрохимиялық тәжірибе стансасының негізін қалаушы деп санауға болады. Сонымен бірге О. Б. Буссенго Тэердің гумус теориясын қоштамай, орнына өсімдіктің қоректенуі жөнінде өзінің азот теориясын ұсынды.

Германияда өсімдіктің қоректенуі жөніндеШпренгель: “Өсімдікте топырақтан және ауадан алатын органикалық емес заттардан, жарықтың, жылудың, электрдің және ылғалдың көмегімен органикалық заттар құралады”‚-деген. Шпренгель минералдық заттардың маңызы және оларды топыраққа қайтару қажет екендігі туралы айтқан. Өсімдік қорегін топырақтағы шіріндінің және минералдық заттардың маңызы жөніндегі көзқарасқа, неміс оқымыстысыЮ. Либихтің 1840 жылы “Химияны егіншілікте және физиологияда қолдану” атты кітабының жарық көруі өзгеріс еңгізді. Бұл кітапта А. Д. Тэердің гумус теориясы қатал сыналды. Ю. Либих шіріндіні топырақтағы көмірқышқыл газдың тұрақты көзі деп есептеді. Топырақ құнарлылығын сақтау үшін, одан өсімдік алған заттарды оған қайтару жөніндегі Ю. Либих ілімінің зор маңызын атап айту керек. Өйткені бұл ілімнен, адам мен табиғат арасындағы зат алмасуды саналы түрде реттеу туралы нақты пікірді кездестіріп отырмыз. Бұл жөніндеК. А. Тимирязевбылай дейді: ”Топыраққа қайтару қажеттігі жөніндегі ілімнің маңызын шектеуге қаншама тырысқанымен ол ғылымның аса ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады”. Ю. Либих өз кітабында өсімдіктердің минералдық қорегі жөніндегі идеяны ұсынып, өсімдіктің минералдық қоректенуі жөніндегі теорияның негізін қалады. Алайда, Ю. Либих практикалық нұсқауға көшу кезінде, тыңайтқыштардың жеке мәселелері жөнінде қате пікірлер айтты. Мысалы, Ю. Либих жалпы тыңайтқыш ретінде азотқа аса мән бермеді, ол ауадағы азот топыраққа жауын-шашынмен өсімдіккке жеткілікті мөлшерде барады, сөйтіп оның азотқа деген қажетін өтейді деп ойлады. Ю. Либихтің азотты осылай шеттетуі азот тыңайтқыштарының маңызын төмендетті. Ю. Либих пікірі бойынша, көңнің ең бағалы заты оның күлі ғана болып табылады. Ол көңді кептіріп, оны өртеп, одан алынған күлді егістікке төксек жеткілікті болар еді дейді. Орыстың ұлы ғалымы, академикД. Н. Прянишников, тыңайтқышты тиімді қолдану топырақ химиясымен, өсімдіктер физиологиясымен тығыз байланыстыру арқасында ғана мүмкін болатындығын көрсетті. Ол сонымен қатар өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар арасындағы өзара әсерін зерттеуде климат және тағы басқа факторлардың да тигізетін әсерін ескерту қажет деген. Агрохимияда теориялық, практикалық мәселелерді шешу үшін әр түрлі зерттеу тәсілдері қолданылады:

• Биологиялық тәсілдер. Бұған тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік, вегетациялық тәжірибелер мен лизиметриялық зерттеулер жатады. Биологиялық тәсілдермен өсімдіктің қоректенуіне жеке элементтердің рөлін, мөлшерін, қоректік заттарды сіңіру механизмі сияқты мәселелер зерттеледі.

• Лабораториялық тәсілдер арқылы өсімдікке, топыраққа және тыңайтқыштарға сандық, сапалық талдаулар жасалады.

• Математикалық тәсілдерге тәжірибелер нәтижелерін статистикалық өңдеу және процестерді математикалық жолмен модельдеу жатады.

• Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер

  1. Агрохимия Қазақстанда

Қазіргі уақытта Қазақстан агрохимиктері топырақтарды агроэклогиялық тұрғыда бағалау (Рамазанова С. Б. ), егіншілікті биологизациялау (Елешев Р. Е., Рамазанова Р. Х., Балғабаев Ә. М. ), топырақтарды минималды және нөлдік өңдеуде тыңайтқыштарды жүйелі қолдану (Елешев Р. Е., Күрішбаев А. К., Кененбаев С. К., Үмбетов А. Қ., Киреев А. К. ), агроландшафты егіншілік (Елешев Р. Е., Үмбетов А. Қ., Киреев А. К. ) ) мәселесі бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу үстінде.

Соңғы 15 жылдық кезеңде Қазақстанның агрохимиялық ғылымының потенциалы төмендеді, мамандырылған ғылыми орталықтарда, тәжірибелік стансаларда ғылыми лабораториялар саны қысқарды және аграрлық жоғарғы оқу орындарындағы проблемалық лабораториялар себепсіз жабылды. Республикалық агрохимия қызметі де жойылды. Агрохимиктердің талабы бойынша 2002 жылы құрамында 150 маманы бар «Агрохимия қызметінің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» атты жаңа мемлекеттік мекеме құрылды. Бұл орталықтың атқаратын жұмысы өзінің негізгі міндетінен алшақ жатыр және тендерде жеңіске жеткен фермерлік қожалықтарының топырақтарының сапасын анықтаумен шектеледі.

Осындай ғылыми зерттеулер үшін қолайсыз жағдайларға қарамастан қазіргі кезеңде Қазақстан агрохимиктері жинақталған білімдерді, қолданыстағы ғылыми лабораторияларды, құрал-жабдықтарды белсенді пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі алғашқы мәселелерін шешуде:

• адаптивті-ландшафтты егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің заманауй ресурс сақтаушы, экологиялық қауіпсіз технологиясын тиімді қолдану үшін негіз ретінде топырақтарды қолайлы қалпына келтіру жүйесін құру;

• химияландыру құралдарын шектеулі қолдану технологиясын зерттеу;

• өсімдіктердің қоректену теориясын және қолайландыруын жетілдіру;

• өсімдіктердің минералдық қоректену жағдайларын геном және плазмон деңгейінде генетикалық тұрғыда бақылау, былай айтқанда сұрыптау барысында агрохимиялық тиімді генотипті құру;

• өсімдіктердің адаптивті жайының өзгеруін және потенциалды өнімділігінің қалыптасу заңдылықтарын ашу;

• агроландшафттық егіншілікте тыңайтқыштарды қолданудың қолайлы жаңа жүйесін (нақты агротехнологияға және өндірістің қарқындылық деңгейіне сай жүйелігімен, экологиялығымен және альтернативтігімен ерекшеленетін) қалыптастыру және іске қосу;

• антропогендік әсер жағдайында «топырақ-өсімдік-тыңайтқыш» жүйесінде микроэлементтердің және ауыр металдардың таралу заңдылықтарын анықтау және топырақтарды агроэкологиялық тұрғыда бақылау әдістерін жетілдіру бойынша зерттеулер;

• ұзақ мерзімді стационарлы тәжірибелерде орындалатын зерттеулерді жетілдіру.

Әрине, алғашқы басым мәселе болып агроценоздар жүйесінде биологиялық қайнар қөздерін минералдық қоректену элементтерінің және азоттың айналымына, сондай-ақ теңгеріміне еңгізу болып саналады.

Азотты симбиотикалық және ассоциативті бекіту, өсімдіктер қалдықтарын және сидералды тыңайтқыштарды зерттеулердің, сондай-ақ топырақ қорындағы өсімдіктердің пайдалануына қиынға соғатын фосфаттар, калий және микроэлементтерді жылжымалы түрлеріне айналдыру жолдарын іздестірудің болашағы зор. Осы аталған басым мәселелерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін келесі бір қатар ұйымдастырушылық шараларды іске асыру:

• топырақтану, өсімдіктердің физиологиясы және биохимиясы, микробиология, генетика, селекция және басқа да табиғи ғылымдары саласында жүргізілетін іргелі басым зерттеулерге сәйкестендіріп, басымдықтарға бағыттай отырып, ғылыми-өндірістік орталарда, аграрлық жоғарғы оқу орындарының кафедраларында, тәжірибелік стансаларда орындалатын агрохимиялық зерттеулердің тақырыптарын қайта қарастыру керек;

• аймақтық ғылыми-өндірістік орталықтарда агрохимиялық зерттеулерді бағыттау және әдістемелік басқаруды ұйымдастыру бойынша бөлімдерді және проблемалық лабораторияларды ашу керек. Әрине, агрохимиялық бөлімшелері нәтижелі жұмыс істеу үшін олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, құрал-жабдық паркін жаңарту және жаңа зерттеу әдістерін игеру керек;

• тыңайтқыштармен тәжірибе жұмыстарын жүргізу, топырақтардың жылжымалы қоректену элементтерімен қамтылу деңгейін бағалау және тыңайтқыштардың ауылшаруашылық дақылдарға қажетті мөлшерін анықтау құзыретін кеңейте отырып, ауылшаруашылығында мамандандырылған агрохимиялық қызмет көрсетудің жаңа формасын құру керек;

• Қазақстан Республикасының агрохимиялық қызметі ғылыми, тәжірибе-өндірістік ұйымдарының, жер ресурстары, өсімдік қорғау жөніндегі аймақтық комитеттерінің, ауылшаруашы-лық техниканы шығаратын зауыттардың, банк инвесторларының, сақтандыру компаниялардың, өндірістік нарығындағы операторлардың қызметтер жүйелерімен қосылу керек;

• жаңа агротехнологияларды игеру және еңгізу бойынша Республикалық технологиялық орталық құру керек;

• технологиялық орталарда тауар өндірушілер ассоциациясын, жергілікті орындарында жаңа кешенді агротехнологияны игеру және оны жүзеге асыру үшін олардың біліктілігін жоғарылату курстарын ашу қажет.

Қазақстанда агрохимия ғылымы саласындағы оқымыстылардың тәжірибелері мен зерттеулерінің республикамыздың түрлі топырақ-климат аймақтарында өсірілетін дақылдарға қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшерін, мерзімін, тәсілін анықтауда маңызы зор. Мұның өзі ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапасы жоғары мол өнім алуға жағдай жасайды және Қазақстанда агрохимия ғылымының дамуына едәуір септігін тигізед.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда агрохимия ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Тыңайтқыштарды жіктеу
Агрохимия пәні оның міндеті, зерттеу әдістері. Қазақстандағы тыңайтқыштарды қолдану жағдайы
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы жайында
Топырақты минималды, нөлдік және жылдам өңдеу және егіншілік жүйелері
Мақтаарал ауданы «Кетебай» өқ топырағының агрохимиялық картограммасы және топырақ құнарлығын арттыру жолдары
Жалпы химия
Химияның ауыл шаруашылығындағы маңызы
Мақтаарал ауданы Арай ежелгі суармалы құмбалшықты сәл сортаңданған шалғынды сұр топырағының агрохимиялық көрсеткішінің динамикасы
Топырақ тіршілік ортасының органикалық топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz