Пән атауы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика-математика факультеті
Математика кафедрасы

ЖОБА

Пән атауы: Математиканы жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту.
Мамандығы: 5В0012700 - Математика-информатика
Тақырыбы: Математикалық тұрғыда қазақтың ұлттық ою- өрнектерін салу.
Орындаған: 127-17 тобының ст. Сапарбек Г.Б.
Қабылдаған: п.ғ.д., доцент - Ибрагимов Рысқұл Ілімұлы.

Шымкент 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Ою- өрнектер туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Ою- өрнектер шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ою- өрнектердің қолдану ауқымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ Ою- өрнектердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Ою- өрнектердің сызбасын салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Геометриялық фигуралармен ұқсастығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .14
ІІІ Жобаланушы өнім туралы техникалық ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...15
3.1 Ою- өрнекті сызбасын салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2 Сызба құрудың оңай жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

V Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Қазақ халқы ежелден өнерді бағалап, әрі ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп жеткізе білген. Ата - бабамыз ұрпағын өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, әнші, аңшы, құсбегі, он саусағынан бал тамған өнерлі-бес аспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жас баланың бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Өнер ұрпақтан ұрпаққа шәкірттері арқылы тарап, бірінен-біріне жалғап, бүгінгі дәуірге жеткен.Өнерді үйрен, үйрен де жирен, Өнерлінің қолы алтын - деп насихаттай отырып қолөнерді тең санаған. Өнегелі, өнерлі Сегіз қырлы ,бір сырлы намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған.Ал аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға үлкен сын болып саналған.
Құстардың әндетіп, өзендердің сылдырынан, көк шөптің жер қыртысынан жарып шығып келе жатқанын гүлдің әсем бояуын тамашалап, жарқыраған күн ай, жұлдыз, жан- жануарлардың өсіп- өрбуінен жас ұрпақтың қиял-сезімін тәрбиелеп, шабыттандырып отырған. Міне, осы шығармашалақ сезімді оятып таңырқау мен қызығудың, ой-қиялының анасы табиғаттан аялаған. Арман, қиялға қанат бітіретін тек табиғат қана. Табиғатты аялау-тіршілікті аялау.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндері кең табиғат құшағында мал өсіргенде, түндерді жұлдызды аспан астында мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын, байлыған бақылап әртүрлі ою-өрнектердің түрлерін туғызған.
Ғалымдардың пайымдауынша, ою-өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, бағалаған, сондықтан сол сұлу нұсқаларды тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталған. Сондықтан ол бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетінің жоғарылығымен, ұлттық қолтаңба ұштасып жатады.

І Ою- өрнектер туралы

Ою-өрнек - қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың ою және өрнек деген екі сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы - сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын - сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.
Нүкте, сызық, ирек түріндегі қарапайым өрнектер ерте кезден пайда болған. Ою-өрнектің тарихын зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Бұған шетелдік (В. Куррер, Ф. Т. Куглер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов), қазақ ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов, Е. Масанов және т.б.) зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді.
Оюларда адамның іс-әрекетінің эстетикалық, сонымен қатар, табиғат пен діннің мәні ашылған. Оюларда, әсіресе халық шығармашылығында, әлемге деген фольклерлы-ақындық көзқарасы көрсетілген. Ою - өрнектер - халық өнерінің үлкен де күрделі салаларының бірі.
Ою-өрнек салу адамның қоршаған ортамен тығыз байланыста болу процесінде пайда болған. Ежелде оюдың наным-сенім, ырым-рәсім т.с.с. мәндері көп болған. Мысалы қазақтарда, өздері табынатын күн, ай, аспан сияқты символдары бар, тұмарлары болған. Мұндай оюланған тұмарлар бақыт және байлықтың белгісін көрсеткен.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі -- қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

1.1 Ою- өрнекер шығу тарихы
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті - б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында юатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII - III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мпекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек жіне парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды азиялық скифтер деп, ал парсы тарихшылары сақ деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиолоогиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі
Замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенің қапысыз таныредік.
Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.
Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаның көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынш, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген. Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.

Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рұхта тәрбиеленуде ою - өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай - ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі - қазақтың ою - өрнегі. Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда қазақтың 230 - дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп ұарастырған. І - топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ - топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою - өрнекті теориялық жағынан негіздеу - этнолингвистикалық атаулары лексика - симантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою - өрнек тарихы халық тарихымен жасалып келе жатқан төл мұрамыз екні белгілі.
Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. Ою, өрнек сөздерді бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру Ою деп аталады. Ал киім - кешекке, түскитізге және т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді Өрнек дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме - дәлдігін сақтамай - ақ, көзбен мөршерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар.
Ою - өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы роль атқарады.

1.2 Ою- өрнектердің қолдану ауқымы

Қазақтың ою-өрнегі -- үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 - 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Ою- өрнектер сонымен қатар қазақтың ұлтық кейімдерінде де көптеп кездеседі. Және бұл жерде ою- өрнектердің қолданылу маңызы зор болған. Кейімге түскен ою- өрнек тек әсемдік пен көркемдіктім символы болсаған, сонымен қатар әр қайсының мағынасы болған. Ою- өрнектермен сырт кейімдерлі, бас кейімдер мен аяқ кейімдерді безендірген.
Ою- өрнектері бар кейімдер көбінесе той думандарға, мерекелерде, айтулы оқиғаларда кейілген.
Мысалы, үйінен ұзатылып бара жатқан қыздың басындағы сәукелесінен бастап, ұстіндегі көйлегінен дейін ою- өрнектермен безендіріп, бағалы тастармен көмкеретін болған. Ел ағасы болған үлкен кісілер мен құрметті адамдарға оюлы шапандар жапқан.
Ақ жаулықты аналар мен қыз келіншектер оюлы камзолдар кейген.
Қазақтың ұлттық ою- өрнектернік кейімге қолдану қазірде сәннен қалған емес.
Қазіргі отандық дизайнерлердің жетекшілігімен сән әлеміне қайтадан дәстүрлі ою- өрнектері бар киімдер заманауи үлгіде танымал болуда. Бұл түста отандық дизайнерлер- Ая Бапани, Аида Кауменова, Салтанат Баймұхамедова, Наиль Байкучуков қосқан үлестері зор.
Коллекция Весна Лето 2018
(C) https:www.livemaster.rutopic658 085-znakomimsya-aya-bapani
Коллекция Весна Лето 2018
(C) https:www.livemaster.rutopic658 085-znakomimsya-aya-bapani
Әсіресе жас, әрі танымал дизайнер Ая Бапанидің шығармашылық жұмысы ерекеше көзге түседі. Оның қазақтың екі дәстүрлі өнерін қоса отырып жасай шығарған кейімдері ел ішінде ғана емес, күллі әлем елдерінің сәкқойларының қызығушылығын туғызған. Онсызда өзімдік тартымдылығы бар жүмсақ кейізден жасалған киімдерді ою- өрнектер арлықы безендіру бұл бірден көзге түскен сән әлеміндегі жаңалыққа айналды.
Қазақи ою- өрнектер сонымен қатар әсемдік үшінде жиі қолданылған. Киіз үйдің сыртынан бастап, ішіндегі мүмкін болған барлық заттарды (кілем, көрпеше, сандық, жастық және т.б.) безендірген. Түпті күнделікті кесе, қасық, астау сияқты тұрмыстық заттарды да оюлармен безендірген.

Қыз- келіншектердің сырға, білезік, алқа сияқы әшекей бұйымдарында, ер азаматтар қолданатын қамшы, сабақ, қылыш, атқа салатын ертоқымдарды да ою- өрнектермен әсемдеген.

ІІ Ою- өрнектердің түрлері

Қазақтың ұлттық ою- өрнектерін мынадай топтарға бөлуге болады:
oo Ай, күн, жұлдыздарға, көк ілемге байланысты;
oo Аңға байланысты;
oo Құрт- құмырсқаға байланысты;
oo Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты;
oo Жер, су, өсімдікерге байланысты;
oo Қару, құралдарға байланысты;
oo Геометриялық фигураларға байланысты:

Жоғарыды көрсетілген ою- өрнектердің түрлері олардың шығу тегімен тығыз байланысты. Қарап тұрсақ, ата- бабамыз көрген, түйгенінің барлығын дерлік ою арқылы бейнелей алғаг. Бұл, бабаларымыздың шығармашылық шыңы мен көркемдікке деген сүйіспеншілігінің көрінісі.

Ал, ою-өрнекдердің түрлерін жалпы төрт топқа бөлінеді. Олар:


Топтар
Көрінісі
1
Өсімдік тектес ою-өрнектер.

2
Жануар тектес ою-өрнектер.

3
Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

4
Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді.

Мүйіз - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. Мұйіз ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Беттердің рет саны
Жалпы орта білім беретін мектептердегі басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар
Кредиттік оқыту технологиясындағы білім берудің оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары
Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Портфолио және оны даярлау жолдары
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ
Тәжірибенің мақсаты
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Пәндер