Рухани жаңғыру және оның пайдасы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Химиялық Инженерия және биотехнология ЖМ
СӨЖ
Тақырып: "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
Орындаған: Ерман Айша
Топ: ХТ-20-10k1
Қабылдаған: Балтабаев Нұрлан
Шымкент -2021
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1. Рухани жаңғыру-ой сананың кемелденуі
2. Болашаққа бағдар
3. Жастарға сенім
4. Рухани жаңғыру және оның пайдасы
5. Жастарға сенім
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе:
Рухани жаңғыру - қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасы Нұрcұлтан Назарбаевтың мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Оның айтуынша, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Және ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады. Мақаладағы Туған жер бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша - Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.
Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы, - делінген мақалада.
Мақалада: Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек, - делінген.
Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ.
Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді:...Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады...Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу.
Бұл - тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан, - деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы - өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.
Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі - туған жерге деген махаббат.
Президентіміз: ...Қазақ Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, - деп атап өтті.
Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім? - деп сұрайды. Сонда ол: Ең жақсы адам - қоғамға, елге пайдасы тиген пенде, - деп жауап берген екен.
Демек, қоғамға пайдалы болғаның - жақсы мұсылман болғаның. Алла Елшісінің тағы бір хадисінде: Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте күймейді, - деген. Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білімнің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаббатқа байланысты екен. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан: Халыққа қызмет ету - білімнен емес мінезден, деп бекер айтпаса керек. Осынау парасатты пікір Абайда да бар: Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырған елдік сана желісі. Елбасының мақаласында айтылған осынау асыл құндылықтар санамызда жаңғыртып, жан-дүниемізді тағы бір серпілтті. Сонымен қатар, Туған жер бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне шарапатын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдеміз.
Кез келген қоғам ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибені келесі ұрпаққа ізгі дәстүрінсіз жеткізе алмайтынын есте сақтағанымыз абзал. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды, - деп Елбасы кез келген қоғамдық, әлеуметтік үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.
Егер халықтың дәстүрі болмаса қалай дамып, қалай өрістейді? Өткеннің тәлімді тәжірибесін алмай, алға қадам басуға бола ма? Кез келген халық шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрімен жаңаны жалғап барып қадам жасауы - оның өмір сүруінің алғашқы белесі. Осындай рухани тұтастық жоқ жерде ұлттық дүниетанымдық үзік пайда болады. Ұрпақ сабақтастығы деген халық болып ұйысып өмір сүру мүмкіндігі, жекешілдік емес, ұжымдық, елдік үрдіс болғандықтан ұлттық құндылықтарымызды дінімізбен сабақтастыра жаңғыртудың маңызы өте зор.
Дін - қоғамдық қатынас пен күллі адам жаратылысын біріктіруге, тұтастыруға жіберілген асыл илләһи құндылық. Адамзат баласы имандылықты өз табиғатын, әуелгі жаратылысын бұзбай, соған сай танып-біліп, сана-сезімімен қабылдағанда ғана хақиқатқа жетеді. Әрбір жанды-жансыз жаратылысты өз ерекшелігімен, қадір-қасиетімен жаратқан мейірімді Алла Тағала адамзат баласын да түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Жаратушы Иеміз бұл сырды Рум сүресінің 22-аятында: Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің алуан түрлі болуы да - Оның белгілерінен.
Күмәнсіз, бұларда білгендер үшін белгілер бар, - деп баяндаған.
Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында қозғалған мәселелер мен қолға алынатын бастамалар дін қызметкерлерінің де жұмыс бағытын тағы да бір нақтылап берді. Бұл жаңа заманның өткеліне табан тіреп тұрып, имандылық қалыптастырған бұрынғы тамырымызды тектілікпен бекемдеп, жүйелеу жолындағы өзекті бастама деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы өз мақаласында жастарды тектілікке тәрбиелеудің жолдарын нұсқап, тұжырымды ой айтты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2013-2015 жылдар аралығын Дін мен дәстүр сабақтастығы жылы деп жариялап, осы мерзім ішінде салт-дәстүріміз бен асыл дініміз кеңінен насихатталды. 2016 - Дін және тарих тағылымы жылы деп жарияланып, тағылымға толы тарихымыз туралы бірнеше зерттеу мақалалар жарияланып, кітаптар жарық көрді, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Мақсатымыз - жамағатты тарихтан тәлім алуға үйрету. Бұл бағыттағы игі жұмыстар болашақта да жалғасын табады.
Бұл жөнінде Түркістан өңірінде рухани-мәдени саланың дамуына ерекше жағдай жасалынып келе жатқанын атап айтқым келеді. Рухани мол мұраға бай өлке ретінде тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес құрылып, рухани мұраларымыз зерттелуде.
Аймағымызда халықаралық ақындар айтысы, классикалық әндер, дәстүрлі орындаушылардың республикалық фестивальдары өткізілді.
Жалғасын табатын жарқын істердің жүзеге асуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламаларымен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Түркістан елінің зиялы қауым өкілдері, білім алушылар рухани жаңғырудың, озық ой-сананың, ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын жарқын істердің көшбасында жүреді деп сенемін.
Рухани жаңғыру - адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні - білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты. Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
Мемлекеттік хатшы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz