Маңғыстау математиктерінің еңбектері мен жетістіктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ
«№4 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысы
Жобаның тақырыбы: Қазақстан математиктерінің еңбектері мен жетістіктері
Бағыты: Математика
Орындаған: 6 «Ә» сынып оқушысы Сәуірбекқызы Кәусар
Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Мұхамбет Жанар Қалмұратқызы
2021
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе. . . 6
- Негізгі бөлім. . . 7
1. Әлем мойындаған үш мықты математик
2. Еңбегімен елге сыйлы Маңғыстау математиктері
3. Мұнайлы ауданының ардақты математигі
- Қорытынды. . . 13
- Пайдаланылған әдебиеттер. . . 14
Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты : Қазақстанның математика ғылымының дамуына үлесін қосқан математиктер туралы өз білімімді жетілдіріп, оны мектеп деңгейіңде насихаттап, Қазақстанның барлық оқушыларына танымал ету.
Гипотеза : қазіргі кезде жастардың көбі егемен Қазақстанда тұрып, математика пәнін оқи отыра, өз елінің математика ғалымдарын тани бермейді деген қорытындыға келе отырып, жобамыз бұл өзекті мәселені шешуге көмектеседі деп болжаймыз.
Зерттеу процедурасы және кезеңдері:
- Бұл жоба қаншалықты өзекті екендігін анықтау.
- Қазақстанның математиктері туралы мәлімет жинау.
- Насихаттау жолдарын ойластыру .
- Насихаттау жолдарын жүзеге асыру.
- Қорытынды жасау
Тақырыптың өзектілігі: мектепте математиканы оқып жүріп, осы пәнді терең зерттеп, ғылымның дамуына зор үлесін қосқан еліміздің математик - ғалымдарын тани бермейді екенбіз. Көптеген оқушыларда еліміздің атағын бүкіл әлемге паш еткен математиктерді және олардың еңбектері мен жетістіктерін зерттеуге, оқып үйренуге қызығушылық бар.
Аннотация
Жоба жұмысының тақырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар жинақталды. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, Есімдері дүние жүзіне танымал Отандық математиктердің және Маңғыстау математиктерінің өмірбаяны мен еңбектері атап өтілді. Іздену нәтижесінде математика ғалымдарының еңбектерін есеп шығару кезінде пайдалануға болатынын білдім. Математика тәжірибелік ғылым. Дүние жүзінде ең көп оқылатын пән де математика. Бірақ ең мықтылар ғана бұл салаға бет бұрады. Ауданымыздың ғылымы үшін тер төгіп жүрген математик Исмаева Миуа Чанчарқызымен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында біраз мәліметтер жинақталды. Қазіргі математика пәнінің жағдайы туралы, қазіргі математиктердің еңбектері туралы атап өтті.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің 6 «ә» сынып оқушысы Сәуірбекқызы Кәусардың «Қазақстан математиктерінің еңбектері мен жетістіктері» атты зерттеу жұмысына
Пікір
Оқушы өзі таңдаған «Қазақстан математиктерінің еңбектері мен жетістіктері» атты ғылыми - шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, көптеген зерттеу жұмыстарын жасады деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында оқушы үлкен ізденіс үстінде болды, бірнеше аудандық, облыстық кітапханаларға барды. Қарапайым болса да өзінше ой түйген оқушының математика ғылымының дамуына үлес қосқан Отандық ғалымдар туралы мәліметтер жинақтады. Оқушы өз қызығушылығы мен шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білді.
Оқушының зерттеу жұмысы жүйелі, ойы жинақы. Көптеген әдебиеттерді пайдалана білген. Оқушының зерттеу жұмысын өте жақсы деп бағалаймын. Зерттеу жұмысының берер нәтижесі көп екендігіне сенім білдіремін. Сондықтан болашақта Сәуірбекқызы Кәусардан үлкен үміт күтемін.
Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Мұхамбет Жанар Қалмұратқызы
Кіріспе
Мен жазғы демалысымда теледидардан Нобель сыйлығын алған қазақ математигі жайлы айтып жатқанын құлағым шалып қалды. Қанша өз елімнің патриоты болғаныммен, Қазақстанның математикасына өз үлесін қосқан ғалымдарды білмейді екенмін. Қызығушылығым оянып, бұл жайлы мәліметтер іздей бастадым. Достарымнан, сыныптастарымнан сұрап, сауалнама жүргіздім. Осыдан, қорытынды жасап, бұл жоба өзекті деп есептегендіктен, математика ғалымдарын, олардың жасаған еңбектері мен жетістіктерін оқып үйрену, насихаттау мен үшін және де оқушылар үшін өте пайдалы болатындығын түсіндім. Әртүрлі жастағы оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнама қорытындысы бойынша 10-12 жас аралығында сұралған 15 оқушының 30%-і, 12-14 жас аралығында 15 оқушының 45%-і, 14-16 жас аралығында 20 оқушының 30%-і үйде математикаға байланысты әдебиеттер оқып, математика ғылымының тарихын жалпы түрде білетін болып шықты. Сонымен қатар, жалпы сұралған оқушылардың тек 10%-і ғана Қазақстанның математиктерін атай алды. Аталған математиктер: Асқар Серіқұлұлы Жұмаділдаев, Мұқтарбай Өтелбаев болды және 5 оқушы ғана Мұқтарбай Өтелбаевтың әлемдегі 7 шығырламаған есептердің біреуін шығарғанын айта алды. Осыны қорытындылай келе, мен іздене бастадым .
Негізгі бөлім
- Әлем мойындаған үш мықты математик
Жұмаділдаев Асқар Серіқұлұлы
(25. 02. 1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) - ғалым, физика- математика ғылым докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА- ның корреспондент мүшесі. 1980 - 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылыми - зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург, Мюнхен, Билефельд университеттерінің профессоры болып, Ньютон институтында, А. Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында, Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг - Леффлер атындағы Математика институтында, Фильдс атындағы Математика институтында қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ - тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол - 12 - сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
Академик Асқар Жұмаділдаев математикадан мықты оқушыларға теңдеу жасырып, оны шешкен оқушыға $1000 беретінін хабарлады. Ғалым «х!+1=y2» деген теңдеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табуды сұрайды. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген. «Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сыйлық болар еді», - дейді академик.
Уалбай Утмаханбетұлы Өмірбаев (1960 жылы 7 мамырда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген) -Қазақстандық математик-алгебраист, физика-математика ғылымдарының докторы. Жапонның атақты ғалымы М. Нагата 1972 жылы өзі құрастырған есебін ұсынған болатын. Бұл есептің шешімін әлем математиктері 30 жыл бойы ізденгенімен нәтиже шықпады. Осы есептің шешімін У. Өмірбаев 1999 жылы тапқандай болды. Бірақ табылған шешімнің кемшілігі де шықты. Ол ізденудің арқасында жіберген қателігін екі жылдың ішінде түзете білді. Осы саладағы зерттеулерін жүргізе отырып, 2004 жылы ағылшын математигі П. Конның есебін шешіп, 36 ғылыми еңбек жазды. У. Өмірбаев Гонконгте өткен ғылыми форумда өзі тапқан шешімнің дұрыстығын бірнеше сағат бойы тапжылмай дәлелдеп шықты. 2007 жылы Нагата және Кон есептерінің шешімдері туралы еңбектері үшін Уалбай Өмірбаев Америка Математика қоғамының үш жылда бір рет берілетін жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығымен марапатталды. У. Өмірбаев өзінің ашқан жаңалығымен дүние жүзін шарлады. 2009 жылы Президент Жарлығымен ғылым мен техника саласындағы ерекше жетістікке жеткен профессор Уалбай Өмірбаев Мемлекетік сыйлықтың лауреаты атанды. Ол математика саласы бойынша мемлекеттік сыйлық алған ең жас маман. Уалбай Өмірбаев Ұлттық академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Мұхтарбай Өтелбаев 1942 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. Математикадан Нобель сыйлығының лауреаты, әлемдік математика ғылымына Өтелбаев формуласы енгізілді, Мыңжылдықтар проблемасының жеті математикалық теңдеуінін бірін шешті. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері: функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған, сызықтық емес шектік есептер үшін жалған облыстар әдісі, сызықтық емес операторлық теңдеулерді жуықтап есептеу әдісі: итерациялқ процесс, теңдеудің жылдамдығының жинақтылығын бағалау, Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы.
- Маңғыстау математиктерінің еңбектері мен жетістіктері
«Кешегілердің еңбегін елемесек, бүгінгіміздің көңіліне қарамасақ - ертеңгілерді қайдан қарық қыламыз?!» деп, заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, бүгін есімі елге танымал, шәкірттеріне математиканың жілігін шағып, майын ішкізген Маңғыстаудың мықты математиктері жайлы іздеп зерттедім.
Торғай Шоңқалов
1921 жылы Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. 10 жасында Алматыдағы О. Жәутіков атындағы математиканы тереңдетіп оқытатын республикалық дарынды балаларға арналған мектепке қабылданып, білімін шыңдайды. Ғылым жолына түсуді мақсат еткен жігіттің жолына отызыншы жылдардағы саяси науқан кесе-көлденең тұрып, университетте оқып жүрген жерінен оқудан шығарылып, 1940 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №2 мектепте мұғалім болады. Одан әрі Ұлы Отан соғысы басталып, майданға аттанады. 1943 жылы ауыр жараланып, елге оралады.
1945 - 1965 жылдар аралығында Шахта орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген ұстаз туралы ел арасында аңызға бергісіз әңгімелер көп. Торғай Шоңқаловтың сабағында бөгде дыбысқа рұхсат жоқ, тек мұғалім мен сабақ айтып тұрған оқушының ғана дауысы естіледі екен. Талабы өте жоғары болған. Оқушылар жатпай-тұрмай математиканы оқитын көрінеді. Оның бір ерекшелігі, есептің шығарылуынан бұрын, берілісін жатқа айтуды талап ететін болған. Жатқа айтпаса, «Есептің берілісін білмейсің, сонда сен не айтқалы тұрсың?» деп, әрі қарай есепті шығартпайды екен. Өзі шығармай есепті көшіріп алған баланы бірден байқап, оқушыларды түгел бір шолып шығады екен де, оған көшірткен баланы да тауып алып, екеуіне бірдей «екі» деген баға қояды екен.
Ол кісі өзіне де қатал талап қоя білген адам. Өзі жүргізетін пәндерге арналған оқулықтар мен есептер жинағындағы ереже, формула, есептердің берілген мазмұны, жауабы, қай күні қай сабақты өтетіні, тіпті қай бетте екендігі - бәрі-бәрін жадында ұстап, жатқа білетін болыпты. Әрбір сабағына өте жауапкершілікпен қарайтын болған. Ұлағатты ұстаз «Қызыл Жұлдыз» орденімен, ҚР «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. «Шоңқаловта оқыдым десең, онда институтқа түстім дей бер» деген сөз де ұстазға берілген үлкен атақ. Шахта орта мектебін сол кезеңдерде бітірген шәкірттері үшін өмірлік үлгі мен өнеге болған ұстаз 1991 жылы дүниеден озды.
Жанбоз Екібаев - педагог. Атырау педагогикалық институтын бітірген. 1949 - 1977 жылдары Маңғыстау ауданы мектептерінде мұғалім, Тұрыш мектебінің директоры, 1977 - 1984 жылы Бейнеу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болды. Екібаев Жанбоз алдынан талай жүздеген оқушылар білім алып, қазіргі таңда аудан, облыс, республика көлемінде қызмет етіп жатыр. Мысалы, халық жазушысы, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев осы кісінің шәкірті десек артық емес, себебі ұлы жазушының жоғарғы оқу орнына барып, білім алуына түрткі болған екі кісі болса, соның бірі Екібаев Жанбоз. Ғұмырының негізгі бөлігін «Сам» орта мектебін көркейтуге, жанжақты жетілдіруге жұмсаған, алыста жатқан мектепті республикадағы ең озат мектеп дәрежесіне көтеріп, тер төкті. 1965 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, 1966 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
- Мұнайлы ауданының ардақты математигі
Мұнайлы ауданының білім саласында жұмыс жасап, республика деңгейінде жетістіктерге жетіп жүрген, ерен еңбегімен болашақ ұрпақ үшін тер төгіп жүрген математиктеріміз де баршылық. Соның бірі - Исмаева Миуа Чанчарқызы.
Исмаева Миуа Чанчарқызы
-
Мұнайлы ауданы, №4 жалпы білім беретін орта мектебінің ұлағатты ұстазы, математик.
Миуа Чанчарқызы 1977 жылы Маңғыстау облысында өмірге келген. Мектепті аудан орталығында бітіргеннен кейін Атыраудағы педагогикалық институттың физика - математика факультетіне оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолын 1998 жылы өзінің туып-өскен жері Қызылтөбе аулындағы №2 орта мектебінде ұрпақ тәрбиелеуден бастады.
Қызмет жолын 2013 жылы Дәулет аулындағы №4 орта мектебінде жалғастырған. Сынып жетекшісі қызметін қоса атқарып, шәкірттердің анасындай қамқор ұстаз. Педагогикалық тәжірибесі мол, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген инновациялық технологияларды қолданатын шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстаз оқушыларына саналы түрде білім беруді өзінің борышы деп санайды. Ширек ғасырға жуық еңбек өтілі бар білікті ұстаз Миуа Чанчарқызының ынта-жігері, пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларын математика әлеміне жетелеп әкеліп, өз ізбасарлары етіп тәрбиелеп шыққаны «Шәкіртінің ұстазына қарап бой түзегені» деуге әбден лайық. Ұзақ жылғы қызмет жолында халықаралық, республикалық, облыстық түрлі олимпиадалық, ғылыми жобалар, конкурстардан шәкірттері ешқашан жүлдесіз қайтқан емес. Жоғары санатты ұстаз шәкірттерінің бағындырған белестері өте көп. Халықаралық «Кенгуру», республикалық «Ақбота», қашықтықтық олимпиадаларынан үнемі шәкірттері жүлделі орындардан көрініп келеді. 2008 жылы математикадан бақылау жинақтарының авторы атанып, еңбектері аудан көлемінде таралды. 2012 - 2013 оқу жылында аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2016 - 2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының және Ресей Федерациясы Самара облысының математика пәні мұғалімдеріне арналған Халықаралық «Математикалық регата» турнирінде III орын алды. 2016-2017 оқу жылында Маңғыстау облысының білім басқармасы «Математикалық регата» облыстық байқауының I орын жеңімпазы. 2016-2017 оқу жылы КИО олимпиадасы I дәрежелі дипломын алды. 2016-2017 оқу жылында 28-сәуір күні Қазақстан республикасы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының математика пәні мұғалімдеріне арналған, Маңғыстау облысында болып өткен Аймақтық математикалық регата» байқауында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының «Пирамида» командасы I орын иеленді. Мұнайлы аудандық білім бөлімі дипломымен марапатталды. 2019 - 2020 оқу жылында ғылым және білім министрі А. Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында Өңірлік Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде 11 сынып оқушысы Колибаева Аксана III орын алды. Шәкірті Аксана 2019 - 2020 оқу жылында республикалық 10 - сыныптарға арналған Әл - Фараби олимпиадасынан II орын ие болды және республикалық «Алтын түлек» олимпиадасында 2 орын алды. Жыл сайын ҰБТ - ға дайындаған оқушыларының барлығы мемлекеттік гранттарды иеленіп келеді. Ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасап, математиктер бірлестігінің жетекшісі, жас мамандарға тәлімгер сынды жауапты қызметтерді қоса атқарып келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz